жүреді. Бит бірнеше түрге бөлінеді! – деп əлгі əңгімесін
қайталай бастағанда, профессор тағы да тоқтатып:
– Түсінікті, – дейді сынай қарап, – Ал, балық туралы не
айтасың?
– Балық суда өмір сүреді. Барлық балықтың қабыршағы
болады. Егер ашатұяқ мал секілді жер бетінде жүргенде,
міндетті түрде оған да жүн шығатын еді. Жүнде бит бо-
латын еді! – депті.
(Кеңес өкіметі кезіндегі бұралқы сөз)
Қызық айтыс бастадық жауабы жоқ,
Қожа менен молданың сауабы көп.
Жұма сайын үзбеймін сəлемімді,
Нұры көктен Алланың жауады деп.
Бəсең емес,
Ойларым əсем еді.
Қызықтырмас қиқым сөз аса мені.
Битімді қайта-қайта сыға бермей,
Биік-биік қозғайын мəселені.
Төмен кетсем басымды бағалама,
Шарқ ұрады биіктен шағала да.
Су ішетін жылқыдай жүзіп барып,
Сұлу сұрақ қойыңыз маған, аға.
Шырқайтұғын, Қожеке, бір əніміз,
Бір болып тұр жəне де ұранымыз.
Шабан атты шабынан түртіп қалып,
Шапқызатын болса екен сұрағыңыз.
Куə болып жүрміз ғой сұмдықтарға,
Бастық болды бүркітке «дундук» қарға.
Мысалы, менен былай сұраңызшы:
– Інім-ау, жер бетінде шындық бар ма?
Сіз осылай қойсаңыз дөп сұрақты,
Бар сияқты, кей кезде жоқ сияқты.
Шындық деген футболдың ойынындай,
Тебетұғын əркім бір доп сияқты.
«Шындық – от» деп
Жазайын өлеңді нақ,
Бернард Шоудай ой тастап қоғамдырақ:
– Жақындасам мен отқа – күйемін-ау,
Алыстасам ал, оттан – тоңам бірақ!
58
№21
Ж±МА С¦ЛЕМ
Бір құмырсқа балықшының қайығына жармасып, өзен-
нің арғы бетіне барса, ондағылар:
– Сен біздің жақтың құмырсқасы емессің! – деп жабыла
талапты. Қайықпен қайта қашып өз жағына өтсе, мұнда-
ғылар:
– Сен бізді тастап кеткен құмырсқасың! – деп шат-
шəлекейін шығарыпты.
(Мысал əңгіме)
Алпыс деген – ата жас, байыпты шақ,
Қарсы алатын жақсыны жайып құшақ.
Өмір – өзен,
Ескекті есіп келем
Құмырсқаны тасыған қайық құсап...
№22
Ж±МА С¦ЛЕМ
Рим Папасына дəрігері:
– Денсаулығыңыз тозған, сізге жас жүрек керек! – деп
кеңес берсе, маңайындағы бүкіл католик:
– Сіз үшін жан пида! Менің жүрегімді салыңыз! – деп
тұс-тұстан шулапты.
– Олай болмайды, – депті Рим Папасы, – мен қазір құс-
тың үлпілдеген бір қауырсынын əуеге ұшырамын. Сол кімнің
үстіне қонса, соның жүрегін маған ауыстырасыңдар.
Рим Папасы қауырсынды қалықтатып ұшырса... Ой, пə-
ле-ай! Анталаған католиктер аспанға қарай «Үф! Үф-ф!»
деп үрлей бастапты...
(Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен Бушпен дидар-
ласқанда айтқан əзілі)
59
«О, туған жер,
Берер ем жүрегімді...»
Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ
Бабам айтқан: «Біреуге мал қайғы деп,
Ал біреуге мал емес, жан қайғы» деп.
«Елбасы үшін садақа, қу жүрегім!» –
Деп неліктен көкелер алдайды кеп?
Алдамайтын ішінде бір-ақ адам,
Бірақ оның жүрегін сұрамаған.
«Елбасыға берер ме ең жүрегіңді?»
Деп Несіпбек
1
ақыннан сұра, балам.
Сен сұрасаң, ол бəлкім желпінеді,
Болып тұр деп Елбасы ел тірегі.
Би сияқты алыстан орағытып,
Уəлі сөз, уəжін келтіреді:
– Берекенің белгісі – «Бəйтерегім»,
Бəйтерекке қарайды байтақ елім.
Қатты сауал қойдың-ау қабырғадан,
Мысалы, мен былай деп айтар едім:
Бəйтеректің қай жерде тұратынын,
Дəл мен құсап білмейді бір ақының.
Елбасының орындап тапсырмасын,
Елбасы үшін таппадым сірə, тыным.
Тез келемін қоғамдық келісімге,
Көрдім талай əрісін, берісін де.
Бір көзімді берер ем ойып алып,
Соқыр ақын болам ба ел ішінде?!
Тез келемін қоғамдық келісімге,
Көрдім талай оңын да, терісін де.
1
Несіпбек Айтұлы – ақын.
Бір аяқты берер ем кесіп алып,
Ақсақ ақын болам ба ел ішінде?!
Жүрген жоқпын дүние жию үшін,
Поэзия – сүйініш, күйінішім.
О, Нұр-аға!
Берер ем жүрегімді, –
Керек бірақ ол Cізді сүю үшін!
61
№23
Ж±МА С¦ЛЕМ
Достарыңызбен бөлісу: |