ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет55/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153


болғанын сұрайды. Қыз айтады: 

 

—        Сіңлімді іздеп келсем, бір шелекті құшақтап өкіріп отыр. Тындасам: «Ермегім-ау, Ермегім» дегенді 



айтады. Бізден жасырып жүрген ғашығы болып, сол бір сойқанға ұшыраған екен ғой деп ойлағанымда 

көзімнен жас парлап кетті. Бұл жылаған сайын менің жасым суша ақты. Ермектің кім екенін озі біледі. 

 

Жігіт енді кіші қыздың жылауын әрең тоқтатып, жөн сұрайды. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              370 bet 

—        Көлбасына келсем,—дейді қыз,— толқып жатыр екен. Көлге қарап отырып толғандым, көңілім 

алабұртты. Колдің бетінде бір аққуды бір аққу куалап жүргендей көрінді. Тәтті қиял арты-артынан үйіріле 

берді. Апам мені өзіңнің теңіңе барасың деген екен деймін. Мен өз теңім Ермекке уәде байлап, осында 

келген екенмін. Ермек көлден аққудай ұшып шығып, менімен қоштасқандай болды. Сол сәтте бір үлкен 

толқын  жұтып  қойды.  Басымды  сілке  көтеріп,  көл  бетіне  қарасам,  Ермектің  ішінде  тұншығып, 

жанталасқанын байқадым. Содан не болғанымды білмей, жылай беріппін. Артымнан тәтем келіп еді, оны 

құшақтап одан әрмен жыладым. Апам келгенде тіпті даусым қарлығып, сілем қатып еді... 

 

Мұны естіген жігіт мырс етіп күліп жібереді де, көңілімде күмән қалмасын деген оймен: 



 

—        Ермек деген жігітің бар ма еді?— деп сұрайды. Қыз: 

 

—        Қайдан болсын, еріккенде қиялдағы ермек қой, соны айтқаным да,— дейді. 



 

Жігіт жатып кеп күлсе, қыздар қосыла күледі. Шалқар көлдің айдынына көз тастаған жігіт: 

 

— Ақылсыз, ессіз менің үстімде ғана екен десем, мұнда да бар екен ғой. Сондықтан ашуға жеңдірмей, 



ақылға жүгініп, ауылыма қайтқаным, жөн екен,— деп, кері үйіне қарай бет бұрыпты. 

 

241 - Бөлім: АЙЛАКЕР ҰРЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1938 

 

 



Аты мұқым елге жайылған бір баукеспе ұрының Жағалбек деген жалғыз ұлы бар екен. Әкесі қартайып, 

өлетін шағына жетеді. Бір күні: 

 

—  Балам,  менің  төрімнен  көрім  жуық.  Өнерімді  үйретіп  кетейін,  сол  өнермен  жан  бағарсың,—  дейді. 



Жағалбек көнеді. 

 

—        Мақұл, үйретіңіз. 



 

Шал баласын ертіп, қалың орманға барады да, биік ағаштың басында жұмыртқа басып жатқан сауысқанды 

көрсетеді. 

 

—        Сауысқан өте сақ құс. Мен сездірмей, бауырына басып жатқан жұмыртқасын ұрлап аламын. Сен 



менің  өнеріме  қарап  тұр,—  дейді  де,  ағашқа  шығып,  сауысқанның  алты  жұмыртқасын  біреуін  де 

қалдырмай ұрлап алады. Бұл кезде Жағалбек те қарап тұрмай, әкесінің кебісіне салған ұлтарағын ұрлап 

алады. 

 

Әкесі жерге тұсіп, бір ағаштың саясына жайланып отырып: 



 

—        Балам, өнерімді үйрендің, бе?— деп сұрайды. Сонда Жағалбек: 

 

—                Әке,  сіз  сауысқанның  жұмыртқасын  ұрламақ  боп  әуреленіп  жатқаныңызда,  мен  сіздің  бір 



затыңызды ұрлап алдым, дейді күліп. Әкесі бойындағы заттарын түгеендеп, жоғалғанын таппайды. 

 

—        Балам, менің бойымнан бірдене ұрлауға әлі жетіле қойған жоқсың,— деп, олқысынады. Сонда 



Жағалбек қойнындағы ұлтарақты әкесінің алдына тастайды. 

 

Бір күні әкесі қайтыс болады. Қонақтарды аттандыруға қолындағы аздық қылған соң, Жағалбек ұрлыққа 



аттанады. Қара жолдың бойында жасырынып отыроса, лақты ешкі жетелеп бара жатқан әйелді көреді. 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              371 bet 

Жағалбек сездірмей, лақты қағып әкетеді. Бір қыдыру жерге барғанда ешкі маңырайды. Лақтың жоғын 

сонда сезген әйел  ешкіні  бір бұтаға байлай салып, лақты іздеп кетеді.  Аңдып тұрған Жағалбек  ешкіні 

ұрлап алады. Сөйтіп, лақ пен ешкіні сойып, әкесінің жетісін өткізеді. 

 

Жұртқа  тізесін  қатты  батьпрған  сол  елдің  ханы  Жағалбектің  әкесіне  де  көрмегенді  көрсеткен  екен. 



Әкесінің кегін қайырмақ болған Жағалбек хан қазынасіын тап-тақыр қып ұрлап алады да, шетінен жеп 

жата береді.  Алтынынан айырылған хан әскерлері мен уәзірлеріне: 

 

—                Ұрыны  аспанға  шықса  —  аяғынан  тартып  түсіріндер,  жерге  кірсе  —  төбе  шашынан  тартып 



шығарып, алдыма алып келіндер!— деп бұйырады. Хан жарлығы бойынша бүкіл халық аттанады. Сонда 

да ұрыны таба алмайды. Дағдарған хан ұрыны алдап қолға түсірудің амалын іздейді. 

 

—        Қазынамды ұрлаған ұры мықты болса, жеті қабат сарай ішіндегі үлкен қызымның алтын білезігін 



ұрласын!— деп жар салады. Бұл хабарды естіген Жағалбек те ханға жауап берудің жолын іздейді. Кешкі 

апақ-сапақта қасапшыға келіп: 

 

—        Үйіме қонақ келіп қалды , ет сатып бере ғой,— деп қиылады. Қасапшының: 



 

—        Кеш болды, бүгін ет сатылмайды,— дегеніне қарамай қадалады. Жағалбектің ет алмай кетпейтініне 

көзі жеткен қасапшы: 

 

—        Ақшанды әкел!— деп, ет беретін тесіктен қолын шығара бергенде, Жағалбек алмас пышақпен 



қасапшының қолын кесіп алады да, тайып тұрады. Қасапшы өкіріп-бақырып, зар еңіреп қала береді. 

 

Түн ортасында Жағалбек патша қызының сарайына келеді де, қараңғы үйде жалғыз жатқан қызды табады. 



Қыздың  мамықтай  ұлпа  тамағына  еріні  тиеді.  Әрі-беріден  соң,  қыздың  білегіндегі  алтын  білезікті  де 

шығарып  алады.  Қыз  білезікке  жармаса  бергенде,  Жағалбек  қасапшының  қолын  қызға  ұстата  салып, 

сарайдан шығып кетеді. 

 

Таңертең хан келіп: 



 

—       Балам, ұры келді ме?— деп сұрайды қызынан. 

 

—              Келді,—  дейді  қызы,—  қараңғыда  өңін  көре  алмадым.  Алтын  білезігімді  сыпыра  алып  кетті. 



Қолынан ұстап жармасып ем, басқа шарасы болмаған соң, қолын кесіп тастап кетті. Міне, қолы. 

 

—       Қызым, ұрыға өшпес таңба салған екенсің,— деп, қызына разы болған хан төтенше қуанады. 



 

Ертеңінде қала халқын жиып, тексергенде қасапшының қолы шолақ болып шығады. Кесілген қол мен 

қасапшының сау қолының саусақтары ұқсас болады. Хан: 

 

—       Ұры табылды, басқа жұрт қайта берсін!— деп, хан жиналғандарды жайына жібереді. Елмен бірге 



Жағалбек те үйіне қайтады. 

 

Хан қасапшыны тергей бастайды. Қасапшы кеше кешкісін апақсапақта ет алуға келген біреу еттің құнын 



алуға ұсына берген қолын кесіп алып кеткенін айтып зарланады. Қанша қинаса да бұдан өзге жауап ала 

алмайды. Ақыры ақтығына көзі жетіп, қасапшыны қоя береді. 

 

Ұрыны қолға түсіру үшін хан екінші бір амал ойлап табады. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              372 bet 

—       Ертең әскерлерімді қарама-қарсы екі қатар сапқа тұрғызамын да, ортасына кебек алтын төгемін. 

Нағыз ұры, сол алтынды ұрлап, өнерін танытсын!— деп жар салады. 

 

Бұл  хабарды  естіген  Жағалбек  бір  жүйрік  ат  әзірлейді  де,  аттың  бір  қапталын  қара,  бір  қапталын  ақ 



бояумен бояйды. Аттың шашасына желім жағады. 

 

Ханның әмірі бойынша әскерлері екіге бөлініп сапқа тұрады. Сол кезде Жағалбек оқтай зулаған атпен 



әскерлердің ортасынан зымырап өте шығады. Аттың шашасына талай алтын жабысып қалады. Әскерлер 

ұрыны айқайлап қуалайды. Оң жақтағы әскерлер ақ аттыны, сол жақтағылар қара аттыны ұстандар деп 

айқайласады.  Ұры  ешкімге  жеткізбей  сытылып  кетеді  де,  аттың  бояуын  кетіріп,  аяғына  жабысқан 

алтынды жиып алады да, баран атты түрімен ел ішіне сіңіп кетеді. Қуғыншылар өзара керісіп қала береді. 

 

Бұл амалы да іске аспаған ханның басы әңкі-тәңкі болады. Осы тұста көрші елдің ханы қыдырып, бұл елге 



келеді. Оған хан ұрының қылығын айтады. Сонда ішек-сілесі қата күлген жолаушы хан: 

 

—         Осыншама салауатты хан бола тұрып қазынанды тонатып, қызыңның алтын білезігін ұрлатыпсың. 



Онымен  қоймай  әскерлеріңнің  ортасынан  шауып  өтсе  де  ұстай  алмапсың.  Мұндай  ұры  —  біздің  елде 

болса, бір күн де тірі жүрмейді. Еліңнен шыққан ұрыға амал таба алмаған сен де хан боламысың,— деп, 

мазақтайды. «Жығылған үстіне жұдырық» болып,хан бармағын шайнайды. Жолаушы хан кеткеннен кейін 

хан тағы бір жарлық шығарады: 

 

—         Менің ұрым нағыз тапқыр, епті ұры болса, көрші ханның үй мүлкінен аса бағалы бір затын ұрлап 



әкеліп берсе, мен оның барлық айыбын кешемін де, қызымды қосамын. Сонан соң уәзірім болады... 

 

Бұл хабарды естіген соң Жағалбек бір нән серкені бітеу сояды да, терісіне сірестіре қоңырау тағады. Бір 



жүйрік атқа жеңіл арба жегіп, көрші ханның еліне барады. Жағалап жүріп, күндіз хан ордасының ұңғыл-

шұңғылын  әбден  байқап  алған  Жағалбек  түн  ортасында  хан  дәретханасының  жанына  келіп,  бұғынып 

отырады. Бір кезде хан қақырынып-түкірініп дәретханаға кіреді. Серкенің қоңыраулы терісін киіп алған 

Жағалбек сол сәтте ханның үстіне кіріп барып: 

 

—         Мен жан алғыш әзірейілмін, сенің жанынды аламын!— деп, ханның кеудесіне міне кетеді. Мұндай 



кереметгі көрмеген хан көзі бақырайып, есінен танып отырып қалады. 

 

—         Тақсыр, аманатыңызды тапсыруға дайынмын,— дейді сәлден соң есі кірген хан,— азырақ мүрсәт 



беріңіз, әйелімнің жанына барып тапсырайын. 

 

Әзірейіл көнген соң, хан сасқалақтап үйіне кіреді де: 



 

—         Ойбай қатын, жан алғыш Әзірейіл келіп тұр, жанымды сенің жанында тапсыруға рұқсат алдым,— 

дейді. Ауызын жиғанша алдыңғы үйге қоңыраулатқан Әзірейіл де кіріп келеді. 

 

—         Жасырынып қалсақ қайтеді?— дейді әйелі. 



 

—         Онда, сандықты аш!.. 

 

Әйелі сандықты ашқан замат хан сып беріп кіріп кетеді. Есіктен сығалап тұрған Жағалбек сандықтың 



ауызын бекітеді де, көтеріп шығып кетеді. Сонан соң арбасына салады да, еліне тартып кетеді. 

 

Суыт жүріп еліне жеткен Жағалбек түн ішінде хан сарайы есігінін алдына сандықты қояды да, үстіне: 



«Айтқаныңызды орындадым» деп, хат жазып кетеді. Таңертең хан есігінің алдында бір үлкен сандықтың 

тұрғанын көреді де, ел-жұртын жинап: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              373 bet 

 

—         Міндетті орындаған адам алып келген затын атасын. Уәдем бойынша соған қызымды қосамын. 



Сонан соң уәзірлік қызмет атқарады,—деп жар салады, хан ұры өзін әшкерелеуден қорқады деп ойлаған. 

Ханның қызын алып, уәзір болғысы келген біреу: 

 

—         Ханның тоты құсын алып келдім,— десе, енді біреулер: белбеуін, құманын,қылышын алып келдім 



деседі. Бірақ ешқайсысы сандықты ашуға батына алмайды. Сөйтіп, бәрі өтірікші атанып, жазаланады. 

 

Сонан соң хан тағы да: 



 

—         Мұны істеген ұры қорықпай майданға шықсын да, алып келгенін атап, елге көрсетсін! Қылмысын 

кешіремін. Уәдем — уәде, қызымды қосамын, уәзірлікке қоямын. 

 

Осы кезде Жағалбек алға шығады да: 



 

—         Тақсыр, сіз айтқан міндетті орындаған мен едім,— дейді. 

 

—         Сен не нәрсе ұрлап алып келдің? 



 

—         Ханның өзіне қоса, әйелін ұрлап алып келдім,— деп, Жағалбек іркілмей жауап береді. 

 

—         Ой, ақымақ, ханды әйелімен қоса ұрлап алып келдім деп, міз бақпай соғасың ғой өзің!..— деп хан 



қарқ-қарқ күледі. 

 

—         Сенбесеңіз көзіңізге көрсетейін,— деп, Жағалбек сандықты ашады. Сандықтың ішінен өзін табалап, 



мазақ қылып кеткен хан және оның әйелі сүмірейіп түрегеледі. Мұны көрген бүкіл ел Жағалбектің өнеріне 

разы болып, сүйсінеді. 

 

Дұшпанының алдында еңсесі көтеріліп қалған хаң: 



 

—         Менің ұрым қандай екен? Өзінді қатыныңмен қоса ұрлап алып келіп, менің алдыма қойды. Осындай 

батыл, тапқыр, айлакер ұрың бар ма?— деп, ұрланған ханды мазақтап есесін қайырады. 

 

Сандықтан  шыққан  хан  елдің  бетіне  қарай  алмай,  әйелін  жетелеп  еліне  қайтады.  Содан  бастап  ол 



«Ұрланған хан» атанып кетеді. 

 

Хан уәдесі бойынша отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, қызын Жағалбекке қосады да, бас уәзірлікке 



белгілейді. Жағалбек жұртқа жағымды әділ уәзір болып өткен екен. 

 

242 - Бөлім: ӘКЕНІ АРАШАЛАУ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1939 

 

 



Уәзірлерін шұбыртқан бір хан серуендеп келе жатады да, жаман үйдің қасында таяғына сүйеніп тұрған 

қартқа кезігеді. 

 

— Қария, жайыңыз қалай, неғып тұрсыз?— деп сұрайды хан. Қарт шешен кісі екен. 



 

—         Е, несін сұрайсың, шырағым. Жайлауымды қар басты, шұңқырыма су толды, ағайыным найзаласып 

жауласты, егізіммен үшеу боп тұрмын,— деп жауап береді қарт. Хан тіс жарып, тіл қатпай өтіп кетеді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              374 bet 

—         Әлгі шал не айтты?— деп сұрайды хан былай шыға бере уәзірлерінен. Олар әртүрлі жорамал 

жасағанымен, дөп басып таба алмайды. Бас уәзірдің үнсіз келе жатқанын байқаған хан: 

 

—         Сен үш күнге шейін әлгі шалдың сөзін шешесің. Шеше алмасаң — басынды аламын,— дейді. 



 

Қанша ойланса да үйлесімді жауап таба алмаған уәзір үшінші күні тағдырдың жазуы солай шығар,—деп, 

шарасыздан өлімге көніп отырады. Ханның әмірі екі бола ма, айтылған уағында жасауылдар келіп, бас 

уәзірді айдап алып кетеді. 

 

Уәзірдің  он  үш  жастағы  жалғыз  ұлы  ханның баласымен  бірге  оқиды  екен.  Ол  өте  зерек,  ақылды  бала 



саналған. Медіреседен шығып келе жатып, әкесін алып бара жатқан жасауылдарға жолығып қалады да, 

себебін  сұрап,  жағдайды  ұғады.  Сонан  соң,  жасауылдардан  аялдай  тұруды  өтінеді  де,  жүгірген  бойы 

ханның алдына барып: 

 

—        Дат, тақсыр!— дейді. 



 

—        Датың болса — айт!— дейді хан. 

 

—        Әкемді өлтірсеңіз, мен жетім қалып, қалай күн көремін? 



 

—        Әкеңнің өлімге лайық қылмысы болып тұр. 

 

—                Тақсыр,  әкем  білмегендігінен  өлімге  үкім  етіліпті.  Білмегеннің  бәрін  өлтіре  беруге  бола  ма? 



Білмегенді үйретпеуші ме еді? Білмегенді білуге де, білдіруге де жол бермейсіз бе? 

 

Хан ойланып қалады. Ойына бас уәзірдің өзіне адалдығы мен момындығы түседі. Бала тағы сөйлейді. 



 

—        Сіздің балаңыз да, мен де жөнді ештеңе білмеуші едік. Білмегенін білсін, үйренсін деп, медіресеге 

бердіңіздер.  Көп  жыл  оқып,  дүниедегі  білімнің  ұшан-теңіз  екенін,  бір  адам  оның  бәрін  игеріп  кете 

алмайтынын,  әр  қандай  адамның  білгенінен  білмегені  көп  болатынын,  сол  үшін  өмір  бойы  білімін 

терендете беруі керек екенін ұғындық. Егер бір істің жөнін білмегенді өлтіре беру керек болса, әкеммен 

бірге мені де, сіздің балаңызды да, тіпті өзіңізді де өлтіру керек болар. 

 

Сөзге  жығынды  болған  хан  амалсыздан  уәзірді  өлтіру  жөніндегі  жарлығын  күшінен  қалдырады  да, 



«Білгендер білмегендерге үйретсін, білмегендер білгендерден үйренсін!» деген жарлық шығарады. 

 

Осылайша өлімнен құтқарылып, жаңа жарлықты естіген бас уәзір әлгі қартты іздеп барып, өзінің басынан 



кешкен оқиғаны айтып береді де, шалдың ханға айтқан сөзінің мәнісін сұрайды. 

 

—        Е, шырағым, айтайын: «Жайлауымды кар басты» дегенім — кәрілік жеңіп, шашым қудай болып 



ағарды  дегенім  еді.  «Шұңқырыма  су  толды»  дегенім  —  көзіме  таған  түсіп,  жас  тоқтамайтын  болды 

дегенім  еді.  «Ағайыным  найзаласып  жауласты»  дегенім  —  тістерім  түсігі,  сирек  каққан  қададай 

сояуланып,  тамақ  жегенде  найзаласқан  жаудай  қызыл  иегімді  қажайды  дегенім  еді,  «егізіммен  үшеу 

болдым» дегенім — бұрын екі аяғыммен жүруші едім, енді асасыз жүре алмайтын болдым дегенім еді. 

Хан басымен сұраған соң, кара басыммен халімді айтпасам болмас деп, нақ жайымды баяндағаным еді, 

шырағым.  Оған  бола  сенің  шыбыныңның  шырылдарын  кім  білген?  «Қызыл  тіл  —  тас  жарады,  тас 

жармаса — бас жарады» деген осы-ау,— дейді қарт ауыр күрсініп. 

 

243 - Бөлім: ҚАРА ТАЙ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1940 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              375 bet 

 

Ертеде бір байдың перизаттай сұлу қызы болыпты. Аты құпия сақталады. Әке-шешесінен өзге жан баласы 



білмепті. Содан ай мен күңдей толысып жетіледі. Сыланып бойжетіпті. Сонда әке- шешесі: 

 

—        Қызымыздың атын кім дәл тапса, соған береміз,— деп жар салдырыпты. Бұлай жар салдыруының 



себебі  — әке-шешесі: «Адам баласы білмейтін қызымыздың атын табуға тек  зерделі, тапқыр адамның 

ғана ақылы жетеді. Қызымыз сондай адаммен қосылса, бақытқа батады»,- деп ойлайды. 

 

Арада біраз уақыт өтеді, қыздың атын ешкім таба алмайды. Қыз бір күні басқа бір елдің көшіп келе жатқан 



көшіне кезігеді. Көштің жүк артқан бір түйесі жолда батпаққа батып қалған екен. Көшіп келе жатқан бай: 

 

—        Әй, қызым, мына түйемді батпақтан шығарысып жіберші!— деп көмектесуге шақырады. Қыз 



барған бойда жүкті бастыра тартқан арқанын ұстайды да, түйені батпақтан жұлып алады. Сол көтерген 

бойы  анадайдағы  кұрғақ  жерге  апарып  тұрғызып  қояды.  Қыздың  қайратына  сүйсінген  бай:—  «Балам, 

атың кім, кімнің баласысың?» деп сұрайды. Қыз: 

 

—        Атым Бикеш,— дейді де, сонан соң әкесінің атын айтады. Мұны жол жағасындағы қалың бұтаның 



арасында  көлеңкелеп  бұғып  жатқан  қасқыр  естиді.  Қыздын  атын  біліп  алғанына  қуанған  касқыр  адам 

кейпіне ауысып, жігітше жасанады. Содан кейін қыздың ауылына барады, әкесіне: 

 

—        Қыздың атын мен таптым,— дейді. 



 

—        Тапсаң — айта койшы. 

 

—        Айтайын, қызыңыздың аты — Бикеш... 



 

Бай айтқан сөзінен танбай, қызын қасқырға бермек болады да, ұлан-асыр той жасайды. Қыз ұзатыларда 

еншісін алып кету үшін, әкесінің қалың жылқысын аралайды. Сонда бір қара тай қызды жанап, тіл катады: 

 

—        Әй, бойжеткен, мені мініп кет, серігің болып, жаныңа ес қатамын,— дейді. Қыз қара тайды алады. 



Қызды ауылынан ұзатып алып шыққан қасқыр өзінің жыныс орман ішіндегі үңгіріне қарай беттейді. Қыз 

қара тайды мініп алған. Қасқыр орманды аралап кеп, үңгірінің алдына тоқтайды. Содан кейін ары ішке 

кіре бергенде қара тай қызға: 

 

—        Мені босағаға байлап кет, қашып шықсаң дайын тұрамын да, қасқырдан құтқарамын,— дейді. 



 

Үңгірдін іші көрдей қараңғы. Адам тұрғысыз сасық. Қыз: 

 

—        Атымның тартпасын босатып келейін,— деп кері бұрылып, сыртқа шығады да, қара тайға қарғып 



мінеді. Тай құстай ұшып, зымырай жөнеледі. Қыздың қашқанын сезіп қалған қасқыр да тұра қуады. Бірі 

қашып, бірі қуып, олар орманның шетіне шығады. Қара тай қат-қабат қырқаға салады. Шөлден қаталаған 

қасқыр аузын арандай ашып, тілін салақтатып қырқада қалып қояды. Одан кейін қара тай таудың күдіріне 

қарай бұрылады. Сарқырап жатқан бір өзеннен өтеді де, сайды құлдилайды. Сондца қыздың алдынан бір 

салт атты кісі кезігеді. 

 

Бұл Қарабатыр деген асқан мерген кісі екен. Өмір бойы аңшылықпен шұғылданыпты. Қараға алғанын 



қалт жібермейтін мергендігі де бар. Қызды қуып келе жатқан мына қасқыр: 

 

—        Мені ата көрме!— деп жалынып, жыл сайын бір күшігін тарту ғып беріп тұрады екен. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              376 bet 

Қарабатырды көре сала қасқыр ес-тұсынаннан айрылады да, қалт тоқтайды. Қарабатырдың бетіне тіке 

қарауға  бата  алмай,  құйрығын  борбайына  қысып,  езуін  жаланады  да,  сүмендеп  артына  бұрылып  кете 

барады. 


 

Ерлерше киініп алған қыз содан былай Қарабатырдың үйінде тұрады. Қарабатырдың қарт  шешесі  бар 

екен. Бір күні кемпір ұлына: 

 

—        Осы бала қыз секілді, сөйлесіп саған алып берейін,— дейді. Баласы: 



 

—        Қыз емес, ұл,— деп жеңістік бермейді. Екеуі ұзақ сөз таластырады. Ақыры шешесі бір шешім 

айтады: 

 

—        Ертеңнен бастап бұл балаға да өз алдына мылтық ұстат. Анды әрқайсысың өз беттеріңше атындар. 



Атқан андарыңды өздерің тасындар. Қыз болса, ол саған ілесе алмайды. Азырақ көтереді. 

 

Келесі күні екі аңшы аңға Қарабатырдың шешесі айтқандай қалыпта шығады. Сол күні қыз бір анды артық 



атып, бір анды артық көтеріп келеді. Қарабатыр мен шешесі тағы таласып қалады. 

 

—        Бұл — қыз. Оның құдіреті анау кара тайында секілді. Сен қара тайын одан ажырат та, содан кейін 



анға шығып сынап көр,— дейді кемпір бұйырып. 

 

Қарабатыр: 



 

—        Бір жерге барып келейін,— деп, алдап сұрап мініп, қыздың қара тайын алысқа алып барып, темір 

торға қамап тастайды. Өзі үйіне жаяу қайтады. Қызға қара тайдан айырылып қалдым деп өтірік айтпақ 

болады. Сонда темір торға қамалған қара тай жер-көкті күңіренте кісінеп, торды тарпып жыртып, тепкілеп 

тас-талқан қып бұзады да, Қарабатырдан бұрын қызға жетеді: 

 

—        Кемпір сені ұлына қоспақ. Қарабатырды ұнатасың ба, жоқ па?— деп сұрайды. 



 

—        Ұнатпаймын, сол үшін еркекше киімімді тастамай жүрмін,— дейді қыз. Сонда қара тай айтады: 

 

—        Онда мін маған, бұл жерден кетеміз. 



 

Қыз қарғып мінгенде, қара тай желше зулап, зымырай ұшады. Екпіні борандай бұркырайды. Құйындай 

кұйғытады. Сол бетімен жалпақ теңіздің жағасына келеді. Теңіздің үстінен құсша қалықтап өтеді. Сөйтіп, 

теңіздің  арғы  жағындағы  жағалауға  тоқтайды  да,  ұжмақтай  жайнаған,  бұлбұл  құсы  сайраған  бауға 

кіргізеді. Сол жерге қара тай аунап жата кетеді. 

 

—        Енді мен өлемін. Төрт сирағымды кесіп ал да, төрт жаққа лақтыр. Ол төрт түлік мал болады. Етімді 



сылып ал да, азық қыл. Қаңқа сүйегімді тік тұрғызып қой. Ол ақ сарай болады. Ендігі өмірінді сол сарайда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет