Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет35/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Байыту үдерісі
Жармаларды жəне жармашықтарды байыту үшін он жүйе 
қолданылады. Бұрынғы сериялық машиналар (ЗМС) пайдаланған 
зауыттарға қарағанда АІ-БСО машиналарын қолданған зауыттарда 
байыту үдерісінің технологиялық сызбасының елеулі ерекшеліктері 
бар. Екі қабылдау орны бар електер үш қабат болып орналасқан 
АІ-БСО машинасында жармаларды жəне жармашықтарды байыту 
бірізділік əдіспен өтеді, яғни əр секцияға үш сырғыма жəне төменгі 
қабаттағы електерден бір+екі өткен өнімдер алады. 
1.26-сурет. АІ-БСО елеуіш машинасының технологиялық сызбасы: 
І – өнімнің түсуі; ІІ – ауа. 
5–298


66
Байыту үдерісінің желді елек АІ-БСО машинасының 
технологиялық сызбасы 1.26- суретте көрсетілген. 
Жармалау үдерісінің сұрыптау жүйелерінен алынатын майда 
жармашықтардан басқа І, ІІ жəне ІІІ жармалау жүйелерінен алына-
тын жармалар жəне жармашықтар байыту машиналарына түседі. 
Үдерісті оперативті жүргізу үшін əр жүйеден алынған өнімдер 
жеке байытудан өтеді. Байытылған өнімдер 1-ұнтақтау жүйесіне, ал 
төменгі ярустың соңғы електерінен өткен өнімдерді (ірілігіне жəне 
сапасына байланысты) қырғылау, ІІІ жармалау жəне 4, 5, 7-ұнтақтау 
жүйелеріне бағыттайды. 
Електерді орналастыруда ескеретін негізгі принцип – əр қабаттағы 
келесі електің нөмірі алдындағы елекке қарағанда бір нөмір үлкен 
болады. Байыту үдерісінің тиімді жұмысына желді-електің еніне 
түсетін жүктеме елеулі əсерін тигізеді. Технологиялық жобалауда 
елек бетінің еніне ұсынылған жүктемелер 1.24-кестеде көрсетілген. 
Жүктеме, ауа шығыны жəне електердің саңылауларын таңдаудың 
ұтымды бірлестігі жармаларды жəне жармашықтарды байытудың 
тиімділігін қамтамасыз етеді. Желді елек машиналарының 
технологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастыру нəтижесінде електер-
ден өткендерінің күлділігі байытуға түсетін өнімдерге қарағанда 
азаяды, % есебімен: 
Ірі жармалар үшін – 30-40
Орташа жармалар үшін – 40-50
Майда жармалар үшін – 20-25
Қатты жармашықтар – 10-15
1.24-кесте. Желді елек машиналарына ұсынылған жүктемелер
Жүйелер 
Жүйелерге түседі, І ж. жүйесіне 
есептегенде, % есебімен
Жүктеме, 
кг/см.тəу
СВ 1 (ірі жармалар)
10-12
680-760
СВ 2 (орташа жəне май-
да жармалар)
7-9
450-500
СВ 3 (ірі жармалар)
6-9
380-500
СВ 4 (орташа жəне май-
да жармалар)
9-10
500-550
СВ 5 (майда жармалар)
7-9
450-500
СВ 6 (майда жармалар)
7-9
450-500
СВ 7 (жармашықтар)
5-6
300-380
СВ 8 (жармашықтар)
5-6
300-380
СВ 9 (орташа жармалар)
4-5
230-250
СВ 10 (майда жармалар, 
жармашықтар)
4-5
250-300


67
СВ 1 жəне СВ 2 машиналарының ортаңғы қабатта орналасқан 
електерінен өткен өнімдерді қосымша байытпай ұнтақ жарма-
ны алуға болады. Күлділігі 1,22-1,30% барлық жармалар мен 
жармашықтардың 70%-ға жуығы байытудан өтеді. Қырғылау жəне 
ұнтақтау жүйелерінде ұнтақтауды екі дүркін (білікті станок + 
əрекетті ұрып-үгіту машиналары) жүргізуге байланысты жармалар 
мен жармашықтарды күлділігі бойынша жеке топтап байытудан 
өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет