482
кеңінен тараған. Затор аппараты көйлегі бар, түзілген су буын сору
құбыры
2 арқылы шығып кетіп отыратын қыздыру мен қайнау
іске асырылатын екі сфералық ыдысы бар цилиндрлі түтікшеден
тұрады (10.3-сурет).
Құбыр арқылы
3 ұнтақталған уыт аппаратқа түсіп, араластырғыш-
та
5 сумен араластырылады.
Айырғыш кран 6 тиелген заторды басқа
затор аппаратына немесе сүзу аппаратына бағыттау үшін қызмет
етеді, ал құбыр
4 – көрші аппараттан заторды қайтару үшін керек.
Сонымен қатар аппаратта қарап тұратын қақпақты тесіктен
1,
қалақты қозғағыштар
7 жəне затордың
сұйық бөлігін декантациялау
үшін тартылған (стяжкалы) құбырдан тұрады.
Сусло қайнататын қазандық затордан аз уақытта (1 сағ) судың біраз
бөлігінің булануын қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Сонымен қатар,
қазандықта қайнап жатқан сусла ұдайы айналымда болады.
Заторды сүзу. Сүзу – сұйықты өкізіп тұратын қатты заттарды
ұстап қалатын кеуекті қалқаншаның (аралық) көмегімен суспен зияны
бөлу үдерісі екені белгілі. Заторды сүзу кезінде сүзгілеу аппартында
немесе сүзгі-пресінде оны суслаға (сүзінді) жəне дробинаға (қатты
фаза) бөледі. Сүзгілеу аппаратында сүзгіш
материал дробина, ал
сүзгі-прес – мақта-матадан тұратын мата болып табылады. Заторды
сүзу екі сатыда жүргізіледі: бірінші сусланы алу, яғни заторды сүзу
кезінде түзілетін сусла, экстракт заттарды алып тастау мақсатында
дробинаны жуу кезінде түзілетін сусла.
Сүзу сүзілу жылдамдығымен, яғни 1 м
2
сүзгі үстінің уақыт бір-
лігіндегі сүзіндінің мөлшерімен сипатталады. Сүзу
жылдамдығына
тұнбаның құрылымы жəне қалыңдығы, уыт ұнтақталуының деңгейі
жəне сапасы, сүзу кезіндегі қысым жəне сусланың тұтқырлығы əсер
етеді. Тез сүзілу жəне мөлдір сусла алу үшін өте ұсақ ұнтақталған
уыт емес сүзіндіні дайындау кезінде крахмалдың қанттануы мен
ақуыздың ыдырауының дұрыс жүруі үшін жақсы еритін уыт қолдану
қажет.
Дробина құрылымы біркелкі емес. Онда қабықтың ірі жəне
ұсақ бөлігі,
сонымен қатар, ұйыған ақуыздың ұсақ бөліктері бола-
ды. Бұл ақуыздар сүзуді қиындататын нашар өтетін қабат тудыра-
ды. Жақсы сүзілу үшін ұйыған ақуыз қабық бөліктерімен араласқан
күйде болуы керек. Сүзілу жағдайының жақсы болуы үшін дроби-
на қабатының биіктігі 30-40 см болады. Төмен биіктікте затор тез
суып, сүзілу
ұзақтығы жоғарылайды, биіктік жоғары болса сүзілу
жылдамдығы төмендеп, дробинаны жуу кезінде экстрактивті заттар-
483
ды бөлу қиын болып кетеді. Температура жоғарылағанда сусланың
тұтқырлығы төмендеп, сүзілу жылдамдығы өседі. Бірақ затор тем-
пературасы 75-78
0
С-дан
аспауы керек, ал дробинаны жуатын судың
температурасы 78-80
0
С
болуы керек, себебі жоғары температура
α-амилаза белсенділігінің төмендеуін негіздейді, нəтижесінде ыды-
рамай қалған крахмал клейстерленіп мөлдір емес сусла алынады.
Сүзу аппаратында сүзу үдерісі резервуарды дайындау, заторды
тұрғызу, бірінші сусланы сүзу, дробинаны жуу жəне
оны алып тас-
таудан тұрады. Циклдың жалпы ұзақтығы 3,5-6,0 сағ аралағында бо-
лады.
Сүзгі-престе заторды сүзу кезінде сүзгі материал ретінде
мақта-матадан кішкентай материал қызмет атқарады, ол жоғары
шығымдағы экстрактымен мөлдір сусла жəне ұсақ ұнтақталған уыт
алуға мүмкіндік береді. Бірақта сүзгі-прес
қызмет көрсету жағынан
көп еңбекті қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: