Қазіргі қазақ тілі (фонетика)


Диэреза - екі сөз аралығында кездескен екі дауыссыз дыбыстың бірінің (алдыңғысының) түсіп қалуы. Диссимиляция



бет54/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
Байланысты:
Фонетика жєне оныњ салалары-emirsaba.org 2

Диэреза - екі сөз аралығында кездескен екі дауыссыз дыбыстың бірінің (алдыңғысының) түсіп қалуы.

Диссимиляция – дыбыстардың ықпалды өзгерістерінің бір түрі. Ол латын тілінде – «ұқсамау» деген сөз. Яғни
ассимиляцияда (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) көрші дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп, үйлесіп, ұқсап
тұратын болса, дисси-миляцияда бұған керісінше, сөз ішіндегі қатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың
біреуінің (әдетте соңғысы) алыс-тау басқа бір дыбыспен алмастырылуы. 


Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыс-тар тіркесін айтпау, үнемдеу.

Дыбыстық құбылыстар - сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер.

Дыбыс - сөздердің мағыналары мен тұлғаларын ажырататын ең кіші тілдік бірлік. Дыбыс - сөздің өмір сүруінің формасы
Дыбыстар сияқты фонемаларға түрленіс (варирования) пен ал-масым (чередования) тән. Яғни фонемалардың әр түрлі
типтері болады. Оның негізгі типін архифонема деп атаса, ал қосымша типтерін (варианттарын, оттенкілерін) аллофон
деп атайды. 


Емле - дұрыс жазу ережелері.

Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы

Еріндік дауыстылар – еріннің алға қарай сүйірленіп, дөңгеленіп тартылуы арқылы жасалған дауыстылар

Езулік дауыстылар - еріннің артқа қарай, ерінге тартылуы арқылы жасалған дауыстылар

Инлаут – сөз ортасы

Консонантизм – дауыссыз дыбыстар жүйесі

Лингвальдық сингармонизм - дауысты дыбыстардың тілдің қатысы жағынан өз ара үндесуі.

Лабиальдық сингармонизм - ерін қатысы жағынан дауысты дыбыстардың бір-бірімен үндесуі.

Лабиоденталь дыбыс – тіс пен ерін дауыссыздары

Лебізді (немесе динамикалық) екпін лебізді (немесе динами-калықекпін - фонациялық ауаның қарқынымен (күшімен)
байланысты екпін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет