Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет82/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Ақын Несiпбек АЙТҰЛЫНА
Қандай теңеу айтасың
Айтұлына, апырмай?
Тапалдардың тайпасын
Бастап жүрген батырдай!
Қарасаңыз пiшiмге,
Полк емес – батальон.
Тапалдардың iшiнде
Нағыз талант – Наполеон.
Бұдан гөрi қоңдырақ
Тəуiр теңеу табам ба?
Винтовка емес,
Ол бiрақ
Нақ ұқсайды наганға.
Ағайынға – қолбала,
Алты алашқа сыйлы адам.
Ұқсамайды бомбаға,
Аумай қалған минадан.
От па,
Шоқ па,
Жалын ба?
Ақ көңiлi – əйнектей!..
Самауырдың жанында
Шəмбiсi бар шəйнектей.
Сорып iшiп сонда да,
Талғамайды күй талай.
Ұқсамайды «Волгаға»,
Май жемейтiн «Тикодай».


361
Əдебиет – ас-тамақ,
Оқырманға дəм керек.
Айтұлы асқабақ
Болмаса да – əңгелек.
Түйреуiштей түйремес,
Сөзi – бидiң сөзiндей.
Несiпбегiм ине емес,
Бiрақ, ине көзiндей.
Сөз қылмаймыз бiтiмдi,
Iс тындырсаң сүйiктi.
Қазандағы сүтiңдi
Ұйытатын – ұйытқы.
Карлик деп те айтар ек,
Теңеу тауып не түрлi.
Көз алдында «Бəйтерек»
Көлбеп тұрған секiлдi. 
2000 жыл


362
Бабы күштi ақынның басына бақ боп қонған бəйбiшесi 
Бақытжамал туралы баллада немесе
Жүрсiн ЕРМАНОВТЫҢ
ЖҮРЕК СЫРЫ
Айналайын ақ құсым,
Балапандай баптадым.
Басқа қонған бақпысың,
Аққуымдай аппағым!..
Гитарадай мүсiндi,
Пернедегi əнiмсiң.
Жанбай тұрған iсiмдi
Жандыртатын жалынсың.
Аспандағы айымсың,
Кейде сенi «Нұр!» десем...
Бiрде – бишi қайыңсың,
Бəйтерексiң – бiрде сен.


363
Ұйықтағанда – патшамсың,
Оянғанда – уəзiрiм.
Кассадағы ақшамсың,
Картадағы – көзiрiм.
Өлеңдегi – лиригiм,
Айтыстағы – ақыным.
Алынбаған сыйлығым,
Жарылмаған атомым.
Бақшадағы – өрiгiм,
Жұпар иiсiн жұтамын.
Ғасырдағы – қорығым,
Менiң «Қызыл кiтабым».
Берекедей сезiнем,
Беделiм мен бет-арым.
Жұртбаевтай – шежiрем,
Омашевтай – деканым.
Таптың қыз бен ұлды да,
Ғұмырымсың жалғасқан.
Айтовтай – сұңғыла,
Майтановтай – марғасқам.
Саясатта – тiрегiм,
Парламентте – сөзiмсiң.
Кандидаттың бiрi едiң,
Депутатым – өзiңсiң.
Шығарасың заңыңды
Шыр-пыр болып ей, жаным.
Шығарады жанымды
Шырылдатып кей заңың.
Шымырланып ширықтым,
Одан сайын ұштадың.


364
Аюындай цирктiң
Менi үйретiп ұстадың.
Кəмпит берiп, қамшылап
«Алэ-оп!» деп билеттiң.
Айналамыз – аншлаг,
Дос жиюды үйреттiң.
Елдiң бəрi елеңдер,
Қолым қалай ұзарған?
Адам болам дегендер
Арғындардан қыз алған.
2011 жыл
АТЫ КҐП АДАМ
Алматы облысының əкiмi
Серiк ҮМБЕТОВКЕ
Атын айтып шақырса
Жалт бұрылып қараған,
Өз есiмiн бiле ме
Өмiрдегi əр адам?
Ата-бабаң əуелi
Ат қойса да дəстүрлеп,
Атын айтпай мықтының,
Атайды оны:
– Қасқыр! – деп.
Жiгiт бұзық болса егер
Жiберетiн жұлып тек.


365
Оның атын өзгертiп
Атайды жұрт:
– Жүлiк! – деп.
Тамашалап тар жердi,
Тайраңдайтын тайтаң көп.
Албастыдай пенденi
Айтпайды ма:
– Сайтан! – деп.


366
Түнде шықсақ көшеге
Түрлi нəрсе көрер ек.
Ұшып-қонған сұлудың
Былайша аты:
– Көбелек!
Тоқпан жiлiк сындырып,
Топ бастайтын бар жiгiт.
Елге туған ерлердiң
Ерекше аты:
– Нар жiгiт!
...Бiр кiсi бар ендеше,
Жүрмейтұғын түндетiп.
Оның аты – Серiк те,
Фамилиясы – Үмбетов.
Талай, талай, талайлар
Танысса да жақын кеп,
Атын айтпай Серiктiң
Атайды тек:
– Əкiм! – деп.
Ишаралы, ибалы,
Имансызбен қас кiсi.
Қорғанышы сияқты
Қолындағы тəспiсi.
Атаққа да, атқа да
Сонша зəру, қат па едi?
Аты келсе бəйгеден
Дейдi жұрттар:
– Атбегi!
Расында кiм екен
Үмбетовтiң аты осы?


Журналистер қойған ат:
– Өнердiң өгей əкесi!
Басатұғын байқатпай
Бұл өмiрдiң таты көп.
Аты-жөнi болғанмен,
Көп адамның аты жоқ.

2000 
жыл


368
ШУАЌТЫ ШАЌТАР
Профессор Намазалы ОМАШҰЛЫНА
Өткен шақ
Елу деген ерекше
Ел қарайтын қия-шың.
Жимасаң да есiңдi,
Етек-жеңдi жиясың.
Намазалы құрдасым,
Болсаң егер бай тегi...
«Екеумiзге – жүз жыл» деп
Бiр тойласаң қайтедi?
Сахнаға бiр шығып,
Бiрге оқыдық, бiр өсiп.
Кiлемiнде КазГУ-дiң
Жүрдiк бiрге күресiп.
Небiр ғалым, ғұлама,
Көрдiк ойшыл, арысты.
Мəлiк аға Ғабдуллин
Бiзге бердi дəрiстi.
Əуезовтiң шəкiртi –
Академик Қабдолов
Оқығанда лекция
Отырушы ек таң болып.
Бейсекең мен Мархабат,
Қарағұсов, Кəкiшев
Сабағынан бiр қалмай
Жүретiнбiз қатысып.



370
Белинскийден кейiнгi
Беу, Белгiбай Шалабай...
Белдiгiне мақтанған
Бейкүнə бiр баладай.
Тауман менен Темкеңдей
Таба алмайсың деканды.
Жел жағынан жүргендер
Естен танып «2» алды.
Үкiметтiң үйi едi-ау,
Бiздiң оқып тұрған үй.
Сəуле құйды санаға
Рымғали Нұрғали.
Шетел тiлiн оқытты
Роза мен Нұралы.
Менделеев кестесi –
Мұғалiмдер құрамы.
Ұстаз деген – ұлағат,
Ұстаз болу – ұсталық...
Абдул-Хамид секiлдi
Ал, сөйлейiн қысқа қып.
Осы шақ
Түйгенiмдi айтайын
Дүйiм жұртқа iш тартып.
Əрлегендей əр сөздi
Жазып келдiк қысқартып.
Қысқартуға келгенде
Бəрiмiз де дүрдеймiз.
Қазақстан Республикасын
Қысқа ғана «ҚР» деймiз.


371
«ГКЧП», «ТМД»,
«КГБ»-дай аттардан
«КПСС» пен «СССР»
Бұрынырақ жатталған.
Мүше болып «НАТО»-ға,
«ООН» мен де сырластық.
Сыбайласып жемқормен,
«АО» деген фирма аштық.
Тiреу қойып тiрлiкке
Жариялап тендр бiз,
Радио, теленi
«РК ТРК» деп жүрмiз.
«ҚТ» деген немене,
«ДТ» деген немене?
Қойқабыңды қозғасаң
Қозып кетер делебе.
«ҚТ» деген – Қоңырат та,
«ДТ» деген – Дулат деп,
Қотырыңды қасыма,
Айналайын, шулап кеп.
«ҚТ» деген қысқаша –
Қызметтегi телефон.
«ДТ» деген қысқаша
Домашний телефон.
Профессор жазады
Журналына белгiлеп,
Лекцияға келмеген
Студентке «НБ» деп.
«КазГУ» емес, «ҚазМҰУ» деп
Төнiп тұрған төбеден,


372
Қысқа ғана екi əрiп
Немене екен «НО» деген.
«Н» деген де – күштi əрiп,
«О» деген де – күштi əрiп.
«НО» деген сөз, ойпыр-ай,
Не бiлдiрмек қысқарып?
«НО» деген бе?
«НО» деген
Орысша ғой о, тоба!
«НО»-дан бəрi басталар
Норка, ноғай, нота да.
Қатырсаң да басыңды
Таба алмайсың бал ашып.
«Н» дегенiң – Намаз да,
«О» дегенiң – Омашев.
Ойнаса да Ойталда
Бiр сақамен он асық,
Көп ұтылып көрмеген
НО... бiрақ та – Омашев.
Сусамырдан су iшiп,
Қой санаған қора ашып.
Қой баққан жоқ,
Ой баққан
НО... бiрақ та – Омашев.
Жүзi жарық журфакқа
Түссе-дағы дөң асып,
Гитарист боп атанған
НО... бiрақ та – Омашев.
Курстасына көз салған
О, махаббат!
О, ғашық!


373
Арба жекпес алысқа
«Одналюб» Омашев.
Ғылым қуып жасынан
Көз iлсе де таң асып.
Талып, құлап қалған жоқ
НО... бiрақ та – Омашев.
Атанғасын кандидат
Алматыдан əрi асып,
Бiр-ақ шықты Мəскеуден
Ортекедей Омашев.
Шөл даланың шөбiндей
Шашына да жаны ашып,
Докторлығын қорғарда
Қараған жоқ Омашев.
Барған жерi «Мисс» пен «Бис!»,
Француз,
Немiс,
Ағылшын...
Кларасы тұрғанда
Ағылшынды нағылсын?
Но, бiрақ та қайтейiн,
«НО»-ның да бiр «но»-сы бар.
Ыммен ғана айтайын:
Оның «но»-сы осылар.
«Момент» клей секiлдi
Жабысқанмен жарасып,
Ажырамай қалады
НО... бiрақ та – Омашев.
«Н» дегенiң – Намаз да,
«О» дегенiң – Омашев.


О болса да, «НО» болсын,
Қолы ашықтың – жолы ашық.
Келер шақ
Елу деген ерекше
Ел қарайтын қия-шың.
Етектi де, естi де
Ендi, досым, жиясың.
Қолың ашық құрдасым,
Болсаң егер бай тегi...
«Екеумiзге – жүз жыл» деп
Той жасасаң қайтедi?
Бiз секiлдi ойнасын,
Бұл құрдастар ойнаса.
Жүз жасыңа жекелеп
Тағы да өзiң той жаса!.
 
 
 
 
 
2000 жыл


375
КҐП НЇКТЕ
Ақын Асқар ЕГЕУБАЕВҚА
Барған жерi – басқарма,
Көзi шалар қияқты.
Құрмашұлы Асқар да
Құрмалас сөйлем сияқты.
«Мазаласа ой менi –
Махаббатым!» деп келдi.
Көп болса да сөйлемi,
Аз қояды Леп белгi.


376
Көшелердiң көгалы
Гогольге келсе – елтидi.
Леп белгiдей болады
Көрген кезде ЖенПИ-дi.
Көкте жүрсе көңiлi,
Бiлдiре ме тоқтықты?
Сөйлемiнде өмiрi
Сұрау белгi жоқ тiптi.
Ұрымталдау, ұрма сын
Бiлдiрмейдi пiкiрдi.
Қолда шiркiн, тұрғасын
Қоя салар Үтiрдi.
Шабытына шам алған,
Қою түнге бойлайды.
Екi көздей қадалған
Қос нүктенi қоймайды.
Көлдей қылып жазса да,
Көрiнбейдi сызықша.
Не болады,
Мəссаған...
Сызықшаға – қызықса?
Леп белгi ме?
Ой, əрi..
Тарт бəлеңдi таямай...
Асқар бiрақ қояды
Көп нүктенi аямай...
Балалық шақ... бəрi ыстық...
Октябрят... сүйе бер.
Мойында қызыл галстук...
Салют саған... пионер!


Көрген емес шаршап ол,
Əлi есiнде... əр қия.
Алға, алға... комсомол,
Алда... Ленин... партия!
Үйтiп ең де... бүйтiп ең
Кездескенде бiр ғашық.
КазГУ...
Журфак...
Диплом...
Жыр-ғашықпен сырласып...
Маладес, Мұқа... Қаратай...
Мақала...
Мақтау...
Марапат...
Алапай да талапай...
Бiр басында – бар атақ.
Аузына Олжас түкiрдi...
«Түф!» дедi ме...
«Сүф!» дедi...
...Қойсаңдағы үтiрдi,
Қойма жырға нүктенi!
2000 жыл


378
ҐЗIМ ТУРАЛЫ ЭПИГРАММА
Əдебиеттен қыз алған 
Бəрiмiз де бажамыз. 
Бажалықты байқатып 
Əзiл-қалжың жазамыз.
Қортындылап сөзiмдi
Таныстырсам өзiмдi:
Мен – Көпен,
Əкем – Əмiрбек.
Туған жылым – 1950.
Яғни, Барыспын.
Алпысқа да кеп қалдым
Артын жауып əр iстiң.


379
Толық салмағым – 
90 мың грам.
Қасиетiм – осылай
Қалжыңдасып тұрам.
Бойым – 167 см.
Ауылым Алматыдан 900 км.
Руым?..
Руыммен у iштiм.
Қожанасырмен 
(«Қо» деген жерiне дейiн) туыспын.
Қожекеңнiң руы
«Қо»-дан басталады.
Менiң руым да
«Қо» – дан басталады.
Мiне, «қарға тамырлы қазақ»
Содан басталады. 
«Өзiңдi-өзiң мақта!» деп
Түлен түртiп, жұлқынды ой.
Мақтамасам өзiмдi,
Мақталмауым мүмкiн ғой.
Мен – маладеспiн!
Не жас, не кəрi емеспiн.
Баяғыда қыздарға «Атың кiм?» деп,
Ұстараның жүзiндей қылпылдайтынбыз.
Қазiр ше?
«Кiмнiң қызысың?» деп тымпыңдаймыз.
Сонда да бiр тынбаймыз.
Əйтеуiр тыртыңдаймыз!..
«Үмiтсiз – сайтан ғана» деген екен,
Қиялдап, ой түбiне неге кетем?


Құдай ғұмыр берсе,
2030-жыл болғанда,
Бақбақ басы толғанда
Президент – 90-ға,
Мен 80-ге келедi екем.
Бiр-бiрiмiзден бұқпай,
Түкiрiгiмiздi жұтпай
Сол жылы кездескенше –
Сау бол!
До свидания!!
Гуд бай!!! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2009 жыл


БЕСIНШI Б¤ЛIМ
МЫСАЛ- 
МЫСЌЫЛ


382
БƏТІҢКЕНІҢ БАУЫ
«Жалаңбас» деген мекемеге 
Бəтіңке бастық болды.
Бұ қалай?
«Резюмесі» мынадай:
Аты-жөні:
Бəтіңке Былғарин.
Мінезі:
Сынадай.
Түр десең түрі бар,
Табанының бүрі бар.
Қабілеті:
Лай-суды кешкен емес.
Жұмыс десе жанын салып,
Шұлығын да шешкен емес.
Білімі:
Жоғары. 
Оқу өтіп кеткендей ұйқылы-өңі бар.
Құлақшын, 
Тымақ,
Телпек секілді оқу орындарын 
Бітірді деген үш-төрт дипломы бар.
«Əй, мынауың 
Майлы ішек қой мафиясы көп.
Құрығанда қу басты
Жылытатын тақиясы жоқ!»
Деп жұрт құрыстанды.
Ал Бəтіңке:
«Қоңылтаяқ жүр едік,
Жағдай енді дұрысталды!»
Деп бір Жіпті жұмысқа алды.
«Түсінбедік түкті,
Жіп-жіңішке жіпті
Жұмысқа алғаны несі?
Көңіліміз күпті!» 


383
Деп бəріміз 
Шығарып ек дау.
«Бұл жіп емес, 
Бəтіңкеге бау.
Дені-басы сау!» 
Деп Бəкең бастық
Ашуға басу айтты.
Ау, 
Бұ неғылған жағымаз бау?
Бəтіңке жайлап жүрсе, 
Бұл да жайлап жүреді.
Бəтіңкені біресе шешіп,
Біресе байлап жүреді.
Күндердің күнінде
Бəтіңкенің сірі кетіп,
Табанының бүрі кетіп,
Орнынан
Түскен еді босап қалып...
Байғұс Бау да
«Бəкеңмен» бірге кетті қосақталып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет