ҚазақТЫҢ топонимикалық АҢыздары



бет2/6
Дата28.10.2022
өлшемі39,95 Kb.
#45975
1   2   3   4   5   6

Курстың мақсаты:


  • Оқушылардың әдеби-тарихи білімін арттыру;

  • Әдебиетті тарих және география пәндерімен байланыстыра оқытудың маңыздылығын үйрету;

  • Аңыз-әңгімелермен тереңірек таныстыру;

  • Қазақстың бай әдеби мұраларының құндылығын түсіндіру.

  • Өз туған тарихын құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:


Бұл бағдарламаның басқа курстардан ерекшелігі әртүрлі саладағы тақырыптарды біріктіре отырып, бір бағдарлама дайындалғанында. Оқушылар бұл бағдарлама арқылы қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихын және ондағы бай мұралардың тарихын меңгере алады.
Жан-жақты зерделеніп, кіріктіріліп, жинақталып берілуін бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы деп айтуға негіз бар.
Курс география, тарих, қазақ тілі пәндерімен байланыстырылып оқытылады.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға да бағдарлама өзіндік рөл атқара алады. Бұл бағдарламаны оқу арқылы тарихшы, теолог, заңгер, философ, саяхатшы, әлеуметтанушы, демограф мамандарын таңдайтын оқушылардың білімін де тереңдетуге пайдасы зор.
Бағдарламаның өзіндік ғылыми ұстанымы, тұжырымы, қолданылған материалдарының дұрыстылығы мен сенімділігіне толық негіз бар.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі


(аптасына – 1 сағат,барлығы – 36 сағат)
Бағдарлама қазақ әдебиеті пәні мен Қазақстан тарихын кіріктіре отырып оқытылуымен ерекшеленеді. Оқушылардың тілдік дағдысын дамыту ескерілген. Дәрістік сабақтар мен практикалық сабақтар араластырыла отырып берілген. Курс бағдарламасы «Мәңгілік Ел» құндылықтарына бағыттала отырып құрылған. Бағдарлама төрт тоқсанға сәйкестіріле отырып, төрт бөлімге бөлініп берілген. Әр бөлімде аңыздар жеке-жеке топталып берілген.

Кіріспе (1 сағат).


Курстың мазмұны, мақсаты мен міндеті. Таныстырылым арқылы оқушыларға бағдарламаның мазмұнын түсіндіру. Ел тарихымен таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет