Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім және тәрбие беру жүйесі


Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері



бет2/11
Дата07.01.2022
өлшемі64,93 Kb.
#17705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.1. Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері.




Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр – салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Міне, осыған орай, Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін еске түсірген жөн. Олар:



  • жеке адамның рухани және күш қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік, негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

  • азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның хұқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

  • Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

  • Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;

  • қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып – үйрену үшін жағдайлар жасау.

Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін іске асыруда кейбір факторлардың ықпалын ескерген жөн. Олардың бірі – қоғамдық өндірістің дамуы және оның ғылыми – техникалық негіздерін жетілдіру. Қоғамдық өндірістің үдемелі ғылыми – техникалық деңгейін көтеру жеке адамның және техникалық білім алу сапасына барынша ықпал жасайды, білім беру жүйесін жоғары сатыға көтереді және үнемі дамытуды талап етеді.

Осыған орай, егеменді Қазақстан жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін мекемелер желісінің ұлғая түсерікәсіптік – техникалық, арнайы орта және жоғары оқу орындарының жаппай мамандар дайындау жөніндегі ролі одан әрі арта беруі тиіс.

Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларға тиісті дайындықпен мектепке оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасына және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата – аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді.

Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:



  1. Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі.

Бұл принципке сай Қазақстан Республикасының әрбір азаматы әлеуметтік және мүлік жағдайына, ұлтына, жынысына, тіліне, ұстайтын дініне қарамастан білім алуға құқы бар.

  1. Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызметттерінің теңдігі.

Әр түрлі үлгідегі білім беру мекемелерінің бітірушілеріне қойылатын талаптардың қажетті ең аз деңгейін анықтайтын мемлекеттік стандарттарды республика үкіметі жасап бекітеді.

  1. Меншік түрлері, қызмет ету бағыттары, тәрбие беру мен оқыту түрлері бойынша білім беру мекемелерінің әр түрлі болуы (мемлекеттік, жеке меншіктік және аралас болуы мүмкін).

  2. Білім беру процесінің осы саладағы сатылардың сабақтастығын қамтамасыз ететін үздіксіздігі.

Бұл барлық білім беру саласындағы мекемелерде, әсіресе бастауыш, орталау және орта мектептерде білім берудің сабақтастығын соған байланысты қисындылық бірізділігі мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.

  1. Білім берудің ғылыми сипаты, құқылық және экономикалық бағыты.

Ғылымның, техниканың, мәдениеттің жаңа табыстарының негізінде білім беруді ғылыми бағытта үнемі жетілдіру. Білім беру мекемесі заңды ұйым, оның өзіндік мүлік болады, өз атынан мүліктік емес, құқыққа ие болады. Білім беру мекемесі айналадағы табиғи ортаны қорғайды, оның үнемі жақсарып отыруына белсенді көмектеседі.

  1. Білім берудің озыңқы дамуы.

Халық шаруашылығының барлық салаларының жетілуі білім берудің озыңқы дамуына байланысты. Білім беру ісі неғұрлым ғылым негізінде тиімді ұйымдастырылса, өндіргіш күштердің халықтың материалдық жағдайының дамылсыз өсуіне игі әсер етеді.

  1. Білім беру жүйесіндегі басқару демократизмі.

Халыққа білім беру ісінің шешуші шарттарының бірі демократиялық жолмен басқару. Демократияландыру – бұл білім беру мекемелердің ведомствалардан, жергілікті мұқтаждықтардан құтылып, қоғамның және жеке адамның мүддесіне бет бұруы, қоғамдық күштерді білім беру ісін басқаруға қатысуы. Білім беру мекемелері мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім алу жөніндегі тілектерін орындайды.

  1. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің зиялылық сипаты.

Барлық оқу орындарында және халық арасында оқыту мен тәрбиенің зиялылығын сипаттау, табиғат құбылыстарын, қоғамдық өмірді ғылыми – материалистік көзқарас негізінде түсіндіру, халық мәдениетіне зиян келтіретін ымырашылықпен, жоққа нанушылықпен күресу.

  1. Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және идеологиялық ықпалдан білім берудің тәуелсіздігі.

Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикалық Білім министрлігі, оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты жүзеге асырады. Барлық білім беру мекемелері ешқандай партияның бірігушілер одағының саяси және идеологиялық ықпалын басшылыққа алмайды.

Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған.

Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.

XIX ғасырдық аяқ кезінде "қазақ мектептері қандай болу керек" деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды.

Бірі - бұратана халықты шала сауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздейтін миссионерлер (Н.И.Ильминский, т.б.), ал екіншісі – орыс халқының прогрессивті озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы "Өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеру қажет"- дейтін қазақ ағартушылары (Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев) еді. Оқытудық жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отар-шылдық орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес үлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим-ескі діни араб оқуы, ал жәдид-жаңа араб әрпімен дүние үй білім беру) бір-біріне қарама-қарсы айдап салу арқылы ұлттың сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілерді, "қүдайға күпірлік жасады" деп айыптап, олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды. Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардық бірі - Н.И.Ильминский. Жәдид ағымы мектеп, медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізу арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру, дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндетін атқаруды жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т.б. Осы мектептердің материалдық жағына көмектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет