14.4-сурет. Қызылша шырынын алудың технологиялық сызбасы
578
Қызылша шырынын көбінесе басқа шырындармен қосып немесе
сусын дайындауда қолданады.
Қызылша шырыны қантқа, минералды тұздарға жəне азоттық
заттарға бай. Сондықтан ол жастар мен қарт адамдарға, дені сау жəне
ауру адамға да пайдалы. Қызылша шырыны организмнен холесте-
рин мен шлактардың шығуын, қан тамырлар жүйесінің жұмысын,
жыныс бездерінің функциясын, асқорытуды, зат алмасу үдерісін
жақсартады, ісіктердің пайда болуына кері əсерін тигізеді.
Басқа көкөністерден жасалатын шырындар
1. Қарбыз жəне қауыннан жұмсақсыз шырындар жəне сусын-
дар өндіріледі. Сусынның құрамына алма немесе жүзім шырынын
қосады.
2. Асқабақтан жұмсағымен жəне жұмсақсыз шырындар
өндіріледі. Сусын алу үшін алма шырыны қосылады.
3. Қияр, кəдіштен жұмсақсыз шырын алып, оны езбе жасауда не-
месе шырын алуда қолданады.
4. Жапырақты көкөністерден жұмсақсыз шырын алынады. Оны
сусын жəне коктейль алуда қолданады.
Осындай көкөніс шырындарының құрамындағы құрғақ зат
мөлшері 7-16% болуы керек. Сондай-ақ көкөністерден құрғақ заты
30-50% болатын концентрленген шырындар, тоңазытылған шырын-
дар жəне құрғақ заты 94-96% болатын құрғақ шырын концентратта-
ры өндіріледі. Құрғақ шырын алу үшін сұйық шырындарды ыстық
ауа ағынында t=80-85
0
С, τ=30-40 сек. шашыратып кептіру арқылы
алады.
Əртүрлі көкөністерден алынған шырынды алу жоғарғы
биологиялық белсенді заттары (витаминдер, минералды тұздар, жар-
тылай фенолдар, ақуыздар) бар өнім алуға мүмкіндік береді, дайын
өнімнің органолептикалық жəне диеталық қасиетін жақсартады.
Көбінесе сəбіз, қызылша жəне шомырдың қоспасынан жасалған
шырындар; картоп, таңқұрай жəне өрік; картоп жəне өрік; картоп
жəне шие шырындары пайдалы. Араласқан көкөніс шырындары не-
месе сусындары, қызанақ шырыны, саумалдық, пияз, картоп жəне
сəбіз, аскөк, қызылша, тəтті бұрыш жəне т.б көкөністерден жасалған
шырындар тəбетті ашу мақсатында қолданылады.
579
Достарыңызбен бөлісу: |