«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»


ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак әскерилері



бет38/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

3.ХІХ ғ. ортасында Қазақстандағы казак әскерилері. XIX ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші кезеңі болды. Ресейдің қазақ даласына жүз жылдан астам уақытқа созылған өңмеңдеуі, оңтүстік аймақтарды қоспағанда, өлкенің барлық дерлік аумағының империя құрамына косылуына әкеп соқты. Бұл Қазақстанның саяси бытыраңқылығының, күрделі сыртқы жағдайының салдарынан ғана емес, сонымен қатар Ресейдің сөзсіз әскери басымдығының нәтижесінен болды, ал оның армиясы сол кезде Еуропадағы ең куатты армиялардың бірі еді. 1825 жылы орыстың құрғақтағы армиясында 526 мың адам болды..
XIX ғасырдың ортасында Ресейдің Казақстандағы қарулы күштері тұрақты әскерлер мен тұрақты емес әскерлерден тұрды, олар екі әскери құрамаға біріктірілді. Жеке Орынбор корпусына 23-жаяу әскер дивизиясы (10 шептік батальон кұрамында), Орал және Орынбор қазақ әскерлері, башқұрт-мещеряк қазақ полкі кірді. Корпустың штабы Орынборда орналасты, өлкенің әскери губернаторы кызметі бойынша оның командирі болды. Жеке Сібір корпусына 24-жаяу әскер дивизиясы (15шептікбатальон құрамында),екі гарнизондық батальон және Сібір шебінің қазақ әскері кірді.Корпустың штабы Омбыда орналасты, оның командирі Батыс Сібір әскери губернаторы болды.
Казақстанның бүкіл дерлік аумағын батысынан шығысына карай бекіністері, форттары, форпостары, кордондары мен пикеттері бар үздіксіз әскери шептер тізбегі коршап жатты. Мәселен, Орал шебі Гурьевтен Илецк корғанысына дейін созылды және XIX ғасырдың басында 19 форпост пен 5 бекіністен тұрды. Төменгі шепте - 6 мың, жоғарғы шепте - 7 мың, Оралдың өзінде 17 мың қазақ орналасты. Ал 1857 жылға қарай төменгісінде - 21 мың, жоғарғысында - 45 мың, Орал қаласында 11 мың қазақ болды.
XVIII ғасырдың 30-жылдарында-ақ құрыла бастаған, Верхнеяицк және Үй бекіністі шептерінен тұратын Орынбор шекаралык шебі күшті қорғаныс болды. Верхнеяицк шебі Орынбордан шығысқа қарай созы-лып, 9 бекініс пен 16 редутты қамтыды және екі дистанцияға: Красногорск және Орск дистанцияларына бөлінді. Красногорск дистанциясы - 4 бекініс пен 6 редуттан, Орск дистанциясы 5 бекініс пен 10 редуттан тұрды. Үй шебі Верхнеяицк бекінісінен Тобылдағы Звериноголов бекінісіне дейін созылып, 8 бекініс пен 9 редуттан тұрды, Верхнеуйск және Нижнеуйск дистанцияларына бөлінді. Верхнеуйск дистанциясы - 3 бекініс пен 5 редуттан, Нижнеуйск дистанциясы 5 бекініс пен 4 редуттан тұрды.
1810-1822 жылдарда Новоилецк әскери шебі құрылады. Ол алты форпостыдан (Изобильный, Буранный, Новоилецк, Линевск, Угольный және Ветлянск), Ханский редуты мен Бердянск бекінісінен тұрды.

1835-37 жылдарда Орынбор әскери шебінің бір бөлігі ретінде Жаңа шеп құрылады. Ол Орск бекінісінен басталып, солтүстік-шығыска қарай жүріп, Үй өзенінің Тоғызаққа құйылысындағы Березовский редутына дейін жетеді. Оның ұзындығы 478 шақырым болды.


Осы әскери шептердің бәрі ұзындығы 1780 шақырым болатын (Гурьевтен Батыс Сібірмен шекарадағы Алабұға отрядына дейін) Орынбор әскери-шекаралық шебінің кұрамына кірді.
Онда 2-дәрежелі бекіністер қатарына жататын және француз инженері Вованның жүйесі бойынша салынған Орынбор бекінісі басты бекініс деп саналды. Ол тас қабырғалы, қақпалары мен бекіністік орлары бар ұзак мерзімді сипаттағы қамалдық 11 форттан тұрды. Бекіністің сыртында оған кіреберісті корғап тұрған үш форштадт болды. Орск бекінісі 3-дәрежелі бекініске жатты, кұм үйіліп, ормен коршалды, сырт жағынан өзен қорғап тұрды. Орынбор, Орск және Илецк корғанысы бекіністері Орынбор және Орск инженерлік командалары мен әскери-жұмысшы ротасынан тұратын Орынбор инженерлік округіне қарады. Олар 14-гарнизондық артиллерия бригадасы орналасқан Орынбор артиллериялық гарнизондық округінің кұрамына да кірді. Бекіністердің қару-жарағында әр түрлі 130 зеңбірек, ал далалық бекіністерде (Новопетровск, Карабұтақ фортында және баскаларында) 54 зеңбірек (пушкалар мен единорогтар) болды. Орынбор және Орск бекіністеріндегі, Новопетровск бекінісіндегі артиллериялық қару-жарақ күшті болатын.
Әскери жағынан Орынбор әскери шебінің зор маңызы болмады, өйткені «әскери іспен таныс емес және кандай да болсын кұрылғыдан хабарсыз» әлсіз көршілері, соның ішінде казактар да Ресейге қарсы әлдебір елеулі әскери әрекет ете алмайды деп саналды. Сондықтан мұнда мықты бекіністер емес, қайта кордондық кызметті қырағы жүргізу талап етілді, ол кызмет Орал және Орынбор қазақ әскерлеріне жүктелді. Қалалар мен бекіністердегі гарнизондық кызметті Жеке Орынбор корпусының жаяу әскер батальондары, мүгедектік және этаптық командалар атқарды.
Орынбор әскери губернаторы В. А. Обручевтің тұсында дала ішінде қазақтар қоныстарының қақ ортасында бекіністер салына бастады, бұл алыстағы аумақтарды бакылауда ұстауға, шептерді Орта Азия хандықтарының шекараларына жақындатуға мүмкіндік берді.
1845 жылғы 7 қыркүйекте Торғай өзенінің оң жағасында,Орскіден 12 шақырым жердегі Бесқопа шатқалына жақын маңайда Оренбургс бекінісінің (Торғай қаласы) негізі каланды. Бекініс жартылай шеңберл шығыңқы жерлері бар редут түрінде салынды. Гарнизон жергілікті қорғанысқа арналған жаяу әскер ротасы мен зеңбірекшілер командасынан барлығы 150 адамнан тұрды. Көшпелі резервке екі зеңбірегі бар, штаб офицер командалык ететін екі жүз орынбор қазағы кірді. Гарнизонны қару-жарағы 1839-1840 жылдардағы сәтсіз аяқталған Хиуа жорығына қалған, шойыннан кұйылған 16 бекіністік зеңбірек пен үш таған тұғырль 100 жанғыш зымыраннан тұратын. Гарнизонның коменданты майор немесе подполковник шеніндегі офицер болды.
Нақ сол жылы Орынбордан 120 шақырым және Ордан 406 шақырым жердегі Жармола шатқалында, Ырғыздың жарлауытты оң жағасында Уральск бекінісі салынды. Гарнизоны Оренбургск бекінісіндегідей бол- ды. Кару-жарағына екі зеңбірек: 6 фунттық бір зеңбірек пен 3 фунтты тауға арналған жеңіл зеңбірек, сондай-ақ үш шақырымға дейін алысқ атылатын зымыран снарядтары кірді.
1847 жылы Арал теңізінің жағасындағы Райым шатқалында, Сырдарииның сағасына жақын жерде Райым бекінісінің негізі қаланды. Оның гарнизоны штабымен қоса Орынбор шебі 4-батальонының барлығы 503 солдат пен офицер болатын екі ротасынан, Орал қазақ әскерінің үш жүздігінен және 14-гарнизондық зеңбірек бригадасының оқпаны әр түрлі 14 мыс зеңбірегінен тұрды, ол 64 әскери лауазым иелерінің басқаруында болды. 1848 жылы Ырғызда Қарабұтақ және Арал теңізінің жағалауында Косарал форттарының негізі қаланды. Сөйтіп Орынбор форттар мен бекіністер тізбегі арқылы Арал теңізімен жалғастырылды. 1853 жылы (Сырдарияда № 1 Қазалы форты мен № 2 Қармақшы форты салынды. Ресей Орта Азияның іргесіне, Хиуа және Коқан хандыктарының шекарасына шықты.
Бұдан да ертеректе 1833 жылы Каспий теңізінің жағалауында, Өліқолтық шығанағында Новопетровск бекінісінің негізі қаланған еді. Гарнизон зеңбірекшілер командасы бар екі жаяу әскер ротасынан, екі жүз орал қазақтарынан тұрды, қару-жарақтан оқпаны әр түрлі 31 мыс және шойын зеңбірегі болды. Алайда орналаскан жері нашар, суы мен климат жағдайы колайсыз болғандықтан бекініс Түпкараған шығанағына көшіріліп, Новоалександровск деп аталды және 1847 жылғы 30 тамызда ресми түрде ашылды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығы аумағында да әскери шеп нығайтылды. Оның Тобылдағы Звериноголов бекінісінен Алтайға дейінгі ұзындығы 2 мың шақырымдай болды. Ол төрт әскери шептен: Новоишимск (Пресногорьковск немесе жай ғана Горькая шебі), Ертіс, Бұқтырма, Бийск шептерінен тұрды. Горькая шебі сонау XVIII ғасырдың орта шенінде кұрылып, 16 редуты бар 11 бекіністі қамтыды, Сібір корпусы инженерлік басқармасының құрамына кірді. Алты бұрышты Петропавл бекінісі басты бекініс деп саналды. Оның шығысында төрт бекініс: Полуденная, Лебяжье, Николаевск, Покровск бекіністері, олардың ортасында 9 редут, батысында - алты бекініс: Скөпинск, Становск, Пресновск, Кабанья, Пресногорьковск және Звериноголов бекіністері орналасты. Петропавл бекінісі шептің ең басты артиллериялық арсеналы болды. Мұнда Сібір драгун полкі, жаяу әскер батальоны, қазақтар мен башқұрттардың отрядтары орналастырылды. Лебяжье бекінісі мен Тара дистанциясында Шируан мушкетерлік полкі орналасты.
Ертіс әскери шебі XVIII ғасырдың басында-ақ құрылған еді. Ямышевск бекінісінде 18 зеңбірегі бар 303 адамнан, Семейде - 9 зеңбірегі бар 204 адамнан, Өскеменде - 9 зеңбірегі бар 141 адамнан,Железинскі-де - 6 зеңбірегі бар 72 адамнан, Омбыда - 20 зеңбірегі бар 267 адамнан тұратын гарнизондар болды. Коряковск, Семиярск, Убинск, Черлаковск форпос-тары мен басқаларында да гарнизондар орналасты. Сібір шекаралық шептерінде барлығы 18 бекініс, 31 редут, 13 форпост, 23 станция, 35 шамшырак (маяк) тұрды.
XIX ғасырдың 20-жылдарында ішкі округтерді корғау үшін әскери шептер мен бекіністерді далалы аймаққа сұғынта түсу басталады. Мәселен, 1822 жылдың шілдесінде алғашқы бекіністер - Ақмоладан оңтүстікке қарай 300 шақырым болатын Ақтау тауларында, Сарысу өзенінде Ақтау және Есіл өзенінде Жарқайың бекіністерінің негізі каланады. 1824 жылдың сәуірінде Карқаралы приказы ашылып, майор Тұрсын Шыңғысов аға сұлтан етіп тағайындалды. Оның әскер қосынында (ставкасында) 6 және 7-Сібір полктерінің полковник Броневский басқарған 300 казак орналасты. 1824 жылғы 29 сәуірде Көкшетау приказы құрылды, оның гарнизоны да әскери старшина Лукин бастаған 2 және 4-Сібір полктерінің 300 казагынан тұрды.
Одан соң Баянауыл (1826 ж.), Ақмола және Көкпекті (1827 ж.), Атбасар (1846ж.), Аягөз, Кұсмұрын приказдары, Ұлытау (1846 ж.), Капал (1847 ж.) бекіністері ірге тебеді. Оларға қарауыл қызметін аткару үшін қозғалысқа жеңіл қазақ отрядтары орналастырылды. Мәселен, 1826 жылы жаңадан ірге көтерген Көкшетау және Карқаралы бекіністерінде 452 әскери қазақтан тұратын екі отряд, 1836 жылы - 860 казактан тұратын жеті отряд болды.
1853 жылғақарай олардың саны 2мың казакка дейін өсті, ал 1863 жылы далалық 20 бекіністе 2,5 әскери казак орналасты.
Сонымен XIX ғасырдың ортасында бүкіл Қазақстан аумағы әр түрлі бекіністі шептерден: Жаңаөзен, Илецк, Үй, Новая, Новоишимск (Горькая дейтін), Ертіс, Жем, Ақмола-Көкшетау және Сырдария әскери және шекаралық шептерімен қоршап алынды. Оларда күшті артиллериялық және зымырандық қару-жарақтары, ат жегілетін артиллериялық батареялары бар, жаяу әскер батальондарының, драгун полктерінің, жеңіл қозғалатын казак отрядтарының тұрақты және ауыспалы гарнизондары орналасты. Теңіздегі және Сырдария өзеніндегі операцияларға арналған бес жауынгерлік жалаудан тұратын Арал әскери флотилиясы болды. Осының бәрі қазақ жасақтарынан Ресейдің әскери басымдығын қамтамасыз етті, одан әрі шабуыл жасап, жаңа аумақтарды жаулап алу үшін сенімді алғы шеп болды.
Ресейдің шығыстағы даламен шектес шептеріне орналастыру үшін патша өкіметі казак әскерлерінің сақадай сай жүйесін құрды, ол Ресей мен бағындырылған халықтардың этникалык шекарасында орналастырылып, Азияның терең түкпіріне үдемелдете ене түсу және онда ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаныштау үшін тұрақты әскерлердің орнына пайдаланылды.
XIX ғасырдың орта шеніне карай өлке аумағында жақсы қаруландырылып, машықтандырылған, әскери шептер мен бекіністердің кең желісіне сүйенген үш казак әскері болды.Олар қазақ көшпелілерімен ғасырлық күресте қаһарлы әскери күш еді.
Орал (1775 жылға дейін Жайық) қазақ әскері сонау 1591 жылы құрылған болатын. Тарихшы А. Рябинин жайық казактарында бір ғана өліспей беріспейтін жауы болды - олар қазақтар еді деп жазды. Олар «қажырлы, қайсар, қорқуды да, шаршауды да білмейтін жау еді. Жайық қазақтары оларға қарсы нағыз кескілескен соғыс жүргізді».
1803 жылғы 26 желтоқсанда патша он атты әскер полкі кұрамында Орал казак әскері туралы Ережені бекітті, әрбір полкте бес жүздік құрама болды. 1819 жылы әскерге Илецк және Сақмар станицаларының казактары косылды, сөйтіп полктер саны жаңадан қосылған казактардан құрылған тағы да екі полкке көбейді. 12 атты әскер полкінде – 10 мың, 1840 жылы 50 мың әскер шеніндегілер, ал 1856 жылы әскер кұрамында 73 мың казакболды.
Орынбор қазақ әскерін патша үкіметі XVIII ғасырдың орта шенінде, қазақ жерлерінің бір бөлігі Ресей құрамына кіргізіле бастауына байланысты кұрды. Оның кұрылуы үкімет қолданған әскери отарлаудың тікелей салдары болды. Оның мақсаты Еділ бойын, Орал өңірін, Оралды Мәскеу мемлекетіне бекіту, онда әскери бекіністер тізбегін құру еді».
1840 жылғы 12 желтоқсанда император I Николай патшалық рескриптін - «Орынбор казак әскері туралы ережесін» шығарды. Бүкіл әскер екі әскер округіне және он полк отрядына бөлінді, әрбір полкте 870 казак болды. Атты-артиллериялык бір бригада барлығы 774 адамнан құралған үш батареядан және 250 адамнан құралған әскери ісмерлер жүздігінен тұратын. Әскер барлығы 63 мыңға дейін саптағы казактарды шығара алатын. Әскери атаман қызметі бойынша атты әскер дивизиясының командиріне теңестірілді .
Сонымен Қазақстан аумағы XVIII ғасыр бойында және XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресей армиясының тұрақты және тұрақты емес (қазақ) бөлімдері орналастырылатын орын ретінде пайдаланылды. Бұл орыс-қазак шекарасының бүкіл бойында ғана емес, қазақ даласының терең ішкі өңірінен де кұрылды. Осы сансыз көп әскер және қазақ бөлімшелері Ресей империясы оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін камтамасыз етті. Солдаттар мен қазақтар көптеген әскери және кұрылысшылык міндеттер атқарды. Патша үкіметі оларға жердің жақсысын берді, қазақтар мен солдаттар бекіністер, станицалар мен калалар салу кезінде жұмыс күші ретінде кеңінен пайдаланылды. Алайда осынау зор және кымбатқа түскен барлыкқ шаралардың саяси мағынасы мүлде тереңде жатты. Ресей идеологтарының ойлары бойынша, патша өкіметі қазақ даласының шет аймақтар мен терең ішінде берік және біржола орнығып алды. Қаржы шығындарымен және қаншалыкты дұрыс екендігімен санаспай, империялық идеялар өзге ой-пікірлердің бәрінен де басым түсіп отырды. Мұның бәрімен де бітпейді. Казақстан аумағына әскер орналастыра отырып, патша өкіметі Орта Азияға карай ілгерілеу үшін алғы шеп дайындады және ең соңғысы, тегінде, ең бастысы - тұрақгы бөлімдер мен казак әскерлері казақ халкының сана-сезімін тұншыктыруға және ұлт-азаттық қозғалыс күштерін талқандауға арналды. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық еткен көтерілісті басып-жаныштауда нақ солай болды, Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының күрес жылдарында да нақ солай болды, басқа көптеген жағдайларда да нақ солай болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет