Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет78/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Шорабек:
– Ел-жұртым өзiң ендi бас амалда, 
Қазағым мүмкiндiктен аса алар ма? 
Тракторды менсiнбес қайран қазақ 
Мұң болды-ау бүгiн саған ешек арба.
Айтақын:
– Қадiр кетсе кадрден шеше алар ма,
Бастық болды бүркiтке кеше қарға.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
ГАИ-лар шығып алдынан тоқтатпайтын
машинадан жақсы ғой ешек арба.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Айналайын қара ақын, 
Көмiрдей боп жанатын. 
Барар жерiң болса егер 
Ешекпен де барасың.
Шорабек:
– «Қара ақын» деп ағаңды армандысың, 
Бүгiн маған жұмсалмақ қалған күшiң. 
Ал өзiң боп-боз болып кетiпсiң ғой, 
Немене сары ауру боп қалғанбысың?


321
Айтақын:
– Баяғыдан өзгермес бар ғой əнiм,
Зейнетте бейнет көрген шалды аядым.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Ауруды анықтайтын врач па едiң,
Сарғайсам сан ойлармен сарғаямын.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм. 
Алдын алса əр ауру 
Бола алмайды бəрi ауру. 
Елiңдi ойлап сарғайсаң 
Ештеңе емес сары ауру.
Шорабек:
– Боз ақын қара ақынды өгейсiнбе, 
Əзiлге шыныменен кедейсiң бе? 
Сapы ауру боп қалғаның рас болса 
Базардан бит сатып ап жемейсiң бе?
Айтақын:
– Шорабек шорт кесетiн «нахал» екен,
Жемегендi жегiзiп жата ма екен.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Не жоқ болса сол зəру бұ заманда,
Бизнес қып биттi де сатады екен.
Хайлайлiм,
Хайлiм,
Хайлайлiм.
Жұртым менi түсiндi, 
Ал көрейiн iсiңдi. 
Сан ойлармен сарғайып
Өзгертшi ендi түсiңдi.


Шорабек:
– Түрiмдi салмақ па едiң түзеп сынға-ай, 
Бұл күнi iнiшек бар iзетшiл қай? 
Түсiмдi мен бəрiбiр өзгертпеймiн, 
Кəдiмгi негр Майкл Джексондай.
1994 жыл


323
О, ЄАШЫЄЫМ, ШЫДАЙ ТЎР!
(«Ялла» ансамблiнiң «Чинури» əнiнiң əуенiмен)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет