Байланысты: О.Бөкей шығармаларындағы тіркескен ұғым атауларының сипаты (5) (1) (копия) (копия)
2 Сөздердің тіркескен ұғым атауларының сипаты 2.1 Тіркескен сөздері
Тіркескен сөз – екі немесе көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі.
Тіркескен сөздер 5 түрлі жолмен жасалады.
1.Күрделі зат есім.Мысалы, Алматы қаласы-мәдениет сарайы.
2.Күрделі сын есім.Мысалы,қара кер, бидай өңді, ұзын бойлы т.б. 3.Күрделі сан есім.Мысалы, он бес, екі жүз сексен т.б.
4.Күрделі етістік.Мысалы, келіп отыр, деп айтты т.б. 5.Күрделі үстеу.Мысалы, күні бойы, ала жаздай т.б. Тіркескен сөздің екі түрі бар:
1.Еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға болады. Мысалы, оқып отыр, оқып жүр т.б. 2.Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген сөздердің орындары бұлжымайтындай аса берік. Мұндағы сөздердің орнын ауыстыруға да, өзгертуге де болмайды. Бір тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз аударуға да болмайды. Мағыналық жағынан бұл тіркес бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздер бірігіп, бір ғана мағына береді.Мысалы, қас пен көздің арасында (тез) деген тіркесті кірпік пен көздің арасында десек „тез” деген мағынаны бермейді.Түйе үстінен сирақ үйіткенде деген тұрақты „илікпейтін, икемсіз” деген мағынаны білдіреді.
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.
И.П. Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағанымен, «Простое предложение» деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен» - деп тұжырым жасайды зерттеуші Түймебаева Н. [5, 10.] Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда әрбір етістіктің мағыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу, бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу т.б. етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дәлелдеген. Ал қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автордың «Определение» деген бөліміндегі мынадай мысалдар: «ақ тас – белый камень; жақсы кісі – хороший человек; үшінші жыл – третий год» дегенде сөздердің қатар келіп, орналасатынын сөз етеді. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ойлауға болады.
Сонымен қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерге сөз тіркесі, оның байланысы формалары жалпы болса да айқын жіктелмей келді.
«Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек ұлы қазаң төңкерісінен кейін, онда да 1930 жылдан бастап сөз бола бастады» деп тұжырымдайды Сайрамбаев Т. [6, 4-5.]
Мұны ең алдымен Қ. Жұбанов сияқты ғалымдарымыздың еңбектерінен айқын көруге болады. Ал Қ.Басымовтың «Сөйлем мүшелері туралы»,«Пысықтауыш» т.б. мақалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын ғана сөз еткені болмаса, олардың басқа байланысу формаларына арнайы тоқталмаған.
Сөз тіркесі туралы мағлұмат мектеп грамматикаларында тек 1939 жылы беріле бастады. Бұл ретте С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев т.б. еңбектерін атауға болады.
Әрине онда дәл қазіргідей сөз тіркестері деп аталмағанмен, әркім өзінше сөздер тізбегі, сөздердің қарым-қатынасы, сөздердің байланысы деп көп уақытқа дейін әртүрлі айтып келгені белгілі.
Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С. Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы тоқталғандығы белгілі. Онда автор «Сөйлем мүшелелерінің өзара қарым-қатынастары» деп оларды беске бөліп қарастырады: қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру - меңгерілу және бесінші етіп сөйлем мүшелерінің орын тәртібін де осыған енгізеді. Автордың алғашқы төрт түрін қостағанмен бесіншіні, яғни «сөйлем мүшелерінің орындары» дегеніне қосылуға болмайды.
Бұл еңбек 1950 жылы түзетіліп қайтадан басылды. Онда арнайы түрде сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) қарым-қатынасы, меңгерілу, қабысу және жанасу деп төртке бөліп дәлелдейді:
Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1930 жылы Т. Сауранбаев, С. Аманжолов бірігіп жазған «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде біраз тоқталған. [7, 58.] Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерін «синтаксистік қатынастар» деп атай отырып, оларды субъекті, предикаттық, объектілік атрибуттық және сипаттауыштық қатынас деп бірнеше түрге бөледі.
Автор бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынасты субъекті предикаттық деп атаса, ал пысықтауыш сөздердің етістікпен байланысын объектілік, ал анықтауыш пен анықталатын мүшелерінің байланысын атрибуттық қатынас деп бөледі. Сол сияқты бұлардан өзгеше изафеттік құбылысты өз алдына қарастырып, оның өзіндік жасалу жолын дұрыс көрсетеді. Бұдан кейінгі шыққан «Қазақ тілі» еңбегінде сөз тіркестерін қиыса меңгеріле, қабыса және жанаса байланысатынын айтады. Жай сөйлемге енген сөздердің бір-бірімен өздерінің орын тәртібі, интонация, қосымшалар, шылаулар арқылы байланысу жолдарына тоқталады.
С. Жиенбаев «Синтаксис мәселелері» деген еңбегінде сөйлем мүшелерінің байланысу формалары туралы арнайы сөз етпейді. Онда автор «жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі» - деп сөз тіркесінің синтаксисін жеке қарастырмайды. Алайда ол еңбектің «синтаксистік кейбір мәселелері туралы» деген бөлімінде «Қиысу туралы» арнайы тоқталып, өзіндік тұжырымдар жасайды. Мұның өзі авторлардың бұл мәселеге аз да болса көңіл аударғандығын аңғартады. Ал «сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы» деген бөлімінде автор байланысу формаларынан гөрі байланысу амалдарына назар аударғысы келеді. [8, 34.]
Бұл еңбектерде сөз тіркесі айтылғанымен олардың толып жатқан заңдылықтары, атап айтқанда байланысу формалары мен амалдары, түрлері, оның синтаксистік қатынастары арнайы сөз болып қозғалмайды. Бұл жөнінде жалпы түркология, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптеген жұмыстар жазылып және одан әрі зерттеліп жатқаны да белгілі.
Жалпы сөз тіркестерін зерттеу тек 1950 жылдардан кейінгі уақытта ғана бір жүйеге келе бастады.
Отандық тіл ғылымында сөз тіркесі синтаксисі мәселесі жөнінде Н.К. Дмитриевтің, А.Н. Кононовтың, Е.И. Убрятовалардың еңбектері жарық көрді. Олар қиыса, қабыса және меңгеріле байланысқан сөз тіркестері түрінде сипаттайды. Қазақ тілі білімінде сөз тіркесі (сөйлем мүшелерінің байланысы) 1950 жылдарға шейін тек мектеп грамматикаларының көлемінде айтылып келеді. Онда да сөз тіркесінде толық анықтама беріп оның түрлі жақтарын егжей-тегжейіне дейін зерттеген ешкім болған емес. Сөз тіркесінің зерттелуі тек кейінгі кездің жемісі болып отыр.
Сол туралы А.Л. Коклятова: «Сөздердің байланысы септікті және шылаулы тіркестер мен анықтауышты конструкциялар түркі тілдерінде әлдеқашан қолға алынған болатын» деген еді. Алайда арнаулы зерттеулер тек қазір пайда бола бастады. Соның бірі – профессор М. Балақаевтың «Основные типы словосочетаний в Казахском языке» деген еңбегі. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері, есімді, етісті сөз тіркестерін шылаулы меңгеру мен септікті меңгеру сияқты көптеген мәселелерін жан-жақты дұрыс көрсетеді» деген болатын.
М. Балақаевтың еңбегі түркі тілдерінде сөз тіркестері туралы – бірінші туынды мұнда автор сөз тіркестерінің көптеген теориялық мәселелерін жан-жақты ашып берді. Негізінде сөз тіркестері туралы жалпы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде профессор М.Балақаевтың еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады.
М. Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті етіп екіге бөліп, оның әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін олардың басыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз таптарынан болатындығын және ондай кездегі тіркесу қабілетін дұрыс қорытындылайды. [9, 92.]
Сол сияқты автор бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалдарын және олардың синтаксистік қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркестерін байланысу формаларына қарай қабысу, қиысу, меңгеру және матасу деп төртке бөліп қарастырады.
Осы күнге дейінгі және осы кездегі көптеген түркі тіліндегі еңбектерде байланысу формаларын дәл орыс тіл біліміндегідей үшке бөліп берушілік басым болып келеді. Әрине, мұндай жағдайда әрбір тілдің өзіндік ерекшелігіне қарау керектігі айқын. Осы тұрғыдан алғанда профессор М. Балақаев басқа тілдерге қарағанда қазақ тілінде төрт түріне матасу деген байланысу формаларын енгізеді. Мұндай бөлудің өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне сай дұрыс алынуы практикада айқын байқалып жүр. Сөз тіркестерін сөйлемнен ажырату – жалпы тіл білімінде негізгі мәселелердің бірі. Алдымен сөз тіркесі дегеніміздің өзін ашып, оның не екенін түсінуіміз керек. Бұл жердегі негізгі мәселе мынада:
Сөз тіркесіне синтаксистік топ құрайтын барлық сөздердің тіркесін жатқызамыз ба, әлде предикативті қатынасты да жатқызамыз ба?
Осы негізде кейбір ғалымдар, мысалы: Фортунатов, Пешковский т.б. толық мағынасы бар грамматикалық тіркестердің барлық түрін сөз тіркесіне жатқызамыз дейді. Фортунатовтың пікірі бойынша, сөйлем, дегеніміз сөз тіркесінің бір түрі (разновидность), көрінісі. Бұлардың пікірінше, сөйлем мен сөз тіркесінің ешбір айырмашылығы болмайды.
Керісінше, кейбір ғалымдар Буслаев, Потебня, Шахматов т.б. сөз тіркесін жоққа шығарады. Олардың пікірі бойынша, негізгі етіліп сөйлемнің теориясы және сөйлемнің мүшелері алынады. Сөйтіп сөз тіркесі туралы мәселе тек түркі тілдерінде ғана емес, басқа тілдерде де түрліше қаралды.
Сөз тілдік единица болып табылады. Ол морфология, лексикология, семасиологияның объектісі бола отырып, сөз тіркесіне де қатысты. Өйткені ол сөз тіркесіне де сөйлемге де негіз болады. Оларсыз жалпы сөйлем құрылмаған да болар еді. Сөз, негізінде, сөз тіркесін құруға негіз болса, сөз де, сөз тіркесі де бірімен-бірі тығыз байланысты. Сол сөздерді бірімен-бірі тіркестіріп, оны жетілдіре түсу ыңғайында ғана келесі біреуге ойымызды толық жеткізуге болады.
Профессор М. Балақаев сөзді тілдік единица ретінде лексикология, семасиология, стилистика, сөз таптары және сөйлем мүшесінің де объектісі ретінде зерттеді. Сонда сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі немесе одан да көп сөзден құралады да, олар біріне-бірі бағына байланысады екен. Сөйтіп, сөз тіркесі мен сөйлем синтаксистік категория. Бұл екеуі тығыз байланысты. Бірақ кейбір ұқсастықтары болғанымен әрқайсысының өзіндік объектілері бар.
Негізінде бұлардың айырмашылықтары көптеген еңбектерде айтылып келеді.