Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары


Ашық, қара, бала, оқушы, биік, жатыр



бет6/13
Дата19.10.2023
өлшемі166 Kb.
#119492
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ашық, қара, бала, оқушы, биік, жатыр...
2. Екі сөзді салыстырып, кестенің екінші жағын толтыр:

«Кім? Не?» сұрағына жауап беретін сөздер

«Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздер

Асхана

Үлкен

Не? сұрағына жауап береді


Заттың атын білдіреді


Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын тұғызады және әр оқушының мемлекеттік стандартқа сай білім алуына кепілдік береді, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.
Аталған жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр бала әр тақырып бойынша бағаланады және ұстазға, сабақтан тыс уақытта оқушымен жұмыс істеу үшін, үлгерімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауға мүмкіндік туады:
- Оқушы өзі ізденеді, оқиды;
- Мұғалім дарын оқушылардың мүмкіншілігін ашады;
- Әр оқушы өзін –өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады;
- Оқушылар материалды толық игереді;
Оқушыны шығармашылық іс-әрекетке бейімдейтін, ақыл-ой өрісін дамытатын құрал- технология. Мысалы, математиканы технология әдісімен оқытуда орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар оқушының ойлауын дамытатын, есте сақтау қабілетін арттыратын болу тиіс. Бұл орайда деңгейлік тапсырмалардың атқаратын қызметі зор. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты- оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан – күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. Математиканы профессор Ж.А. Қараевтің технологиясы оқушының теориялық білімін нығайтып, оларды өздігінен іздендіре отырып, шығармашылық жұмысқа жетелейтін деңгейлік тапсырмалар арқылы беріледі.
Әр деңгейлі дифференциалды педагогикалық технологиямен оқыту барысының жүйесі:
1. Жаңа тақырыпты проблемалық әдіспен, ізденіс барысында түсіндіру.
2. Тест немесе диктант /10-15 мин/, тақырыптаң меңгерілуін тексеру
3. Жалпылама тест /барлық түрлерін қолдану/
4. Өздік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
5. Саралау сабағы, қатемен жұмыс.
6. Әр деңгейлі дифференциалды бақылау жұмысы.
7. Қорытынды бағалау, бағалау парағы.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді.Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) Алгоритмдік деңгей- мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей- оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей -оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Оқушы сабаққа бұрынғысынан тиянақты дайындалып, сабақ барысында ұпайлар жинауға тырысады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары.
1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.
2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.
Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет