2. Біледі, біле тұра білмеймін дейді. Бұлар зұлымдар: сақ
болған жөн.
3. Білмейді, білгеннің тілін алмайды. Олар ессіз надан-
дар: аулақ жүрген абзал.
(Бабалардан қалған сөз)
Бар мен жоқтың арасы бір-ақ адым,
Мен көрдім Академия
1
құлағанын.
Зұлымдар мен надандар басқа шығар,
Ақ ордасы болмаса ғұламаның.
1
Академия – ҚР Ғылым Академиясы.
88
№46
Ж±МА С¦ЛЕМ
Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың сүйікті сахаба-
ларының бірі халифа Омар жыламсырап келген баласын
жұбатып:
– Не болды, қарағым? – дейді.
– Балалар мазақтады.
– Неге?
– Шалбарың жыртық деп күлді.
Бажайлап қараса, баласының шалбары шынында да
шұрқ тесік екен. Бас есепшісінен келесі айдың айлығын жа-
зып беруін сұрайды.
– О, халифа Омар! – дейді бас есепшісі. – Біз Сізді сый-
лаймыз. Құрметтейміз. Үлгі тұтамыз. Бірақ Сіз келесі айға
дейін дін-аман болатыныңызға кепілдік бере аласыз ба?
Сонда халифа Омар баласына күлімсірей қарап:
– Қалқам, бір ай шыдай тұр! – деген екен.
(Ғибаратты хикая)
Қамдарыңды ойлайтын мына біз бар,
Дейсіңдер ме «Сөзіңе шүбəміз бар?».
Көбейтеміз айлықты келесі жыл,
Шалбар жыртық болса да шыдаңыздар.
Қамдарыңды ойлайтын мына біз бар,
Дейсіңдер ме «Сөзіңе шүбəміз бар?».
Ана тілін он жылда меңгереміз,
Шүлдірлеген дөкейге шыдаңыздар.
Қамдарыңды ойлайтын мына біз бар,
Дейсіңдер ме «Сөзіңе шүбəміз бар?».
Сыбайластың береміз сыбағасын,
Он-он бес жыл оған да шыдаңыздар.
Ақ қағазға қол қойып қаламұшпен,
Айналысқан боламыз халал іспен.
«Сайтан ғана үмітсіз»,
Ал, өзіміз
Өмір сүріп келеміз «аванспен».
90
№47
Ж±МА С¦ЛЕМ
Көшеде жыламсырап тұрған баладан бір кісі:
– Не болды, қарағым? – деп сұраса, қарадомалақ неме:
– Мамам 70 теңге беріп еді, жоғалтып алдым, – дейді.
– Қой, соған да жылайсың ба? – деп əлгі кісі қалтасынан
суырып 70 теңге ұсынса, балақай одан сайын бақырып жы-
лапты.
– Өй, мұның не?
– Мамамның 70 теңгесін жоғалтпасам ғой, менде 140
теңге болатын еді, – деп ботадай боздапты.
(Қазіргі заманның қалжыңы)
Сол баладай мен кеше жылап тұрдым.
– Не болды? – деп, о, Тағдыр, құлақ түрдің.
– Əйелімді жоғалтып алдым! – деп ем,
Тоқал беріп көзімді шырақ қылдың.
Еңіредім бе, білмеймін, бақырдым ба,
Одан сайын боздадам, «Аһ» ұрдым да.
– Аз ба саған бір тоқал? – деді Тағдыр, –
Алла сені ескеріп жатыр мұнда.
Тағдырыма қараймын таң қалам да,
Сыйлағасын сұлуды паң болам ба?
Бір өзімде екі əйел болар еді-ау,
Бəйбішемнен ажырап қалмағанда.
91
№48
Ж±МА С¦ЛЕМ
Жұмыртқаны жаңа ғана жарып шыққан сары ауыз ба-
лапан көзіне түскен бірінші шіркейді жеп қойды. «Дəнік-
кеннен құныққан жаман», жылы ұясынан жылжып, мойы-
нын əрірек созып еді, қарсы алдында қара мысық тұр екен.
Мысық мұны «ап» деп «ашап» қойды.
... Бірін-бірі жеп жүрген дүние!
(Қазіргі заманның əфсəнасы)
Ұйымдасқан қылмысың – сірескен мұз,
Сең бұза алмай сес қылып, тірескенбіз.
Сыбайласқан жемқормен сыбайласып,
Көбісімен көз қысып, күрескенбіз.
«Күресейік солармен!» деп қоямыз,
Бастық етіп біреуді «шеф» қоямыз.
Сөйтеміз де сөмкенің аузын ашып,
Қазынаның қаржысын жеп қоямыз.
Тесік ауыз болғасын, тек тұрмайды,
Тойып біткен жерінде «шеф» тұрмайды.
Желкесінен жегенін шығарам деп,
Түбін қазсаң түтігіп, бет тырнайды.
Бесенеден бек болып бел астың да,
Алпауытпен тез ауыз жаластың ба?
Өз ойыңның өлшемін таразылап:
– Жемейтіндер, – дейсің бе, – жер астында?!
92
№49
Ж±МА С¦ЛЕМ
Достарыңызбен бөлісу: |