ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет53/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   153


барып ес жиып: 

 

—        Енді қайттік? Бұл қайғылы хабарды ханға қалай естіртеміз?— десіпті. 



 

Қызметшілердің жігіт өліміне іштері ашыса, екінші жағынан ханға бұл қазаны естірткен соң, өздерінің 

бастарына төнетін қатерді ойлап күйзелісіпті. Сонда атшы қарт серіктеріне былай дейді: 

 

—        Қайғырмандар, сендер тау суының арғы бетіндегі кішкене үйде тұратын малшы Әліні білесіндер 



ғой.  Ол  ақылды  да,  өнерлі  жігіт.  Мәртебесі  де  жоғары,  білмейтіні  жоқ.  Қолынан  небір  ғажайып  істер 

келеді. Балшықтан ыдыс-аяқ жасайды. Шалма арқан да еседі. Малшылар тартып жүрген саз сырнайды да 

ойлап тапқан сол. Жүріндер, сол Әліге барып, жай-жапсарымызды айтайық, не істейтінімізді сұрайық. 

 

Малшы Әлі үйінің алдында жас шыбықтан шарбақ тоқып отыр екен. Келгендерді жарқын жүзбен қарсы 



алады. Бұлар шәй үстінде өздерінің басына төнген қатерді, хан баласының қазасын айтады. 

 

—        Жазадан қайтсек құтыламыз, соның жолын үйрет!— деп өтінеді. Біз өзіңнен көмек сұрай келдік. 



 

Әлі бұл сөздерді үнсіз тындап, ұзақ ойланады. Басын сипап, қиял шегеді. Бір уақытта: 

 

—        Болады, көмектесейін,— дейді көңілі орныққандай болып.— Таң атуға әлі талай бар, сіздер жатып 



тынығыңыздар, ұйқыларыңыз қансын. Мен сіздерді пәледен құтқарудың шарасын жасап көрейін. 

 

Бірнеше  күнгі  сабылыстан  шаршаған  қызметшілер  жантая  салысымен  ұйқыға  батады.  Шебер  Әлі  көз 



ілмейді. Жұқа тақтайды жонып, тарамыспен мықтап байлап, әйтеуір бірдеңені жасауға кіріседі. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              357 bet 

Таңертең қызметшілер мұңды, қайғы кернеген жүректерді тебіренте толғантатын музыка әуенінен оянады. 

Орындарынан тұрып, әлі ұйықтамай отырған Әлі ұстаны көреді. Әлі өмірінде ешкім көрмеген аспапты 

қолына  алып,  малдас  құрған  қалпында  безілдете  шертіп  отыр  екен.  Аспаптың  бетінде  ұзынынан 

тартылған ішек, оның астында дөңгелек тесік бар екен. Әлі ішекті саусағымен қағып, шерте бастайды. 

Сонда бейне жанды жануардай сайрай жөнеледі. 

 

—          Енді  ханның алдына барайық,— дейді  ұста Әлі. Сөйтіп үрейлері  ұшқан кызметшілерді  ертіп, 



ханның алдына барады. 

 

—        Сен маған Құсайын жөнінде хабар әкелдің бе?— деп сұрайды хан. 



 

—        Иә, мәртебелі тақсыр!— дейді де, Әлі өткен түні жасаған аспабын шерте жөнеледі. Нәзік үн безілдей 

сарнайды.  Ханның  жібек  шатырын  орманның  салқын  лебі  желпігендей  сезіледі.  Ызыңдаған  желдің 

сыбысы жабайы аңның ұлығанындай ыңырсиды. Үн ырғағы кенет зорайып, жәрдем тілеген адам дауысын 

бейнелейді.  Сонан  соң,  жабайы  аңның  айбарлы  үні  азынайды,  орманның  мұнды  көрінісі  білінеді. 

Осылайша,  бүкіл  оқиға  саз  үні  арқылы  баяндалғанда,  тыңдап  отырғандарда  зәре-құт  қалмайды.  Зарлы 

сарын аяқталғанда хан орнынан қарғып тұрады. 

 

—        Сен Құсайынның өлгенін хабарлап отырсың ба? Мұндай хабарды жеткізген адамның көмейіне 



кайнаған су құйғызамын деген сертімді білесің бе?!. 

 

—                Тақсыр  хан,—  дейді  Әлі  байсалды  қалыппен  мен  сізге  ештеңе  айтқан  жоқпын  ғой.  Егер  сіз 



ашулансаңыз, үн шығарып зарлаған мына аспапты жазалаңыз. 

 

—        Бұл аспап қалай аталады? 



 

—        Домбыра деген осы... 

 

—        Майда қоңыр үнмен жүрегімді сипалап, қайғы-шерімді таратқан домбыраны бұдан былай менің 



қол  астымдағылар  салмай  шертіп  жүретін  болсын!—  деп  бұйырады  хан.  Содан  кейін  өзінің  дара 

даналығын  танытқан  Әлі  ұстаға  разылығын  білдіреді.  Ақылың  шеберлігіңе  сай  екен,  елінді  қуанышқа 

бөлей бер! 

 

Сөйтіп, хас шебер Әлі талай адамды ажалдан құтқарады. Оның домбырасы хан жарлығымен елге тарайды. 



Қазақ елінде домбыра алғаш осылай пайда болыпты. Содан күні бүгінге дейін қолдан қолға өтіп, үзбей 

шертіліп келеді екен. 

 

235 - Бөлім: ӘРКІМ ӨЗІНЕ ҚЫЛАДЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1932 

 

 



Бір патша өзен бойында серуендеп жүріп, балықшы шалға кезігеді. Патша шалға сәлем берген екен, шал: 

 

— Әркім өзіне қылады,— деп кете береді. Келесі күні балықшы шалды көріп, тағы сәлем береді. Балықшы: 



 

— Әркім өзіне қылады,— деп, тағы да аялдамай кетіп қалады. Үшінші күні патша сәлем бергенде тағы да 

сол сөзді естиді. 

 

Патша ордасына келген соң, балықшы шалдың бұл сөзінің мәнісін білмек болады да, жақсы көретін екі 



уәзірін жіберігі, балықшы шалды алдырады. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              358 bet 

Балықшы  ордаға  келген  соң,  өзінің  терең  ойлы,  қызықты  әңгімесімен  патшаны  баурап  алады.  Әңгіме 

айрандай  ұйытқан  патша  балықшы  шалдың  «Әркім  өзіне  қылады»  деген  сөзіңің  мәнісін  сұрауды  да 

ұмытып кетеді. 

 

Сөйтіп,  патша  мен  балықшы  шал  бал  жаласқандай  тату  болады  да,  бір  дастарханнан  ас  ішіп,  әңгіме 



дүкенін құрып жата береді. Күндер де зымырап өте береді. 

 

Патшаның  жалбыр  тонды,  жыртық  шақайлы  балыкшы  шалды  ордасына  алып  келіп,  киіндіріп  баптап, 



соншама кәдірлеп жақсы көріп кеткеніне іштері күйген екі уәзір патша мен  балыкшы шалдың арасындағы 

қыл  өтпес  татулықты  қалай  ірітіп  бір-бірінен  алшақтатудың  амалын  ойлапты.  Сөйтіп,  оларбалықшы 

шалдың жататын бөлмесіне кіріп: 

 

—                Құрметті  ақсақал,—  дейді  сыпайы  сөйлеп_  патшамыз  сіздің  ауызыңыздан  шықкан  лептің 



сасықтығынан жиреніп «Бұдан былай менімен бір дастарқан басында тамақ ішуден тыйылсын, жаныма 

жолатпандар» деп бұйырды,— дейді. 

 

Балықшы шал жұмған аузын ашпайды. 



 

Күндер өте береді. Балықшы шалдың қасына не себептен келмей жүргенін білмек үшін патша екі уәзірін 

шақырып алып, сұрайды. Сонда бір уәзір тұрып: 

 

—        Алдияр тақсыр, ұмытып барады екенмін.Ол кісі «патшаның ауызы тым сасық екен, онымен бірге 



отырып тамақ ішпеймін» деп келмей жүр,—деп мәлімдейді. Өңі сұрланып, ашуға булыққан патша: 

 

—        Ол бетпақ, арсыз қақбасты зынданға тастаңдар!—деп бұйырады. Осы жарлықты күткен уәзірлер 



патша әмірін табанда орындайды. Екі уәзір ойлаған мақсаттарына жетеді. 

 

Ағып  ай,  жылжып  жыл  өтеді.  Зындандағы  күнәлілерді  жылында  бір  тексертіп  тұратын  бұл  патшаның 



дағдысы  екен.  Сондай  тексеріп,  үкім  шығаратын  уақыт  жетеді.  Сонда  балықшы  шалдың  қылмысын 

тексере келгенде, оның күнәсі  «патшаның аузы сасық, деген сөз екен. Тексерушілер шалды патшаның 

алдына алып барады. 

 

Патша мен балықшы шал беттесіп сөйлескенде екеуінің де мұндай сөз айтпағаны, бұл сөзді екі уәзірдің 



ойдан шығарғаны, екеуінің терең татулығын бұзбақ болғаны анықталды. 

 

Бұл ахуалды білген соң, патша қатты қаһарланды. Кәріне мініп, ашудан қалтырап кетеді. Жендеттерге екі 



уәзірдің басын табанда алдырады. Сонда балықшы шалды ордасына неге алдырғаны қалт есіне түседі. 

«Әркім өзіне қылады»  деген сөздің мағнасын айқын түсінеді. Содан кейін балықшы  шалды  уәзірлікке 

тағайындайды. Сөйтіп, әділ билігімен даңқы жайылады. 

 

236 - Бөлім: ӨЛІП ТІРІЛГЕН ҚЫЗ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1933 

 

 



Бір жарлы шалдың бір ұл, бір қызы бар екен. Ұлы мен қызы он жеті — он сегіз жасқа келгенде шалдың 

кемпірі  дүниеден  өтеді.  Содан  кейін  қолындағы  ірілі-ұсақты  малын  қалыңмалға  беріп,  өзі  сияқты  бір 

кедейдің қызына баласын үйлендіреді. Келіні асқан сұлу екен. Үйленгеннен кейін біраз уақыт өткенде 

шалдың баласы қайтыс болады да, келіні жесір қалады. Шал келіні мен қызын асырап жүре береді. Келіні 

ешкімге күйеуге шықпайды. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              359 bet 

Бір күні шалдың үйіне үш кісі түсіп, қонады. Оның біреуі қарапайым киініп, ел ішін аралап жүрген көрші 

елдің ханы екен. Шалдың келініне көзі түседі де: 

 

—         Қалың малын төлейін, мына келінінді маған бер,— деп, шалға колқа салады. Сонда келіні былай 



дейді: 

 

—         Мен атама ұл орнына — ұл, қыз орнына — қыз болып отырмын. Маған үйленем десең —малдың 



керегі жоқ, атам мен қайын сіңлім үшеуімізді асырап, осы үйде тұрасың. Әйтпесе, мен саған тимеймін. 

 

Хан осыған көніп үйленеді де, шалдың үйінде үш ай тұрады. Шалдың келіні жүкті болады. Бір күні хан 



келіншегіне: 

 

—         Мен елімнен шыққалы көп болды, барып қайтайын. Егер кешігіп қалсам, ішіндегі бала мейлі ұл, 



мейлі қыз болсын, мына жүзікті белгі қып тақ,— деп өзінің аты жазылған жүзікті береді де, еліне кетеді. 

 

Хан қайта оралмайды. Келіншек босанып, ұл табады. Баланың атын — Төлепберген қояды. Ай артынан 



ай, жыл артынан жыл өтеді. Төлепберген он алты жасқа шығады. Батыр тұлғалы сымбатты жігіт боп өсе 

береді. 


 

Бір күні үлкен той болады. Басқа елден де жүйрік ат, мықты палуандар келеді. Төлепбергеннің өз елінде 

түйе палуан деген палуаны бар екен. Ол барлық палуанды жығып, ең ақырында Төлепбергенмен күреседі. 

Төлепберген оны ұршықша үйіріп, асықша атқанда кабырғасы күйреп, аяғы сынады. Баладан жығылып, 

мертіккен түйе палуан: 

 

—         Маған жұмсаған күшінді көрсетіп, баяғыда тастап кеткен әкенді неге тауып алмайсың?— дейді. 



Төлепберген үйіне келіп атасы мен шешесіне: 

 

—         Мен әкемді іздеп табамын, қайда кеткенін айтындар!— деп болмаған соң, шешесі алтын жүзікті 



қолына салып қоя береді. 

 

Төлепберген  күндіз-түні  тоқтамай,  ұзақ  жүреді  де,  кең  далаға  үлкен  қорғанмен  қоршалған  бейіттің 



арасына түнейді. Түн ішінде қорғанның бір шетіне бір топ адам келеді де, әлденені тез көміп кетіп қалады. 

Төлепберген  көмілген  нәрсені  ашып  көреді.  Алтын  саңдық  екен.  Ішін  ашып  карайды,  өне  бойы  қанға 

малынған  қыз  жатыр  екен.  Сандыққа  қызбен  қоса  тоғыз  алтын  ақша,  бір  уыс  тұз  салыныпты.  Қыз 

шалажансар, әлі өлмепті. Төлепберген қызды көтеріп алып, судың жағасына барады. Қанын жуып-шайып, 

су ішкізеді. Бір кезде қыз есін жияды: 

 

—        Мен сені мұратыңа жеткіземін, сендік болайын,— дейді.— Бірақ қосылғанға шейін сен менің аты-



жөнімді сұрама. Сенің аты- жөніңді мен сұрамаймын. Мына тоғыз алтын ақшамен мені емдет. 

 

Төлепберген қыздың тоғыз жерден найза тілген жарасын көреді. Қыз біраз тәуірленген соң басын көтеріп 



отырады да, хат жазады. Сонан кейін Төлепбергенге хатты ұстатады. 

 

—         Отыз шақырымдай жерде қала  бар. Үлкен қораға кірсең, төрт  бұрышты үйде ақ сақалды шал 



отырады. Мына хатты сол кісіге берсең, ол саған еріп осында келеді. 

 

Төлепберген шалға барып, хатты береді де, оны ертіп келеді. Шал арнайы алып барған көлікке қызды 



мінгізіп, Төлепбергенді ілестіріп үйіне келеді. Қызды емдейді. Сөйтіп қыз әбден сауығады. 

 

Төлепберген тоғыз алтынды тамаққа жұмсап тауысады. Ақша болмаған соң, жігіт торығады. Қыз мұны 



сезеді де, бір хат жазып, ұстатады. 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              360 bet 

 

—        Осы хатты ешкімге көрсетпей, қаланың қақ ортасындағы есігінің алдында адамның басы ілулі 



тұрған алтын сарайға кірсең, ақ сақалды шал отырады. Хатты сол кісіге бер. 

 

Төлепберген қыз айтқан үйді тауып, хатты ақ сақалды шалдың қолына тапсырады. Шал хатты оқыған соң, 



жігітке мың алтын ақша береді. Төлепберген ақшаны алып, қызға келеді. Бір күні Төлепберген ренжіп, 

қынжылады. 

 

—        Мен босқа әуреленіп, жолымнан қалдым,—дейді қызға. Сонда қыз тағы да хат жазып. 



 

—        Мына хатты мың алтын берген шалға тапсыр. Ол патшалық киім береді. Оны кимей маған кел,— 

дейді. Жігіт оны да алып келеді. Қыз Төлепбергеннің қолына жиырма бес алтын ақша ұстатып: 

 

— Қаланың арғы шетінде мал базар бар. Соған барып, озің таңдап бір арғымақ сатып ал,— дейді. Жігіт 



мал базардан арғымақ сатып алып келеді. Қыз Төлепбергенге патша киімін кигізіп, арғымаққа мінгізеді 

де: 


 

—        Қаланы араласаң, ат ойыны өтіп жатқан жерді көресің,— дейді.— Сол жерде екі патшаға кездесесін. 

Олар сені қонаққа шақырады. Бірақ қонбастан қайтып кел. Олардың есігінің алдында алтын діңгек бар. 

Атыңды дінгекке байламай, бос қой. Кетерінде сен де оларды қонаққа шақыр. Әсте сыр ашпа. 

 

Патшалар  Төлепбергенді  құрметтеп  қонақ  қылады.  Ас-су  ішіп  болған  соң,  жігіт  алғыс  айтып,  кетуге 



ыңғайланады. Патшаларды да өзінің қонағы болуға шақырады. Төлепберген үйіне келіп жатып, таңертен 

тұрған сон, қызға патшаларды қонаққа шақырып келгенін айтады. 

 

Қыз тағы да хат жазып, жігітті баяғы ақша берген шалға жұмсайды. Шал қырық дию ертіп келеді де, көзді 



ашып-жұмғанша қырық бөлмелі сарай салдырады. Үйдің ортасына бірінен-бірі аласа етіп, үш алтын тақ 

орнатады. Алуан түрлі тағамдар әзірленеді. Кешке жақын екі патша келеді. Төлепберген мен қыз қарсы 

алып күтеді. 

 

Сарайдың  төріндегі  биік  алтын  таққа  қыз  Төлепбергенді  отырғызады.  Одан  төменгі  екі  таққа  екі 



патшаның отыруын өтінеді. Қырык дию қонақтарға қызмет  етеді.  Ән шырқалып, күй шертіліп, қызық 

думан болады. Төлепберген мен қыз екі патшаны жібермей, қолқалап қондырады. Төлепберген ұйқыға 

шомғанда біреу оятады. Қараса өзінің жолдас қызы. Ол қырық диюға екі патшаны өлтірткенін айтады. 

 

—        Күнәсіз адамды неге өлтіресің, мен сенімен дос болмаймын,— деп ашуланады жігіт. Сонда қыз: 



 

—        Олардың маған істеген зұлымдығын кейін айтамын. Өздерінің істегенін алдарына келтірдім. Енді 

ұйықтай бер,— деп қыз кетіп қалады. 

 

Таңертең Төлепберген оянса қыз да жоқ, сарай да жоқ. Өзі үлкен дарияның жағасында жалғыз жатыр. 



Жігіт өзінің бұл ісіне қапаланады да, жардан қарғып, суға түсіп кетеді. Оны ағып бара жатқан жерінен 

біреу  іліп  алады.  Қараса  —  баяғы  қыз.  Үстінде  патшалық  киім,  құлпырып  тұр.  Сол  арада  қыз  сырын 

ашады. 

 

—        Мен Әлім деген патшаның жалғыз қызы едім. Әкем өлді де, мен таққа отырдым. Әкемнің екі уәзірі 



бар  еді.  Олар  қыз  патша  бола  алмайды  деп,  менімен  бақ  таласты.  Сөйтіп,  ұйықтап  жатқанда  мені 

найзалады да, сандыққа салып көмді. Мен саған түсімде көріп ғашық болдым. Түс жорушыға жорытып 

едім: өліп көрге түскенде сол жігітпен жолығасың дегенді. Сол жоруы дәл келді. Әлгі мен өлтірткен екеуі 

жауыз уәзірлер. Алғашқы мені емдеген шал  — әкемнің досы, ғалым адам. Ал мың алтын ақша берген 

әкемнің шаруашылығын басқарушы. Қырық дию әкемнің періден алып келген қырық жігіті. Олар аспанда 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              361 bet 

құсша зулап ұшады. Сенің әкеңнің патша екенін, сенің оны іздеп шыққанынды ақ сақалды кісі болжап 

біліп, маған айтты. Мен таққа отырған сон, сен далада жалғыз қалдың. Енді менің орныма сен патша бол. 

Мен періге мініп, әкенді іздеп табайын. 

 

—        Әкемді өзім бейнеттеніп, іздеп табамын,— деп Төлепберген қыздың айтқанына көнбейді. Ақыры 



қыз жігітке алтын ақша беріп, тұлпарға мінгізеді де: 

 

—        Әкенді тапқан соң, маған қайтып кел,— деп шығарып салады. Төлепберген айлап жүріп бір қалаға 



келеді. Саудагер болып, дүкен ашады. Оның өнділігіне қала халқы қайран қалысады. 

 

Бір  күні  үлде  мен  бүлдеге  оранған  үш  қыз  келіп,  жігітті  қонаққа  шақырады.  Төлепберген  барып, 



қыздардың сарайында тамақ ішіп отырғанда, екі мүсәпір адам келеді. Олар тамақ ішіп, кетіп қалады. Жігіт 

қыздардың сарайында қонады. 

 

Ертенінде  сол  қаланың  патшасы  Төлепбергенді  шақырып  алады  да,  түнде  қайда  болғанын  тергейді. 



Төлепберген жасырмай, шынын айтады. Әлгі үш қыз патшаның қыздары екен. Әлгі тамақ ішіп кеткен екі 

мүсәпір патша мен уәзірі екен. 

 

Патша  әдепсіз  қылық  жасады  деп,  үш  қызды  да,  Төлепбергенді  де  дарға  асып  өлтірмек  болады.  Дар 



алдына алып барғанда жігіт саусағындағы патшаның аты жазылған жүзікті патшаның алдына лақтырып 

тастайды. 

 

Мен әкемді іздеп жүрген жетім едім. Мына жүзікті кезіксе, әкеме табыс ет. Мені өлтіргенінді айт,— дейді. 



 

Патша жүзікті қолына алып, жазуды оқиды да, Төлепбергенді бассалады. Бұл патша жігіттін әкесі болып 

шығады. Сөйтіп, Төлепберген қыздарды да қүтқарады. 

 

Төлепберген әкесінің орнына патша болады. Сол кезде еліне бір патша жаулық қып, шабуыл жасайды. 



Төлепбергеннің  өзі  майданға  шығып,  жау  патшасын  жекпе-жекке  шақырады.  Ол  да  тайсалмай  ортаға 

түседі. Екеуі үш күн ұдайы алысып, бірін-бірі ала алмайды. Сөйтіп арпалысып жүргенде жаулыққа келген 

патшаның  бетіндегі  пердесі  түсіп  кетеді.  Қараса  ол  баяғы  патша  қыз  екен.  Екеуі  бірін-бірі  құшып, 

аймаласып  табысады.  Екі  патша  қосылады  да,  Төлепбергеннің  атасы  мен  шешесін  және  әпкесін  іздеп 

табады. Сөйтіп, бәрінің басы қосылып, мұраттарына жеткен екен. 

 

237 - Бөлім: ГҮЛ МЕН САМҰРЫҚ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1934 

 

 



Ертеде өзі жарлы болғанымен, ақылы жұрттан асқан бір дана кісі болыпты. Үйелмелі-сүйелмелі үш ұлы 

бар екен. Қартайған шағында науқастанып, хал үстінде жатып үш ұлын шақырып алады. 

 

—  Е,  көзімнің  нұры,  көңілімнің  гүлі  болған  ұлдарым,  өлер  шағымда  ақтық  өсиетімді  айтайын.  Әуелі 



береке бірлікшіл болыңдар, біреуге қиянат жасап, қастық ойламандар, адал еңбек етіндер. Мен өлген соң, 

зиратымның басына үш апта бойы ымырт жабыла үзбей барып, үш рет еске түсіріңдер, айтқан өсиетімді 

іштеріңнен қайталап айтындар... 

 

Қарт дүниеден өтеді. Бір аптадан кейін кенже ұлы екі ағасына: 



 

—        Бүгін әкемнің зиратына баратын күн ғой. Ымырт жабылды, барып қайтайық,— дейді. Сонда екі 

ағасы сылтау айтып, барғысы келмейді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              362 bet 

—        Әй, бауырым-ай, өлген кісіден не дәметесің. Жаны қысылып жатқанда айтқан бір сөзі шығар. Соған 

әуреленіп қайтеміз. 

 

Ағалары бармайтын болған соң, кіші үл әкесінің басына өзі барады. Бір кезде мақпалдай қара ат жетіп 



келеді. Кенже ұл: 

 

—        Е, әкем жарықтықтың жібергені ғой,— деп қарғып мініп алады. Сонда атқа тіл бітіп: 



 

—        Менің саған дәл қазір қажетім жоқ. Жалымнан бір тал қыл алып қал. Керек болған кезде соны 

тұтатсаң — мен әзір боламын,— дейді де, қыл алған соң ғайып болады. 

 

Содан кенже ұл екінші мәрте тағы жалғыз өзі келеді. Бұл жолы алтын ер-тұрманды қаракөк ат, үшінші 



рет келгенде үстінде сауыт-сайманы бар ақбоз ат келіп, бұларға да тіл бітіп: «Кейін келетінін айтып, бір-

бір талдан қыддарын берген соң ғайып болып отырады. Кенже ұл көрген-білгенін екі ағасына сездірмейді. 

Қойын бағып, далада жүре береді. 

 

Сол елдегі ханның екі қызы бар екен. Үлкен қызы бойжеткен соң, тұрмысқа шығуды ойлайды. Әкесіне 



қалауын айтады. 

 

—        Жасым толды, үй ұстайтын уақытым жетті. Ұлан-асыр той жасап, бүкіл халықты жинаңыз бірінен 



бірі биік үш саты орнатыңыз. Үшіншісінің басына менің алтын сақинамды қадаңыз. Ат қарғытып келіп, 

сатыдан өткен соң, үшінші сатыдағы алтынды кім іліп әкетсе — құй төре, құй қара, құй бай не жарлы 

демей соған тиемін... 

 

Хан той жасап, халықты жинайды. Шарт та жарияланады. Үшінші сатыдағы жүзікті бірде-бір адам іліп 



ала алмайды. Бұл хабар далада қой жайып жүрген баланың құлағына да жетеді. Ол қара аттың қылын 

тұтатады да, қара атты мініп, тойға келеді. Қара атты екі сатыдан секіртіп өтеді де, үшіншіге іліне алмайды. 

Содан кейін далаға барып, атын қоя береді де үйіне келеді. Екі ағасы тойдың малын сойысып, бас-сирақ, 

ішек-қарын  әкеліп,  тамақ  істейді.  Сонда  ошақ  басында  отырып,  қара  аттыны  мақтап,  сілекейлері 

шұбырады. 

 

Кенже ұл екінші күні қаракөк атты секіртеді. Ол да екі сатыдан өтеді де, үшіншіден өте алмайды. Үшінші 



күні батырдың сауытын киіп келіп, ақбоз атты секіртеді. Ақбоз ат үш сатыдан да іркілмей өтеді. Кенже 

ұл алтын сақинаны іліп алып кетеді. Бала сол күйінде кері оралмайды. Сақинаны сақтап, қойын бағып 

жүре береді. 

 

Хан бүкіл халықты жинап, сақинаны алған ақбоз аттыны таппайды. Сөйтіп, елдегі көрші-қолаң, еркектің 



бәрін жинайды. Қой жайып жүрген жерінен кенже ұлды да алып келеді. Сақина осы кенже ұлдан шығады. 

Кенже  ұлдың  аты  —  Ерболат  екен.  Хан  қызын  ұзатпақ  болады.  «Отыз  күн  ойын,  қырық  күн  тойын 

жасаймын» деп жар салдырады. 

 

Ерболатты қызға көрсетеді. Жұпыны баланы қомсынған қыз серттен таяды. 



 

—        Тағы бір сертімді орында,— деген талап қояды. 

 

—        Талабынды айт,— дейді Ерболат. Қыз шартын айтады: 



 

—        Бізбен іргелес Самұрық деген хан бар. Соған барып, оның «Гүл Самұрыққа не істеді, Самұрық 

Гүлге не істеді?» деген әңгімесін тында да, маған келіп айтып бер. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              363 bet 

Ерболат далаға барып, қара атты шақырып алып мінеді де, Самұрық ханға сапар шегеді. Жолда қара атқа 

тіл бітіп, сөйлейді. 

 

—        Көзінді жұм да, мен аш дегенде аш,— дейді. Көзін жұмып, аш деген соң ашса — үлкен бір шаһардың 



қасында  тұр  екен.  Қара  ат  Ерболатқа:  Ханмен  сөйлесу  үшін  сарайға  кіресің.  Бірақ  қайта  тірі  шығуың 

екіталай. Егер бір амалын тауып сыртқа шықсаң, одан кейінгісін өзім ыңғайлаймын,— дейді. Ерболат 

ханның  күзетшілері  арқылы  сарайға  енеді.  Ханға  келген  шаруасын  айтады.  Ерболатты  бір  күн 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет