Бақылау сұрақтары: 1.
Алкогольсіз сусындар қандай ассортиментте өндіріледі?
2.
Алкогольсіз сусын өндіруде қандай шикізаттар қолданылады?
3.
Бояғыштардың қандай түрлері бар?
4.
Консерванттарға сипаттама беріңіз.
5.
Ауыз суларды тазалау əдістері
6.
Ауыз суларды өндіру технологиясы
7.
Минералды сулар қалай жіктеледі?
8.
Табиғи минералды сулар дегеніміз не?
9.
Жасанды минералды суларға қандай сулар жатады?
10. Минералды сулар адам организміне қалай əсер етеді?
11. Минералды су өндірудегі маңызды технологиялық үдерісті
атаңыз.
12. Минералды суларды тазартудың қандай əдістері бар?
13. Газдалған сусындар қандай ассортиментте өндіріледі?
14. Диеталық мақсаттағы сусындарды атаңыз.
15. Купаждалған сироп дегеніміз не жəне ол қалай дайындалады?
16. Купаждалған сироптың сапасына қандай талаптар қойылады?
17. Газдалған сусындарды өндіру қандай операциялардан
тұрады?
18. Колер дегеніміз не? Ол қалай алынады?
19. Құю үдерісі қандай стадиялардан тұрады?
20. Сусындарды құю жүйесінің маңызы неде?
21. Сергітуші сусындар СО
2
-мен қанығу дəрежесіне қарай
қандай түрлерге бөлінеді?
22. «Лимонад» сусыны қалай өндіріледі?
23. Газдалмаған сусындар қандай топтарға бөлінеді?
24. Морстардың түрлерін, қасиетін, өндіру технологиясын
сипаттаңыз.
25. Шай сусындарының қандай түрлері бар?
26. Шай сусындарының технологиялық сүлбесін сипаттаңыз.
27. Көкөніс шырындары қалай жіктеледі?
28. Томат шырынын өндіру үшін шикізатты қалай таңдайды?
29. Томат шырынын өндіру технологиясын сипаттаңыз.
613
30. Томат шырынын қандай əдістер арқылы консервілеуге болады?
31. Концентрленген томат шырыны қалай алынады?
32. Томат сусындары қалай алынады?
33. Жеміс-жидек шырындары қалай жіктеледі?
34. Шырын өндіруде қандай шикізат қолданылады?
35.
Жұмсақсыз жəне жұмсағымен шырын өндірудің
технологиялық сүлбесін сипаттаңыз.
36. Шырынды жұмсағынан ажырату əдістерін атаңыз.
37. Мөлдірленген шырын алу үшін шырынды жұмсақтың
қалдығынан қандай əдістер арқылы тазартады?
38. Жүзім шырынын өндірудің технологиялық сүлбесін
сипаттаңыз. Басқа шырындардан ерекшелігін атаңыз.
39. Құрғақ көпіршімейтін сусындарды өндіру технологиясын
сипаттаңыз.
40. Құрғақ көпіршімейтін сусындардың сапасына қандай талап-
тар қойылады?
41. Құрғақ көпіршитін сусындар қандай əдістер арқылы дайын-
далады?
42. Квас өндіруде қандай шикізаттар қолданылады?
43. Квас өндіру технологиясын сипаттаңыз.
44. Квас суслосын қандай əдістер арқылы дайындауға болады?
45. Квас өндірісінде қандай қалдықтар шығады жəне олар қалай
қолданылады?
46. Алкогольсіз сусын өндіруде қандай қалдықтар шығады жəне
олар қалай қолданылады?
47. Алкогольсіз сусындардың тұрақтылығына қандай факторлар
əсер етеді?
48. Алкогольсіз сусындардың тұрақтылығын жоғарылату үшін
қандай əдістер қолдануға болады?