Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс


сығынды деп атайды. Шырынды жұмсағының қалдығынан тазалау əдісі



Pdf көрінісі
бет351/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

сығынды деп атайды.
Шырынды жұмсағының қалдығынан тазалау əдісі
Шырынды жұмсағының қалдығынан тазалау келесі əдістер 
арқылы жүзеге асырылады:
1.
 Тұндыру – шырынды ыдысқа құйып бірнеше сағат (2-24 сағ.)
тыныштыққа қояды.
2. Сүзу – шырынды мата немесе картон пластинадан өткізу.
3. Центрифугалау– центрифуганың айналуынан жұмсақтың 
қалдықтары тығыз тұнба түрінде қабырғада қалып, шырын 
мөлдірленеді.
4. Электр сепарациялау – шырынды ыдысқа құйып, электр тогын
өткізеді. Токтың əсерінен су электролизденіп, оттегі жəне сутегі 
газдары көпіршіктеніп шығады. Олар жұмсақтың майда бөліктерін 
өзімен бірге көбік түрінде, шырынның бетіне алып шығады. 
Үдерістің ұзақтығы 10-30 минутқа созылады. Осылай тазалаудан 
соң шырын мөлдірленеді, бірақ сақтау кезінде лайланып, тұнба 
түзілуі мүмкін. Сондықтан құрамындағы коллоидтарды бірнеше 
əдіс арқылы тұнбаға түсіріп, шырынды мөлдірлендіреді. Шырын 
құрамында əртүрлі коллоидты заттар болады. Оған полисахаридтар, 
дубильді заттар, ақуыздар жатады. Сақтау кезінде коллиодты заттар 


584
молекулаға бірігіп, лайланып, біртіндеп тұнбаға түседі. Сондықтан 
оларды мынадай əдістер арқылы бөліп алуға болады:
1. Желімдеу – мұнда шырынға оң зарядты молекуласы бар же-
латин қосылады, себебі коллоидты заттар теріс зарядты. Желатин 
молекуласы мен коллоидты зат молекуласы бірігіп, тұнбаға түседі.
2. Лезде қыздыру жəне салқындату – коллоидты заттары ақуыздан 
тұратын шырынды 600С-тан жоғары температурада тез қыздырып 
(3-5 мин.), 15-200С-қа дейін тез салқындатады. Осы кезде ақуыз 
ұйып, тұнбаға түседі.
3. Сазбен өңдеу – сазбен өңдеген кезде саз бөлігі коллоидты зат-
тарды өзіне сіңіріп, тығыз тұнба түзеді. Саз ретінде вулкантекті саз, 
бентаниттер қолданылады.
4. Тоңазыту жəне буландыру– мұнда шырыннан су бөлініп 
шығып, өнім концентрленеді. Коллоидты зат молекулалары бір-
біріне жақындасып, бірігіп, тұнба түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет