Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет80/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

 
 
 
 
Əдiлбек АБАЙДIЛДАНОВ
Ойын алып 
Мақал менен мəтелдiң, 
Мен бiрталай 
«Төрттағандар» əкелдiм.
Ым бап-бап, 
Ым бап-бап. 
Ойлар кеттi-ау 
Қымбаттап.
1976 жыл


338
ДАРЫН МЕН ЌАРЫН
 
 
«Ағаңның қозы қарны созылады...» 
 
 
«Жақсылау əйел көрсем, сол қарнымды 
 
 
Бiр демде iшке тартып жиып алам».
 
 
 
Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ
Қозы қарын 
Кəдiмгi қозы қарын 
Бiлемiз ғой, 
Бiлемiз созыларын.
Дарын барда,
Тұм-аға, дарын барда
Бiраз сөз
Шығын бопты-ау «қарындарға!»
1981 жыл


Т¤РТIНШI Б¤ЛIМ
Езу тартар
ЭПИГРАММАЛАР


340
ЇШIНШI КАНАЛ
Драматург Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВҚА
Алматы
телевизиялық программа
Күндiз:
10.15. «Құдағи келiптi». 
12.45. «Бөлтiрiк бөрiк астында». 
14.45. «Қуырдақ дайын». 
Кешке:
17.00. «Өзiме де сол керек!» 
19.30. «Жат елде».
Москва
21.05. «Көктөбедегi кездесу»...
Ой зорайды бұдан кейiн дəмемiз, 
«ОРБИТАДАН» көрсек екен жəне бiз!..
1974 жыл
САТИРА СТАДИОНЫНДА
«Сатира» командасының негiзгi құрамы:
Асқар ТОҚМАҒАМБЕТОВ.
Қазақ ССР сатира «федерациясының» председателi.
Қақпашы:
1. Садықбек Адамбеков.
Қорғаушылар:
2. Балғабек Қыдырбекұлы,
3. Сақтапберген Əлжiков,
4. Жүсiп Алтайбаев, (Капитан)
5. Сейiт Кенжеахметов.


Жартылай қорғаушылар:
6. Ғаббас Қабышев,
7. Есенжол Домбаев,
8. Оспанəлi Иманалиев.
Орталық шабуылшылар:
9. Шона Смаханұлы,
10. Үмбетбай Уайдин,
11. Оспанхан Əубəкiров.
«Запаста»:
Əбдiрахман Асылбеков. 
(Негiзгi топта ойнайтын шамасы бар,
Бiрақ ептеп жылайтын «баласы» бар).
Аға жаттықтырушы: 
Темiрбек Қожакеев.
Бұларды жұрт қашанда 
Құрметпен қарсы ап жүр. 
Мыналар ғой:
1. Мыңбай Рəшев,
2. Қойшығара Салғарин,
3. Қажытай Iлиясов
Командаға бiр келiп,
Бiр кетумен шаршап жүр!..
1972 жыл


342
ПОРТРЕТ
Актер 
Асанəлi ƏШIМОВКЕ
Жасап шықты 
Талайлардың бейнесiн. 
Ал актерға
Айтар болсақ кейде сын: 
Өзгерсе де ролi 
Өзгермейдi түр-өңi.
1978 жыл
ШЫРАЙ
Сықақшы 
Шона СМАХАНҰЛЫНА
Тақырып табылмаса
Тым шырайлы,
«Шымшыған»
Санын қайтып шымшылайды.
 
 
1972 жыл


343
АЌМЫЛТЫЌ
Сықақшы 
Қажытай IЛИЯСОВҚА
Бұ Қажытай кiм өзi? 
Жарылмаған жаңғақтай. 
Бiр қарасаң мiнезi 
Жел айдаған қаңбақтай.
Бұлың-бұлың не түрлi 
Жоспары көп миында. 
Майда қоңыр секiлдi, 
Ұқсас бiрде құйынға.
Ал, теңейiн ендi кеп 
Қызыл айдар қоразға. 
Сын сықақта зеңбiрек, 
Атылмайды. 
Оғы аз ба?!
1991 
жыл
ШИПА
Ақын Мұзафар ƏЛIМБАЕВҚА
Минерал су құрамы 
Мыналардан тұрады:
Натрий
0, 2135 гр.
Кальций
0, 040 гр.
Хлор
0, 0531 гр
Фтор
0, 0016 гр
Сульфат
0, 625 гр.
Карбонат
0, 0240 гр
РН
8, 25 гр.


344
Мұзағаңның құрамы
Мыналардан тұрады:
Лирика
53,8%
Зерттеу
5,4%
Мақал-мəтел 20,2%
Аударма 12,1%
Мақала
6,6%
Жұмбақ 1,7%
Жаңылтпаш 0,2%
Бəрiн қосқанда = 100%
1977 
жыл
ИIРIМ
Сықақшы Үмбетбай УАЙДИНГЕ
Бiз ойлаймыз: 
Үмбетбай 
Инабатты кiсi деп. 
Үйiне барар күн батпай. 
Жүрген емес «кiсiнеп».
Есiледi жiбектей, 
Жанға жайлы күлкiсi. 
Сəл нəрсеге дiр етпей 
Жүре алмайды бұл кiсi.
Сықақты ойлап, қайғырмай, 
Тартып кетсе «иiрiм»... 
Кейде адасқан айғырдай 
Жоғалтады үйiрiн.
1990 
жыл


345
ЎЙЌАС
Ақын Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВКЕ
Күнi-түнi тынбастан 
Жаздыңыз-ау «Тың-дастан» 
Əзiлдесiп Сiзбенен 
Сiзге ұйқас iздеп ем:
– Ғафу! 
...тату.
– Ғафу!
...жату.
– Ғафу!
...ашу.
Соңы кеттi-ау ұйқаспай 
Сiздiң кейбiр ұйқастай.
1976 
жыл
МЎНАР
Театр сыншысы 
Əшiрбек СЫҒАЙҒА
Кезi келдi сайрайтын 
ұранды шақ,
Тү-у-у-у биiктен 
шолады қыран құсап.
Мемсыйлықты алғасын
тұрмаса екен
Бiздiң жыл санауымызға 
дейiнгi храм құсап?

2004 жыл


346
ТАП БАС!
Сықақшы 
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫНА
Ғаббас!
Ғаббас!
Осы сөзге оқырман,
Ұйқас iздеп, тап бас!
– Ғаббас!
– Айтқанынан қайтпай,
«Жоғарыға» жақпас?
– Ғаббас!
– Саяз судай сарқырап,
Ылди iздеп, ақпас?
– Ғаббас!
– Мұз қатса да мұртына,
Мұңын бiрақ шақпас?
– Ғаббас!
Оспанханды тiрiлтпей 
Iшкен асы батпас?
– Ғаббас!
1990 
жыл
ИIСКЕДI
Сықақшы Ислам ШҰҒАЕВҚА
Лириканы иiскедi, 
Бiрақ тиiспедi. 
«Сəбилердi» иiскедi, 
Бiрақ тиiспедi. 


347
Сатираны иiскедi, 
Бұған да тiктеп тиiспедi. 
Əдебиетпен осылай 
Əзiлдесуi тиiс пе едi?..
1975 
жыл
ƏТТЕЅ!
Сықақшы 
Мыңбай РƏШЕВКЕ
Оқып оның көр ойын, 
Несiн тiзе берейiн. 
Өзiңiз де бiлесiз 
Кiлең нардай «геройын».
Бiр «геройы» қыр жақта,
Ендiгiсi бiр жақта.
Бəрi, бəрi, бəрi бар
Ұйқас,
Буын,
Ырғақ та...
Оқырманы қолдаса 
Теңеу де көп онда аса. 
Бəрi,
Бəрi,
Бəрi бар... 
Көркемдiгi болмаса.
1990 
жыл


348
ДАБЫЛ!
Драматург 
Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВҚА
Жиырмасыншы ғасырда 
Жалқау емес Қалекең. 
Пайғамбардың жасында 
Шаршамайтын шал екен. 
Апталардың iшiнде 
Қадiрлiсi əр жұма. 
Қалағамыз күшiнде, 
Жасап жатыр тəржiма.
Бұ қазақтың киносын
Көтере алмай толғанды.
Жыны келiп,
Күйгесiн
«Мың бiр түнiн» қолға алды.
Қаға бермей дабылды, 
Арғы жағын сұрама. 
«Ремонтқа» жабылды 
Комедия, 
Драма!..

1990 
жыл
МЎХТАР МЎЅЫ
Ақын Мұхтар ШАХАНОВҚА
Басыбайлы бар əнiм – 
Балқаш пенен Аралым! 
Асанқайғы атамдай 
Ел аралап барамын.


349
Айналайын Аралым, 
Мұңлы көзбен қарадың. 
Бетiн тырнап жүрмiн бе 
Жазылмайтын жараның?!
Ақындарда ар тұнық, 
Көргенiм жоқ тартынып. 
– Құтқарыңдар Аралды 
Бара жатқан тартылып! –
Деп ұрандап осылай
Күн өтуде, досым-ай. 
Түн ұйқымды төрт бөлiп,
Жата алмаймын шошымай.
Қаулы талай қаралды: 
«Құтқарыңдар Аралды!» 
Қорға қаржы аударған 
Жiгiттер де жарамды.
Ақша теңiз бола ма, 
Арал қайтып тола ма? 
Сүттi сиыр секiлдi 
Суалғаны обал, ə?
Сырды жатар бүгiп кiм, 
Көбеюде үгiт тым.
Арал,
Арал,
Арал деп,
Мен жырымды ұмыттым.
Мəскеуге де тiк барып, 
Көргенiм жоқ тiптi арып. 
...Поэзиямды Аралдай 
Жүрмеңiздер құтқарып!


350
ЌОШЌАР
Сыншы Темiрбек ҚОЖАКЕЕВКЕ
Сөйлемейдi бет алды, 
Жаратқасын өткiр қып. 
Ерттеп мiнiп деканды, 
Қорғап шықты докторлық.
Құлағы ылғи түрiк жүр, 
Қыбырлатпай шəкiрттi. 
«Сатира!» деп қырық жыл 
Атандай даусын ақыртты. 
Тұзы жеңiл өзiнiң, 
Таусылмайтын дау көп пе?! 
Тiрiсiнде көзiнiң 
Ұшырады нəубетке.
Оқырманның ойшылы-ай, 
Темкеңдi жұрт бiлсiншi. 
Қошқар баққан қойшыдай 
Қозысы жоқ. 
Кiм сыншы?..

1990 
жыл
2008-ЖЫЛЄЫ ТОЙ
Фантаст жазушы 
Абдул-Хамид МАРХАБАЕВҚА
Зал.
Мүшелтой.
Төр жақтағы бiр шалға 
Қарап отыр бар халайық. 


351
Ол шалымыз, əрине. 
Фантаст А-Х. Мархабаев.
Аты-жөнi кiм деме,
Бiреу шықты мiнбеге:
– Қазақ фантастикасының
Қабырғасын қаласқан,
Жюль Вернмен таласқан
Абдул-Хамид ақсақал
Жетпiс жасқа толып отыр.
Сондықтан да бүгiн
Мүшелтой болып отыр.
Əбекең
Бəле екен!
Фантастикада көп iс бiтiрдi,
Он шақты роман,
Отыз шақты повесть бiтiрдi!..
(Ду қол шапалақтау)
Бүгiн, сөйтiп, Əбеке, 
Қиялдаймыз да. 
«Ғарыштағы бiр тостақ қымызыңмен» 
Жетпiске жетiп келсең ұялмаймыз ба?..

1980 
жыл
ЖАРАСЌАН ЖАЙЛЫ 
ЖАЅА КЇЙ
Ақын Жарасқан ƏБДIРАШЕВҚА
Дiңгiл,
Дiңгiл,
Дiңгiлдiң.
Дiңгiл,
Дiңгiл,
Дырың-ң-ң.


352
Дəмдi, мəндi жырың-ң-ң.
Дiңгiл,
Дiңгiл,
Дiңгiлдiң
Дiңгiл,
Дiңгiл,
Дырың-ң-ң.
Сын жазушы ең бұрын-н-н.
«Даланы» алдың ыңғайға, 
Турабидей сын қайда?!
1977 
жыл
СЫЙ...ЫРЌЎЙЫМШАЌ
Жарасқанның 50 жылдық тойына
Жарасқан-ау,
Саған ненi қимаймын?
Үй сыйлар ем, өз басыңда үй дайын.
Жарты əлемге жария сап одан да
Арғымақтай ақ «Волганы» сыйлайын,
«Волга» бiрақ бензинiңе тоймайды. 
Бензин бiтсе саласың ғой ойбайды. 
Мен одан да бiр «Жигули» сыйлайын. 
Сай-салада сайтан қуып ойнайды.
«Жигулиiң» бас бiлмеген асаудай, 
Соғысарсың тормозын да баса алмай. 
Мен одан да бiр «Москвич» сыйлайын, 
«Москвичтi» тоқтатып ед қашан ГАИ?
«Москвичiң» көп сынады пырт етiп, 
Бiр тетiктен кете берер бiр тетiк. 


353
Мен одан да «Запорожец» сыйлайын, 
Алсаң болды өз атыңа тiркетiп.
Əй, бiрақта, пошымы оның пошым ба. 
Қу моторы артқа бiткен сосын да. 
Мен одан да велосипед сыйлайын, 
Иномарка, крутойға қосылма!
Өмiрiңе серiк еттiң əн-күйдi, 
Əзiлiңдi айтып жүрсiң əрқилы. 
Велосипед мұз үстiнде жүре алмас, 
Мен одан да сыйлайыншы конькидi.
Жарасқан-ау, сен ертерек шошынба, 
Мұндай сыйлық сыйлай алмас досың да. 
Автомобиль тез тозады,
Тозбайтын
«Авторучка» əкеп тұрмын осында!
1998 
жыл


354
«ЫЅЌАЌ»
Композитор-əншi 
Ескендiр ХАСАНҒАЛИЕВКЕ
Ел аузыңа қараған,
Атың көпке тараған.
Ыңқақ,
Ыңқақ,
Тарарам.
Ыңқақ,
Ыңқақ,
Тарарам.
Махаббаттың маңынан
Ұзай алмай барады əн!..

1976 
жыл
«И» ЖƏНЕ «Р»
Балалар ақыны 
Əнуарбек ДҮЙСЕНБИЕВКЕ
– Ара – дешi.
– Айа.
– Сара! – дешi.
– Сайа.
Көзiн ашып баланың, 
Тiлiн «Р»-ға келтiрдi. 
Лирика да кем түспей 
Таразы басы тең тұрды.
– Əнуарбек! – дешi.
– Əнуайбек!
– Əнуайбек!

1974 
жыл


355
ЕПТЕУ МЕН СЕПТЕУ
Ақын Қадыр МЫРЗƏЛИЕВКЕ
А т а у:
Балалар-ау, балалар, 
Қадыр деген аға бар.
I л i к:
Қадыр деген ағаның
Сағындық-ау «Сабағын».
Б а р ы с:
Қазiр бiрақ ағаға
Көңiл ептеп қалады, ə?
Т а б ы с: 
Себебi бұл ағаны 
Ұмытқан жоқ бала əлi.
Ж а т ы с: 
Шекер тiлдi ағада 
Шеберлiк көп, шама да.
Ш ы ғ ы с: 
Айналар ек ағадан 
Жазса тақпақ жаңадан.
Көмектес: 
Сөйтiп, ақын ағамен 
Табысуды қалар ем!.
1975 
жыл


356
АЌЫН МЕН АТОМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет