«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы»



бет3/10
Дата25.04.2023
өлшемі79,27 Kb.
#86518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
О.Бөкей шығармаларындағы тіркескен ұғым атауларының сипаты (5) (1) (копия) (копия)

Қосарлану тәсілі – екі сөздің бір-біріне қосақталып, біртұтас мағыналы сөз жасайтын тәсілі. Бұндай сөздер қазіргі тілімізде қос сөздер деп аталады. Қосарлау арқылы қос сөз жасау үшін оның сыңарларының екеуі де бір сөз табынан болуы міндетті шарт (ата-ана, аяқ-табақ, жақсы-жаман, айтып-айтпай т.б.). Мұндай сөздердің сыңарлары мағыналас сөздерден де бола береді (сауыт-сайман, үлгі-өнеге, өсек-аяң т.б.).
Аналитикалық тәсілдің тіркестіру тәсілі де өте өнімді. Бұлар тілде бөлек жазылып қалыптасқанмен, сыңарлары мағына дербестігін жоғалтып, біртұтас мағына беретін болып қалыптасқан (қызыл ала. Суық торғай, су жылан, елу бес т.б.).
Қысқарту тәсілі – біздің тілімізде бұрын тек адам аттарына ғана байланысты қолданылған, қазір де қолданылады (Сәке, Жұмеке, Сераға т.б.). Кеңес дәуірі тұсында күрделі атауларды қысқартып қолдану орыс тілінің әсерімен енді. Ал қазір бұл да қолданыста (ҚазҰУ, АҚШ, ҚМУ т.б.).
Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Нақтырақ айтқанда, қолданыс барысында сөз бұрынғы мағынасының үстіне жаңа мағына қосып алады да, сол мағынада да қолданыла бастайды. Мұны тілде көпмағыналалық (полисемия) деп атайды. Мұндай сөздердің бір тобы бара-бара бастапқы мағынасынан тіпті ажырап, омоним дәрежесіне жетеді.
Сондай-ақ, лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға ие болуы ол сөздің басқа сөз табына ауысуына да әкелуі мүмкін. Ондай құбылысты тілде конверсия деп атайды. Тілдегі субстантивтену (заттану), адъективтену (сын есімге ауысу), т.б. құбылыстар осыған жатады.
Сонымен, сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам процесіне жатады.
1.2 Аналитикалық сөзжасам сипаты

Қазақ тілінің сөзжасамында аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер кең қолданылады. Арнайы бұл тәсілді зерттеу барысында кандидаттық диссертацияны «Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздер» қорғаған Г.Қ. Абдирасилованың [36] еңбегінде аналитикалық тәсіл синтаксистік тәсіл деп аталып, оның негізгі түрлері сипатталады: «сөзжасамның аналитикалық немесе синтаксистік тәсіліне сөздерді (әр тұлғадағы түбірлерді) біріктіру, қосарлау тіркестіру арқылы жаңа сөз жасау процессін жатқызып жүрміз.


Ғалым өз еңбегінде, аналитикалық тәсілді және сол тәсіл арқылы пайда болған біріккен, қосарланған тіркесті (күрделі) сөздер жатқызылады.
Аналитикалық тәсіл ретінде қарастырылып жүрген сөзжасам амалдары жөніндегі осы саланы арнайы зерттеп жүрген ғалымдарымыздың пікірлері әр уақытта сәйкесе бермейді. Оны белгілі тілші ғалымдардың мына төмендегі жазғандары анық көрсетеді.
«Тілдегі, тілдік процестегі себеп-салдарлық құбылыс, байланыстарға мән бере бермегендіктен кейде сөзжасамның бұл тәсіліне біріккен, кіріккен сөздер, қосарланған, қайталанған сөздер, тіркесті (күрделі) сөздер жатқызылады. Бұлар яғни, біріккен (кіріккен) сөздер, қос сөздер, тіркескен сөздер сөзжасам тәсілі емес, сол сөзжасам тәсілі (аналитикалық немесе синтаксистік) негізінде пайда болған нәтиже яғни жаңа туындылар, олар біріктіру процесі арқылы, қосарлану я қайталану, тіркестіру нәтижесінде туған тілдік единицалар. Сондықтан бұл екі түрлі тілдік құбылысты бір-бірімен шатастыруға болмайды. Соған қарамастан грамматикаларда бұлар күрделі сөздер және оның түрлері ретінде беріледі» - деп жазады тілші ғалым С.Исаев [28].
Соған қарамастан грамматикаларға сөзжасам процессі ретінде емес, күрделі сөз ретінде, яғни белгілі бір тілдік амалдардың нәтижесінде жасалып қойған тілдік бірлік ретінде беріледі. Сондықтан олар грамматикаларда сөзжасам процессі ретінде емес, күрделі сөз ретінде және оның құрамдық компоненттерінің семантикалық, грамматикалық сөзжасам процессі ретінде емес, күрделі сөз ретінде яғни белгілі бір тілдік амалдардың нәтижесінде жасалып қойған тілдік бірлік ретінде беріледі.
Олар грамматикаларда сөзжасам процессі ретінде емес, күрделі сөз ретінде және оның құрамдық компоненттерінің семантикалық, грамматикалық жағынан ара қатынасы мен ерекшеліктері ретінде қаралып отырады.
Сөздерді (екі я одан да көп сөзді) біріктіру арқылы жаңа мағыналы күрделі сөз тудыру синтаксистік тәсілдің бір жолы болып саналады.
«Қазақ грамматикасында» «Біріккен сөздер» дүние жүзіндегі тілдерге өте кең тараған. Олардың аналитикалық тәсіл арқылы жасалатыны да ғылымда әбден танылған - дейді [10,253]. Және «Қос тілдік аналитикалық тәсілінің қосарлама тәсілі арқылы жасалады» (256- б.) - деп жазады[10, 256]. Бұл енбектің сөзжасам бөлігін жазған тілшіморфолог ғалым Н. Оралбаева [10].
Kөpiп отырғанымыздай, сөзжасам мәселелерін арнайы зерттеген белгілі тілші ғалымдардың пікірлері бip арнаға тоғыса бермейді. Тіл білімінде бұл мәселе әлi де жан-жақты зерттеліп,ғалымдар бір ортақ пiкipгe келе жатар.
"Қазақ грамматикасы” авторлар ұжымы жазған А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғылыми кеңесі ұсынған академиялык еңбек болғандықтан 1)сөзқосым; 2) қосарлау; 3) тipкecmipy; 4) қысқарту тәсілдерін біз осы еңбек негізінде аналитикалық тәсілдің құрамында қарастырып, сала мамандарына ұсынып отырмыз.
Сөз тудырудың аналитикалық тәсілі сөздерді біріктіру, қосарлану, тіркестіру арқылы көрінеді де, сөзжасам проблемасының шеңберіне еніп, оныңбipтәсілі болып табылады. Яғни бұл тәсіл сөздерді бipiктipу, сөздерді қосарлау, сездерді тipкecтipу жолдары арқылы icкe асады. Сөйтіп барып, жаңа мағыналы сөз, жаңа ұғымның атау қажеттігі туып, тілдің сөздікқұрамы дамып, оныңқатары өpicтейтүседі, байи түседі. Бұл бip, ол - тілдік құбылыстың басты, мәнді ерекшелігі. Екіншіден, осы жолдар арқылы жасалған жаңа туындылар морфологиялық құрамы жағынан (грамматикалык сипаты) курделі сөздер тобына жатады. Күрделі сөздердің лексика- грамматикалық сипаты жағынан әрқайсысының жасалу жолы, құрамдық-тұлғалық ерекшеліктері бар: қандай сөздер(мағыналық және тұлғалық-құрамдық, қатысты ерекшеліктеріндегі және грамматикалық топтағы) бip-бipiмeн бipiгедi, немесе қосарланады, немесе тіркеседі т.б. Айталық, зат eciммен зат eciм (белбеу - бел бау), сын eciммен зат eciм (ашудас - ащы mac),есімдік пен зат eciм(бүгін - бұл күн) т.б. бipiкce, мағыналары бip-бipiнe жақын синонимдес немесе мағыналары бip-бipiнe қарама-қайшы антонимдес сөздер біріңғай мәнде қосарланады: аға-iнi, үлкен-кіші, ыдыс-аяқ, т.б.[36].
Н. Оралбаева сөзжасамның аналитикалық тәсілі жайында тың пікірді білдірген. Ғалым өзінің «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктін аналитикалық формасы» атты докторлық диссертациясында күрделі сөздер тобын сөзжасамның нысаны екенін дәлелдеді.
Осы еңбегінде Н. Оралбаева, тіркесу жолымен жасалған сөздердің сөз тіркестерінен 4 түрлі айырмашылығын атап көрсетті: «1) сөз тіркесі кем дегенде екі сыңардан туып, соған сәйкес екі лексикалық мағынаны білдіреді; 2) күрделі сөз тіркесінің сөйлемдегі 3 жеке бір сыңары – сөз ретінде қатысады. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлы сөйлемдегі басқа сөздермен сөз тіркесін жасай алмайды, күрделі сөз тұтас күйінде басқа қызмет атқарады», - деген тұжырым жасайды.
Тілші, сонымен, сөз тіркесінің құрамы тұрақсыз екенін дәлелдейді.
Н. Оралбаева сөзжасамның аналитикалық тәсілі туралы былай дейді «Қанша ғасыр өтсе де, тілде аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау үзбей жалғасып кете жатуымен байланысты қазақ тілінің сөздік байлығы толығуда, ол қазір қолданыс аясын кеңітіп, сөздік қордың барлық саласынан орын алды [37,35-38].
Аналитикалық тәсіл – күрделі туынды аталып жасалудың ұстанымы емес, ұғымды бірнеше сөздердің тіркесі арқылы таңбалау, курделі құрылымдық жүйенің дара бірлік ретінде қалыптасуы, әр түрлі мағынаны білдіретін тіркестер, бip номинативті мағына беретін тұлға ретінде жаңа қызметте жұмсалуы, сөйтіп, біртұтас тұрақты мағынаға ие болып, лексема ретінде қалыптасуы, тілдегі сөз тipкecтepiнiң мағыналық жағынан өзгеріске түсуі, тілдің семантикалық даму заңдылығына сәйкес жүреді. Олардың курделі сөзге айналуы – сөзжасамның нәтижесі. Мысалы, шыбынжан, қантөгіс, қанмайдан (қиян-кескіұрыс), қансорғыш (қанаушы), қолжаулық(бipeyдіңқолшоқпары болу), қыз ойнақ (ойын-сауық, көңілкөтеру), мойын cepiк(ұжым болып, бipiгin жұмыс icmeу) [29,13].
Күрделі сөздерді профессор А.Ысқақов морфология саласында зерттейді. Ғалым қазақ тіліндегі күрделі сөздерді сыртқы кескінтұрпатына қарай: біріккен, қосарланған, тіркескен (қосарлама) [19] деп бөледі. Ғылым – «тіркескен» термин сөзді алғаш қолданушылардың бірі. Себебі зерттеуші тіркесті күрделі сөздердің табиғаты басқаларынан сыртқы тұрпаты өзгеше екенін байқаған. Әсіресе ол күрделі сындар, күрделі сандар мен күрделі етістіктерге тән қасиет. Мысалы, қызыл ала, қара сұр, он бес, қырық жеті, келіп кет, ала шық, қайтып кел, т.б.
Тіл білімінде күрделі сөздерге қатысты терминдер жайында түрлі көзқарастар бар. Мәселен, күрделі сөз (сложное слово) және құранды сөз (составное слово) бе? Мұндай әр түрлі көзқарас, әр түрлі терминдік аталым түркітануға, соның ішінде қазақ тіл біліміне де қатысты. А.И. Моисеевтің айтуынша, «күрделі сөз», «құрама сөздер» терминдері бір-бірінің дублеті, не жақын синонимдері болмайды, себебі әрбіреуінің өзінің жеке мазмұны бар [38].
Тілші бұл дәйектемеде жалпы лингвистикалық еңбектер мен сөздердіктерде күрделі сөздердің аталуы аталуы мен берілуіне байланыстыөз көзқарасын білдіреді. Бұның өзі осы уақытқа дейін бірізді қалыптасқан анықтама мен терминнің жоқтығын көрсетсе, екіншіден, ол күрделі сөздердің өзіне ұқсас сөз тіркестерінен қандай айырмашылығы бар деген сауалға әкелетіні сөзсіз. Мысалы, алтынкүрек (жел), алтын қасық (тіркес), темірқазық (шоқжұлдыз),темір қазық (тіркес), ақсақал (қария), ақ сақал (тіркес), алақоржын (тышқан), ала қоржын (тіркес), т.б.
Шындығында, негізгі пікірталас индоевропа тілдерінде сөзқосым ба деген мәселе, тек термин жағынан ғана емес,осы екі терминнің біреуін таңдау – нақтылы тұжырымдаманы (концепцияны) анықтауды міндеттейді және ол бір жағдайда – сөзқосым, екіншісінде, негізқосым болу да мүмкін деп дәлелдейді белгілі ғалым К.А. Левковская [39].
А.М. Смирницкий герман тілдеріндегі күрделі зат есімдердің құрыдымына талдау жасай келе, күрделі зат есімдердің бірінші сыңары «тұтас тұлғаланбай» сөз болмайды деген көзқарасты ұсынады. Сонымен қатар, А.И. Смирницкий күрделі сөздің екінші сыңары көп жағдайда морфологиялық дербестігін сақтағанмен, ол жеке сөз ретінде қаралуы тиісті емес дейді. Сөйтіп, ғалымның ұстаған бағыты күрделі сөздерді сөзқосым емес, негізқосым деп тануға меңзейтін сияқты. Оны мына тұжырымнан анық көруге болады: барлық күрделі сөзді негіздердің қосымы демей қарастыратын болды [40].
Бірақ біраз ғалымдар тарапынан бұл пікір сынға түсті де, көпшілік тілшілер «сөзқосым» терминін қуаттады. Осы мәселе жөнінде М.Д. Степанова ортақ келісімге, пікірге әрекет жасайды. Ғалым өзінің докторлық диссертациясында күрделі сөзді айырудың екі морфологиялық белгісін ұсынады. Ғалымның пайымдауынша: 1) тек негіздерден жасалған күрделі сөздер (мысалы, адамзат айбалта, т.б.); сыңарлы аффиксоидтардың қатысуымен қалыптасқан күрделі сөздер (мысалы, елтану, емхана, т.б.) [41]. Әрине, күрделі сөздердің құрылымын былай талдау, сөзқосыммен жасалған біріккен сөздердің өзін бөлшектеп, оның екі типі бар деген ұғымды ұсынғанын көреміз. Бұл жерде аффиксоидтармен жасалған сөздер бүгінгі таңда күрделі сөзге жатар ма екен, оны қазір лингвистика сөзжасамның синтетикалық тәсіліне жатқызып жүр. Тілде аффиксоидтардың жалпылық мән алып, жұрнақтардың дәрежесіне көшкен сөздер.
Аналитикалық тәсілдің тіркестіру түрі де өте өнімді. Тіркестіру тәсілінде күрделі сөз екі дербес сөзден жасалады. Тіркестіру тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздердің сыңарлары тілде бөлек жазылып қалыптасқан. Олар тіркесті күрделі сөздер деп аталады. Тіркесті күрделі сөздердің сыңарлары емле бойынша бөлек жазылып қалыптасқанымен, сыңарлары мағына дербестігін жоғалтып, біртұтас мағына білдіреді. Мысалы, қызылмен ғана, тектес емес, қызылмен басқа түс араласқан түс, сондықтан ол қызыл ала аталған Тоқпақ – жіліктің бір түрінің аты, суық торғай – торғайдың бір түрінің аты, су жылан – жыланның суда жүретін түрінің аты, елу бес, алтымның отыз бес, қырық алты деген күрделі сөздер 3 түрлі санның аттары. Тіркестіру арқылы жасалған күрделі сандардың жоғарыдағы мысалдарда құрамдары түрлі болғанына қарамастан, олардың әр қайсысы бір ғана лексикалық мағына беріп, бір сөз болып саналады, бір сөздің қызметін атқарады. Басқа тілдерде мұндай біртұтас мағыналы аталымдар бірге жазылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет