Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет31/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   386
Бактериальді фактор.
 
Патогенді микроорганизмдер іріңді 
аурулар, тері туберкулезі, лепра, лейшманиоздың, т.б. себебі 
болып табылады. Ал вирустар көпіршікті және белдеме теміреткі, 
өткірұшты кандилома, сүйел, контагиозды моллюскті туғызады. 
Патогенді 
саңырауқұлақтар
түрлі 
кератомикоз, 
дерматомикоз және терең микоздарды шақырады. 
Жануар паразиттері
(қышыма кенесі, сәйгел – овод) теріге 
еніп, сонда өсіп дамуы немесе шағу арқылы (бит, маса, кене, 
қандала) қышыну, тіпті пиодермияға әкелуі мүмкін. 
Эндогенді 
этиологиялық факторлар әралуан. Оларға ішкі 
ағзалардың аурулары, әсіресе бауыр, асқазан ішек жолдары, зат 
алмасудың, эндокриндік және нерв жүйесі, гемопоэз, тамыр 
жүйесі, бұзылыстары, генетикалық факторлар және т.б. 
жатады. 
Ішкі ағзалардың аурулары интоксикация, зат алмасу 
бұзылысы нәтижесінде және рефлекторлы тері мен ауыздың 
кілегей қабығында патологиялық өзгерістер туғызады. Сонымен 
қатар, 
ішкі 
ағзалардың 
патологиясы 
көбіне 
көптеген 
дерматоздардың патогенезінде басты рол атқаратын аллергиялық 
жағдай туғызады. 
Зат алмасу бұзылысы, әсіресе көмірсу, май, минерал, су 
алмасу бұзылыстары теріде сәйкес бұзылыстарға әкеледі. Бұл 
бұзылыстар 
дерматоздың 
себебі 
немесе 
патогенездік 
механизмдерінің 
бірі 
болады. 
Мысалы, 
гипергликемия 
фурункулезге, тері қышынуына, ал 
май алмасу бұзылысы
ксантома дамуына себеп болады. Сондай-ақ көптеген тері 
ауруларының дамуына гипо- не авитаминоздар, әсіресе А, С, РР, 
В тобы дәрумендеріне қатысты, маңызы зор. Мысалы, А дәрумені 
жетіспесе, фринодерма, РР дәрумені жетіспесе пеллагра дамиды. 
Кейде тері ауруы теріге патогенді агенттің гематогенді не 
лимфогенді жолмен түсуі нәтижесінде дамиды. Бұл қатерлі 


ісіктер мен туберкулез кезіндегі метастаз ретінде орын алуы 
мүмкін. Теріге патологиялық процесс жақын жатқан мүшеден 
таралуы 
мүмкін, 
мысалы 
лимфатикалық 
түйіндердің 
туберкулездік зақымдалуы кезінде теріге таралуы. 
Орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық аурулары да 
түрлі тері ауруларына әкелуі мүмкін. Мысалы, тесілген жаралар 
сирингомиелияда, алкогольдік невриттерде, ал трофикалық 
жаралар шонданай нервінің зақымдалуында болады. 
Жиі дерматоз пайда болуы мен ішкі секреция бездерінің 
қызметі бұзылуын байланыстырады. Классикалық мысалдарға 
қалқанша 
безі 
ауруымен 
науқас 
адамның 
терісіндегі 
микседеманы, Аддисон ауруындағы терінің қола түстес болуы, 
жыныс бездері қызметі бұзылуында вульгарлы безеулер шығуын, 
т.б. келтіруге болады. 
Кей дерматоздардың негізінде қан түзілу жүйесі бұзылысы 
жатады. 
Лейкозбен, 
лимфогранулематозбен 
ауыратын 
науқастарда тері мен ауыз қуысының кілегей қабығының 
арнамалы және бейарнамалы түрлері дамиды. 
Бірқатар дерматоздардың этиогиясы мен патогенезінде 
иммунологиялық өзгерістердің орны бөлек.
Ең алдымен бұл 
аллергия мен аутоиммундық процесстерге қатысты. Кейбір 
аллергиялық емес генездік дерматоздар клеткалық және 
гуморальдық иммунитеттің тежелуімен немесе, керісінше, 
белсендірілуімен жүреді. 
Бірқатар дерматоздарда туатын аллергиялық реакция сәйкес 
аллергенмен қайталап теріге жанасуы нәтижесінде дамиды.
Тері ауруларын тудырушы барлық аллергендерді айту қиын, бірақ 
жиі себеп болатындар: тағамдық аллергендер, дәрілік заттар, 
сирек: кейбір металлдар, өсімдіктер, бояулар, лактар және т.б. 
Тері ауруларының патогенезінде ерекше орын ошақтық 
инфекцияларға: созылмалы тонзиллит, гайморит, кариесті 
тістерге, т.б. беріледі. Ошақтық инфекция біріншіден организм 
сенсибилизациясына, екіншіден гуморальді иммунитетті тежеп, 
организм 
реактивтілігінің 
төмендеуіне 
әкеледі. 
Ошақты 
инфекцияның есекжем, экссудативті эритема, псориаз, қызыл жегі 
және т.б. патогенезіндегі ролі ерекше. 


Кейбір тері ауруларына генетикалық фактор әсер етеді. Тұқым 
қуалаушылық көрінісі ихтиоз, дақты ксеродерма, буллезді 
эпидермолиз, кератодермия, атопиялық дерматите және т.б. 
айқын. 
Генетикалық, 
яғни 
тұқым 
қуалаушылық 
аурулардан 
құрсақішілік ұрық патологиясының нәтижесінде болған терінің 
туа пайда болған
ауруларын ажырату керек. Бұл құрсақішілік 
инфекцияның енуінен де болуы мүмкін. Мұндай аурулар тұқым 
қуаламайды. 
Сондай-ақ тері аурулары теріге патогенді фактордың 
метастаздануынан да
болады. Мысалы, өкпе, ішек, бүйректен 
туберкулезді микобактерияның таралуы. Сонымен қатар, 
патологиялық процестің жақын жатқан мүшелер мен тіндерден 
өтуі, мысалы, тері туберкулезінің бір түрі скрофулодерма. 
Алайда көптеген дерматоздардың этиологиясы мен патогенезі 
осы күнге дейін толық анықталмаған.
Тері ауруын туғызушы этиологиялық факторларды З топқа 
бөліп қарастыруға болады. 1-інші топқа генетикалық, нерв 
жүйесі, ішкі ағзалардағы өзгерістер жатады. Мысалы, зат 
алмасу бұзылысынан кальциноз не тері ксантоматозы, қан 
түзілуі мүшелері патологиясынан лейкемиялық бөртпелер, 
қалқанша безі өзгерісіндегі тері микседемасы, тұқым қуалайтын 
ихтиоз жатады. 
2-інші топқа 
қауіп қатер факторы, яғни ауру дамуына жағдай 
жасайтын (ішкі ағзалар, зат алмасу, нерв жүйесі бұзылысына 
әкелетін) факторлар. 
3-інші топ
шешуші факторларды біріктіреді. Олардың ішінде 
бірінші орында стресстік жағдай тұр. Бұл да аурудың басталуына 
себеп болуы мүмкін. Дерматологиялық науқастар көп жағдайда 
ауру басталуын немесе өршуін психогенді фактормен 
байланыстырады. 
Адамның бір ауруларға тұқым қуалауға атап айтқанда 
дерматозға 
бейімділігі, 
ата-анасынан 
балаларына 
заттек 
алмасуының, жасушаішілік биохимиялық реакциялардың және 
басқа белгілердің берілуі. Бірақ, бұл бейімділік науқасқа өнебойы 
ауру ретінде біліне бермейді, бұл бейімділікті қиындататын, 


қосымша фатордың әсеріне байланысты болып келеді. Осыған 
байланысты балалары мен ата-анасы әруақытта бір аурумен 
ауыра бермейді.
Тері ауруларының патогенезі күрделі және әртүрлі. Көптеген 
дерматоздардың патогенезінде нервтік және тұқым қуалаушылық 
механизмдерден басқа, организмнің табиғи реактивтілігі мен 
иммунитет жүйесінің өзгерісі де маңызды рол атқарады. Экзема, 
аллергиялық дерматит, есекжем патогенезінде бастаушы рол 
аллергияға, 
ал 
қызыл 
жегі, 
күлдіреуік, 
склеродермия, 
дерматомиозитте аутоиммунды процесстерге беріледі.
Сезімталдықты теріге жанасу арқылы немесе организмге 
тағам, дәрілік заттар, химиялық заттармен түскен аллергендер 
туғызады. Аллергияны созылмалы инфекция ошағындағы немесе 
жалпы инфекциялық аурулардағы инфекциялық агенттер 
шақыруы мүмкін. Кей жағдайларда бірқатар дерматоздар 
аутоаллергиялық процесстердің нәтижесінде дамиды. Барлық осы 
факторлар бірге кездесуі де мүмкін.
Жүйелік ауруларда теріде патологиялық процесс дамуы 
мүмкін. Қан мен лимфа айналымы бұзылысы акроцианозға, 
күпсектікке, асфиксия симптомдарына, тамыр қабырғасының 
ауруларына, осының нәтижесінде терінің гангренасына, аяқтың 
жарасының дамуына әкеледі. 
Түрлі жалпы және созылмалы инфекциялық аурулар теріде 
түрлі қабыну көріністерін беріп, аурудың клиникалық 
диагностикасын жеңілдетеді. 
Тек өзіне ғана тән этиологиясы бар дерматоздармен қатар 
әртүрлі факторлармен шақырылатын терілік реакция деген атпен 
белгілі тері ауруларының үлкен тобы да бар. Мысалы, экзема, 
теміреткі, т.б. 
Осылайша, бір себептің, бір этиологиялық фактордың өзі 
теріге әсер ету механизмінің көптүрлілігіне байланысты, терінің 
түрлі зақымдануына әкелуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет