Буын - сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп
шығатын бір дауысты немесе
бірнеше дыбыс тобы.
Билабиаль дыбыс – қос еріндік дауыссыздар
Вокализм – дауысты дыбыстар жүйесі.
Гаплология – (грек.haploos – жалғыз, logia – сөз, ілім) дыбыс-тардың комбинаторлық өзгерісі, ол диссимиляция әсерінен
өзара бірдей көрші буындардың бірінің түсіп қалуы.
Дауысты дыбыстар - айтылған кезде өкпеден ауа ешқандай кедергісіз шығатын дыбыстар.
Дауыссыз дыбыстар – айтылған кезде өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан болған дыбыстар.
Дифтонгоид дауыстылар - қазақ және кейбір өзге түркі тілде-рінде кездесетін қосынды, яғни дифтонг дауыстылар. Олар -
у және и.
Денталь дыбыс – тіс дауыссызы
Дәстүрлі (тарихи) принцип - сөздердің әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылуы.
Достарыңызбен бөлісу: