ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет149/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153

жасым жас, жүз елуде  ғанамын. Мен білмеймін,  – деп жауап беріпті. Тағы бір белді асып келе жатса, 

жаңағы шал өңдес, одан гөрі жасырақ әлгінің інісі ме дегендей бір шал кез болады. Ол шалдан жаңағы 

жолдан көрген білгенін сұрап еді: 

– Менің жасым жасырақ. Жасым жүз сексенде ғана. Ілгері жүрсең, менің ағайым кез болар. Сол кісіден 

сұрасаң со біледі. Сонан сұра депті. Ілгері жүріп келе жатып, тағы бір белді асқанда, одан гөрі жас, сақал 

мұрты қап-қара шал кез бола кетіпті. 

Онымен амандасып, көрген білгенін айтып, кейін қалған екі шалдың мәнісін қоса сұрайды. Сол кезде әлгі 

шал бәйтеректен бастап, себебін айта бастапты. 

– Күндердің бір күнінде, заманның бір заманында, сол жерде бір патша тұрып еді. Соның тұсында, бір 

адам бір адамға жерін сатты. Алған жерден ол адам алтын тапты. Алтын тапқан адам жер сатқан кісіге 

алтынын алып барыпты. 

– Мен мына алтыныңды алмаймын, өзің ал, – дейді тапқан кісі. 

– Мен жерімді бірден саған сатқам, енді одан шыққан алтынды мен алмаймын, – дейді. 

–  Мен  алсам  жеріңді  сатып  алдым,  алтыныңды  алғаным  жоқ,  –  деп  қызарақтаса  керек.  Ақыры  екеуі 

келіспей, елінің патшасына барып жүгініседі. 

Патша: 

– Сенің ұлың бар ма? 



– Бар. 

– Сенің қызың бар ма? 

– Бар. 

Осы кезде патша: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              973 bet 

– Сен қызыңды мына жер сатқан кісіге бер. Құдай дескен құда болыңдар да, осы алтынды сол екі ұрпақтың 

игілігіне жұмсаңдар! – деп шешеді. Бұған бұл екеуі қарсы болмай, құйрық-бауыр асасқан, құдай дескен 

құда болып, әлгі алтынды солардың той-томалағына жұмсапты. Бұған қайран қалған жұрты әділ патшаға 

батасын береді. Патша күндердің күнінде қайтыс болған соң, ел-жұрты жылап-сықтап қойыпты. Оның 

басына  шаншыған  ағашы  үлкен  бәйтерек  болып  өсіп,  халқының  игілігіне  бөленгендіктен,  бәйтеректің 

бүрі жарқырап сәуле шашатын болыпты. 

Әлгі  жолда  кезіккен  адамның  өз  шелегіне  су  құймай,  елдің  шелегіне  су  құйып  жатқаны  –  өзінің  жан 

сақтауын ойламай елдің қамын жеген Едіге болды. Отын көтере алмай, көп қып қосып-қосып ап көтергені, 

қарағым, әр нәрсені әуелі бастан дейді. Қылмыс, ұрдықты көп істеп, әдет еткенге дәніккен сайын жеңіл 

болар, ол адамға тау ақырында тастай ғана сезілер. 

Егін орған көрдіңіз жолда дейді, 

Жан алушы сұрасаң сонда дейді. 

Таңдамай жас-кәріні алып жатқан, 

Көр болар алып суға салып жатқан. 

Адамдар ақылменен ойлаңдаршы, 

Ешкім бар ма өлімнен қашып қалып жатқан? 

Әуелі жолыққаның менің ең кіші інім еді. Алғаны нашар адам болғандықтан дүние мүлкін жия алмай 

қалған қарақасқа кедей. Күйгелек адам болғандықтан сақал-мұрты, шашымен ерте ағарды. 

Екінші інім жасы бар жүзде сексен, 

Айтайын хикаясын бастан кешкен. 

Жұбайы жаман болды ол інімнің

Ақылы аздау болды көкейтескен. 

Сондықтан сақал мұртын ақ шалған-ды, 

Тек малмен қара басқа бақ қонған-ды. 

Жұбайым өзімменен бірдей болып, 

Кәртеймей бір өзіме көп таңданды! 

Сол бәйтерек өсіп шыққан кезде мен жиырма жаста едім. Менің мал- басым, ақыл-құтым жұбайыммен 

сай  болды  да  сақал-мұртымды  ақ  шалмады.  Қазір  екі  жүз  елудемін  деп  ол  қария  барлық  жұмбақты 

шешіпті. «Қариялардың іші алтын сандық» деген сөз осыдан қалса керек. 

38. Әділшілік һәм гүл ағашы 

Бір қалада ерлі-қатынды екі адам болыпты. Бір баласы бар екен. Мейлінше кедей болып ешбір жұмыс 

қылуға малдары жоқ екен. Бірақ егін салатын азырақ жерлері бар екен. Оны да өздерінің орнына бір кедей 

көршілеріне  сатады  екен.  Сол  көрші  екі  өгіз  амалдап  тауып  алып,  сол  жерге  егін  сала  бастапты.  Бір 

уақытта жердегі соқаменен жыртып жүріп жердің астынан соқасы тиіп сылдыраған құмыраның сыбдыры 

естіледі. Жерді қазып құмыраны тауып қараса, толған алтын екен. Сонда кедей алтынның біріне тиместен 

көміп қойып, жердің иесіне барып хабар беріпті. 

– Сенің жеріңнен алтын салған құмыра таптым, жүріп соны жылдамырақ ал, – дейді. Сонда жердің иесі 

айтыпты: 

– Жер бұ күнде маған тиісті емес, мен саған сатқан едім пайдалануға, сол себепті алтын да саған тиесілі, 

– деп. Көпке шейін екі кедей ерегісіпті. «Сен ал, сен ал», – деп. Ақырында төбелесіп бірін-бірі жаралы 

қылып, хандарына барып арыз қылыпты. 

Хан  арыздарын  тыңдап,  екеуінің  адалдығына  таң  қалып  сұрапты:  «Балаларың  бар  ма,  қанша?»  –  деп. 

Жерді  пайдаланып  жүрген  кісінің  бір  қызы  бар,  бұрынғы  иесінің  бір  үғылы  бар  екен.  Сонда  ханның 

қылған билігі екеуінің балаларын неке қылып қосып, табылған алтынды жастарға бер деп үкім қылыпты. 

Сонда  екеуі  де  билікке  разы  болыпты.  Жастарға  әйбат  үй  салып,  той  қылып  барша  маңайындағы 

қалаларды шақырыпты. Екі жас мейлінше бақытты болып аталары да заруат көрмепті. Неше заман өткен 

соң баяғы алтын табылған жерге гүл ағашы қсіп, гүлдегенде алтын шығаратын болды дейді. 

Бір күні патша аңға шығып, көп жүріп баяғы алтын жерге кез болып, гүл ағашын көріп жылдам  келіп 

гүлінен жұлып алайын дегенде, ағаш көкке көтеріліп кетіпті. Патша көп қайран болып тұрыпты. Сонан 

соң кейін қайтып барып қараса, ағаш орнына барып қалыпты. Патша қайтадан жақын келіп айналып қарап, 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              974 bet 

тағы да ұстауға ұмтылған екен, тағы көтеріліп кетіпті. Патша үш мәртебе жаһат қылып болмаған соң үйіне 

бос қайтыпты. 

Патша сарайына келе сала нөкерлерін, молдадарын жиып көргенін баян қылып айтып, «бұл не нәрсе» деп 

сұрапты. Ешқайсысы тауып жауап бере алмапты. Сонда патша үйін, халқын, жұртын тастап, сол көрген 

нәрсесін білуге ғаһид қылып, жолаушы болып жөнеліпті. Өз шаһарына жақын бір қалада кемпір көріпті. 

Сол кемпірден біледі ғой деп өз жұмысын сұраған екен. Кемпір бір шаһарда бір қарт бүкір шал біледі деп 

көздеп  жіберіпті.  Патша  айтқан  шаһарға  келіп  көп  іздеп,  ақырында  айтқан  ақ  шашты  бүкір  шалды 

тауыпты. 

Сол шал патшаның жұмысын тыңдап болып, айтыпты: 

– Сенің іздеп жүрген жұмысыңды білетін кісі мен емеспін, ол менің ортаншы ағам, жақын пәлен шаһарда 

тұрады, – депті. Сонда патша қарттан қағаз алып, айтқан бағанағы шалдың ағасын тауып алыпты. Сол 

қарт жасы үлкен болса да бағанағы інісінен жасырақ, тың екен дейді. Шашының ағы да аз дейді. Сонда 

патша таң қалыпты.  «Бұл жас кісі ғой, баяғы кемпір  «қарт» деп айтып еді, бағанағы қарт  өтірік алдап 

жіберген екен ғой», – деп ойлайды. Ақыры жұмысын айтыпты. Шал естіп болып басын шайқап айтыпты: 

–  Менің  халім  келмейді  һәм  сенің  іздеп  жүрген  шалың  мен  емеспін.  Мен  ортаншы  інісімін.  Енді 

бәрімізден үлкен ағамыз тағы бар. Сол бұ сөзіңді біледі, – депті. Өзі бір шаһарда теңізге жақын тұрады, – 

депті.  Сонда  патша  бұ  шалдан  тағы  қағаз  алып,  тұңғыш  қартты  іздеп  жөнеліпті.  Патша  іздеп  айтқан 

шаһарына келіп, тұңғыш қартты тауып алыпты. 

Сол тұңғыш қарт деп іздеп келген кісісін патша көрген жерде тіпті қайран қалыпты. Қарт деп айтатын 

емес дейді, жап-жас, беті уылжып тұрған, шашы қап-қара дейді. Патша жұмысын айта бастапты: 

– Мен сені іздеп келдім. Сен айта ғой, – деп. Қырға гүл ағашы қайдан келді, алтын сабақтарыменен? Мен 

жақындап барсам гүлдерінен жұлып алайын деп, көкке көтеріліп кетеді, кетсем қайта орнына барады, – 

дейді. Тағы да бір сенен таң қалып сұрайтыным, не себептен осындай жассың? Ортаншы інің жасы кіші 

болса  да  шашының  ағы  бар.  Кенже  інің  мүлдем  қарт  шал.  Шашы  аппақ,  сендердің  әкелерің  бе  деп 

ойлайтын? – депті. 

Сонда шал патшаға бәрін айтып беруге уағда қылып, әуелі отырып тамақ ішейік деп отырғызыпты. Тамақ 

жеп болған соң шалдың қатыны бір қарбыз алып келіпті. Шал ол қарбызды қайтарып, «өзге қарбыз әкел» 

депті. Қатыны ерінің бұйрығымен барса да, бастапқы қарбызын қайта әкеліпті. Себебі, өзге қарбыз жоқ, 

бар  болғаны  біреу-ақ  екен.  Снда  шал  қатынын  он  екі  қайтара  жұмсапты,  «өзге  қарбыз  келтір»  деп. 

Ақырында сол қарбызын жеп, патшаға айтты дейді: 

– Көрдіңіз бе, патшам, бізде бар болғаны жалғыз қарбыз бер еді. Осыны өзім біле тұра қатынымды неше 

мәрте жұмсадым, «қарбыз келтір» деп және қатыным екіқабат. Сонда да қатыным қарбыз аламын деп он 

екі рет барып, он екі келді. Сонда да маған ашуланып ләм деген жоқ. Менің қатыным ақылды, жуас, сол 

себептен мен інілерімнен тың, жаспын, жасым көп болса да, кенже інімнің қатыны мейлінше долы, сол 

себептен ерін қартайтты. Ортаншы інімнің қатыны онша долы да емес, онша жақсы да емес өзіне, сол 

себептен ері көп қартая қойған жоқ. 

Енді өз жұмысың турасында айтатыным мынау: «Гүл ағашы шыққан жерді бір кедей адам өзге бір кедейге 

сатқан һәм сатып алған кедей жер жыртып жүріп бір құмыра алтын тауып алған. Сонда екі кедей ұрсысып 

ханның ақылыменен балаларын қосып жақындасыпты. Сол гүл ағашы екі кедейдің адалдығына шыққан 

бір бақыт, өз иесінен басқа ешкімге бұйрығы жоқ. Сол үшін гүлді аспанның жібергені, «шалдар жақсы 

тұрсын»  деп.  Бөтен  кісі  бұл  гүлден  ала  алмайды.  Оның  аспанға  көтерілетіні  аламын  деген  сол  адамға 

білдірген белгісі», – депті. 

39. Жарты ғұмыр байлықта, жарты ғұмыр пақырлықта 

Бір  кедей  шаруа  келе  жатса  алдынан  ақ  боз  атқа  мінген  ақ  шапанды,  ақ  сақалды,  ұзын  бойлы,  батыр 

қабақты бір адам кез бола кетіп, аман сәлемге қарамастан ұзын ақ таяғын нұқи көтеріп: 

– Ей, сорлы! Сенің жарты өмірің байлықта, жарты өмірің пақырлықта. Кәне, қайсысын алдымен аласың? 

– депті. 

Ол жігіт «Мен үй ішіммен ақылдасып кеп айтайын» дейді. 

Қатынына келіп: 

– Ой, қатын, біздің ғұмырымыздың жартысы байлықта, жартысы пақырлықта екен. Алдымен қайсысын 

алайық? – дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              975 bet 

– Алдымен байлықты алайық. 

– Ой, қатын, жас уақытымызда байлықты алып ап, қаусағанда пақырлықты алсақ не боламыз? 

– Жоқ, біз алдымен байлықты алуымыз керек, – деп қатыны болмаса керек. Ақыры байлықты алдымен 

алды. Бай боп кетті. Қой көп бітті. Мың қой бітіп, мыңғырылып қорада жатты. 

Көп үй көрші қонды. 

– Мыналарға сауын берейік – дейді байы. 

– Жоқ. Сауын бермейік. Оның орнына енші берейік, – дейді қатыны. Отыра мыңғырыла біткен қойдан он 

үйге жүз-жүзден ұстап бөліп береді. 

– Мынаны қайткендерің? – дейді көршілері. 

– Бұны бір-ақ жолата сіздерге бергеніміз – дейді. 

Біздің  жарты  ғұмырымыз  байлықта,  жарты  ғұмырымыз  пақырлықта.  Басымызға  күн  туған  уақытта 

көмектесіңдер,  –  дейді.  Сонан  қалған  жүз  қойды  он-оннан  қосып  беріп  бақтырады.  Олар  уақытында 

қырқып, сауып беріп тұрды. Осылайша жақсы өмір  сүре береді. Осылайша жүргенде он-оннан қосқан 

қойдан жас ортасына келе бере айырылып қалады. Бастарына қайта пақырлық орнаған кезде жаңағы жүз-

жүзден қой берген көршілері жүз-жүзден қайтарып қой береді. Міне, осылайша қайтадан өмірі байлықпен 

өте бастайды. «Қатыныңның ақылымен бай бол, бай болсаң – жомарт бол» деген сөз осыдан қалса керек. 

40. Білгір мен хан 

Бұрынғыда бір бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Өзі ақылды дүниедегі білгір болыпты. Бірақ мұның 

жалғыз  баласы  болыпты.  Күндердің  күндерінде  бай  баласын  шақырып  алып,  бар  ақылын  үйретіпті. 

Ақылында  «балам  біріншіден  қатыныңа  сырыңды  айтпа!  Екінші  ақымақпен  дос  болма!  Үшінші  жаңа 

байығаннан қарыз алма!», – деген екен. 

Баласы әкесінің бұл айтқан сөздеріне мақұл деп көнген. Бірақ неге айтқанын білмей, талайға дейін түсіне 

алмай жүріпті. Ойлай-ойлай ойының түбіне жете алмапты. Бір күндері болғанда әкесінің айтқандарының 

барлығын  қолымен  істеп  көзімен  көрмекші  болмақ  болып,  бір  байдан  қасақана  қарыз  алады.  Бір 

ақымақпен дос болады. Сөйтіп үйіне келіп, бір қойды бауыздап өлтіріп, қолын қандап, үйінің артынан 

жер қазып көме салып қатынына келіп: 

– Қатын! Қатын! Ешкімге айтпа. Мына менің қолымдағы қанды көрдің бе? Бір кісі өлтіріп едім, соның 

қаны дейді. Қатыны: 

– Ой, тәңір-ай! Кімге айтайын, ешкімге айтбаймын, – дейді. 

Соныменен  біраз  күндер  өтеді.  Бір  күні  түнде  қатынын  сабапты.  Қатыны,  азанымен  тұра  салып  ханға 

барып арыз береді. «Байым анада бір кісінің қанын ішіп» еді, енді мені де сөйтбекші болды ма, түнімен 

сабап шықты, – дейді. Хан естісімен ақ бір жендетін жіберіп жауапқа шақыртады. Жендет барып байдың 

баласын айдап келе жатқанда куәлікке досымды ерте жүрейін деп досына келсе, «Қолым тимей жатыр 

еді», – деп бармайды. Қоштасып бұдан өте бергенде, баяғы қарыздары ұшырасады. Олай-бұлай деуіне 

қоймайды. Жабысып жағадан алады. Қалмайды. Жанын тықсырып бара жатқан соң бұрынғы ақшасын 

жанынан суырып бере салады. Бұдан да өтіп ханға келеді. Хан: 

– Не үшін қанышерлік қыласың? Қатының анада бір адам өлтіріп еді, енді мені өлтірмекші деп арыз беріп 

отыр рас па, – дейді? 

Бала: 


–  Жоқ  тақсыр  өйткен  емеспін,  –  деп  шынын  бастан-аяқ  айтып  береді.  Хан  сенбестен  адам  жіберіп 

көрсеттіріп, ақыры шынына жетіп сенеді. Бірақ хан мұның әкесінің ақылдылылығынан қорқып, бағыма 

кертартпа бола ма дегендей мақсатпен құрттырмақшы болады. Бір терең зындан қаздырып, соған әкесі 

мен баласын салып көмдіріп тастатады. Екі, үш жыл өтеді. Оған шейін дихандар да қарап жатпастан егін 

егіп, оғып-бұғып зынданның үстіп таптауға да жақындапты. 

Бір  күні  ханның  тамағына  шөп  кетіп,  ауырады.  Дүниеде  бақсы-бәлігер,  тәуіптің  ешқайсысын  қоймай 

қаратса да жазыла алмайды. Бір күні бұрынғы білгір байдың қадірін білетін бір адам ханға келіп: 

– Ол жақсы адам еді сіздің ауыруыңызды қалайда болса жазар еді. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ», 

– дегендей сіз оның қадірін білмедіңіз, жазасын тартқаныңыз осы, – дейді. 

Хан жұртын жиып: 

–  Ол  адам  шын  білгір  болса,  әлі  күнге  дейін  өлген  жоқ  деп,  білінбей  қалған  зынданның  маңайынан 

үңгірлеп  қаздырып  жатқанда  бір  сүйек  шығыпты.  Бұл  қайсысы  екенін  ажырата  алмастан,  одан  ары 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              976 bet 

қазыңқырағанда ақылдының өзін тауып алады. Баяғыда көмілерінде өзіменен бірге бір дорба тоқаш ала 

көмілген екен. Баласына да берместен күніне бір тоқаш жеп күнелтіп тірі екен. Бірақ қансыз, сөлсіз өлудің 

аз-ақ алдында екен. 

Жұрттар: 

–  Ханымыз  ауырып  жатыр  еді.  Сені  жазады  дегенмен  саған  жіберіп  еді.  Біздер  алып  кеткелі  келдік 

орыныңнан тұрып жүр, – дейді. 

Білгір: 


– Жоқ, бармаймын хан мені бір өлтіріп, енді өзіне керек болғанда ғана шақырды ма? Бар айтыңдар,  – 

дейді. 


Жұрттар ханға барып келмейтінін білдіргенде, хан: 

– Егер мені жазса, күллі бақ дәулетімнің бәрін берем деп жатыр деңдер, – дейді. 

Жұрттар білгірге қайта барып ханның сөзін айтыпты. Білгір: 

–  Олай  болса  қырық  қыз  әкеліңдер,  бір  саты  тауып,  соған  зынданның  аузына  жеткенше  қыздарды 

жағалата қойыңдар, – деген екен, айтқанының бәрін істеді. Сатыдан жоғары өрлеп келе жатып, жолдағы 

жағалай тұрған қырық қыздың бетінен шопылдатып, қырық сүйіп үстіге шығады. Сөлденіп қызыл кіріп 

қалады, әбден айығып ханға келсе, тамағынан шөп қадалып, азаптанып өлудің аз-ақ алдында жатқанын 

көреді. 


– Сен жазыла алмайсың, бірақ менің бір шартым бар, соны орындасаң жазылуың мүмкін, – дейді. Халқы 

да, ханы да: 

– Егер жазатын болсаң орындармыз, – дегенде 

– Ендеше, ханның жалғыз баласы бар екен. Соны әкеліңдер. Алдына бауыздаймын, содан жазылар, – депті. 

Хан мұнысына «Балам өлгеннен өзім өлгенің артық» деп көнбепті. Жұрттар: 

–  Жоқ,  сенің  өлгеніңнен  балаңның  өлгені  артық.  Жас  балаң  өсіп  бізді  билегенше  біздің  тұқымымыз 

құриды, – деген соң лажысыз баласын бауыздауға қияды. 

Баланы алып келіп, алдына қол-аяғын буып бауыздамақшы болып тұрып: 

– Қой, көзіне көрсете бауыздамайық, ханымыз талып кетер. Онан да алдынан ши тартып ханның көзінше 

баланы шиге кіргізіп, басқа бір қойды аяғын буып әкеліп, қорыс еткізіп шалып жібереді. 

Хан  жалғыз  баламнан  айырылдым-ау  дегендей  қылып:  о...о...о...п!  деп  ішінен  қайғылы-шерлі  леппен 

күрсінгенде тамағына қадалып тұрған шөп сызылып сыртқа шығады. Сол жерде ханның өзі де, баласы да 

аман қалады. Мынаның қылығына хан разы болып, бақ, дәулетінің барлығын білгірге береді. Сөйтіп ол 

мақсат, мұратына жетеді. 

41. Үш жетім зерек бала 

Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол 

ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. 

Бұл  патшаға  бірнеше  патша  көңіл  сұрай  барыпты.  Сонда  да  тұрмапты.  Патша  басқармаған  соң  елі 

күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар 

екен. Бұлар үшеуі ақылдасып  «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген  оймен патшаға бармақшы 

болады. Бұлар халықтарына «біз барып көңіл сұрасақ қайтеді» деп ақылдасады. Халықтары: «Сен үшеуің 

түгіл сендерден де зорлар барып көңіл айтқан сонда да тұрмаған патша, сендерге тұра ма?» – депті. 

Әрине  ол  уақта  жетім-жесірді  көшеде  көшке  елемейтін  уақ  қой.  Осы  күні  бұл  үшеуі  жылап-жылап 

ауылына қайтады. Тағы бір күні үшеуі ақылдасып, алған бетімен патшаның ордасына бармақшы болып, 

үйінен шығып, сол бетімен ордаға келеді. 

Барайын десе алдындағы қарауыл рұқсат етпейді. Осы жерде бұлар тұра береді. Ол қарауылдары барып, 

патшаға хабар етеді. Бала деген соң, патша: «қандай жұмысы бар екен әкел» дейді. Сонымен үшеуі барып 

отырады. Онан соң патша: «Қош, жұмыстарың не, айт, – дейді. Үшеуінің ішінде біреуі тұрып айтады: 

– Ия, таласымыз бар. «Қандай талас, айт қәне?» – дейді патша. Бала біреуін қолымен көрсетіп: «Мынау 

бір жерге алтын қойып кетіпті. Оны мынау қойған жерден алып кетіпті. Осы алтын қойған баланікі ме, 

жоқ болмаса, қойған жерден алған баланікі ме, міне, осы таласымыз»,  – дейді. Патша:  «Әрине, қойған 

баланікі», – дейді. Бала тұрып: 

– Сонда алтын қойғандікі болады ма? 

– Ия. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              977 bet 

– Не үшін тұрмай жатырсыз төсектен, жаратылса жаратылды, бала болды сізге, өлді – қайта барды ол, 

бала болды қайыр қара жерге. Не үшін қана болып төсектен тұрмай жатысыз? – деп көңіл айтыпты бұл 

үшеуі.  Онан  соң  патша  орнынан  тұрып  есін  жинап,  қайтадан  халқын  жинап  алыпты  дейді.  Патша 

уәзірлерін  шақырып,  бұларды  уәзірлердің  қатарынан  босатып,  бұлардың  орнына  үш  жетім  баланы 

ақылды,  білгір,  зеректігі  үшін  уәзірлік  қатарына  енгізіпті.  Ал  енді  бұлар  уәзір  болып  тұра  тұрсын. 

Бұрынғы ескі уәзірлеріне келейік. 

Бұлар  үш  жетімнің  уәзір  болғанын  көре  алмай  елге  үгіт  таратып,  осы  жердегі  там  тасты  уатуға,  елді 

бүлдіруге кірісіп, қаланың көп жайларын бұздырып осындай әрекет жасап жүрген кезде патша бір күні 

жорыққа  бұрынғы,  соңғы  уәзірлерімен  шықпақшы  болды.  Сөйтіп  жорыққа  шығып  келе  жатса  бір 

қайырылыс жерде екі байғыз атты құсқа көзі түседі. Қараса біреуі ойда, екіншісі қырда отырған екен. Үш 

жетім бұрын айтады екен «біз құстың да тілін білеміз» деп. Оны ана уәзірлер біледі екен. Бұлар айтыпты, 

патшаға: «Осы сіздің жаңадан сайлап алған үш уәзір балаңыз айтатын еді, біз құстың да тілін білеміз деп, 

егер  де  білетін  болса  анау  отырған  байғыздың  біреуі  ойда,  екіншісі  қырда  нағып  отыр  екен  осыны 

сұраңызшы», – депті. 

Байғызбен  тілдесіп,  біліп  келу  үшін  біреуін  жібереді.  Ол  атынан  түсіп,  атының  ерін  қайтадан  мықтап 

тартып алып, қайта атына мініп артынан қуып жетеді. Аналар сұрайды: «Не үшін біреуі ойда, екіншісі 

қырда отыр екен?» – дейді. Бала сонда: 

– Ойда отырғанның жалғыз ұлы бар екен, қырда отырғанның қызы бар екен, екеуі қалың мал сөйлесіп 

отыр екен. Қызы барға ұлы бар айтады екен «менің балама қызыңды бер» дейді  екен. Ол «қанша мал 

бересің»  депті.  Ұлы  бар:  «Отыз  алтын  берем»,  –  депті.  Қызы  бар  айтыпты:  «Онда  саған  қызымды 

бермеймін, себебі отыз алтын өзімде бар, одан да көбірек бер, – деп, бітісе алмай отыр екен», – деп бала 

осымен сөзін тамамдапты. 

Сонда патша тұрып: «Ә, менің адамдарым бұзылған екен ғой», – деп ойға кетіпті. 

Сөйтіп серуендеп болып кешкі уақытта жай-жайына тарасыпты. Кешке таман патша жаман киім киініп 

алып, қаласын аралап көруге шығып, қаласын қараса, қаласының тең жарымы бұзылуға тақалып қалған 

екен, оны көріп қайтады. 

Ертеңіне «қош енді, балалар, ел бүлініп, қала бұзылыпты, бар жайларыңды табыңдар» деп, үш жетімді 

уәзірліктен босатып қоя беріпті. Балалар сөйтіп бас қамымен жүре тұрсын. Енді қалаға келейік. Бұрынғы 

уәзірдерді  қайта  сайлап  алыпты  да,  патша  селк  етпей  шалқасынан  жатып  уәзірлеріне  аты-жөні  жоқ 

«әкел!» депті. «Егер үш күнге шейін әкелмесеңдер, бастарыңды кесем», – депті. 

Сонымен бұлар не әкел дегенін білмей, ақылдасып, «осы ана үш жетім балалар зерек еді, соны іздейік» 

депті.  Сонымен  бұл  үшеуін  екі  күн  өтіп,  үшінші  күні  іздеп  тауып  алады.  Келе  бұлар  балаларға  сәлем 

береді. Ол үшеуі де сәлемін қабылдады да: «Қош, жол болсын, қайда барасыздар?» – деп сұрау сұрады. 

Бұлар  жауап  берді.  «Біз  сіздерді  іздеп  жүрміз.  Себебі  біз  өлетін  болдық,  патша  бізге  уақыт  берді.  Ол 

мынадай, шалқасынан селк етпей, аты-жөні жоқ «әкел!» дейді, не әкел дегенін білмей келеміз, сонымен 

бізге үш күн уақыт берді. Ол бүгін бітетін күні», – деді. «Дұрыс, онда қала бұзылған, соны жөндеу үшін 

ұста әкел дегені ғой!». Онда сол күні, сол уақытта артына кейін қарай қайтып, бірнеше ұста апарады. 

Сонда патша: «Е, қош, үш күннен бері ұста таба алмадыңдар ма? Неғып кешіктіңдер, айт шындарыңды!» 

– депті. 

Сонда аналар тұрып: 

– Не әкел дегеніңізді білмей әлгі үш баладан сұрап білдік,  – депті. «Ә, ырзасыңдар ма, зеректігіне?»  – 

депті патша. 

– Ырзамыз, сол үшеуін қойыңыз, – депті. «Иә, болмаса ертіп әкел», – деп алдырып, қайта уәзір сайлайды. 

Енді аз күннен соң елінде наразылық туып, «біз жетім уәзір сайламаймыз» деген соң, елі бұзылып кететін 

болған соң, қайтадан үшеуін босатып қоя береді. Сонымен бұл үшеуі басар тауы жоқ, барар жері жоқ 

қаңғырып басқа патшаның қол астына кетеді. Үшеуінің ендігі кәсібі патшаның қазынасынан алтын алып 

ауқат  етпекші  болды. бұлардың үйі  молланың тесігі болды. Түнде патшаның қазынасындағы алтынды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет