Ысқақ Дүйсенбаев
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 50-70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының
әлеуметтік өміріндегі жаңалықтарын түсінбей шошынған,
патшалық отаршылықтан қорғану, үрку нәтижесінде орыс
халқының ұлы мәдениетінен де тартынып жатырқаған, кей
сәтте қарсы шыққан Шортанбай, Дулат, Мұрат, Әбубәкір
Кердері, Базар жырау сияқты ақындар да болды.
Осы ақындардың шығармаларына тоқталмастан бұрын,
сондай-ақ олар жөнінде бұрын-соңды жазылған еңбектер
жөніндегі пікірімізді айтпастан бұрын, бір мәселенің басын
ашып алсақ дейміз. Әдетте бір ақынның шығармасына баға
бергенде біріне-бірі қарама қарсы екі түрлі көзқарас орын
теуіп келді: не сол ақынды халық мұңын мұңдаған прогресшіл
қайраткер етіп тарихта қалдырыу, я болмаса оны кертартпа,
реакцияшыл, феодал жыршысы деп танып тарихтан мүлде
шығарып тастау. Біздіңше, көрнекті мәдениет қайраткерінің,
егер ол шын мәнінде сондай болса, реакцияшыл екенсің
деп тарихтан шығарып тастауға бомайды, ол ақын өзінің
тісті бағасын алып, белгілі бір көлемде зерттелуге тиіс. Ен-
1
«Әдеби мұра және оны зерттеу». Қазақ әдебиеті тарихының
негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференция-
ның материалдары. – Алматы: Қаз.ССР Ғылым Академ.баспасы,
1961 ж.
211
деше, Шортанбай, Дулат, Мұрат, Әбубәкір Кердері тәрізді
ақындардың шығармаларына тоқтағанда, сол ақындарды
қайтсе де тарихта қалдыру мақсатын көздеп, тайқақтай ба-
сып, тайыз талдау беруден аулақ болуымыз керек.
Патриархалдық-феодалдық құрылыстың өзгермеуін көксе-
ген, өзі қаласын, қаламасын қанаушы – кертартпа топтың жыр-
шысы болған ақынның бірі Шортанбай Қанайұлы.
Бұл ақынның творчествосы жөнінде бұрын-соңды көп-
теген пікірлер айтылды. Бір топ сыншылар мен әдебиет та-
рихын зерттеушілер Шортанбай ақнның шығармаларын
халықтық туынды деп, оның өзін сыншыл реализмнің өкілі,
бұқара көпшіліктің жыртысын жыртқан халықшыл ақын
деп тапса, екінші бір топ әдебиетшілер сол ақынның өлең-
жырларына баға бергенде, Шортанбайдың көзқарасындағы
қайшылықтарды да ашуға тырысып бірлі-жарым сын айтқан
болды. Бірақ, тегі сол кездегі (20–30 -жылдарды айтып отыр-
мыз – Ы.Д.) маркстік сын дәрежесі төмен, қазақ әдебиет та-
рихы жөнді зерттелмегендігінен болу керек, ақынның твор-
чествосы дұрыс, толық бағасын ала алмады. Сол кездегі
болған пікірлерге талдау беріп, кімнің нені айтқанын
тәптештеп жатудың кәзір қажеті жоқ қой дейміз, өйткені сол
пікірлердің көбі 20–30-жылдарда орын тепкен кейбір әдеби
теориялардың салдарынан туған болатын. Алайда, Шортан-
бай шығармалары жөнінде жазылған еңбектерге қысқаша
шолу берген дұрыс болар.
М.Әуезов, М.Жолдыбаев, Ә.Қоңыратбаевтың 1933 жы-
лы жарық көрген қазақ әдебиетінің тарихына арналған
очеркінде, негізінде, Шортанбай ақынның еңбегіне дұрыс
баға берілген. Авторлар ақын өмір сүрген заманның қай-
шылықтарын аша отырып, оның шығармаларындағы кертар-
па сарындарды сынға алған. Дегенмен Шортанбайды ескішіл,
діншіл, кертарпа бағыттың ақыны деп үзілді-кесілді тұжырым
жасамай, көбінесе, ақын шығармаларының ұтымды жағын
сөз етеді.
Шотанбай шығармалары жөнінде әр кезде пікір айтқан
адамның бірі Сәбит Мұқанов жолдас. Алғаш кезде ол өзінің
«Қазақтың ХVІІІ–ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерк-
тер» деген еңбегінде Шортанбайға былай деп баға берді:
«1783 жылдан басталған қазақ халқының көтерілісі, 1850
212
жылдары, уақытша, мылтық күшімен басылды десек, со-
дан кейінгі жылдардағы халық басына түскен қиыншылықты
Шортанбай өзі өлгенше шын ықыласын сала, бойдағы бар
ақындық талантын жұмсап, халық қайғысын халықпен бірге
қайғыра, халықпен бірдей жылай өтті. Сол кездегі қазақ
тұрмысынан Шортанбайдың жыры шолмаған ешбір сала
жоқ». Әрине, бұл сол кездегі Шортанбайға деген жалпы
көзқарастан туған қате пікір. Кейін, С.Мұқанов жолдас 1957
жылы қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдердің
республикалық кеңесінде сөйлеген сөзінде бұл мәселеге
қайта оралып, ақын мұрасына, негізінде дұрыс баға береді.
Бірақ Шортанбайды сыншыл реализмнің көрнекті өкілі деу,
оған орысты түсінбедің деп жеңілдік жасау орынды бола
қоймас.
Профессор Қажым Жұмалиев те Шортанбай ақынның
еңбектерін көп зерттеген адам. Автор 1941 жылы шыққан
«Қазақ әдебиеті» деп аталатын оқу құралының екінші
бөлімінде былай дейді: «Шортанбай өз дәуіріндегі әлеуметтік
өмірдің барлық мәселелерін түгел шолып, олардың әр
қайсысына жеке тоқтап өтті, ол мәселелер жөнінде өзінің
көзқарасын айтып берді. Қосқыртыс қайшылықтардың
жуан ортасында болған сыншыл ақын болмысты жасыр-
май, шын өз қалпында көрсете алды. Сондықтан Шортанбай
үлкен реалист ақын». Сол еңбектің тағы бір жерінде: «Оның
(Шортанбайдың – Ы.Д.) творчествосының көпшілігі халық
мұңына арналған. Ол міндетін ақын атқара алды. Ақын өз
өлеңдерінде езілуші кедей шаруалардың өмірін де, оларды
езіп отырғандарды да әр жағынан алып суреттеп бере білді»
деген қорытындыға келеді. Бірақ осы оқу құралының кейінгі
шыққан басылуында автор Шортанбай шығармаларына
дұрыс талдау берген.
1957 жылы жарық көрген «Қазақ ССР тарихының» бірінші
томындағы ХІХ ғасырдың әдебиетіне арналған бөлімде
де (авторы Е.Ысмайылов) Шортанбай творчествосы тиісті
бағасын алды.
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің
«Қазақ халқының әдеби мұрасын зерттеу, оны сын көзімен
пайдалану туралы» қабылданған 1957 жылдың 8 июліндегі
қаулыдан кейін тағы да бір топ әдебиетшілер Шортанбай
213
ақынның өлеңдері жөнінде мақалалар жазды (С.Нұрышев,
Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұсабаев, Т.Нұртазин). Бұл жолдастар,
жалғыз С.Нұрышевтан басқасы, ақынның көзқарасындағы
қайшылықтарын, кертартпа консерватизмін аша оты-
рып, ұтымды жақтарына да тоқтап өтті. «Қазақ әдебиеті»
газеті осындай игі бастаманы орынды қолға алса да, тиісті
қорытынды шығармай аяқсыз қалдырды. Сөйтіп, Шортан-
бай турасында пікір аз айтылған жоқ. Ал енді ақынның өз
шығармасына көшелік.
Шортанбай ескішіл ақын, феодалдық қоғамның сойылын
соғып, жоғын жоқтаған мұңшысы, жыршысы. Ақын өзінің
тілегін жүзеге асыруда, көпшілікпен тіл қатқанда ислам дінін
тиянақ етеді, соған ұдайы арқа сүйейді. Әрине, бұл кездейсоқ
нәрсе емес. Өйткені қашанда болсын дін үстем таптың құралы
болып келді. Ислам діні де қазақ қоғамындағы феодалдық
таптың мүддесін көздеді. Қазақ өлкесін отарлаудың алғашқы
дәуірінде патша өкіметінің саясаты да жергілікті билеуші
таптың діншіл санасын қостап отырды, феодалдарға арқа
сүйегендіктен, олар тұтынған ислам дінін отаршылдық
қанаудың құралы етуге тырысты. Сондықтан да қазақ да-
ласына ислам дінінің тарауына жол беріліп, жер-жерде
мешіт-медреселер салына бастады. Осыған байланысты та-
тар молдалары арқылы қазақ даласына діни кітаптар, дін
тақырыбына жазылған қиссалар да тарады. Бірақ, бұл
отарлау саясатының алғашқы кезеңіндегі жағдай болатын.
Кейін, ХІХ ғасырдың орта шенінде патшалықтың Орта Азия
халықтарына қарсы асқындаған отаршыл шабуылына байла-
нысты исламшыл феодалдар «кәпірлерге» қарсы әрекет жа-
сау керек дейтін кертартпалық бағыты басталғанда, сол ислам
діні айқын үгіт құралына айналды. Осының ақыры кейін па-
нисламизм мен пантюркизм сияқты кертартпа, реакцияшыл
ағымдарға әкеліп соқты.
Феодал табының сол күнгі өкілі болған Шортанбайдың
тек қана дін жолын жақтап өз кезіндегі барша шаруашылық,
саясаттық, мемлекеттік жаңалықтардан мүлде үрке қашуы
табиғи нәрсе. Ақын өзінің «Бала зар» деген өлеңін:
Атамыз адам пайғамбар,
Топырақтан жан боп жаралды.
214
Мұсылман, кәпір халық боп.
Сол адамнан таралды,–
деп адам баласының қайдан шыққанына өзінше түсінік бер-
мек болады.
Шортанбайдың көлем жағынан болсын, мазмұн жағынан
болсын көрнекті өлеңінің бірі – «Зар заман». Ақынның
әлеуметтік көзқарасы мен таптық санасын тануға айқын де-
рек беретін болғандықтан біз бұл өлеңге тоқтай түссек дейміз.
Шортанбай бұл өлеңінде: заман бұзылды, бұрынғы қорлар
зор болып, зорлар қорға айналды, атаны бала, ананы қыз
тыңдамды, ертедегі дуалы ауыз билер сөзден қалды, жаңа
бастықтар шығып елді қусырып бара жатыр, қыңқ етсе қалаға
шабады, орыс ұлықтары билеп-төстеп алды дегенді баяндай-
ды.
Мұндағы ақын ойларынан екі нәрсені аңғаруға болады:
біріншіден, Шортанбай әлеуметтік, үй ішілік жаңалықтарды
сынағанда оларды бұқара көпшіліктің тұрғысынан қарап сы-
намайды. Ондай жаңалық белгілер ақынның өзі құптаған ер-
теден орнаған, ескі өмірге қайшы шыққан төркіні басқа, дінге
қарсы деп шенейді. Бұрынғы заман «Қаймағы бұзылмай»
қайтып оралса екен деп көксейді. Осы жолда қанаушы таптың
күшті құралының бірі болып келген баяғы ислам дінін өзіне
нық тірек, арқалық етеді. Екіншіден, ақынның санасы мен
арманы кертартпа, ескішіл бола тұрса да өзінің өлеңінде
объективтік түрде кейбір тұрмыс шындықтарын да атап
кетеді, мәселен:
...Байлар жеді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманың сенің құбылды.
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей...
Көптеген өлеңдерінде Шортанбай орыс каптиализмінің
ықпалымен келген қазақ даласындағы жаңалықтарды мінеп-
шенегенде, оған ескілік, ақсақалдық-бектік тұрғысынан
қарайды, оның Россиядан тарайтын белгілердің бәріне қарсы
болып, үмітті «дін діңгегі» деп аталатын Бұқараһи шарифке
артуы да содан.
215
Тағы бір топ өлеңдерінде де Шортанбайдың ислам
көлеміндегі қараңғы фанатизм жаршысы болғанын айқын
көреміз. Мәселен, ақын құдай жолын тұтпағандарды жаһан-
намның азабымен қорқытады:
...Таңда махшар күн туса,
Таразыны аударар,
Жаһаннам деген дозақта.
Шайтан болар жолдасы,
Қыбыласын білмей құл
Сонда тартар жазасын.
Кешірмейді құдайым.
Бес намаздың қазасын.
Құрт-құмырсқа жиылып
Сонда алады мазасын...
Ақынның осы алуандас көп өлеңінен айнымас арна-
дай болған үнемі дін сарынын жиі кездестіреміз. Шортанбай
өлеңдерінің негізгі тақырыбы діншілдік, сол діннен туған үгіт
сана десек дәл келеді.
Расында да, Шортанбай қазақ әдебиетіне діни сарынды
алғаш мол кіргізген ақындардың бірі болып саналады.
Шортанбай екінші бір өлеңін де «Зар заман жыры» деп
атайды, мұны да жоғарыдағы «Зар заман» өлеңінің жалғасы
деуге болады. Ақын мұнда да заманның теріске айналғанын
айтып, жұртты құдайға құлшылық ету жолына үндейді.
Өлеңнің түрі ақыл айту, өсиеттеу ретінде жазылған.
Ал енді бір алуан өлеңдерінде бұқара көпшіліктің қамын
жеушілік тәрізді сарын болса, мұның өзі де көпшіліктің
мүддесін көздеуден туған өріс емес, тек өзінің түбегейлі үгіт
өсиетін, таптық санасын қонымды, өтімді етудің бір тәсілі бо-
лып келеді. Сондықтан Шортанбай өлеңдерінен шығатын
қорытынды, көбінесе, біреу ғана. Ол заман азды, заң тоз-
ды, жұрт құдайды ұмытты деп нәле тұту, зар илеу. Әрине,
бұл жағдай тек Шортанбайдың қара басынан ғана туған
нәрсе емес, ол әр заманда, әр елде болған діншілдік песси-
мизм, мистикаға берілу, «ақыр заман жақындап келеді» де-
ген түсініктен туған кертартпа ағым. Жалғыз қазақ емес Рос-
сия империясындағы мұсылман атаулыны қанаушы діншіл,
үстем ортасынан орын тепкен, арғы түбі Қожахмет Ясауидің
216
белгілі «Диуани Хикмәтіне» апарып соғатын ағым. Бір қазақ
емес, сол кездегі көршілес елдердің әдебиеттерінен де осын-
дай сарынды біз жиі кездестіреміз. Осылардың түпкі тамыры
бір екендігінде және бұлардың қай халықтың болсын даму
жолында кедергі ағым, халыққа жат сана екендігінде сөз жоқ.
Осындай ақыр заман заршысы болып ел азды, заман тоз-
ды деп бейбалам салған ақындарға данышпан Абай қарсы
шығады, ол өзінің «Ғақлият-Тасдиқат» деген қара сөзінде
және бір топ өлеңдерінде жаңағыдай ақындардың елдікке
жат құнарсыз сана, кенеусіз сөз үгіттерін қатты шенейді. Яса-
уи, Шортанбайдың түп сарыны дүниеден безушілік, соқыр
фанатизмге апарып соғады.
Тағы бір ескерте кететін жәй: Шортанбай бір жағынан
жазба ақын бола тұрса да, өзінің шығармаларында фоль-
клор қорынан да мол пайдаланады. Ақындық түр жағынан
қазақ поэзиясына кіргізген жаңалықтары жоқтың қасы бол-
са да, көпшілік сүйген өлең өнерін өз керегіне, үгіт сана-
сына жаратуға тырысады. Ақын өзінің әрбір өлеңі арқылы
өз көзқарасын, белгілібір ұстаған таптық идеясын жұртқа
жеткізуге, көпшілікті соған иландырып ертуге тырыса-
ды. Оның идеяларының көпшілігі үстем таптың, ескіліктің
мүддесін көздеу болса, сол идеясын көпке түсінікті тілмен
таратпақ болады. Оның «Жаңа заманға» көзқарасын мына
бір үзіндісі ашық көрсетеді:
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондай зорлар қор болды,
Әуелгі барлар жоқ болды.
Сондай жоқтар тоқ болды.
Жөн білмеген жамандар.
Ел билеген бек болды...
. . . . . . . . . .
Қыс көбейді жаз аз боп,
Бай таусылды мал аз боп.
Ағаны іні көрмеді.
Атаға бала араз боп.
Мұнда, бір жағынан, өткеннің «жақсыларын» жоқтап,
олардың орнына кешегі бір қорлар келіп отырды деп
қамығу болса, екіншіден, жаңа заманның салдарынан
туған кейбір жаңалықтарды қабылдамай жауығып сы-
217
нау да бар. Сол жаңалықтардың не екенін және оларға
өзінің қалай қарайтытын ақын «Шортанбайдың зары», «Бай
құдайды атқаны» деген өлеңдерінде тағы да ашық айта-
ды. Шортанбайға ұнамайтын құбыжық белгілер не десек,
біріншіден:
Закон айтып қатын тұр,
Қойнында жатқан еріне
Зарланып тұрған әйелдер
«Қосылғам жоқ» деп теңіне, –
десе, бұл сияқты сын-шенеуінен де әйел мәселесіне ақын-
ның атам заманғы кертартпа көзқарастың тұрғысынан
қарайтынын көреміз. Ол үшін, сол заманда қорлық, теңсіз-
дікте күңренген қазақ әйелінің аз да болса өз арман, зарын
білдіріп, бас теңдігін іздеулері ерсі, құбыжық нәрсе.
Тағы бір өлеңінде:
Қайыр кетіп байлардан
Бұзауға ақша беріп тұр.
Пәлен теңге торпақ боп
Тиынға тиын болып тұр.
Немесе:
Елу басы, он басы
Ол шайтанның жолдасы...
Ендігі байға мал бітсе
Жақыннан басқа қасы жоқ.
Ендігінің мырзасы
Залымдардың сырласы, –
дейді.
Әрине бұдан Шортанбайдың қанаушы тап пен әкімдерді
халық атынан сынап, жек көріп отыр деген ұғым тумай-
ды. Ақынға тек жаңа заманның байлары мен әкімдері ғана
ұнамайды, олардың кейбір қылықтары шариғатқа, бұрынғы
әдет-ғұрыпқа жатпайды, ал бұрынғының байлары мен билері
артық еді деп ұқтырмақ болады. Әйтесе де, Шортанбайдың
бұл өлеңдерінде объективтік түрде көрсетілген сол заманның
шындық көріністерін ескермеге де болмайды. Ақын
жаңа замандағы, сан алуан, қанаушы таптың бұрынғыға
үйлеспейтін жат, жексұрын кейіптерін бейнелеп көрсетіп оты-
218
рады. Кейде өз көзқарасы өз табының мүддесін бүркемелей
отырып, қалың бұқараның ой-тілегін тірек етіп, солар атынан
шығып, шенеп отырған кісі боп та көріне біледі.
Шортанбай кезіндегі ақындардың негізгі бір қозғағаны –
жер мәселесі болатын. Россия империясының Қазақстанды
отарға айналдыруына байланысты, шұрайлы жерлердің көбін
патша помещиктері мен бек-сұлтандар басып алып, еңбек
елін ығыстырып, бұрынғы ата қоныс, ен жайлауынан қуған
болатын. Шортанбай да, осы күйден түңілген болып, жер
мәселесіне келгенде, бұқара көпшіліктің жер-суынан айыры-
лып күйзеушілікке ұшырағанын ауызға алады:
Адыра қалғыр Сары Арқа
Болмайды деді баянды,
Еділді алды, елді алды
Есілді алды, жерді алды...
Енді алмаған не қалды, –
деген жалпы сарынға басса, сонымен қатар «Байды құдай
атқаны» деген өлеңінде және де бір кезек еңбекші бұқараның
ауыр халін суреттеп өтеді:
Байды құдай атқаны,
Жабағы жүнін сатқаны.
Кедей қайтып жатқаны
Жаз жатаққа жатқаны.
Жаздай арық қазғаны
Күздей пішен шапқаны,
Ішіп-жемдік болмайды.
Оны-мұны тапқаны.
Аш-жалаңаш бейнетпен
Жүдеп арып талады.
Бір ешкісі бар болса
Шығын деп тілмаш алады.
Ол шығынан бермесе
Төбесін ұлық ояды.
Жалғыз сиырын сояды...
Бұл жерде ақын жаңа бағытты қабылдап, саудамен
байыған, сөйтіп билікті өз қолына ала бастаған жаңа шон-
жарларды бұқара алдында жексұрын көрсетумен бірге, бір
219
кездегі «дәрежесінен» айырылып, құлдилап бара жатқан
ескіліктің мұңын көпке шақпақ болады. Осы мақсат үстінде
бұқараның күйін қорғаған болып көрінеді, мұнысы шебер
құрылған тәсіл, алыстан шырға тарту. Ал, шынына келгенде
Шортанбайдың көксегендері:
Әуелі бастан ханды алды
Қараны санап малды алды.
Көшіп кетер жерің жоқ,
Жау айбынар ерің жоқ.
Кетпейін десең, жерің жоқ,
Қамалып қазақ сандалды, –
деп ел басына түскен күйді өзінше түйеді. Бұндағы анық ар-
ман, шын сыры хан заманының кеткендігін көксеу екені
айқын. Осыдан ары:
Қасиет кетті төреден
Әділдік кетті билерден, –
деуімен, бір кездегі «қасиетті» төрелер мен «әділдігі»
бар билерден айырылғандығына мұңаятынын, оларды
жоқтайтынын көреміз.Сөйтіп, қаншама бүркемелегенімен
түптеп келгенде бұрынғы ескі замандағы ескі би, ескі хан-
ды жақтайтыны айқындалады. Рас, ақын ол заманның енді
оралып келмейтінін де біледі. Сондықтан екі өлеңнің бірінде
дініңді күт, баяғы ескі тұрмыс салтыңды күт деп үгіттеумен бо-
лады.
ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында Қазақстан түгелінен
Россияға бағынып болып, Россия империясының қармағын-
да жаңа өмір сүре бастайды. Осыған байланысты қазақ
халқының тұрмысына да, мәдениетіне де көп жаңалықтар
кіреді. Енді, қазақ мәдениетіне сол кездегі орыс қауымының
алдыңғы қатарлы ой-пікірі арқылы аз да болса игілікті
жаңалықтар жайыла бастайды. Қазақстанның Шоқан Уәли-
ханов сияқты адал ұлдары орыс жұртшылығымен ынтымаққа
үндеп, ашықтан-ашық достыққа шақырады. Ш.Уәлиханов:
«Біздің орыстармен тарихи байланысымыз, керек десеңіз
туысқандық қаны бірлігіміз бар» дей келіп бірлікке де бас-
тайды. Сөз жоқ, Шоқаннан бұрынғы қазақ мәдениетінің
қайраткерлерін алсақ, олардың қайсысы болса да Россиямен
220
қарым-қатынасқа шалғай, теріс қараған. Солар қатарында
әсіресе Шортанбайдың орыс жөніндегі пікірлерінде толып
жатқан реакцияшыл надандық, топас қыңырлық, залалды
қайшылықтар мол.
Ол орыспен қарым-қатынастан туған игілікті өзгерістердің
бірде-бірін қабылдамайды, көргісі де келмейді. Барлық жаңа
нышандарды дін тұрғысынан безбендеп өзі де теріс түсініп,
көпшілікке де теріс түсінік беруге тырысады.
Жоғарыда біз, Шортанбай өз алдына арнаулы саясаттық,
әлеуметтік нысана қойып, соны көздеген ақын дедік. Оның
негізгі көзқарасының қандай екенін ашуға тырыстық. Осыған
байланысты ақынның тіл түрінде де өзгешеліктер жоқ емес.
Шортанбай ислам дінінің парыз, сүндетін, шарт өсиетін
үгіттеуді өзіне міндет етіп қойғандықтан, шығармаларының
дені осы тақырыпқа арналған. Сондықтан ол жаңа әкімдерді
сынағанда, оларды қара бұқараның қанын сорғандығы,
езгендігі үшін сынамайды, сол байлардың дін жолымен зекет-
ғұшыр беріп, мырза, мейірлі болуын талап етіп, бұрынғылар
солай еді, енді сендер бұзылдыңдар, жаңа заманның әуеніне
көштіңдер деп кінәлайды.
Шортанбай өз өлеңдерін көпшілікке арнағандықтан,
сол бұқараға түсінікті, ұғымды болу үшін халық тілін ше-
бер, кең түрде пайдалануға тырысады. Сол талабы бой-
ынша ислам дінінің тікелей әсерімен келген: «пайғамбар»,
«Зұлжалал», «Меке», «зекет» сияқты сөздердің өздерінде,
тыңдаушы жұрт жатырқамайтын контексте беріп отырады.
Кейбір ақындарша «ұқсаң ұқ, ұқпасаң қой» деген асқақтық
Шортанбайда жоқ. Ол кейбір өрнекті поэзияда боларлық
шешендік, аламыш сөз кестелерін, түсініксіз сөз құрамдарын
да қумайды, қайтсе де оқушыларына түсінікті болу мақсатын
көздейді. Өлең-жырларындағы мысалдарда құрғақ қиялдан
туған дерексіз ұғымдар жоқ, өмір шындығынан алынған,
қолмен ұстатып, көзбен көрсететін дәлді деректілік бар. Бұл
ерекшелік Шортанбайдың ең күшті, ең өтімді жағы. Бірақ
тағы есекертеміз: бұл үгітші ақынға тән ерекшелік. Өйткені
әрбір көпшілікке арналған үгіт, әсіресе дін үгіті көпке түсінікті
болуды шарт етеді. Шортанбайдың халық тілін мол пайдала-
натын себебі осы.
Қорыта келгенде, Шортанбайды ескішіл ақын, феодалдық
221
қоғамның жаршысы деп тұжырымды баға бергенде, оның
шығармаларының қажеті жоқ деген бір жақты пікірден
аулақпыз. Ақын мұрасының ұтымды жақтарын, оның көркем
әдебиетке мазмұн, түр жағынан қосқан азды-көпті үлесін
ескере отырып, сын көзбен пайдалануымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |