уақытылы кездесу өткізу; егер сабақ тағы бір рет өткізілсе, талқылауды қайталаңыз) • Жоспарланған деректерді жинау.
• Құрылымдық күн тәртібіне сәйкес сабақтан кейін талқылау жүргізеді. Бұл кездесуге
үйлестіруші және хатшы тағайындалады.
• Пікір алмасу барысында зерттеу сабағында жиналған деректерге назар аударылады.
• (Егер қаласаңыз, сабақты қайта қарап, топтың басқа мүшесіне қайта қаралған жоспармен
басқа сыныпқа тағы бір сабақ өткізуге болады).
5. Рефлексия және алдағы қадамдарды жоспарлау (бір немесе екі кездесу) • Зерттеуден алынған білімді бекіту: ол нені үйренді, қандай қорытынды жасады (пәннің
мазмұнына, оқушының ойлау процесіне, оқытуға және басқа салаларға қатысты). Презентация
немесе жазбаша жұмыс түрінде жинау, қорытынды жасау.
• Осы жұмысты зерттеу барысында не тиімді болғанын және болашақта нені өзгерту керек
екенін талқылау.
6. Сабақты зерттеу тәжірибесі - мұғалім мамандығын игеруге көмектесетін маңызды
жұмыс. Сәттілік!
Сабақты зерттеу тобына қатысушыларды тарту Зерттеу тобын әртүрлі қасиеттерге байланысты құруға болады. Мысалы, бір сабақта
немесе бір жастағы балаларға сабақ беретін мұғалімдер жиналуы мүмкін. П.Дадлидің
(2013) айтуынша, үш адамның болуы тиімді. (Дадли П. 2013). Адамдар топқа өз қалауы
бойынша кіреді және оған зерттеудің нақты тақырыбына қызығушылық танытқан
оқытушылар тартылады (Абдрахманова Ж.С., Жансүгірова Ж. Д. 2015). Зерттеу тобын
құру кезінде келесі әдістерді қолдануға болады (11-кесте):
46
11 - кесте. Сабақты зерттеу тобын құруға арналған әдістер (Lewis, Hurd, 2011)