«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет51/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
«Найманды аралады помощник боп,
Сол елге акыр заман болды сол топ.
Ақырды, дүре соқты, дін үйретті,
Айтайын қайсыбірін қылғаны көп»,—
деп дінді Құнанбайдың халық арасына күшпен тарата- 
тынын оуреттесе, екінші бір өлеңінде:
«Қешегі елден асқан біздің кажы
Молда алып дін үйретті қысы-жазы»,—
деп Құнанбай мен құнанбайшылардың елге тараткан 
«өнерін дәріптейді».
Жазықсыз жандарды жазалауды, еңбекшілер өкіл- 
дерін қорлықпен өлтіруді әдетке айналдырған Құнанбай 
мен оның сыбайластары ислам дінін, шариғат жолын 
каталдық пен қайырымсыздықтың, үстемдік пен жүген- 
сіздіктің берік құралына айналдырды.
Абай заманындағы және оның өскен ортасы Семей 
қаласы мен Құнанбай ауылындағы ислам дінінің кыс-
68


қаша мән-жайы осындай еді. Мұның үстіне, XIX ғасыр- 
дың екінші жартысында, Қазақстанда діни кітаптар- 
қиесалар көп тарап, сол кітаптар арқылы панисламизм 
уыт шаша бастайды. Бұл жөнінде М. Әуезов: «Сол кез- 
де басылып, тарап жүрген шала қазақша сексен шама- 
лы кітаптың көптен көбі қиссалар болатын. Ол кітап- 
тардың бәрін де қазақтың діншіл, кітапшыл (ислам- 
шіл) молда ақындары шығарған. Осы шығармалардың 
көптен көбі панисламизмді қазақ сахарасына таратып, 
сіңірудің үгіті еді»1,— дейді.
Сөйтіп, Абайдың дін туралы ресми түсініктері мен 
иелеріне қарсы күрес жүргізген дәуірі — жергілікті ус- 
тем тап пен царизмнің бірлесіп алып, ислам дінін қа- 
лада да, қырда да өрістетуге бой ұрған кезең еді. Фео­
дализм мен колониализм халық басына жоқшылык пен 
қанаудың ауыр салмағын баса салған кезең еді. Соны- 
мен қатар сол мұқтаждық пен қанауға қос қабаттасып 
қараңғылық пен надандық, шамандық пен мұсылман- 
дық та өрістей бастаған, халық санасын уландыруды 
қаракет еткен қара ойлы бақсы-балгерлердің, «сүйен- 
гені надандық, сөйлегені жалған, дәлелдері тасбығы 
мен шалмасы», «мал құмар», «жем құмар» молдалар 
мен ишандардың, имамдар мен хазіреттердің көбейген 
кезеңі еді.
Міне, осындай кезеңде Шоқан мен Ыбырай сияқты 
Абай да халық тағдырына ара түседі, сахараны басқан 
қараңғылықта сәуле болып, өз халкына білім мен мә- 
дениеттің рухын сеуіп, бұқараның «көзін қойып, көцілін 
ашуды» арман етеді.
Ұлы ағартушының дінге көзқарасын сөз еткеиде
оның дін туралы түсініктерінің қалыптасуына; дүние 
мен құдай, тән мен жан, адамгершілік пен иман туралы 
топшылауларына; дінге ғылымды қарама-қарсы кою тә- 
сілдеріне; дін мен этика туралы түсініктеріне; Қазақ- 
станда ислам дінінің қалай тарап, қалай дамығандығы 
жөніндегі пікірлеріне; дін иелері мен мекемелерге, діни 
әдет-ғұрыптарға берген сынына; әдебиеттегі діншілдік 
бағыттармен күресе отырып, халықтар достығы идеясын 
қалай қуаттағандығына жан-жақты тоқталамыз.
Дін мәселелері туралы Абайдың талдамдары мен 
түсініктері, діни әдет-ғұрып цен дін иелеріне берген сы­
ны — ағартушылық, антиклерикалдық бағыттағы тал-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет