«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»


Қазақстанның қоғамдық-саяси ұйымдары



бет58/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

Қазақстанның қоғамдық-саяси ұйымдары
1.Жалпы қазақ сьезі
2.«Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы
3.Қазақстандағы саяси ағымдары
Саяси ағымдағы күрестерге толы сол бір қиын жылдарда орыс билігінің қыспағын түсінген қазақ зиялылары, енді ұлттық мақсат -мұраттары тек өз тағдырларын өз қолына алғанда ғана шешілетінін түсінді. Ұлт азаттығы - халықтың ең маңызды мәселесі болды. Сондықтан Ақпан төңкерісі және орыс демократиясының ықпалы астында ұлттық мақсат-мүддені іске асыру үшін автономия құруға тырысты. Ол үшін, ең бастысы, жан-жақты дайындалған білікті мамандар мен халықтың қалың бұқарасын топтастыратын ұлттық саяси партия қажет болды.
Бұл мәселені іске асыру 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкіл қазақтық съезде қаралды. Онда негізінен мына мәселелерді көтерді: 1.Мемлекет түрі қандай болу. 2.Қазақ өз тізгінін өзі алу, яғни, автономия. 3.Жер мәселесі. 4.Әскерлік 5.Земство 6.Оқу. 7.Сот. 8.Дін. Құрылтай жиылысына қазақтан сайланатын депутаттар, қазақ саяси партиясын құру сияқты барлығы 14 мәселе қаралды/81/.
Бұл съезд Ресейде демократиялық парламенттік республика болу идеясын құптады. Қазақстанды тұтас біріктіретін ұлттық автономия орнына облыстық территориялық-ұлттық автономия болуы тиіс деп есептеді. Съезде аграрлық мәселеге байланысты мынадай тұжырым жасалды: "Ең алдымен қазақтардың өздерін түбегейлі орнықтырып болмайынша, олардың жерін алуды тоқтату керек. Сондай-ақ қазақтардың жерді пайдалануы қауымдастық негізде жүргізілуі тиіс". Съезд "Алаш" партиясын құруға және оның бағдарламасын дайындауға шешім қабылдады. Барлық демократиялық қозғалыстар сияқты "Алаш" қозғалысында да прогрессивтікпен қатар әр түрлі бағыттар, оңшылдар мен солшылдар да болды.
"Алаш" партиясының қайраткерлері өз күресін жалпы ұлттық мүддеге негізделген, "Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін" деген ұранның астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы бірінші жалпы қазақ съезінде дүниеге келген "Алаш" партиясы болу керек деп түсінді Міне, ақпан төңкерісінен кейінгі осындай кезең әр түрлі ағымдардағы ұйымдардың көзқарастарын білдіретін газет-журналдардың жаңа бір өрлеу кезеңі болды. Осы шығарылған газет-журналдардың ұстаған қоғамдық-саяси бағыт-бағдары, көздеген идеялық нысанасы және көтерген мәселелеріне қарай жалпы үш топқа топтастырамыз. Олар: ұлттық және социал-демократтар мен либерал - демократтардың мерзімді баспасөздері.
Сәкен Сейфуллин сол уақыттағы ағымдарға мерзімді баспасөздің қаншалықты маңызы болғанын былай көрсетеді: "Әлеумет тарихына қарағанда 1917-18 жылдардағы саяси күрестің зор майданындай ұлы дүбірлерде оқыған адамдардың саясат, әлеумет күресіне қатысқандарының бәрі де сол заманында шығып тұрған газет, журналдардың айналасына жиналмақ. Егерде әлеумет ісіне қатысқандар маңайындағы газет-журналдардың бағытына риза болмаса, өздері бөлек газет, журнал шығарып майданға шықпақ. Не болмаса басқа жерлердегі бағыты үйлес деген газеттерге пікірлерін жазып майдандаспақ. Бұл - саясат, әлеумет тарихының тәжірибесі. Мұны былай болмаған деп ешкім де айта алмайды
Кадет партиясы бұрын Николай заманында ескі үкіметпен қарсы алысқан. Сол жақ қанаты партияның алдындағы көсемі еді.Мына жаңа заманда бұл партия ескіріп, саясат майданының оң жақ қанатына сырғып отыр. Кадеттер- орыс намысын жібермейтін ұлтшылдар.
"Социалист" партиясын жаңа заман жаңғыртып, әр қайсысын екіге бөліп отыр. Бұл партияның ішінде осы күнде көзге көрініп тұрған екі партия бар. Бірі - социалист-"революционерлер" партиясы, бұл өзі екіге бөлінеді "максималист" һәм "либералист" аталады. Екіншісі - жұмыскер партиясы, "Социал - демократ партиясы". Бұл да екіге бөлінеді: "большевик" һәм "меньшевик"…"Социалист" партиясының мақсаты еңбекті пұлдың үстіне шығару, жер-су, мал-мүлікке жұртты ортақ қылу. Бұл партияның іргесі жұмыскер, солдат һәм крестьян советтері.
Николай тақтан құласымен уақытша үкімет құрылып, мемлекет тізгіні кадет партиясының қолына тиді де, аға министр осы партиядан болды. Уақытша үкіметтің ең алдыңғы жұмысы жұртқа соғыс туралы пікірін ашу болды: 27 февральда жұртқа жария қылды, өлсек-тірілсек те бұл соғыста одақтас мемлекеттермен бір боламыз деп. Мұнысы жауды мұқатпай тоқтамаймыз дегені еді.
Социалист партиялары кадеттердің бұл арасына қарсы болды. Міне, осы жерден талас-тартыс туып социалистер өз ұранын шақырды. "Соғыс жойылсын! Жалпы дүние жүзіндегі жұрттың тыныштығына ірге болатын бітім жасалсын! … Әйтседе, өз арамызда тартыс басылмады. Қайта күннен күнге күшейді, жер-су, қазына, завод-фабрикалар жұртқа қылдай бөлініп беріледі" деген ұран мұжық пен жұмыскердің жүрегіне жылы тиді…
Сонымен социалистер күшейе келіп, май басында кадет министрлерді орнынан аударып, министрдің көбін аға министр Керенскийге дейін өз жағынан сайлаған еді. Социалистер жеңді. Жеңсе де, ойлаған ұранынан шықпады: сайлап қойған министрлері соғысты тоқтатқысы келмеді, қайта күшейткісі келді. Осыдан социалистердің өз арасына жік түсе бастады," - дегенобъективті ойын қазіргідей заманда құптамасқа болмайды.
Патша үкіметінің отарлық саясатының ықпалы уақытша үкімет тұсында да бірден жойылып кеткен жоқ. Жергілікті халықтың мүддесі құқықтық жағынан көбіне қорғаусыз қалды.
Қазақ зиялылары демократиялық бағытта үлкен тарихи қадам бастады. Барлық күш-жігерлерін салып, әлеуметтік қажеттілікті дәл баса отырып, жергілікті мерзімді баспасөзді ашуға үлкен үлес қосты. Материалдық қиыншылыққа қарамай қараңғылық құшағында жатқан қазақ қоғамының саяси көзқарасын оятуды, сөйтіп, жаңа заман үніне құлақ асуды насихаттады. Сол бағытта жұмыс істеді.
16 лекция
Қазақстан 1917ж. Қазан революциясы кезінде
1.Революцияның әлеуметтік базасы мен қозғаушы күштері туралы пікірлері мен тұжырымдар
2.Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері
3.ІІ Жалпы қазақ сьезі Қазақ интеллигенциясының революцияға көзқарас
Монархияның ауыр мұрасы, келе жатқан ашаршылық пен күйзеліс, уақытша үкіметтің халықтарға – бітім, шаруаларға- эсер жұмысшыларға- фабрикалар , аз ұлттарға- теңдік кепілдікті құқықтар бере алмауы, ұзақ буржуазияшыл бұқара арасында анархиылық пиғылдардың өршуі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілгенің анықтап берді. Халық корниловшылықты- контрревалюцияшыл соғысқұмаршылар диктатурасы мен пролетарлат диктатурасының бірін таңдауға тиіс болады.
Қазан ревалюциясы , яғни В.И. Лениннің атағындай « Қазан төңкерсі» осындай жағдайда жүзеге асырылады.
Бейбітшілік, жер, бостандық, ұлттың өзін-өзі билеуі сияқты жалпы азамттық қазыналарды негізгі алуының ревалюция тағдыры үшін зор маңызы болды, (ұлттың) Жер мен бітім тутралы тарихи деректердің қабылдануы, Кеңес өкіметі ұлт саясатының миллиондаған адамдардың арман- тілегіне сай келген бағдарламасын жариялауы ревалюцияның бүкіл ел көлемінде тез арада жеңіске жетуінде шешуші роль атқарды. Мәселен, «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекшісі мұсылмандарына» атап көрсетілді: Ендігі жерде Сөздердің діни сенімдеріңіз, Сіздердің әдет- ғұрыптарыңыз, ұлттық және мәдени мекемелеріңіз ерікті және оларға қол сұғылмайтын болады деп жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді өз еріктеріңізбен , ешбір бөгетсіз құра беріңіздер. Бұлай етуге Сіздердің толық құқықтарыңыз бар. Сіздердің құқықтарыңыз Ресей барлық халықтарының құқықтары сияқты, ревалюциялық және оның органдарының, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Кеңесінің бүкіл күш- қуатымен қорғалып отыратын біліп қойыңыздар». Сонымен бірге бітім туралы декрет зорлық- зомбылық ауқымын арттыра түсуді көздеп , ашықтан-ашық дүниежүзілік ревалюцияға шақырады. Ұлт мәселесін шешудің әскери коммуникативтік әдістері, большевиктердің унитарлық мемлекет құруға, тек кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы ресейлік этостардың шын мәнінде қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді.
Кеңес өкіметі Қазақстанның түрлі аудандарында әр кездерде орнатылды. Бұл процесс көптеген жағдайларға: белгілі бір аудандағы топтық күйлердің арақатынасына және күштердің арақатынасына және Орал мен Сібірдің ірі өнеркісіп орталықтарына, темір жолдарға жақын орналасуға, жергілікті жұмысшылардың топтасқандығына және олардың село, ауыл, қатынастың жартылай пролетар бұқарасымен байланысның беріктігіне; жергілікті жерлердегі большевиктік ұйымдардың жауынгершілік қабілетіне: ұлт- азаттық қозғалыс тасқынының толысу дәрежесіне байланысты болады.
1917 жылы 25 қазанда болған төңкеріс ақпан төңкерісі нәтижесінде болған уақытша үкіметтің қолынан саяси билік біртіндеп кете бастағанының дәлелі еді. Сөйтіп, Петроградта жұмысшылар, солдаттар мен матростар қарулы көтеріліс арқылы аса маңызды орындарды басып алды. Таңертең әскери-революциялық комитет уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады Қазан төңкерісінің қанды драмалық жағдайларға толы оқиғаларынан кейін большевиктер өкімет басына келді. Жоғарыдағы А.Байтұрсынұлы бағалағанындай, қазан төңкерісін халық үреймен, түсінбеушілікпен қарсы алған еді.
Кеңес өкіметі орнағаннан бүгінге дейін Қазан төңкерісі жоғары бағаланып, Ақпан төңкерісінің беделі тарихта төмендетіліп көрсетіліп келді. Ал шындығында, сол кездегі тарихи жағдайларды суреттеген деректерге, жоғарыдағы қазақ зиялыларының тұжырымдауларында, сүйенсек Ақпан төңкерісін тарихи үлкен бетбұрыс ретінде түсініп, ал Қазан төңкерісін белгілі бір топ өкілдерінің мемлекеттің басқару орнын басып алуы деп ғана ұққан.
А.Байтұрсынов: "Россияның орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкімет билігімен қатар жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, ол қозғалыс шет аймақтарда революция емес, барып тұрған анархия болды… Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы қазақтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер - коммунистердің атын жамылған адамдар тобы жүргізіп отыр"/254/ - деп жазады.
Қазан төңкерісін жасаған большевиктер партиясы ұлт париясы емес, тап партиясын әкелді. Күллі Ресейдің әмірі, билігі, дәулеті кедейлер табынікі екенін жариялады. Әрі бұл Ресейдегі әр ұлттардың кедей тобынан құрылған кеңес автономияларының ұйымдасып, бір жалпы Ресейдің құрама республикасы болатындығын жариялады.
1917 жылы 15(2) қарашада "Ресей халықтары құқығының декларациясын" қабылдап, кеңес мемлекеті ұлт саясатының негізгі принциптерін жариялады. Онда мынадай уәде берілді: "Патша заманында Ресей халықтары бір-біріне айдап салынды. Сондай саясаттың нәтижесінде халықтар бір-бірімен қырқысты, олар жаппай қырғынға ұшырады, құлдыққа түсті… халықтарды бір-біріне жауықтырудың мұндай саясатына тыйым салынады. Халықтардың бір-біріне толық сенімі орнайтын ашық та адал саясат жүргізіледі. Одан кейін ұлт саясаты жөнінде: "Ресей халықтарының теңдігімен тәуелсіздігі, Ресей халықтарының өзін-өзі емін-еркін билеуге құқықтығы, тіпті одан бөлініп кетіп, дербес мемлекет құруға дейін еріктілігі…." - деген алғашқы құжатта осындай мәселелерге тоқталды/255/. Міне, осындай ұранына сендірген кеңес өкіметі қаншама қазақтарды да артынан ергізе білді.
Міне, қазақ зиялыларын бұндай қадам жасауға мәжбүр еткен де ел қамы, ел тыныштығы болатын. Бірақ бұл келіссөз екі жақтың да келіспеушілігімен аяқталды. Кеңес өкіметі Алашордашылардың ұсынған бағдарламасымен келісе алмады. Өйткені, бағдарламма ұлттық мүдде тұрғысынан жасалған еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет