«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин


«...Үқпайсың өз сөзіннен басқа сөзді



Pdf көрінісі
бет3/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
«...Үқпайсың өз сөзіннен басқа сөзді,
...Бас-басына би болған өңкей қиқым.
...Бірлік жок,, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Қазақтың қайсысының бар санасы,
Қит етерде дап-дайын бір жаласы,
Пысықтықтың белгісі арыз беру,
Жоқ тұрса бес бересі, алты аласы.
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын».
Mine, рулық сананың ұшқындары, көріністері, рулық 
сананың зияны, қайшылығы. Әр рудың басшысы тек өз 
руының қамын жейді, ал елдін, қамын ойлайтын басшы 
жоқ болғандықтан, халық көркеймейді, өспейді. Өзін өзі 
қорғай алмай, көбіне озбыр халықтардың жемі болып 
кетеді.
Ағартушылар заманында қазақ қоғамында феодал- 
дық-патриархалдык, рулық қатынас басым болғандық- 
тан, соған орай руға, жүзге бөлінушілік, «бірлік жоқ, 
береке жоқ» жікшілдік сана үстем болды.
Сонымен қатар Россияға қосылуға батіланысты к а­
зак даласына капиталистік қатынастар кіре бастады. Ал 
ұлттың шығуы, улттық сананың калыптасуы капиталис- 
тік формациямен тікелей байланысты. Рушылдық сана 
қатынастардың үстемдігіне карамастан, ағартушы-де- 
мократтар жер бірлігін, ел бірлігін, тіл бірлігін, мәде- 
ниет бірлігін қостап, қуаттап халықтың тұтастығы үшіи 
күресті. Өмірге, елге, жұртқа кең де терең түрғыдан ка­
рал, үлттық сананы қалыптастыруды, дүниедегі бірнеше
6


жүздеген ұлттардың ішінде қазақ халқының да өз орны 
бар екенін түсіндіруді өздеріне міндет деп санады.
Бұл жерде еске алатын ерекше бір мәселе — ұлттық 
сана мен ұлтшылдық сананы шатастырмау керек. Әр 
ұлттың саналы азаматы ұлттық саналы болуы қажет те, 
ұлтшылдық санамен күресуі қажет. Әр халықтың, әр 
ұлттың прогресшіл, алдыңғы қатарлы өкілдері өз хал- 
қының, өз ұлтының тұтастығын, бірлестігін жақтаған, 
қостаған, сол үшін күресіп, өз ұлтының жақсы қасиет- 
терін мақтаныш еткен. Өз ұлтының тұрмыстық, тұр- 
мыстық-мәдени жетістіктерін бүкіл адамзат қоғамының 
үлгілі жетістіктеріне үлес етіп қоспақ болған.
Осындай жайды В. И. Ленин өзінің «Великоростар- 
дың ұлттық мақтанышы туралы» деген еңбегінде диа- 
лектикалық тұрғыдан айқын көрсеткен. «Біздерге, вели- 
корустың саналы пролетарларына, ұлттық мақтаныш 
сезімі жат па? Эрине, жат емес! Біз өз тілімізді және 
өз отанымызды сүйеміз, біз 
оның
еңбекші бұқарасын 
(яғни 
оның
халқының 9/10 бөлігін) демократтар мен 
социалистердің саналы өміріне дейін көтеруге бәрінен
де гөрі көп еңбек сіңіріп жүрміз...... великорус мужигінің
демократ бола бастағандығын, поп пен помещикті құла- 
та 
бастағандығын 
біз 
мақтаныш 
етеміз»1 — деп 
В. И. Ленин ұлттық сана мен ұлтшылдық сананың айыр- 
машылығын айқын ашып берді.
Цемек, ұлттық сана ешбір басқа ұлттардың тарихы- 
на, сезіміне, дәстүр-салтына, тіліне, материалдық және 
рухани мәдениетіне өз ұлтының тарихын, сезімін, дәс- 
түрін, тілін, материалдық және рухани мәдениетін қарсы 
қоймайды. Ұлттық сананың негізгі бір белгісі — ол өз 
ұлтын басқа ұлттардан артық та емес, кем де емес, тең 
деп санайды.
Оның керісінше, «ұлтшылдық сана» өз ұлтын өзге 
ұлттардан гөрі ерекше жаралған ұлт, оның қаны да өз- 
геше, жаны да өзгеше, сондықтан тілі де, әдет-ғұрпы да 
баска ұлттардан ерекше жаралған, «басқа ұлттарға үл- 
гі болу үшін жаралған ұлт» деп өз ұлтын басқа ұлттар- 
ға қарсы қоюдан туған ұғым.
Біздің үш ағартушымыз мұндай жалаң, жайдақ, ко­
рам қатынасы, халықтар қатынасы үшін зиянды пікір- 
лерден мүлде аулақ. Олар баска да көптеген елдердің 
озық ойлы қамқоршылары сияқты өз халқының рушыл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет