Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет37/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

Ұнтақтау үдерісі. Жармалар мен жармашықтарды 11-12 
ұнтақтау жүйелерінде ұнтақтайды. Ұнтақтау беттері кедір-
бұдыр біліктері бар станоктарда орындалады, тек соңғы 
жүйеде білік беттерінде тістері болады. Ұнтақтау екі кезеңде 
жүреді. Алғашқы кезеңде ұнтақтау үшін білікті станок АІ-БЗН, 
ал екінші кезеңде ұрып-үгіткіш машиналарын (энтолейтор РЗ-
БЭР немесе деташер АІ-БДГ) қолданады. Осылай ұнтақталған 
өнімдер елегі бар елеуіште ірілігі бойынша сұрыптаудан өтеді. 
Екі рет ұнтақтау нəтижесінде ұнтақтауға жұмсалатын меншікті 
қуат сыйымдылығы азаяды, крахмалдың жарақаттануы кемиді, 
білік беттерінің жұмыс істеу мерзімі ұзарады, əр жүйедегі 
ұнтақтау тұрақтанады.
Ұнтақтауға түсетін жармалар мен жармашықтарды дайындаудың 
жоғары тиімділігі жəне ұнтақтауды екі кезеңде жүргізу арқылы май-
далау үдерісін қарқындатуға жағдай жасалуы білікті станоктарға 
жіберілетін өнімдерді ірілігі емес, күлділігі бойынша топтауға 
мүмкіндік тудырады. Бірақ 1-ші ұнтақтау жүйесінде ұнтақтау 
үдерісі тиімді болуы үшін өнімдерді ірілігі бойынша екі фракцияға 
бөліп (ірі жəне майда) 1-ірі жəне 2-майда жүйелерінде майдалайды. 


69
Ұнтақтауға түсетін өнімдердің сапасы бойынша ұнтақтау жүйелерін 
үш топқа бөлуге болады:
- Бірінші топ – 1, 2, 3 жəне 5-ұнтақтау жүйелері;
- Екінші топ – 4, 6, 7 жəне 8-ұнтақтау жүйелері;
- Үшінші топ – 9, 10, 11 жəне 12-ұнтақтау жүйелері.
Бірінші топтағы жүйелерге сапасы жоғары өнімдерді жібереді. 
Мысалы, ірі жəне орташа жармаларды желді-елек машинасында бай-
ытып, төменгі ярусының алғашқы өткендерін ірі ұнтақтау жүйесіне, 
ал басқа өткендерін 1-майда ұнтақтау жүйесіне жібереді.
Жүйелердің əрқайсысына ұсынылған жүктемелер жəне ұн 
шығымы 1.26-кестеде көрсетілген.
1.26-кесте. Қырғылау жəне ұнтақтау жүйелеріне ұсынылған жүктемелер 
жəне өндіріп алу режимдері
Жүйелер Жүктеме 
(І ж. жүй. 
есептеген-
де), %
Өндіріп алу, %
Жалпы өндіріп 
алу (білік 
станок жəне 
ұнтақтағыш),%
Білікті ста-
ноктан кейін
Ұнтақтағыш-
тан кейін
1-қырғылау
10,0
10-15
8-12
18-25
2-қырғылау
10,0
50-60
15-25
60-75
1-ірі ұнтақтау
18,0
20-25
20-30
50-60
1-майда 
ұнтақтау
18,0
25-30
25-30
50-60
2-ірі ұнтақтау
15,0
40-50
20-30
65-70
2-майда 
ұнтақтау
15,0
40-60
20-30
60-80
3-ұнтақтау
20,0
20-25
10-20
60-70
4- ұнтақтау
15,0
20-25
5-10
25-35
5- ұнтақтау
15,0
20-25
25-30
50-55
6- ұнтақтау
10,0
20-25
20-25
45-50
7- ұнтақтау
10,0
20-25
20-25
45-50
8- ұнтақтау
10,0
10-15
30-35
40-50
9- ұнтақтау
8,0
5-10
20-30
30-35
10- ұнтақтау
8,0
5-10
15-20
20-30
11- ұнтақтау
8,0
5-10
10-15
20-25
12- ұнтақтау
10,0
20-25
-
20-25
Жармалар мен жармашықтарды алғашқы жүйелерде қарқынды 
ұнтақтайды. Бұл жүйелерге түсетін өнімдердің құрамында қабықты 
бөлшектер өте аз болады. Сондықтан осы өнімдерді ұнтақтайтын 
білікті станоктардан кейін қарқынды майдалағыш РЗ-БЭР 
қолданады. 
Энтолейтор РЗ-БЭР қолдану нəтижесінде ұнды 1,3-1,5 есе артық 


70
алады, ал ұнның күлділігі тіпті өзгермейді. Басқа жүйелерден 
түсетін өнімдердің құрамында қабықтар немесе қабықты бөлшектер 
көбірек болады. Егер осы жағдайда энтолейтор қолданса, онда осы 
машинаның қарқынды ұнтақтауының əрекетінен қабықтар майда-
ланып ұнға түсіп, оның күлділігін көбейтеді, яғни ұнның сапасы 
төмендейді. Сондықтан үшінші жүйеден кейін ұнтақтау əрекеті 
жұмсақтау деташер АІ-БДГ пайдаланады. Бірақ соңғы жүйелерде 
деташерден кейін ұнның күлділігі айтарлықтай жоғарылайды жəне 
ұнның меншікті бет мөлшері артады.
Ұнтақтау үдерісінің құрылымын талдау бойынша жүйелердің 
үш-төрт топқа бөлінуі байқалады. Əр топтың жұмысы мейлінше 
эндоспермі молырақ жəне күлділігі төмен ұнды алуға бағытталған. 
Осы топтардың соңғы жүйелері үгіту жұмыстарын атқарады. 
Сол себепті олардан алынған ұнның күлділігі алдыңғы жүйелерге 
қарағанда нашар болады. Ұнтақтау үдерісін шартты түрде төрт 
топқа бөлуге болады: 1-ші -4,5-7,8-11 жəне 12-ші ұнтақтау жүйелері 
(ұн.ж.). 1, 2, 3 жəне 4-ші ұнтақтау жүйелерінде 32-35% (І ж. жүйесіне 
есептегенде) аралығында жоғары сапалы ұн алады.
Технологиялық үдерістің жұмысын санды жəне сапалы баланс 
арқылы толық білуге болады. Сондықтан 1.27-кестеде ұнтақтау 
үдерісінің санды жəне сапалы балансы көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет