Бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы


Араласудың мақсаты мен формасын анықтаңыз



бет50/63
Дата19.10.2023
өлшемі457,69 Kb.
#119468
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін -emirsaba.org

2. Араласудың мақсаты мен формасын анықтаңыз. 
2-блокта: автордың негіздемелері және проблеманы шешу бойынша ұсыныстары 
баяндалады.

2-блок. Ғылыми негіздеме 

"Осылайша, мен тәжірибелік зерттеу жобасын педагогикалық практиканың 

қажеттіліктерін анықтаудан бастауға шешім қабылдадым. Мен өз алдыма оқушыларды 

оқу процесіне қатысуға ынталандыратын педагогикалық әдістемелерді әзірлеуді мақсат 

етіп қойдым. Эксперименттік зерттеуші ретінде мен әрқашан тәжірибе мен зерттеу 

бір-бірін қолдауы керек деп ойладым және теория мен практика арасындағы диалогті 

бағаладым (Джонсон, 2003 ж., 370-бет). Осы себепті мен оқу бағдарламасының кез 

келген әдістемесін немесе мазмұнын егжей-тегжейлі анықтауға тырыспадым. 

Керісінше, "праксиология" аясында мен оқушыларды оқыту әдістеріне, сондай-ақ 

динамикалық және рефлексиялық педагогикалық процеске назар аудара отырып, оқу 

бағдарламасының мазмұнын таңдауға және ұйымдастыруға қатысуға шақырғым келді 

(Элиот1991, 15-16-беттер). Осылайша, педагогикалық емес теория практикаға бағыт 

беріп, оған үстемдік етті, дұрысы, педагогикалық теория мен практиканың призмасы 

арқылы интерпретациялық көзқарас, "практикалық ойлану жағдайлардың практикалық 

қажеттіліктеріне сәйкес анықталады және әрқашан қатысушының пікірлері арқылы 

сыни бағалау мен делдалдықты қажет етеді" 
(Каррикеммис, 1986, 93-бет)". (Цафос, 2009, 
198-бет) (Carr, W. and Kemmis, S. 1986).
3. Іс-әрекеттегі зерттеу - бұл өзгеріс енгізу мақсатында араласу 
3a блогында оқу сыныбының мәнмәтіні толықтай сипатталған, ал 3b блогында 
автордың араласуды қалай жоспарлағаны көрсетілген.

3 (а)-блок. Эксперимент және білім: араласу

"Мен Афина қаласындағы пилоттық орта мектептің үшінші сыныбында (14-15 

жас аралығындағы оқушылар) қазіргі және ежелгі грек тілі мен әдебиетінің мұғалімі 

болдым. Пилоттық орта мектептер мемлекеттік болып табылады және берілген 

білімге қатысты, сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін оқушылардың 

дайындығына қатысты тамаша беделге ие. "Пилоттық" термині - бұл қандай да бір 

эксперименттік жұмыстың өткізілуін көрсетпейтін атау ғана. Оқушылардың ата-

аналары балаларының жетістіктеріне өте қызығушылық танытты. Зерттеу жобасын 

жүзеге асырудағы қиындық оқушылардың мұндай процестермен таныс болмауында 

болды, сонымен бірге, ата-аналар эксперимент өткізу идеясына теріс қарауы мүмкін. 

Алайда, эксперименттік зерттеуді таңдап, мен оқушыларға оқу процесіне белсенді 

қатысуға мүмкіндік бердім". (Цафос, 2009 ж., 198-бет) 

3-блок(b). Эксперимент және білім: жалпы жоспар 

"Өзімнің оқыту тәжірибеме сүйене отырып, мен индекстеуді (нұсқауды) дәріс беру 

және оқыту әдісі ретінде қолдануды ұйғардым: топтарға бөлінген оқушылар процесс 

жалғасқан кезде, тікелей көрсетілген немесе мәтіндерде кездесетін белгілі бір 

тақырыптарды қарастыруға және осы тақырыптар бойынша ақпаратты барлық оқу 

бөлімдерінен жинауға міндеттенеді. Тақырыптар келесідей болуы мүмкін: әйелдер, 

құдайлар, саяси жүйе, қонақжайлылық, костюмдер және т. б. Бұл зерттелген 

әдебиеттерде біртіндеп айтылатын тақырыптар; үнемі осы тақырыптармен жұмыс 

жасай отырып, оқушылар мәтіндердің кейбір негізгі идеологиялық өлшемшарттарын 

жақсырақ анықтауға және өңдеуге үйренеді. Осылайша, оқушылар ежелгі грек 

мәтіндеріне сүйене отырып, ежелгі грек өркениеті туралы жалпы түсінік 

қалыптастыру үшін ақпарат жинайтын санаттардың жиынтығын ескере отырып

мәтіндермен танысады, мәтіндерді зерттеп, ақпаратты таңдау және бағалау әдісін 

ойластырған жөн". (Цафос, 2009 ж., 199-бет) 



60




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет