ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы №1 (36)


ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы № 1 (36)



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата10.10.2022
өлшемі261,01 Kb.
#42190
1   2   3   4   5   6
ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы № 1 (36) 
58
Отандық психологияда «құндылық бағдарлар» түсінігі əр түрлі қарастырылады, бірақ та, 
С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, Д.Н. Узнадзелердің жəне 
басқа да психологтардың еңбектерінде қарастырылған, оның психологиялық тұтастылығын 
айқындайтын əлеуметтену мен жеке дербестік процесінде қалыптасатын тұлғаның қасиеттік 
жүйелік қалыптастырушы ретінде қарастырылады. 
Отандық психологияда, Б.Ф. Ломов «тұлға» түсінігі мағынасының əртүрлілігіне 
қарамастан, оның негізгі қасиетін бағыттылық деп келтіреді[4]. С.Л. Рубинштейн, А.Н. 
Леонтьев, Б.Г. Ананьев, Д.Н. Узнадзе жəне тағы басқалардың еңбектерінде бағыттылық 
тұлғаның жүйелі қалыптастыру қасиеті ретінде қарастырылады жəне оның барлық 
психологиялық қалыптасуын анықтайды. Б.Ф. Ломов бағыттылықты тұлғаның қоғамға 
беретіні жəне алатыны, оның дамуына қосатын үлесі ретінде қарастырады. В.П. Тугаринов 
«құндылықты бағыт» түсінігін кез келген құндылықтың тұлғаға бағытталғанын анықтаған 
болатын. В.Н. Мясищев тұлғалық мəнін заттық əлемге деген қарым-қатынас жиынтығы деп 
анықтайды, «Билеуші қатынас» тұлғаның бағыттылығына сəйкес жəне жеке өмірінің мəні 
туралы сұрақпен тікелей байланысты. Құндылықтардың тағы бір маңызды сипаттамасы бар 
– ол құндылықтардың идеалдармен байланысы. Бұл сипаттама көптеген жағдайларда 
құндылықтардың анықтамаларында кірістіріледі. Бұл жайында Е.В. Шорохов, И.С. Кон 
жəне тағы басқалар өз еңбектерінде айтып өткен. 
Тұлғаның құндылықтарын жəне құндылық бағдарларын зерттеуге арналған 
ықпалдардың негізгі ғылыми-теориялық талдауы бізге оларды əртүрлі бағыт бойынша 
орналастыруға шартты түрде мүмкіндік береді. Құндылық бағдарларға тұлғаның 
тұрақтылығын қамтамасыз ететін, оның бүкіл өмірін анықтайтын тұрақты бағыттар 
қалыптасқан.
Құндылықтардың тағы бір маңызды сипаттамасы бар – ол құндылықтардың 
идеалдармен байланысы. Бұл сипаттама көптеген жағдайларда құндылықтардың 
анықтамаларында кірістіріледі. Бұл жайында Е.В. Шорохов, И.С. Кон жəне т.б. өз 
еңбектерінде айтып өткен. Публицистикалық жəне көркем əдебиет бейнелері əлеуметтік 
зерттеулерде ең маңызды құндылықтардың тасушысы ретінде қолданылады. Дəл осылар 
мінез-құлықтың идеалды əдісінің, өмір сүрудің идеалды стилінің моделін ұғыну үшін үлгіні 
елестету құралы болып табылады. Бұл өте терең В.Е. Семенов жүргізген жəне соның қол 
астында 
жүргізілген 
эмпирикалық, 
əлеуметтік-психологиялық 
зерттеулерінде 
қарастырылған. Мұндай зерттеулердің маңыздылығын өз уақытында В. Шубкин де айтып 
өткен: «Адам іс-əрекетіне зейін қойып қараған адам, оның идеалды түрдегі тырысу, қалау 
жəне тағы сол сияқты болып көрінетінін байқамауы мүмкін емес. Осыған орай, адам іс-
əрекетінде ең жақын делдалсыз себеп ретінде материалды факторларды орталайтын идеалды 
факторлар болып табылады. Бұл идеалды əлемді, идеалды факторларды ғылым жəне 
өнермен талдау – адам мінез-құлығының заңдылықтарын түсіну үшін қажетті сілтеме болып 
табылады. Əлеуметтік психология өздеріне назарды аудартпауға болмас еді, себебі олар 
алғашында осындай бір идеалды факторлардың – тырысулар, қалаулар, қызығушылықтар
қажеттіліктер - ішінде ең болмаса біреуін сипаттауға батыл қадам қойған» [5]. 
Көп жағдайда құндылық бағыттарын «қажеттілік» жəне «мотив» деген ұғымдармен 
анықтайды. Е.И. Головахтың айтуынша, «қажеттіліктегі заттарды адам санасынан өткізе 
отырып, оның өмірлік құндылықтарының алғашқыларының бірі бола алады». Алайда, Д.А. 
Леонтьев қарама-қарсы көзқарасын ұсынды, ол «құндылықтар өзімшіл болмайды» деді. 
Оның айтуынша, қажеттілікке қарағанда, құндылықтар дəл сол мезетте шектеулі болмайды 
жəне іштей ештеңеге апармайды, тек сырттай тартады деген [6]. Яғни, орнату мен 
тұлғалық құндылық бағыттарын адамның кез келген əлеуметтік жағдайында қажеттіліктерін 
реттеп отырады.
Нарықтық-экономика психологиясының негізі – осы заман талабына сай экономикалық 
санының қалыптасуына байланысты. Бұл дегеніміз – адамның экономикалық шартты түрдегі 
іс-əрекеттері. Нарық экономикасы психолгогиясының көрінуі адам іс-əрекетінен білінеді. 
Мұның астарында экономикалық қарым-қатынастағы экономикалық санамен анықталатын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет