Бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы


Сабақты зерттеуді ұйымдастырудың және жүзеге асырудың технологиялық



бет35/63
Дата19.10.2023
өлшемі457,69 Kb.
#119468
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін -emirsaba.org

Сабақты зерттеуді ұйымдастырудың және жүзеге асырудың технологиялық 

аспектілері 
Жоғарыда қарастырылған Сабақты зерттеу процесінің құрылымына сәйкес, әр 

қадамда қандай шаралар қабылданатынын қарастырайық.


Бір цикл аясында жүзеге асырылатын қадамдар 10-кестеде толық сипатталған. 


10-кесте. Сабақты зерттеу процесінің бір циклінің жалпы кестесі (Lewis, Hurd, 2011)

1. Сабақты зерттеу тобын құру (бір немесе екі кездесу) 
• Сабақты зерттеу тобына қатысушыларды тарту. 
• Сабақты зерттеу туралы бірыңғай пікір қалыптастыру.
• Жоғары сапалы кәсіби білім туралы ойлармен бөлісу және топ ережелерін жасау кезінде 
оларға сүйену.
• Топ нормаларын белгілеу. 
• Нақты мерзімді белгілеу және кездесулер кестесін әзірлеу.
2. Топ қарастыратын мәселелерді анықтау (бір немесе екі кездесу) 



45
• Оқытушы оқушыларға арнап әзірлеген ұзақ мерзімді жоспарда қамтылатын зерттеу 


тақырыбын (басты мақсат) келісу. Егер зерттеуді жүргізетін маманның міндеттері мектептегі


іс-шараларды қамтыса, зерттеу тақырыбы ретінде жалпы мектеп мәселесін анықтаған дұрыс 
болады.
• Пәндік саланы таңдау (мысалы, жаратылыстану пәндері, әлеуметтік ғылымдар); егер ол 
алдын-ала белгіленбесе.
• Бақыланатын сабақтың нақты тақырыбы мен бөлігін анықтаудың басталуы. 


3. Тақырыпты зерттеу және зерттелетін сабақты жоспарлау (3 рет, қажет болған жағдайда 

8 рет кездесу) 
• Сабақты зерттеу үшін таңдалған тақырыпқа қатысты оқу бағдарламасын, сондай-ақ, осы 
уақытқа дейін жүргізілген сабақтар мен зерттеулерді зерттеу, мүмкін болса, осы саланың
тәжірибелі адамдарымен кеңесу. Егер сізге оқушының ойлау процесі туралы көбірек ақпарат 
қажет болса, мұндай ақпаратты жинау үшін зерттеу сабағының алдында "пасық сабақ"
өткізуге болады ("пасық сабақ" арнайы жоспарланбаған сабақты білдіреді). 
• Сабақты зерттеуді жоспарлаумен қатар, сабақ пен тақырып бойынша белгіленген нақты
жоспармен бірге ұзақ мерзімді жоспардың қамтылуын ескеру қажет. 
• Толық сабақ жоспарын жазу. Сабақ жоспары оқушылардың ойлау процесін болжауға және
мәліметтер жинауға көмектеседі, жоспарлау кезінде сабақтың неге осылай құрылымдалғанын 
негіздеуге және пайда болған сұрақтар мен байқалған/анықталған мәселелерді жазуға
мүмкіндік береді. 
• Сабақ сабағының бір бөлігі ретінде, қандай деректер жиналуы керек екенін көрсете отырып,
деректер жинау жоспарын әзірлеңіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет