«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы»


Сарсыған су, таптанды шөп



бет8/10
Дата25.04.2023
өлшемі79,27 Kb.
#86518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сарсыған су, таптанды шөп – біраз тұрып қалған су, мал астына тапталып қалған шөп.
Місе тұтпаубарға қанағат етпеді, риза болмады.
Асыл дүниелердің көкжиегі – әкесінің арманының шегін елсетете алмайтынмын дегенді көкжиегін білметйнімні деп қолданады.
Асқарлы тұлғасыәкесінің биік тұлғасын, өр тұлғасын сипаттайды.
Салқар сана. Салқар – кең, мол, шалқар[17, 702]. Яғни ержеткен соң санам да өсті дегенді меңзейді.
Кетік қара шал. Кетік – ауысп. кемшілік, олқылық, жетімсіздік [17, 392]. Сонда кетік шал деп тұрғаны жай қарапайым шал-шауқан дегенді білдіреді.
Жігіттің марқасқасынағыз жігіт, жігіттің төресі.
Ұшпа қара тас. Ұшпа – ауысп. жеңіл, жұқа [17, 864]. Сонда ұсақ, жұқа қара тасты айтады.
Самарқау айтты. Самарқау – 1. Жай, баяу, жайбарақат.2.Енжар, керенау, селқос [17, 706].
Айылды төстей тарту. Яғни атты ұзақ жолға шығу үшін қайта ерттеу.
Шымқай таза аспанның меңіндей қарақұс. Бұл тіркесте бейнелі түрде тап-таза аспанда қалықтап бара жатқан қара құсты адамның тап-таза бетіне біткен меңге теңейді.
Бел жазып отыру – біраз отырып тынығып, демалу.
Талай таптаған сүрлеуі – бұған дейін де бірнеше рет жүріп өткен жолы.
Уыз езуі бошалаң – бала өзінің әлі ештеңе көрмеген, өмірден тәжірибесі жоқ екенін айту үшін осы тіркесті қолданады. Яғни әлі аузынан уызы кеппен бала екені, дәрменсіз екенін жеткізеді.
Тым бұйығы. Бұйығы – ұяң, жуас, момын [17, 150]. Әкесінің мінезін сипттауда осы тіркесті қолданады.
Қабағын кіреукелендіріп – қабағын түйіп дегенді образды түрде осылай береді.
Аңғырттықтың құрбаны. Жастық шақта аңқаулықтан жіберген қателік дегенді меңзейді.
Сіңірі шыққан қара сирақ кедей – жағдайы өте төмен, нашар тұратын кедей адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет