Дүрмекке еріп – көпшіліктің соңынан еріп.
Астында аяқ артары бар – жағдай бар, мінерге көлігі бар, әлеуметтік жағдайы орташа адам.
Қанды қақпасы – нағыз ұрылардың мекені деген мағынада қолданған.
Қанжығаға бөктерген айтақшыл уақыт – бұл Кеңес үкіметі кезіндегі бір-бірін ұстап беріп, бір-біріне айтақтап айдап салатын заманның келбеті.
Елдің сойыл соғары. Сойыл – қару ретінде ыңғайлыетіп, жонып жасалған мықты, ұзын ағаш [17, 556]. Бұл жерде біреудің шашбауын көтеруші, өзін сөйлеуші деген мағынада жұмсалған.
Тыз етпе ашу – аз ғана уақытша ашу.
Ата қазған жерошақ – бағзыдан ата-баба тұрып келе жатқан атамекен.
Тас түйін мінез – қатулы, жабық мінез. Ешкімге сыр білдірмейтін, бәрі ішінде жүретін адам.
Ұмсына озу – ілгері қарай ұмтыла түсу, талпына түсіп озып өту.
Азулы азамат – өткір, тіс қаққан азамат.
Сытыла озып – топ аттың ішінен сытыла шығып, бөлектене шығып озу.
Қанға бөгіп – қансырау, қанның астында қалу.
Қыршын өмір – жас ғұмыр.
Қара жүрек – теріс ниетті, жамандыққа құштар адам.
Сүйегін арулап – қайтыс болған адамның сүйегін ақ кебінге орап қою.
Оққа байлап беру – атып кетті.
Жоғарыда повестегі тіркесті ұғымдардың бірнешеуі ғана берілген. Осыдан ақ жазушы тілінің қаншалықты шешен екендігіне көзіміз жетті.Және сөз тіркестерінің ішінде жазушының өзіне ғана тән, өзі жасаған тіркестерді де ұшыратуға болады.
Келесі кезекте Оралхан Бөкедйің «Көк тайынша» атты шағын әңгімесіндегі тіркесті ұғымдарды теріп жазып, оларды құрылымдық жағынан, мағыналық тұрғыдан: есімді тіркес, етістікті тіркес және тұрақты тіркес деп бөліп қарастырдық. Төменде 1-кестеде көрсетілген.