«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин


П астораль— 17 ғасырда, Францияда ерекше дамыған малшы



Pdf көрінісі
бет34/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
1 П астораль— 17 ғасырда, Францияда ерекше дамыған малшы
лар өміріне арналған көп дауысты музыка әуені.
41


Козы — Корпеш, не могла перенести гибели любимого 
человека и покончила с собой на его могиле. Сюжет 
международный, но ни одна народность не сделала его 
таким выдающимся пунктом в своей эпике, как казахи».
Шоқандар өмір сүрген кездегі казак, халқының ауыр 
жағдайына қинала, қайғыра отырып, сахара елінің ке- 
лешегі дінге, құдайға, молда мен қожаларға, қажылар 
мен бақсы-шамандарға, миссионерлер мен патша чинов- 
никтерінің қарулы қолдарына қарап тұрмағандығын, 
қайта халықтың өз жігеріне, бойындағы рухани күші 
мен жасампаз талабына байланысты екенін Потанин 
ашық айтады: «Неужели этот народ, который так любит 
жизнь и который умеет украсить ее искусством при сво­
их -варварских бедных средствах, не найдет в себе 
достаточно сил, чтобы не дать себя опутать той сетью, 
которую набрасывает на него мулла? Народ, который 
в песке видит откровеные божие, имеет права жить и 
творить...
Пусть почва степей усыхает, пусть природа окажет­
ся бессильною в борьбе с надвигающимся влянием пу­
стыни, для казахской жизни есть обильный источник сил 
и средств в духовном организме народа, если только са­
ми казахи от него не отвернуться».
Қандай үлкен сенім, қандай болжағыштық, жылы- 
лыі< мейірім! Бұл мұнан 92 жыл бұрын айтылған. Мұн- 
дай мейірманды, үлкен парасатты, қамқор пікірді өз- 
дерін жан-жақты білімдіміз деп санайтындардың көбі- 
нен қазір де ести алмайсың ғой! Халықтар достығының 
саркылмас қайнар көзі осынау достықтан — қазақ ағар- 
тушысы мен адал орыс ғалымының пікір бірлестіктері 
мен бір-біріне деген адал сүйіспеншіліктерінен ақылға 
қосылған сезім, сезімге қосылған ақыл ұштастығынан 
бастау алған-ды.
Сонымен, Г Н. Потанин кейіннен шоқынған казак- 
тар өздерінің өте бай рухани мәдениетінен: әні мен жы- 
рынзн, күйінен, домбырасы мен кобызынан, жақсы 
дәстүрлері мен тілінен айрылып қалмас па екен деп ка- 
уіптеніп, сескенеді. Григорий Николаевичтің бұл ыжда- 
ғатты да тағлымды ойлары өзіміздің қазіргі уақыттағы 
т
ана тілі мен әдебиетін, өз мәдениетін білмейтін, білгісі 
де келмейтін, «казак жаманы орыс бола алмайды, орыс 
жаманы қазақ бола алмайды» дейтіндей, қазіргі тілмен 
айтқанда, ұлттықты интернационализммен, интернацио- 
нализмді ұлттықпен ұштастыра алмайтын, «ұлттык пен
42


ұлтшыллық» айырмасын ажырата білмейтін тар epic 
нигнлистер мен солақайлар үшін де мәнін жоймағандай.
Осы жерде, сөз ыңғайына қарай, ұлы ағартушының 
патриоттық сезімінің ерекшелігіне де аздап тоқтала не­
тей ік.
Мәселенің түйіні тереңде жатқан кез еді. Қазақстан 
Россияға қосылғанға дейін де, онан кейін де қазақ елі- 
нің алдағы даму бағдары қандай болуы керек деген са- 
уал көзі ашық көп азаматтарды толғандырумен болды. 
Шығысқа бет бұрған дұрыс па, немесе батысты бағыт 
тұтамыз ба? Мұсылмандыққа, ислам дініне бет бұру 
керек пе, әлде христиандық қолайлы ма?— деп тұйыкка 
тірелген кезеңді айқын аңғарған Шоқан: «Қазір ескі 
мен жаңаның арасында бірден байқала қоймайтын, бір- 
ақ өте катал күрес жүріп жатыр. Бірі — мұсылмандық 
шығыска, екіншісі — орысқа еліктейді»1,— деп жазды.
Шоқанның алыстан көрегендігінің бір белгісі — ол 
ескі шығысты былай қойғанда, жаңа ұштасып отырған 
батыстың, атап айтқанда, орыс мәдениетінің озық үлгі- 
лерінен үйренуді қостай отырып, «тым қазақи», «тым 
шығысшыл» немесе «тым орысшыл» болмай, өзара дос- 
тас болуға бағыт сілтеді. Шоқанның жақын достарының 
бірі, публицист, Сібір халықтарынық тарихын зерттеу- 
ші Н. М. Ядринцев (1842—1884) ол туралы: «ШоқаН өз 
халқын сүюден айныған жоқ, ол европалық ағартушы- 
лық пен өз халқының ұлттық қасиетін ұштастыруды ар- 
мандайды»2,— деген еді.
Шоқанның бойына сіңген ерекше бір қасиет — ол өзі- 
нің іс-әрекетінде, шығармаларында «ұлттық» пен «ұлт- 
шылдықты» айыра білді. Өз елінің, өз жерінің жақсы- 
лықтарын, ерекшеліктерін, мәдениетін, тілін, әдебиетін 
ардактау, кұрметтеу, бағалау арқылы ол ұлттық аңға- 
ру, әр ұлттың өзін-өзі бағалап, түсіне білу, жақсылығы 
мен кемшіліктерін тен, көре білу. дәрежесіне көтеріле 
.алды (өкінішке орай, біздің кейбір интеллигенттеріміз, 
зиялыларымыз күні бүгінге дейін рулық жүзге бөлуден, 
тройболизмнен арыла алмай жүр ғой). Сонымен катар, 
Шоқан ұлтшылдық санадан, өз халқын, өз ұлтын оасқа 
ұлттарға қарсы қоюдан, өз халқын басқа халықтардан 
артық санаудан, оның жақсы қасиеттерін ерекше дәріп- 
теуден, ұлттық тар шецберліктен, ұлттық мен-мендіктен 
аулак болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет