ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет63/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153

екен, дарияның беті шымырлап, қайнап екі алтын сандық судың бетіне шығыпты. Сандықты дариядан 

алып, ашып жіберсе бір ақ бас, бір қара бас шабақ жатыр екен. Балықты алып қысып-қысып қойған екен, 

теңіздің үстінен бұлт болып көрініп: «Алдияр, не қыл дейсіз?» - деп екі дәу жетіп келіпті. Сонда ханның 

баласы айтыпты: «Тез, ана шаһардын қатып қалған адамдарын тірілтіп, баяғы қалпына түсір», - депті. Екі 

дәу бұлт боп кетіп, әлгідей уақыт болмай қайтып келіп: 

«Тақсыр, айтқаныңыз орындалды», - депті. 

-        Енді үшеумізді қазір сол шаһарға жеткіз, - депті ханның баласы. 

-        Көздеріңізді жұм, - депті, үшеуі көзін жұмып ашса, баяғы қатып қалған шаһарда хан сарайының 

алдында тұр екен. Ханның баласы балықты қысып-қысып қойған екен: 

"Тақсыр, алдияр, не қыл дейсіз?»  - деп екі дәу жалыныпты. Ханның баласы айтыпты:  «Менің әкемнің 

шаһарын және Айбаршаның шаһарын сол қалпында тез осы жерге орнат»,  - дегенде бір түннің ішінде 

орнатыпты. Таңертең ханның баласы далаға шықса, әкесінің және қайын жұртының шаһары түгелімен 

көшіріліп орнатылған екен. Өлместің әкесі Күлмесханның екі көзі көр болып көруден қалған екен дейді. 

Жалғыз баласы Өлместен тірідей айрылған соң, қайғырып жатып қалған екен. Ұлы Өлместі көргенде екі 

көзі шырадай ашылып, өткен қайғыларын ұмытып, жасарған екен. Ханның баласы, Қыран қарақшы екеуі 

әбден тілегін орындаған соң, дәудің жаны екі шабақты турап-турап өлтіргенде қаны сыртына шығып, екі 

дәу жерге түсіпті. Өлмес қарындасы Қаламқасты Қыран қарақшыға беріп, әкесі Күлмесханның орнына 

хан болады. Үш шаһардың ханы Өлмес, оның бас уәзірі Қыран қарақшы болып, екеуі барша мұратына 

жеткен екен. 

 

251 - Бөлім: Алты жасар Алпамыс 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1948 

 

 



Ілгергі бір замандарда Жүзбай деген бір бай болыпты. Оның Алпамыс деген бір ұлы бар еді. Бір күндерде 

Жүзбайға телі жылқысына жау шабады. Жүзбай тұрып сонда баласына ақыл салып: 

- Ау, балам, мен болсам қартайдым, сен жылқыны қуып барып, жаудан кек алуға шамаң бар ма? - дейді. 

Сонда  алты  жасар  Алпамыс  бала  да  болса  батыр  болған  соң,  жылқысын  шауып  кеткеніне  шамданып, 

өзінің  Байшұбарын  ұстап  мініп,  Байшұбарды  қамшымен  ұрып,  ешкіммен  сөйлеспей,  жылқы  соңынан 

жөней берді. Алпамыстың аттанғанын қалмақтың ханы түсінде көріп, ел-жұртын жиып алып, көрген түсін 

халқына баян қылды: 

Мен бір бүгін түс көрдім, 

Көп қиындық іс көрдім. 

Заманым қағынды, 

Қағындыдай не қылды? 

Қауса бұқыра бура боп, 

Қарсы қарап шабынды. 

Тұлымдымды тұл қылып

Айдарлымды құл қылып, 

Солқылдаған мырзамды 

Табанға салып жүн қылды, 

Қамшымен ұрып жон қылды, - деп жұрт ақсақалдарына айтады. Сонда тұрып ақсақалдар патшаның түсін 

былай жориды: 

-        Жүзбайдың баласы алты жасар Алпамыс келіп, осы жұртты алар, - дейді. 

Патша: «Сол Алпамыс осында келмей тұрып, Алпамысты қолға түсіріп алып келуші талапкер бар ма?» - 

деп халқына жар салады. Сонда бір кемпір патшаға келіп: 

-        Маған бір отау тігіп, қырық қыз жиып бер. Алпамысты қолға түсірейік, - дейді. Патша мұнысын 

мақұл көріп, айтқанының бәрін дайын қылады. Кемпір  қырық қыздың қолына қырық кесе арақ-шарап 

беріп,  қырық  отауға  алып  барып  отырғызады.  Кемпір  Алпамыстың келетін  жолын барып  тосады.  Сол 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              411 bet 

уақытта Алпамыс келе жатыр еді. Алпамыстың аты кемпірді біліп, жүрмей тұрып алады. Алпамыстың 

ашуы келіп Байшұбарды ұра бастайды. Байшұбар жүрмей тізерлеп жата қалды. Қасына кемпір келіп: 

-        Әй, балам, атың жүрмесе, шаршаған шығар, сенің жолыңа қарап, қырық қыз күні-түні күтуде. Тезірек 

бар, - дейді. Алпамыс «қыз» деген сөзді естіген соң, атын басына бір теуіп, тастап жүре береді. Келіп 

отауға кірсе, қырық қыз отыр екен. Қолдарында бір-бір кесе арақ-шарап бар. Қыздар әрқайсысы кезек-

кезек назданып Алпамысқа арақ-шарап беріп, әбден мас қылады. Алпамыс мас болып жығылады. Қырық 

қыз көтеріп барып зынданға салады. Атын патшаға апарып береді. Алпамыс зынданда бірнеше күн жата 

береді. Бір күні Алпамыстың төбесінен бір топ қаз ұшып бара жатыр екен. Қаздарды Алпамыс шақырып 

еді, олар қасына ұшып келді. Сол уақытта қаздар: 

-        Кімсің, неғып жатқан адамсың? - деп сұрайды. Алпамыс: 

- Мен Алпамыспын, - дейді. 

Қаздар: 

-        Алпамыс болсаң, жатқаныңнан тұрма! - деп кете барады. Ең соңында бір байғұс қаз кетіп бара жатыр 

екен, соны шақырады, қаз келіп: 

-        Не дейсің? - дейді. Қараса, қаздың бір көзі соқыр екен. 

-        Ай, қаз, көзіңе не болған? - дейді. Қаз: 

-        Жас кезімде анамды бір мерген атып алыпты. Жетім сорлы көп қазға келсем, ештеңе жегізбей, мені 

жетімсініп көзімді шұқып шығарды, - дейді. «Аузы 

күйген үріп ішер» дегендей көп қаздан қалыс, жеке ұшамын. Жалғыз көзден айрылып өлейін бе? - депті. 

Сонда Алпамыс: 

-        Сенің қанатыңның астына хат жазайын. Сен Қоғалы барып қон! Менің қарындасым Қарлығаш сонда 

құс  салып  жүрген  шығар,  құсы  сені  ілер.  Қанатыңдағы  хатты  көріп,  сені  өлтірмес,  -  дейді.  -  Егерде 

ауылдардың  төбесінен  өте  қалсаң,  дауысыңды  шығарма,  -  дейді.Қаз  осы  Алпамыстың  айтқан  сөзімен 

ұшып кете береді. Ұшып бара жатып баяғы Алпамыстың насихаттап айтқаны есінен шығып кетіп, бір 

ауылдың төбесінен өтіп бара жатып «қаңқ» етеді. Ол ауылдағы бір ауырған адамға қаздың еті керек деп 

тәуіп айтқан екен. Қазды қай 

жақтан табамыз деп отырған соң, үйдің иесі әлгі қазды атып алды. Бауыздайын деп жатқанда, қанатының 

астындағы  хатты  оқып  көріп,  жаралы  қазды  қоя  береді.  Қаз  ұшып  Қоғалы  көлге  келіп  қонады. 

Алпамыстың баласы басқа бір баланың қаздың қанатымен ойнап жүргенін көріп: 

      Маған да қанат тауып бер, - дейді тәтесі Қарлығашқа. Қарлығаш баланың тілін алып, Қоғалы көлге 

барып, баяғы жалғыз қазды ілдіреді. Ұсталған қаз тулағанда қанатындағы хат ұшып түседі. Қарлығаш 

ағасының  сәлемін  оқығасын,  қолындағы  сұңқарды  құсқа  салмай,  көзінің  жасы  ат  жалын  жуып,  елге 

қайтады. Қарлығаш үйіне бармай, жылаған бойымен Қарабай деген бір досым бар еді, соған хабарлайын 

деп келе жатады. Келе жатқан Қарлығашты көріп, Қарабай отын астына жасырынып калады. «Маған бір 

жұмыспен келе жатыр ғой», деп ойлайды. Қарлығаш келе: 

-                Қарабай  қайда?  Алпамыстан  хат  келді,  -  деп  дауыстайды.  Қарабай  отын  астынан  шығып, 

Қарлығаштың қолындағы хатты оқып, жылап: «Мен іздеп барамын», - деп дереу он түйеге азық арттырып, 

қырық  құлаш  жібек  арқан  алып,  бірнеше  күн  жол  жүріп,  Алпамыс  жатқан  зынданның  басына  келеді. 

«Алпамыс, қайдасың?» - деп шақырып еді, ешбір дыбыс бермеді. Қарабай досы: «Егер тірі болса дыбыс 

берер  еді-ау,  өлген  шығар»,  -  деп  зар  жылап  отырып  алады.  Көзінің  жасы  зынданда  ұйықтап  жатқан 

Алпамыстың  бетіне  тамады.  «Бұл  немене?»  -  деп  шошып  оянады.  Көзін  ашып  қараса,  досы  Қарабай 

зынданның  басына  келіп,  көзінің  жасын  көл  қылып,  сақалын  су  қылып  жылап  отыр.  Алпамыс  досын 

танып: 


-        Аман-есенсің бе? - деп хал сұрайды. Қарабай досына тамақ беріп қуаттандырып, қырық құлаш жібек 

арқанды  салып,  арқаннан  ұстатып,  зынданның  жарым  ортасына  келгенде,  Алпамысқа:  «Бұл  Қарабай 

досым кемпірдің асы, келіннің тойында әзіл сөз қылып, құдықта өлейін деп жатқанынан тірілтіп алмадым 

ба деп бетіме салық қылар» деген ой келіп: «Өлсем өз жайыма өлейін», - деп жібек арқанды қос кездікпен 

кесіп  жібереді  де,  зындан  түбіне  түседі.  Қарабай  арқаны  үзіліп  досын  шығаруға  лажы  болмай  зарлап, 

жылап зындан басында жын ұрған адамдай құлап түседі. Бір  уақытта есі келіп, еліне қайтады. Қалмақ 

ханының қой жайып жүрген бір қойшысы бар еді. Бағып жүрген қойларының ішінде хан қызының бір 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              412 bet 

коңырау тағып қойған серкесі бар екен. Сол серке Алпамыс жатқан зынданның қасында секіріп жүріп, 

абайсызда Алпамыс жатқан зынданға түсіп кетеді. Алпамыс ұстап жібермейді. Қойшының ашуы келіп: 

- Серкені шығар, егер шығармасаң, қазандай қара таспен ұрып өлтіремін, - дейді. Алпамыс: 

Ұрсаң - ұр, бірақ бермеймін, - дейді. Қойшы таспен ұра бастайды. Алпамыс ұрған тасын қайтадан өзіне 

лақтырып жібере береді. 

Ақыры қойшы жалынады: 

-        Егер серкені бермесең, мені патшаның қызы өлтіреді, бере көр, - деп тұрып алады. Сонда Алпамыс: 

-        Күніне бір қойдан беріп тұрасың ба, серкеңді жіберейін, - дейді. Қойшы мақұл деп күніне бір қойдан 

бермекші  болады.  Қойшы  осы  уәдесімен  күнде  бір  қойды  Алпамысқа  бере-бере,  ақыры  қойдың  бәрін 

тауысады. Баяғы патшаның қызының серкесін де Алпамысқа береді. Сонда тұрып қойшы: 

      Мен енді қайтемін, өлетұғын болдым, - дейді. 

-        Қайғы жеме, қойшы, - деп бір сыбызғыны қойшыға беріп, осы сыбызғыны кешке таман бір шалғын 

ішінде тарт, даусын патшаның қызы естіп келер. Сонда мұны кім істеді десе, табаныңды тіліп тұз құйса 

да айтпа, - дейді. Егер қоймай жалынса - айтарсың, баяғы зындандағы адам жасады дерсің, - дейді. Қойшы 

Алпамыстың  айтқанындай  сыбызғы  тартады.  Бұл  сыбызғының  даусымен  ханның  қызы  келіп:  «Мұны 

қайдан  алдың?»  -  дейді.  Қойшы  айтпайды.  Табанын  тіліп  тұз  құяды.  Онда  да  айтпайды.  Ақыры  қыз 

жалынады.  Қойшы  кім  істегенін  айтады.  Қыз  тұрып:  «Соған  мені  алып  бар»,  -  дейді.  Қойшы:  «Менің 

аяғым жүруге жарамайды», - деп отырып алады. Әбден лажы құрыған қыз қойшыны мойнына мінгізіп, 

құдыққа әкеледі. Құдыққа келген соң, Алпамыс пен қыз бір-біріне ғашық болады. 

Қыз: - Саған мен тиемін, бірақ сені қалай шығаруға болады? - дейді. 

Алпамыс: - Менің атым қайда? - дейді. 

-        Атың патшаның қолында. 

      Ендеше, сен ол атты мінемін деп ал да, қоя бер, бір жаман диуананың киімін киіп алып, патшаның 

алдына бар. Сол уақытта ат мына белбеуді көрсе, оқыранады. Сосын патша сені танып оқыранды деп, 

сенен  сұрар,  «бұл  атты  бағып  бер,  ақша  беремін»  дер.  Сонда  сен  ақшаның  керегі  жоқ,  мен  әшейін-ақ 

бағайын деп айтарсың, - дейді. Қыз Алпамыс айтқандай жаман киім киіп патшаның алдына келеді. Ат 

оқыранып  қоя  береді.  Қыз  Алпамыстың  айтканының  бәрін  айтады.  Сонда  патша  өзінің  қызы  екенін 

байқамай: «Бақсаң бақ», - деп, атты қолына береді. Қыз атты шешіп қоя береді. Ат шауып отырып тікеден-

тіке Алпамыс жатқан құдыққа келеді. Келіп көзінің жасын мөлт-мөлт еткізіп, құдықтың жанында тұрады. 

Алпамыс атына қарап: 

-  Мені  мына  шұқырдан  шығару  үшін  құйрығыңды  шұқырға  салбырат,  -  деп  түсіндіріп,  атының 

құйрығынан ұстап құдықтан шығады да, кешке таман қыз, қойшы үшеуі қосылып, қалмаққа келіп тиіп, 

жау шапқандай қылып, патшаны орнында өлтіріп, барлық малдарын жинап алып, үшеуі айдап жүре береді. 

Он күншілік жол жүріп еліне жетеді. 

 

252 - Бөлім: Ағаш ат 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1949 

 

 



Баяғы заманда атақты бір патша болыпты. Оның күндей сұлу үш қызы, айдан аппақ бір ұлы болыпты. 

Күндердің күнінде патшаға өнерпаз үш жігіт келіпті, оның біреуі қолына тауыс (көркем түкті құс), біреуі 

мыстан істелген коңырау, біреуі ағаштан соққан ат ұстап кіріпті. Оларға патша: 

-Бұл көтеріп жүргендерің немене? — деп сауал қойыпты. Тауыс ұстаған жігіт: 

-Тақсыр, сіз атыңыз қатарындағы патшалардан асқан ұлы патша болдыңыз. Біз сіздің заманыңызда оқып 

өнер тапқан кісілер едік. Сізге өнерімізбен істеген табысымызды әкеліп отырмыз. Мына менің колымдағы 

тауыс жанды сагат. Ол әр сағат сайын шақырып, өткен мезгілді білдіріп отырады, — деді. 

-Жарайды,  ісімен  дәлелдемесе,  ауызбен  айтқанға  сенбейтін  едім,  —  деді  патша.  Тауыс  әр  сағат  сайын 

шақырып, өнершінің сөзін дәлелдеді. Шынына көзі жеткен патша: 

-Өнеріңе қанағаттандым. Қызметің үшін не берсем риза боласың? — деді. Өнерпаз іркілмеді: 

-Өнеріме қанағаттансаңыз, маған үлкен қызыңызды беріңіз. Сізге бала болып, өнерімді өрістете беруіме 

жол ашылсын, — деді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              413 bet 

-Жарайды, тілегің болсын, — деді патша. Мыс қоңыраулыға қарап: 

-Бұл қоңыраудың кандай қасиеті бар? — деді. Жігіт: 

-Тақсыр,  қоңырауым  шеттен  келетін  жауды  біледі.  Қақпаға  іліп  қойсаңыз,  қандай  қастық  ойлаған  кісі 

болса  да  қалаға  кіргенде  сылдырлап  дыбыс  шығарады.  Сіздің  мемлекетіңіздің  қауіпсіздігі  үшін  әдейі 

арнап соқтым, — деді. 

-Жарайды. Қақпаға байла. Өнерің дәлелденгенде тілегіңді берем, — деді патша. 

-Құп болады, тақсыр, өнерімді көрген соң маған ортаншы қызыңызды бересіз, — деді жігіт. 

-Ағаш атыңда қандай қасиет бар? — деді үшінші өнерпазға, 

-Бұл керемет емес, тақсыр. Қолымнан соққан өнерім. Мұнымен ұшып, тілеген жеріңізге баруға болады, 

— деді жігіт. 

-Олай болса, мініп көрейік. Ұшқанын көрмей еш нәрсе берілмейді, — деді патша. Бұл кереметті көргелі 

көп  жігіт  жиылды.  Әркім  атқа  мініп  аяқтарын  тебініп  көрді,  ағаш  ат  орнынан  қозғалмады.  Патшаның 

баласы келіп атқа мінгенде, өнерпаз омырауындағы бір тетікті қозғап жіберді. Ат көкке көтеріле бастады. 

Қаланың қарасы көрінбей бара жатқанда, патшаның баласы «бқл мені ққртқалы істеген бір зат болар» деп 

қорықты. Аттың бүйірін сипалап жүріп оң жағынан бір, сол жағынан бір қораздың басындай екі тетік 

тапты. Оң жағын қозғағанда жоғары өрлеп, сол жағын қозғағанда төмен түсетінін білді. Ағаш аттың басын 

игеріп, қалаған жағына ұшып кете берді. Жердегілер шаһзадасын ұшырып жіберіп, қашан келер екен деп 

күтіп қала берді. Патшаның баласы көкті сайраңдап, талай қаланың төбесінен өтті. Бір мезетте көк ағашты, 

ағын сулы, бау-бақшалы бір қалаға көзі түсті. «Бұл қандай қала болды екен?.. Қай мемлекетке қарайтын 

жер екен?» деп ойлады. Қалаға қызыққаннан сонда түспекші болды. Қайда,бұлттың үстінде үш күншілік 

биікке ұшып жүрген ат жайлап жерге түскенше күн батып караңғы болып қалды. Шаһзада атын жайлап 

әкеліп  бір  керемет  биік  үйдің  төбесіне  түсірді.  Күнімен  көкке  қшып  шаршаған  шаһзада  үйдің  үстінде 

демалып отырды. Қаланың елі жатып,көшеде жүрушілер саябырлай бастады. Шаһзаданың 

қарны ашып, ас ішуге зауқы қатты соғып, үйдің төбесінен сарайдың ішіне көз салды. Сарайдың ішінде 

қыбыр еткен жан көрінбейді, бейне бір бос тұрған дүние сияқты. Шаһзада үй төбесін жағалап жүріп, жерге 

түсетін  саты  көрді.  Сатымен  төмен  түсіп,  жер  үстіндегі  жұмақ  сияқты  сарайдың  ішін  көрді.  Үйдің 

барлығы  алтын,  күміс,  гауһар,  жаұтпен  безеліп,  бұрын  көзі  көрмеген  қымбатты  мүліктермен 

жасауланыпты. Бір ғажап осынша бай сарайдың ішінде қыбыр еткен жан жоқ. Шаһзада аралап шықты да, 

адамы жоқ сарайдың ішінде жалғыз жатқысы келмей, үйдің үстіне шығып, аттың қасында болуды мақұл 

көрді.  Түннен  бірнеше  уақыт  өткенде  бір  жарық  көрінді.  Жарық  ұстаған  адам  екен.Ол  бірте-бірте  сол 

сарайға жақындай берді. Ол бір мезетте сарайға жетіп есігінен кірді. Үй үстінде отырған шаһзада олардан 

көзін  айырмай қарап  отыр  еді.  Жарықты  көтерген  қолына  жалаң қылыш  ұстаған  бір  жігіт  екен.  Оның 

айналасында бірнеше қыздар келді. Қыздардың ортасында асқан сұлу бір қыз бар. Ол қыздың ажарына 

арнап ақын мынадай бәйіт жазыпты: 

Ақ күміс, айдай жүзің ашылған гүл, 

Меруерт отыз тісің, шашың сүмбіл. 

Жүрегім көзін жұмып гүлстанға 

Шырқап күй, қону үшін ұшты бұлбұл. 

Ол көрініс сипатымен сол қаланың патшасының қызы екенін танытты. Әкесі қызын айрықша тәуір көреді 

екен. Сондықтан оның ешбір тілегіне бөгет болмай, осы сарайды ойын-сауық құруына арнап салдырған 

екен. Қыз көңіл көтеру үшін сарайға келіп, екі-үш күн тұрып кайтадан әкесінің сарайына қайтып кетеді 

екен.  Бұл  келуі  —  ағаш  ат  мініп,  аспанды  сайрандап  жүрген  шаһзаданың  келген  күніне  түйісті.  Көп 

қыздың  ортасындағы  жалғыз  жігіттен  шаһзада  жасқанбай  үйдің  төбесінен  түсе  қалды,  қылышты  жігіт 

сайтандай көктен сап етіп түсе қалған жат кісіні де 

шап беріп ұстай алды. Тегеурінді бұла болып өскен шаһзада оны қолымен қойып жіберді. Талдырмаш 

денелі, әлсіз жігіт екен, қаңбақтай домалап ұшып түсті. Қолындағы қылышын тартып алып, шаһзада сұлу 

қызға  қарай ұмтылды. Қылышты жалтақтатып келе жатқан кісіден үрейленген қыздар, сырылып жүре 

береді. Ол сұлу қыздың қарсы алдына келіп тоқтады. Қыз оның бетіне қарап: 

-Жаным-ау, әлгі әкем айтып жүрген Зәңгі патшасының баласы сенбісің? — деді. 

- Дәл өзі, — деді шаһзада, түгіне түсінбеген тосынсөзге. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              414 bet 

-  Ойбай-ау,  әлгі  түсі  жаман, көмірдей қап-қара дегені  қайда?.. Өзің мүлде ауызға үріп салғандай әдемі 

екенсің ғой. Әкем көрмей қорқып жүр ме, әлде мені алдағаны ма?… 

-  Маған  көз  тиеді  деп  айтқан  болар.  Болмаса  қандай  екенімді  көріп  тұрсың  ғой,  —  деді  ағаш  атты 

патшаның баласы. Шынында ол қызды Зәңгі патшасының репейсіз баласы сұрап, оған әкесі бермей қойып 

еді. Қыз сол екен деп қалды. — Қыз ол кезде ыңғайы келсе күйеуді жек көретін мезгілден өтіп, күйеу 

келсе  қыз  дайын  дейтін  күнге  жеткен  шағы  болатын.  Қыз  шаһзаданы  қолынан  ұстап,  қатар  отырып, 

әңгімені  соза  берді.  Қыздар  талып  жатқан  жігітке  ес  жиғызып,  басын  көтертті.  Қызметші  жігіт  басын 

көтеріп, қылышын іздеді. Қыздың бәрі: 

-Есеңгіреген байғұс-ау, оның несін іздейсің… әлгі өзіңді бір ұрып қалпақтай ұшырған біреу алды. 

- Ол кім өзі? 

-  Кім  екенін  сайтан  біле  ме?  Әйтеуір  кердеңдей  басып  барды  да,  патшаның  қызының  қасына  отырды. 

Сенің  қылышың  оның  қолына  тиген  соң  бәрімізді  қырып  тастайтын  біреу  шығар  деп  жанына  да  бара 

алмадық,  -деді.  Жігіт  —  Ер  Асан  патшаның  қызын  қауіп-қатерден  қорғау  үшін  жіберген  қызметшісі 

болатын.  Ол  патшаның  алдында  да  қызды  қорғауға  жауапты  болғандықтан,  омыраулап  кіріп  кеткен 

шаһзадаға  амалсыз  келді.  Бірақ  алғашқы  соқтығыста  беті  қайтып  қалған  сорлы  еш  нәрсе  айта  алмай, 

жалтара сөйледі. 

-Тақсыр,  сізді  кім  деп  білуге  болады?  Перімісіз,  жынбысыз?  Құдай  қай  көгінен  түсіріп  тұр?..  —  деді. 

Қыздың қасында қызулы тұрған жігіт: 

-Сенің мен сияқты шаһзадага «жын» деп айтуға қандай қақың бар еді! — деп қызметшіге қылышты ала 

ұмтылды. Ол екі қолын қусырып кешірім сұрай бастады. 

-Тақсыр-ау, менікі жөн сұрау еді ғой, мұнша неге қаһарландыңыз? 

- Қалай қаһарланбайын?.. Мен патша қызының күйеуі болсам, сен мені «жын» деп сықақ кыласың. 

- Ғафу ет, тақсыр. Егер жын болмасаң, патша қызына ешкім сізден артық лайықты күйеу бола алмайды 

демекші едім…Жігіт пен қыздың қалай отырғанын көрген қызметші өз басына қыз айналасынан түсер 

пайда, зиян көрмесе де ішіне бір түрлі қызғаншақтық пайда боп, сарайдан шыға жүгіріп қыздың әкесіне 

келді де самбырлай сөйлей бастады. 

-Ойбай,  тақсыр-ай,  таза  шерменде  болдым.  Ой,  құдай-ай,  мұндайды  кім  көріпті…  Құлақ  естігенді  көз 

көреді деген осы екен… масқара-ай, — деді. Патша түгіне түсінбей сасып: 

-Не боп қалды? Сорлы! — дейді аңырайып бетіне қарап. 

-Несі құрсын, тақсыр, қызыңды бір жын келіп омыраулап жатыр, қайдан келгенін қайдам, біз сарайдың 

ішіне кірісімен бас салып, киіп ала жөнелді. Қызың да кет ары деген жоқ, икеміне көне берді ме, қалай… 

- Лағынет жаусын, сен итке! Қолыңа қылыш беріп, сені неге қойып едім ол жерге?! — деді патша. 

-Қойғаныңды  қайтейін,  тақсыр,  тегеурінді  жын  бір  қойып  жіберіп,  есімнен  тандырды  да,  қылышымды 

тартып алмады ма… 

-Не  сандалып  кетті  мына  шошқа!?  —  деп,  патша  қылышын  байлай  қыздың  сарайына  жүгірді.  Оның 

алдынан қызметші қыздар жүгіріп шықты. Олардан патша: 

-Қыздың халі не болып жатыр? — деп сұрады. 

-Біз де түк түсінбедік. Тақсыр… Әйтеуір әп-әдемі бір жігіт қызыңыздың қасында отыр. Көктен түсті ме, 

жерден шықты ма? Қайдан білейік… 

Патша қылышын суыра жігітке ұмтылды. Жігіт қызға қарап: 

-Мына кәрі бурадай шабынып келе жатқан сенің әкең бе? — деді. 

-Дәл соның өзі,  —  деді қыз теріс қарап. Шаһзада да қылышқа мойнын ұсынып тұрмады, тартып алған 

қылышын ала қарсы ұмтылды. Жын ба, адам ба, әлгі белгісіз кісінің сұсы патшаны да басты. Ол үндемей 

қылышын қынапқа сала қойды. Кенет түсін жылытып: 

-Балам, ашуды қой… өзің кімсің? Жын екеніңді, адам екеніңді білмей дал болып тұрмын, ашып айтшы? -

деді. Жігіт қылышының үшін жерге қадап тұрып: 

-Мына  қызыңызды  сыйламағаның  үшін  тұрған  жеріңде  турап  тастар  едім.  Болмаса,  ерегіске  келгенде 

өзіңді  екі  бүктеп,  еліңді  жайпап  тастайтын  шаһзаданы  жынға  ұйғаруға  қандай  қақыларың  бар?  Жай 

қызметшілеріңді  надан  дейін  десем,  саналы  патша  сенің  айтып  тұрғаның  мынау.  Тегі  өздеріңді  жын 

жайлаған елмісіңдер, сонан басқа ауыздарыңа сөз түспейді? — деді. Патша оның сөзінен сескенейін деді. 

Дегенмен тіпті үндемей қалуға болмады: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              415 bet 

-Ей, патшаның баласы, берген хабарың, жіберген елшің қайда? Жел аударған қаңбақтай сарайдың ішінен 

шығып  «мен осы қыздың күйеуімін, әкесі  маған берді» деп соғыпсың. Сен маған қашан сөйлесіп, қай 

жерде  жолығып  едің?  Мұндай  қисынсыз  өтірік  айтып  көкуге  бола  ма?  Сендей  талай  шаһзада  еріксіз 

аламын деп, басы кесілген болатын, сенікі тіпті сорақы, жарықтығым, мұнша өкіректеуге бола ма? Егер 

ордадағы құралды күштерімді жіберіп кылышпен қиқалатып тастасам, менің колымнан кім айырып алар 

еді! — деді. Оның жауабына шаһзада бөгелмей: 

-Мен сіздің айтып тұрғаныңызға түсінбеймін… Надандық па? Я болмаса осы қызды менен артық кімге 

бермек едің? Ал, батырлығына қызықсаң менен артық батырды қайдан көрдің? Әңгіменің ең кысқасы — 

мен не 


айтсам да «мақұл» дей бер, — деді. 

- Не айтпақ едің?! 

- Менің айтатыным, қызыңды қызғанып, едіреңдеп тұрсың. Ұрысқың келсе, қазір жекпе-жекке шығайық. 

Өлтіргеніміз қызға ие бола қояйық. Ал, оған көнбесең, бүгін мен осы сарайға қонам, ертең бар әскеріңді 

жый, менімен ұрыссын, өзің қызығына қара да тұр. Құдай қырсығынан сақтаса бір сагатта бәрін жайпап 

берем, өзіңде қанша әскер бар? — деді. Патша оған ежірейе қарап: 

- Қырық мың құралды әскерім бар! Құралсыз қызметкерлерім қырық мың, сен жайпап салатын шөп емес, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет