«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет59/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

Дәріс №17
Қазақстанда Кеңес мемлекетінің құрылуы.
1.Революциялық комитеттің құрылуы және оның қызметі.
2.Түркістан істері бойынша БОАК мен ХКК комиссияларының қызметі.
3.26-тамыз 1920 жылғы Кеңес өкіметінің Декреті.
4.Қазақстанның ОАК мен ХКК құрылуы.

Қазақстанда азамат соғысының аяқталуы және контрреволюциялық күштермен ақ гвардияшыларды талқандаумен байланысты Кеңес өкіметін қайта қалпына келтіру мәселесі ерекше орын алды. 1919 жылғы маусым айында Кеңестердің ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Қазақ кеңес автономиясын құру туралы арнайы мәселе қарады. Онда қазақ халқының қалың бұқарасымен тығыз байланыс орнайтын, мұндағы жаудан азат етілген аймақтарда саяси және шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырып, өлкеде Кеңестердің құрылтай съезін шақыруға әзірлік жасайтын арнаулы орган құру туралы шешім қабыданды. Осыған байланысты 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің декреті бойынша Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құрылды. Революциялық комитеттің бірінші құрамына С Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, Б. Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленді.


Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің жанынан басқару салалары бойынша: еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және халық ағарту, егіншілік, юстиция, пошта және телеграф, азық-түлік, жұмысшы - шаруа инспекциясы, халық шаруашылығы кеңесі сияқты бөлімдер мен бөлімшелер құрылды.
Қазақ өлкесі территориясындағы өкімет билігі мен басқару жоғары органы - Қырғыз (қазақ) революцпялық комитетініц функциялары өте кең әрі сан-салалы болды. Ол өлкені интервенттер мен ақ гвардияшылардан азат етуде Қызыл Армияға көмек көрсету, мемлекеттік өкімет органдарын нығайту, азат етілген аудандарда кеңестерді қалпына келтіру, өнеркәсіп пен көлік қатынасын жандандыру, мәдениетті өркендету т. б. мәселелермен айналысты. Оның қазақ еңбекшілерін мемлекеттік құрылысқа тарту, кеңес кадрларын дайындау жөніндегі қызметінің зор маңызы болды.
Казревком 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың қазан айына дейін 15 ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның басшылығымен халық шаруашылығындағы басты сала -отын өндіру бағытында Орал-Ембі мұнай кәсіпшілігін, Қарағанды мсн Екібастұздың шахталарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Өнеркәсіп саласында Екібастұз за уытындағы, Риддер рудниктерінде қорғасын қорыту жұмыстары жолға қойылды. Семей және Ақмола губернияларының кәсіпшіліктерінде тек 1920 жылы 8,5 миллион пұт тұз өндірілді. Семей губерниясында алтын шығару жұмысы қайта басталды. Оралда, Қостанайда, Семейде, Ақмолада және басқа қалаларда электр станциялары жұмыс істей бастады. Жылдың аяғына қарай өлкеде 59 электр станциясының 45-і қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Өлке жұмысшылары мен шаруалардың күш жігері арқасында 1920 жылы Бекей, Қостанай, Семей және Ақтөбе губернияларында көптеген орта және ұсақ өнеркәсіп орындары мен шеберханалары қатарға қосылып, бұларда 20 мыңнан астам адам еңбек етті.
РК/б/П Қырғыз /Қазақ/ облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмысы одан ары өрістей түсті. 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында "Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" жарлық қабылдады.
Қазақ республикасына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысының Красноводск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей ордасы, 1-ші және 2-ші Приморье округтарына шектес, қазақтар қоны-станған бұрынғы қазыналық жерлер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйекте Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің жаңа декреті бойынша ҚАКСР-ның құрамына Орыпбор губерниясы енгізілді, ал Орынбор қаласы республиканың астанасы болды.
1920 жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Делегаттардың қатарында 128 қазақ, 127 орыс және басқа да ұлттардың 18 өкілі болды. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Меңдешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В. Радус-Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, қазақтардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді. Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді. Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.
Декларация Қазақстан еңбекшілерінің саяси құқықтарын Кеңестерді сайлау және сайлану құқығын, нәсілдік және ұлттық тегіне қарамастан, барлық азаматтардың тең құқықтығын, тегін білім алу құқығын, қазақ әйелдерінің тең құқықтығын, сөз, жиналыс, баспасөз, ождан бостандығын қуаттап, баянды етті. Азаматтардың еңбек ету, елін қорғау міндеттері де белгіленді.
Кеңестердің Құрылтай съезі жер мәселесі жөнінде, экономикалық құрылыс туралы, әкімшілік мәселесі жөнінде, кеңестік заң органдары туралы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау туралы және басқа мәселелер жөнінде шешімдер қабылдады.
Қазақ АКСР құрылуын және Кеңестердің құрылтай съезінің шешімдерін еңбекшілер мақұлдап қарсы алды. Қазақтың Кеңестік ұлттық мемлекеттігін құрудың орасан зор тарихи маңызы болды. Жаңадан құрылған жас республика тез аяқтана бастады. Қазақ халқының басқа ұлттармен қатар қалыптасу процесі күшейді. Оның Кеңес мемлекеті құрамындағы басқа халықтар мем достығы нығая түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет