Қазақстанда кейінгі кездерде өнімдердің сұранысына байланыс



Pdf көрінісі
бет362/375
Дата14.12.2022
өлшемі17,34 Mb.
#57141
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   375
Байланысты:
6788 (1)

14.7-кесте. Көміртегі диоксидінің суда еруінің температура мен 
қысымға тəуелділігі
Температура, 0 °С
Қысым, 0,1 МПа
Қысым, МПа
Абсорбция 
коэффициенті
Температура, °С
Абсорбция 
коэффициенті
0,1
1,71
0
1,71
0,2
1,80
1
1,65
0,3
3,56
2
1,58
0,4
5,32
3
1,53
0,5
7,02
4
1,47
0,6
8,65
5
1,42
0,7
10,28
6
1,38
0,8
11,78
7
1,33
0,9
13,20
8
14,28
1,0
14,65
9
1,24
10
1,19
Суды немесе сусынды сатурациялау кезінде көміртегі диоксидіне 
температура мен қысымның əсерін ескеру қажет. Газ қысымы 0,5 – 


605
0,6 МПа жəне судың температурасы 1 – 2 °С болғанда сусын мен 
судың көміртегі диоксидімен қанығуына əкеледі. 
Суда ауа болған жағдайда көміртегі диоксидінің еруі лезде 
төмендейді, оны Дальтон заңы түсіндіреді. Сонымен қатар сусын-
да жəне судағы ауаның болуы сұйықтағы көміртегі диоксидінің 
абсорбциялық формасының байланысының беріктігін төмендетеді. 
Ауа шөлмектегі сусынның көбіктенуіне əкеледі. Сондықтан суды 
ауа дан арылту үшін көміртегі диоксидімен қанықтырмас бұрын оны 
деаэрациялайды. 
Минералды қоспалар, əсіресе судың кермек тұздары судағы 
көміртегі диоксидінің еруін төмендетеді.
Судың немесе сусынның көміртегі диоксидімен қанығу дəрежесі 
сұйықтың газбен əсерлесу ауданына байланысты болады. Сұйықтың 
газбен əсерлесу беті үлкен болған сайын көміртегі диоксиді көп ериді. 
Осылай дайын болған газдалған сусын құюға жіберіледі.
Құю жүйесіне қойылатын негізгі жəне қарапайым талаптардың 
бірі – толтыру өнімділігі, жоғары дəлділік жəне сусынның мүмкін 
болатын сапасын максималды сақтау. Ыдысқа құйылатын өнімнің 
сапасына мынадай факторлар əсер етеді:
- Сусынның газды құрамы жəне оның құю үдерісіне 
əсері(көмірқышқыл газы мен оттег);
- Құю кезіндегі қысым;
- Температура;
- Тұтқырлық.
Газдалған сусындарды дұрыс құюда олардың талап етілетін 
құрамын сақтау өте маңызды. Оған құю кезінде температура-
ны бақылап отыру арқылы қол жеткізуге болады. Карбониза-
циялау нəтижесінде сусында СО
2
еріген күйде болады. Құю 
кезінде ерітіндіден СО
2
-нің шығуын болдырмау маңызды, ол 
үшін резервуардағы қысымды СО
2
қажетті құрамымен қаныққан 
сусындағы қысымнан шамамен 1 бар-ға жоғары ету керек. Осы 
жоғарғы қысымды ұстай отырып, сусынның ыдысқа біртегі жəне 
«жұмсақ» құйылуын қамтамасыз ету қажет. Құюдың жұмсақтығын 
қамтамасыз етуде ыдыстың формасының маңызы жоғары (бөтелке, 
банка). Көптеген жүйелерде ыдысты толтыру кезінде сусын оның 
ішкі қабырғасына ең жоғарғы бөлігінен құйылады, содан соң 
ыдыстың түбіне ағады. Құюдың бұл əдісі:
1) Сусындағы СО
2
шығынын жəне сапасының төмендеуін бол-
дырмайды;


606
2) Карбонизациялау кезінде СО

сіңірілуін дəл реттеп, оны 
үнемдейді.
3) Толтыру, ұстау жəне газ бөлу стадиясын жеделдету;
4) Өнім шығынын болдырмайды
Құю үдерісінің өнімділігі мен экономикалық тиімділігі сусындағы 
СО

мөлшеріне байланысты болғанымен, оның сапасын қамтамасыз 
етуде СО

сіңірілу дəрежесі, ұстау жəне газ бөлу стадияларының 
ұзақтығы, оттегі мөлшері маңызды рөл атқарады. Оттегі сусын 
құрамында еріген күйінде жəне толтыруға дейін контейнердегі газ-
ды орта құрамында болады. Құю кезінде алкогольсіз сусындардың 
оттегіні артығымен сіңіруі – сусын компоненттерінің тотығуына 
алып келеді, яғни сусынның түсі мен дəмі өзгеріске ұшырайды.
Сусынға оттегінің түсуін 3 стадияда қадағалап реттеуге болады:

Құю құрылғысына кіре берісте (алғашқы мөлшерде);

Құюға берілгенде;

Құюдан соң.
Құю жүйесін жобалау кезінде контейнер мен сусынның сипатта-
масы өзгермеу жəне төмендемеу керек. Құю үдерісі бірнеше стади-
ядан тұрады:

Вакуумдау;

Газбен шаю;

Қарсықысымды тудыру;

Құю( налив);

Құю деңгейін реттеу

Ұстау жəне газ бөлу (выдержка, газоотведение).
Вакуумдау тек қатты сыйымдылықтарға құю кезінде ғана 
қолданылады.
Газбен шаю негізінен вакуумдау жүргізілмейтін жұмсақ 
сыйымдылыққа ПЭТ-типті бөтелкелер мен алюминий банкаларға 
қолданылады.
Қарсы қысымды тудыру немесе түзу сыйымдылықты құю клапа-
нына қосып бекіткеннен кейін орындалады. Сусын сыйымдылыққа 
газберуші құбырлар арқылы келеді.
Құю деңгейін реттеу (корректировка) қымбат сусындарды құюда, 
яғни сыйымдылық өте жіңішке немесе құю дəлдігі өте маңызды 
болған жағдайда жүргізіледі. 
Ұстау жəне газ бөлу сыйымдылықтағы қысымды «жұмсақ» 
төмендету үшін жүргізіледі. Бұл сусынның қалыпқа келуіне 
мүмкіндік береді.


607
Ары қарай бөтелкелердің аузын тығындайды,сапасыз өнімді 
іріктеп(бракераж), затбелгілерді жабыстырады. Дайын алкогольсіз 
сусындарды дайын өнім қоймасында сақтайды, онда өндірістегі екі 
тəуліктік өндірілген өнім сиюы қажет. Қойма бөлмесі құрғақ жəне 
жақсылап желдетілген болуы тиіс. Бөлме температурасы отандық 
сусындарды сақтау үшін 0 -ден 12°С аралығында жəне Кока-Кола, 
Пепси-Кола, Фанта жəне т.б. сусындарды сақтау үшін 25°С жоғары 
болмауы керек.
Газдалған сусындарды жəшікпен тасымалдайды. Жаз уақытында 
оларды ысып кетуден, ал қыста мұздап қатып қалудан сақтау керек.
Алкогольсіз сусын өндірісіндегі қалдықтарға мыналар жатады: 

жартылай фабрикаттарды дайындау процесінде – жеміс-
жидектердің қабығы, сығындысы жəне цитрус жемістерінің 
жұмсағы;
Қалдықсыз технология бойынша бұл қалдықтар мынадай 
мақсатта қолданылады: 

жеміс қабығын спиртті айдау арқылы этил спиртін алады, 
ал қалған қалдығын кептіріп, ұсақтап, кондитер өнімдерін өндіруде
бояғыш ретінде қолданады;

жеміс-жидек сығындыларын кондитер өндірісінде тоңба 
түзуші зат ретінде қолданылатын пектин алуда қолданады;

шырын алуда түзілетін қызыл сортты жүзім сығындыларынан 
бояғыштар алады;

цитрус жемістерінің жұмсақтарын натурал цитрус шырын-
дарын, 
тоңба, тосап, джем алуда қолданады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет