Ассимиляция (лат. аssimillatio - үндесу) – дыбыстардың комби-наторлық өзгеруі.
Ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы.
Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Аферезис элизияға қарама-
қарсы құбылыс.
Апокопа - кірме сөз соңында біздің тіліміздің заңдылығына сәйкес келмейтін екі дауыссыз дыбыстың тіркесі кезінде, оның
соңғысының түсіп қалуы
Аффрикат дыбыстар -актив және пассив дыбыстау мүшелері-нің толық ашылмауына байланысты пайда болатын
саңылаулық дауыссыз дыбыстар
Ашық буын - жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
Ашық буын - жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
Аккомодация (лат. accomadatіo - бейімделу) - морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-
біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы.