Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


АЛЫТАУ  Әміре бәрімізге "стаз еді



Pdf көрінісі
бет117/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   130
АЛЫТАУ
 Әміре бәрімізге "стаз еді.
С.ОЖАМ6ЛОВ.
Қоңыр күз. Әлсін-әлсін бұлт төнеді,
Жауса да, жаумаса да жұрт көнеді.
Қыбырлап күн көруде қалың елдің,
Аштықтың темір қолы түртпегені.


455
Әміре Алматыда – бас қалада
Азайды нағыз жолдас, жақсы аға да.
Өнері жұғар ма екен кейінгіге,
Өзімен бірге мәңгі жастана ма?
Соны ойлап, ақ жүрегі аласұрды,
Оны аңдып өсек пенен жала тұрды.
Еліне еркелеумен көп күндерді
Өткізіп алған жоқ па бала сынды?
Аңдамай күнде көрген кісі қуын,
Жүрді ғой құйып берген ішіп уын.
Көңілге медет бірақ бұл күндерде
Ағалап, жағалаған кіші буын.
Маңынан көкбазардың үйді алғалы,
Отбасы елден ерек қиналмады.
Өнерлі шәкірттердің әдеткідей,
Сол үйге бүгін еді жиналғаны.
Манарбек – соның бірі, сары көсе,
Күшті екен ән салғанда арыны өте.
Көп көрген жетімдік пен қиындықтың,
Жүзінен бастағандай табы да өше.
Елден кеп, болмаған соң тұрмыста мән,
Үйінде Әміренің бір қыстаған.
Ілесіп інісіндей, талапты жас,
Әншіден ән үйреніп, үлгі ұстаған.
Манарбек шырқап отыр «Топайкөкті»,
Дауысы дірілдетті қоса әйнекті.
Тағы бір ән ғұмыры ұзарды ау деп,
Көңілі Әміренің босай кетті.
«Мінеки, құйма құлақ тума дарын,
Жүрекке әнің жетіп тұр, қарағым.
Осы әнді енді бір рет мен салайын,
Ұштай түс, нақышы мен бұрмаларын».
Сол сәтте еркелігін білгізіп-ақ,
Кішкентай Күләш үйге кірді жылап.


456
Әміре жантая сап шырқай берді,
Баласын кеудесіне мінгізіп ап.
Тынысы одан сайын ашылған ба,
Әнші де шаршар емес жақын маңда.
Қояды жас сәбиі бір секіріп,
Зор кеуде көтеріліп басылғанда.
Жүсіпбек әнші ағаның оң жағында,
Жүретін жиі келіп ол да мұнда.
Ағадан бір шапалақ жегені бар
Семейде «Ес – Аймақта» болғанында.
Ол кезде Елебеков тіпті бала,
Алқалы топ алдына шықты жаңа.
«Ырғағын бұзбай айт» деп Әміре тұр,
Жүсіпбек жасымады: «Ұқтым, аға».
Дегендей «бағаңды бер, халқым, маған»,
Жас әнші барын сала саңқылдаған.
Танытты ұстаздықта қаталдығын,
Әміре жайшылықта аңқылдаған.
Шапалақ тиді келіп дөп, не керек,
«Мен саған айтып ем ғой көп шегелеп.
Ұққаның қайда қалды, сары бала,
Дәл бұлай басталмайды «Көк көбелек».
Ағаның алақаны ем болғандай,
Әнші боп қалыптасты енді ол қандай!
Әміре күтеді үміт Жүсіпбектен,
Ізбасар талабы да ең зор жандай.
Рәбиға – ақ жүзінен нұр тараған,
Сезімі сұлу әнге іңкәр адам.
Ол айтты: «Әміре аға, мені сізге
Жіберді ән үйрен деп Мұхтар ағам».
Ойнайды театрда Рәбиға да,
Салып жүр Еңліктің әнін жаңа.
«Еңлікжан дәл осындай болған-ау» деп,
Сүйсіне көреді жұрт, бәрі илана.


457
Осында ақын Иса ағып тұрған,
Кезі жоқ тыңдаушысын жалықтырған.
Осында Қалибек те, Елубай да,
Күлкіге қыран-топан қарық қылған.
Әншімен әзілдері жарасатын,
Сыйлайтын таланты мен парасатын.
Осылай өңшең заңғар, кілең салдар,
Разы боп үйді-үйіне тарасатын.
Өзіндей өзгенің де ұққан жанын,
Әміре шығарып сап тыстан бәрін:
«Жолдарың болсын десең, дұрыс, - деді -
Сапарға біздің үйден шыққандарың».
Әміре ән біткеннің атасындай,
Жарығы мәңгі сөнбес хас асылдай.
Сол сөзі әнге сапар шеккендерге
Әншінің беріп кеткен батасындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет