Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


=ЗІЛУ НЕМЕСЕ ӘМІРЕНІ? АЫР*Ы МОНОЛОГІ



Pdf көрінісі
бет119/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   130
=ЗІЛУ НЕМЕСЕ ӘМІРЕНІ? АЫР*Ы МОНОЛОГІ
«Осы ма еді ел деген
Көріп пе еді аямасты, аатай?»
(ЖапалдыO сөзі,
 «ЕOлік – Кебек» трагедиясынан)
Жарандар!
Жақсы көрген әншің едім,
Мен неге орта жолда әлсіредім.
Жаңа таң, жарық күндер қайда кетті?
Ысыршы мына түннің сәл түнегін.
Жас болдым, көріп-білдім, сүйіп, күлдім,
Тым ащы дәмін таттым күйік-мұңның.
Өзгеге барын берген ақ жүрекпен,
Көп жерде пенделіктен биік тұрдым.
Тек жаным туған жерді сағынады.
Қош енді, алыс қалған Абыралы.
Аштықтың нәубетінен есі кеткен,
Қайран ел қайда барып шағынады?
Қайда анау Сылдырбай, Сәт салтанаты,
Сүліктей қара ат еді бар қанаты.
Дұшпандар аяғына жем түсіріп,
Көмбеге жетіп өлді, шаршап аты.
Жүйрікті солай жеңді ғажап текті,
Иесін бай болдың деп азапты етті.
Мен көрген алғыр тазы – Аққасқаны,
Далада бір топ қасқыр талап кетті.


464
Қарсы алған кедей бала демей мені,
Думанды жылдар қайда Семейдегі?
Алаштың арыстарын аңсағанда,
Кеудені қоймайды екен жемей жегі.
Солардай ұлтын ойлап қайғырған кім?
Ісі емес мұның бәрі жай бір жанның.
Шәкәрім, Ахаң, Жақаң, Жүсіпбекті,
Біртіндеп тұғырынан тайдырған кім?
Ал ертең тағы кімге тіс батады,
Жаламен тағы кімді ұстатады?
Соңыма түскендердің ойы бөтен,
Сылтау ғой, көрдің деуі Мұстафаны.
Жендеттер, аш бетіңді кәне бері,
Құрбан ғып шалғың келсе және мені.
Мен емес қуғын көрген, басқа да емес,
Ол – қазақ, оның тілі һәм өнері.
Құрылған оңымда тор, солымда тор,
«Жаусың» деп шошаяды соңымда қол.
Ұлтымның әнін жайдым күллі әлемге,
Білгенге бағым да сол, сорым да сол.
Күн болды лай суға құлан батқан,
Құрбақа құлағында ұрандатқан.
Бейкүнә нәрестедей халық әні – 
Түбінде Ақшоқының жылап жатқан.
Жазылып Жапал – тағдыр маңдайыма,
Шырқырап қалмасын деп ән жайына.
Тапсырып кеттім саған, халық – ана,
Орап ап шапанымның шалғайына.
Үш жендет, тұрмын бәрін жетік танып,
Жоюды бүгін мені шешіпті анық.
Қара аттай тұлпар құрлы қайратым бар,
Өлейін өз көмбеме жетіп барып. 
Шапшыңдар, шибөрілер, шаршамаңдар,
Дүрегей мен емеспін арсалаңдар.


465
Аққасқа тазы құрлы азуым бар,
Етіңде тісім кетсін, ал, талаңдар.
Жазулы үнім қалды, тыншы жаным,
Өнерім, өмірдің сен сүрші ұзағын.
Шыққанда ел алдына білмеп едім,
Ішінде тыңдаушы емес, тыңшы барын.
Дүниеге келе берсін тек тарландар,
Жарандар, аялаңдар, кеш қалмаңдар.
Ал сендер, үнсіз жүріп құртушылар,
Көлгірсіп, үнсіз мені еске алмаңдар.
Ерлер бар шыңда туып, шыңда жанған,
Ерлер бар толқын жуып, құмда қалған.
Туғандар, тұлғалармен мақтаныңдар,
Тұлғалар, сақтаныңдар сұлбалардан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет