Сабақтың түрі: Дебат сабақ. Көрнекілігі



бет1/5
Дата03.04.2023
өлшемі26,45 Kb.
#78661
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ұялы телефонның пайдасы мен зияны


Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

Мақсаты:
 1) оқушылар пікір таластыра отырып, ұялы телефонның зиянды және пайдалы жақтары жөнінде білімдерін жетілдіру.
2) оқушылардың өз ойларын, тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін фактілер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей білуге, біреудің пікірімен санаса білуге дағдыландыру.
3) Ортада және топпен жұмыс жасай білуге, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал ету.
Сабақтың түрі: Дебат сабақ.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, жақтаушы және даттаушы топтардың қажетті сөздері, видео көрсетілім.
Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөзі. Бүгінгі дебат сабағымыздың тақырыбы: «Мектеп оқушыларына ұялы телефон қажет пе?» Жақтаушы және даттаушы топтар орындарына орналасты. Ал қалған оқушылар сараптаушы топ болады.

Олар екі топтың сөздерін, пікірлерін мұқият тыңдап, өз пікірлерін айтады.

  1. Ойын барысы.

  1. Жақтаушы топ.

Кіріспе: Қазіргі адамдардың ерекше сүйіспеншілігіне бөленіп, «сотка» аталып кеткен ұялы телефондар барлық тіршілігімізді билеп алған. Онсыз күніміз жоқ. Ұялы телефон 20 ғасырдың ортасында Жапония, Қытай, Америка мемлекеттерінде шыға бастады. Ол мемлекеттерден біздің мемлекетке ХХ ғасырдың аяғында келді.
Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ұстаздар!
Мен Жүрсінбаева Гүлден өз тобымның №1спикері.
Біздің тақырыбымыз “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік» деген пікірді қолдаймын. Жыл санап, жетістіктерін молайтып отырған Қазақстан халқы да өзге елдер сияқты ғылым мен техниканың дамуына оң көзқарас танытуда. Шет мемлекеттерде білім алып, білімдік сайыстарда алдыңғы орындар алып жүрген Қазақстан жастары мен халқы үшін ұялы телефон пайдалы дүние. Ұялы телефонның маңыздылығы мен қажеттілігі де осында.
1-ші дәлелдемем. Ұялы телефон байланыс көзі. Керекті хабарды уақытында алу, әр істе жетістікке жетудің кепілі. Бір сөзбен айтқанда уақыт, дәлдік деген ұғымдарға ұялы телефонның да қатысы мол.
2-ші дәлелдемем.1. Біздің пікіріміз, ойымыз. Ұялы телефон оқушыларға қажет.

  1. Егер боранды күні жолға шығып, далада машинаң жүре алмай
    қалса, соткамен хабар бересің де, құтқарушы келеді.

  1. Ата-анамыз жұмыста болғанда, біз сабаққа кетеміз. Олар бізді
    ойлайды. Сол кезде ұялы телефонмен жағдайымызды біліп
    отырады.

  1. Дамыған елу елге теңесу үшін әрбір оқушы телефонды да,
    компьютерді де меңгеру керек.Тыңдағандарыңызға рахмет!.

  1. Даттаушы топ.

Кіріспе: Ал біз сіздердің пікірлеріңізді қолдамаймыз. Ұялы телефонның қаншалықты зиян келтіретінін неге ойламайсыздар.Бекерге қызыға бергенше бізді тыңдап, ойланыңыздар достар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет