Дайын өнімге қойылатын талаптар
Жүзім шырынының барлық сорттары мөлдір, тек жоғары жəне
бірінші сорттарында ғана аздаған шараптасы кристалдарының бо-
луы рұқсат етіледі.
Жұмсақсыз шырын болғандықтан мөлдір, түсі ашық қоңыр,
қышқылтым тəтті дəмі бар, қышқылдылығы шарап қышқылы бой-
ынша 0,2-1%, құрғақ заты 14-16% болуы керек.
Жүзім шырыны адам тамақтануында көмірсудың көзі болып
табылады. 100 мл шырын құрамында 160-220г моно- жəне ди-
сахаридтер болады. Микроэлементтерден шырында көп мөлшерде
К тұздары, аз мөлшерде Nа, Са, Mg, Р жəне аскорбин қышқылы
болады.
Алма шырыны
Алма жемістері жағымды қышқылтым дəмі бар, құрамында
7-12% сахароза, 0,2-1,1% органикалық қышқыл, С витамині (20-
40 мг/100 г), РР,
,
, β-каротин, темір, калий, кальций, марга-
нец, фосфор жəне тағы басқа да минералды заттар бар. Алманың
химиялық құрамы мен дəмдік қасиеті, өсу жағдайы мен пісу дəрежесі
помологиялық сортына байланысты.
Барлық помологиялық алма сорттары жетілу мерзімі мен
сақталуына байланысты жаздық, күздік жəне қыстық болып бөлінеді.
Алмадан жұмсақсыз, натурал, мөлдірленген, мөлдірленбеген шы-
рын өндіріледі. Натурал алма шырынының құрғақ заты 9-11% бо-
лады. Шырын алу үшін алманың мынадай сорттары қолданылады:
Антоновка, Титовка, Белый налив жəне т.б. Жұмсақсыз алма
шырынының технологиялық сызбасы 14.8-суретте көрсетілген.
587
Дайын өнімге қойылатын талаптар
Түсі ашық сары, дəмі, иісі алма сортына сай, бөгде қоспасыз,
мөлдір болуы керек.
Табиғи шырындар концентраттарын келесі технология бойынша
өндіреді: табиғи апельсин шырыны (алма, мандарин, ананас) қайнау
14.8-сурет. Жұмсақсыз алма шырынының технологиялық сызбасы
ɋɚԕɬɚɭ
ȱɪɿɤɬɟɭ
ɀɭɭ
ɂɧɫɩɟɤɰɢɹɥɚɭ
Ԝɫɚԕɬɚɭ ɠԥɧɟ ɬɚɡɚɥɚɭ
ɉɪɟɫɬɟɭ
Достарыңызбен бөлісу: |