Ал, 1844 жылғы реформаларға келетiн болсақ, кiшi жүз даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс Ресей империясының отарлық саясатына айтарлықтай қиындық туғызады. Ресей патшасының Кiшi жүз даласындағы әкiмшiлiк басқару жүйесiнiң әлсiздiгi, жергiлiктi басқару әкiмшiлiгi сенiмсiздiк туғызды. Сондықтан Ресей отарлық басқару жүйесiне өзгерту енгiзу, алыс қазақ ауылдарына орыс мемлекеттiк әкiмшiлiк басқару жүйесiн жаңадан құрып, жергiлiктi қазақ әкiмшiлiгiн бақылауды күшейту керек болды. Кiшi жүз даласында орыс-казак отарлық саясаты мемлекеттiк деңгейде қарастырылып, бұрынғыша сұлтандық басқару жүйесiн сақтай отырып, өте сақтықпен жүргiзу керек болды. Екi жүйе – Сiбiр жүйесi және Орынбор ведомствасын басқару жөнiндегi заңдық актiлердiң ұзақ уақыт бойы әзiрленбеуi, аяқталмаған сипаттағы қаулысын қолдануы. Қазақтарды басқару туралы заңның анық болмауы Орынбор Шекаралық комиссиясы мiндетiнiң де айқын тұжырымдалмауына әкеп соқты. 1838 жылы сыртқы iстер министрлiгi Орынбор әскери губернаторы В.А.Перовскийдiң алдына:
«Орынбор Шекаралық комиссиясының iс-қимыл ауқымы, оның мiндеттерi, бағыныштылық ретi, бекiнiстi шептер бойындағы және басқаларындағы iстер бойынша басқа жерлерге көзқарасы, оның iшкi құрамы, қандай да болсын iстердi бөлу және жүргiзу тәртiбi және басқалар дәл әрi айқын анықталсын», - деген мiндет қойды. Бұл үшiн бiрнеше жоба әзiрлендi. Қорытындысында 1844 жылы маусым айының 14-де Николай I жаңа Ереженi бекiтедi. Бұл құқықтық сипаты бар құжат әртүрлi толықтырулармен, қосымшалармен 1868 жылы қазан айында қабылданған, «Уақытша ережелерге» дейiн өзiнiң күшiн сақтады. Мазмұнына қарасақ, Ереженiң басты мақсаты «Орынбор немесе Кiшi Орда қырғыздарын басқаруды жаңа ахуалға сәйкес қайта құру». Ереженiң түпнұсқасы толық баламасы «Материалы по истории политического строя Казахстана» деген құжаттар жинағында 1960 жылы 226-258 беттерде жарияланған. Осы ереже бойынша көптеген мiндеттер қойылды:
-орданы басқарудың түбегейлi өзгертпей, осы кезге дейiн болған тәртiптiң басты негiздерiн қалдыру;
-Бұхар мен Хиуа хандықтарымен сауда қатынасын дамыту үшiн керуен сауда жолдарын нығайту;
-далада қарақшылардан қорғану, Кенесары ықпалын болдырмау;
-сол қазақтарды басқаратын Орынбор Шекаралық комиссиясына Шекаралық басқарма бойынша барлық iстердi ойдағыдай жүруiн қадағалап отыруға көп қаражат беру;
-жақсы, қорғану бекiнiстерiн салу.
Соңғы сөзiмiз дәлелдi болу үшiн, қазақ жерiнде көптеген бекiнiстер бой көтердi. 1845 жылы Орал, Торғай бекiнiстерi, 1847 жылы Райым, 1848 жылы Орал мен Ор бекiнiсi.
Ереже 8 бөлiмнен тұрады: 1 – жалпы жағдай, 2 – басқарудың құрамы, 3 – шендi қызметкерлердi қабылдау және жұмыстан босату, 4 – басқаруды ұйымдастыру дәрежесi, билiкке бағыну және қарым-қатынастардың ахуалы, 5 – мiндеттер мен жауапкершiлiк, 6 – iстi атқарудың жағдайы, 7 – сотқа тарту, 8 – кiрiс және жоғарғы буынға есеп беру.
Әкiмшiлiк билiк – тiкелей аумақтық басқару – Орынбор әскери губернаторының қолында шоғырланғанымен, тiкелей осы мәселелердi қадағалау, үйлестiру Азиаттық департамент арқылы Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелдi. 1824 жылғы ережеге сай Бөкей Ордасын басқару да Сыртқы iстер министрлiгiне берiлген едi. Жаңа Ереже Орданы мемлекеттiк мүлiк министрлiгiне бағындырды. Сонымен, екiге жарылған бұрынғы Кiшi жүз 1844 жылғы Ережеге сай Петербургтегi бiр-бiрiне тәуелсiз әртүрлi екi министрлiкке ажыратылады. Екiншi жағынан алғанда, Кiшi және Бөкей Ордасы шынайы күшейiп алған Жәңгiрдiң толық билiгiнде болғанымен де Орынбор шекаралық комиссиясы сөз жүзiнде Едiл мен Жайық арасындағы хандықты бақылауды өз қолында ұстап қалды. Әскери губернатормен қатар одан да бiр саты жоғары тұрған шекаралық жалпы басқарудың үйлестiретiн лауазымды шенеунiк болды. Кейiннен шекаралық төрағаның барлық функциялары Орынбор губернаторына жүктелдi. Келесi билiк дәрежесi жағынан жоғары сатыға көтерiлген Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы (действительный статский советник) немесе қызмет бабын ажырататын шен бойынша полковник шенiндегi қызметкер. Шекаралық комиссияның штаты – 4 кеңесшiден, 4 көшпендi қазақтар арасынан тағайындалған отырыстарға тұрақты қатынасатын, сондай-ақ комиссия құрамында төтенше жағдайда ерекше тапсырмаларды дереу орындайтын тағы да екi шенеунiк және дәрiгер, мал дәрiгер, көптеген қызметкерлер кiрдi. Шекаралық комиссияның мүшелерiн – сыртқы iстер министрлiгi, ал заседательдердi Орынбор әскери губернаторы тағайындайды.
Патша үкiметiнiң басты тiрегi, әрине, билеушi-сұлтандар. 1824 жылғы ереже Кiшi жүздiң Батыс, Орталық және Шығыс аудандарын арнайы басқаратын ел билеушi сұлтандарды бекiткенi белгiлi. Жаңа Ережеге сай Жоғарғы Тобол және төменгi Тобол өңiрлерiн басқаратын қосымша екi билеушi сұлтанды қосу. Бұған қоса дистанция бастықтарының саны 75 адамға жетуге тиiс болды.
Орынбор ведомствосы басқару құрылымының төменгi буыны «жеке басқару дейтiннен тұрды, ол билеушi сұлтандардан, дистанция бастықтарынан және қазақтар арасынан тағайындалатын ауыл бастықтарынан құралды. Әрбiр билеушi – сұлтанның жанында үнемi 100-ден 200 адамға жететiн казак отряды, ал одан басқа – көмекшi, хатшы, iс-қағаздарын жүргiзушi және бес шабарман болды. Сұлтанның мiндетi: қарамағындағы халықты тәртiптi етiп, үкiметке адал және айтқанынан шықпайтын етiп ұстауға тиiс. Дистанция, ауыл бастықтарын тағайындауды лайықты, сенiмдi адамдарды таңдап алу жүргiзiлдi.Ал оларды қаржыландыру мекеменiң бiр жылдағы қаржысы 64454 сом, оның 18579 сомы қызметкерлердiң жалақысы мемлекеттiк қазынадан, ал 45874 сомы түтiн салығы арқылы жиналды.
Ережеде тұңғыш рет қазақтарды емдеу, дәрiгерлiк көмек көрсету көңiл бөлiндi. Өйткенi қазақтар арасында шешек ауруларының таралуы себеп болды. Бiрақ бұл жүйенi пәрмендi түрде 1867-1868 жылға дейiн бiр қалыпқа қоя алмады. Қазақтар арасынан арнайы фельдшерлер даярлап, Орынбор әскери госпиталында тәжiрибеден өтетiн. Қазақтардың күнкөрiсi малмен байланысты болғандықтан, 1845-1853 жылдары арнайы мал дәрiгерiн даярлау iсiмен айналысып, мал ауруларын бақылауға алған.
Әсiресе, сот iстерiндегi өзгерiстер. Сот мәселесiне Ереженiң 22 тарауын арнағанын көремiз. Жылдан-жылға әлсiреген билердiң орнына орыстың империялық сот жүйесiнiң көрiнiстерiн күшпен ендiру царизмнiң басты мiндеттерiнiң бiрi болғаны түсiнiктi. Үкiметке бағынбау, кiсi өлтiру, тонау, барымта әскери сот қарауында, ал ұрлық, алаяқтық 50 сомнан аспайтын мүлiктiк талап арызды азаматтық қылмыстық сот қарады.