Қажым Жұмалиев
ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ
1
Шортанбай – қазақ әдебиетінде көп сөз болған, талай рет
айтыстар тудырған ақынның бірі. 1933 жылдан бері орта-
лау және орта мектептердің оқулық, оқу құралдарына еніп те,
кей жылдары программа, оқу құралдарынан шығып та қалып
келді.
Шортанбай туралы М.О.Әуезов, М.Жолдыбаев, Ә.Қоңыр-
атбаев «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әдебиеттік оқу
кітабы» (7-класқа арналған, 1933 ж.), С.Мұқанов «Қазақтың
XVIII-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942
ж.), Қ.Жұмалиев «Қазақ әдебиеті» (8-класқа арналған оқу
құралы, 1942-1950 жыл), С.Мұқанов «Ана тілі мен әдебиет
сабағы туралы» («Қазақ әдебиеті» газеті, 1957 ж., №15
(119), сол газетте, сол жылы Шортанбай туралы: Ғ.Мұсабаев,
Т.Нұртазин, Ы.Дүйсенбаев, С.Нұрышев жолдастардың мақа-
лалары басылды. Соңғы жылдары «Қазақ әдебиетінің тари-
хы», ІІ томның бірінші кітабында (1961 ж.) Шортанбайға ар-
наулы тарау берілді (авторы – Ы.Дүйсенбаев).
1
Жұмалиев Қ. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы:
«Мектеп» баспасы, 1967.
236
Шортанбай Қанайұлының шығармаларына соншама
көңіл аударылып, көп сөз болуы – оның шығармаларының
көптігінен емес, аз да болса, бізге жеткен өлең-жырларының
өз кезіндегі әлеуметтік мәні бар мәселелерді қозғап, өз
шама-шарқынша өмір шындығын көрсетуге күш салуы, өз
көзқарасын аңғартуы және оның бізге жеткен мұраларында
шиеленіскен қайшылықтарының барлығы. Сондықтан да
Шортанбай талай рет сөз болып, кейде асыра мақталып, кей-
де құлдилата жамандалып келді. Оның шығармаларында
осы екі шектегі көзқарасқа да сүйеніш боларлық дерек, ма-
териалдар табылады. Маркстік көзқарас біздерден мұра
мәселесінде қара қылды қақ жарған әділ болуды, тарихты
мақтамай да, даттамай да өз шындығына лайықты нақтылы
бағасын беруді талап етеді. Көп жайттарда біз осы маркстік
қағиданы әдебиет мәселелеріне дәл, ойдағыдай дәрежеде
қолдана алмай, қателесеміз. Шортанбай творчествосының
күні бүгінге дейін өзінің дұрыс, әділ бағасын ала алмай
келуінің бір себебі осында.
1959 жыл Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов
атындағы
Әдебиет
және
көркемөнер
институтының
ұйымдастыруымен әдеби мұра және оны зерттеу жай-
лы бүкіл қазақстандық ғылыми-теориялық конферен-
ция өткізіліп, белгілі бір қорытындыға келді. Яғни, өткен
ғасырдағы әдебиет тарихын XVIII ғасырдың екінші жа-
рымынан басталуының дұрыстығы және Дулат, Шортан-
бай тәрізді қайшылығы мол ақындарды ой-санасы есейген
тыңдаушылары бар жоғары дәрежелі оқу орындарында (уни-
верситет, институттарда) өтілуге тиісті деген шешімге келді.
Сонан бері Дулат, Шортанбай шығармалары жинақтарға
кіріп, жоғары дәрежелі білімі бар оқырмандарға арналған
әдебиет томдарынан орын алып отыр. Бұл жағдайлар Ду-
лат, Шортанбай сықылды қайшылықтары көп ақындардың
шығармаларын әдебиетшілеріміздің зерттей түсуін, олардың
творчествосындағы керекті, керексіз жайларды ғылыми
тұрғыдан аша түсуді талап етеді.
Дулат пен Шортанбайдың әдебиет тарихына енулерінің
екінші себебі – еліміздің басынан кешірген аға сұлтандық
және одан кейінгі болыс, старшындар арқылы ел би-
леу тәртіптерін шығармаларында терең қамтушылықтары.
237
Сол кезде өмір сүрген басқа ақындармен салыстырғанда,
туындыларындағы зор қайшылықтарымен бірге бұл екеуі
ерекше көзге түседі. Дулат өз шығармаларында аға сұлтандар
үстемдік еткен дәуірді қамтыса, Шортанбай бізге онан кейінгі
кездердің жай-жапсарларын көрсетеді. Дулат өлеңдерінде
болыстар туралы еш нәрсе айтылмаса, Шортанбай шығар-
маларында аға сұлтандар жайлы толғаулар арагідік қана
кездеседі. Мұның да өзінше себептері бар. Әр ақын өз
көргенін, өз сезінгендерін жырлайды. Тіпті фантастикалық
шығармалардың өзі де көрген, сезгендерінің негізінде туады.
Дулат аға сұлтандық жойылып, «Жаңа низам» («Далалық
облыстарды басқару жөніндегі ереже», 1867-68 ж.) бойын-
ша елді енді уез, болыс, старшын билеу жүйесі шыққаннан
кейін небәрі үш-ақ жыл өмір сүрді. Ал Шортанбайдың 30
жылдай өмірі сол болыстық шығып, қазақ даласына әр алу-
ан жаңалықтар қанатын кең жайған кезде өтті. Сөйтіп,
ескі хандық замандар шындыққа бергісіз аңыз есебінде
Шортанбайдың жастайынан санасына сіңсе, аға сұлтандық,
болыстықтармен біте қайнап, бірге өсті. Айналасындағы бо-
лып жатқан әр алуан өмір құбылыстарының айғағы өзі болды.
Олардың әрқайсысына ақын баға беріп, өзінше түйгендерін
творчествосына енгізді. Келген қорытындылары қандай,
ол құбылыстарға қай мұнарадан қарады, оларға кейін
тоқталамыз. Бұл жердегі біздің айтпағымыз, Дулат не басқа
ақын-жырауларға қарағанда, Шортанбай шығармаларында
қайшылықтардың молырақ болуының себебі де сол үш түрлі
әлеуметтік жайларды басынан кешірушілігінде.
1824 жылы қазақ даласында хандық жойылып, аға
сұлтандық билеу тәртібі орнаса, 1868 жылы аға сұлтандық
жойылып, енді уез, болыс, старшындар шықты.
1868 жылғы реформаның басты міндеті ереженің
кіріспесінде ашық айтылды: «Россия қол астындағы
халықтарды бір басқарманың шеңберіне бекіту, жергілікті
ақсүйектерді өкімет билігінен тайдыру, қазақ даласын бірте-
бірте Россияның басқа бөліктерімен қосылуына жету үшін
рулық негіздерді әлсірету»
1
, – деді.
1868 жылғы «Жаңа низам» (ереже) бойынша қазақ жері
1
Қазақ ССР тарихы. 1 том, 1957, 410-бет.
238
түгелдей мемлекеттікі болып жарияланды. Қазақ қауымының
бәрі пайдалана береді делінді. Бірақ мұның негізінде жатқан
бір пәлесі сол: мемлекеттік болғандықтан жерді керегінде
жергілікті халықтан алып, өзінің қалауынша пайдалануды
заңға сыйғызу саясаты, түптеп келгенде, қазақ даласын отар-
лау істерін күшейте түсу болатын.
Сонымен қатар бұл «...Ғасырлар бойы қалыптасқан
көптеген патриархтық-рулық тәртіптерге тежеу салды, үйрен-
шікті тұрмыс салтына қайшы келді», салықтар көбейді, ХІХ
ғасырдың бірінші жарымында патша өкіметінің өзі қатты
қолдаған ислам дініне жаңа «ереже» бойынша тежеулер жаса-
ды. Патша өкіметі бұрынғы ақсүйектердің, ірі рубасыларының
ескіше билеп, төстеулеріне шек қойып, елдегі ендігі тіреулері
де, киіз қарақшылары да, қолшоқпарлары да байлар, сауда-
герлер болды. Капитализмнің алғашқы элементтерінің – сауда-
саттықтардың – қанат жаюына жағдайлар туғызды. Бұл жайт-
тар, ақсүйектерден бастап, халықтың әр алуан топтарының пат-
ша өкіметіне наразылығын күшейтті.
1868 жылдың бер жағындағы қазақ даласындағы әлеу-
мет өмірінде болған әртүрлі өзгерістер Шортанбай твор-
чествосынан орын алды. Елдегі болған жайларды ақын
дұрыс көрсетсе де, кейде дұрыс қорытынды шығара ал-
май, өзі айғақ болған өмір шындықтарын сынай келе оларға
берген бағалары, ой түйіндері фактілеріне қайшы келіп,
көзқарастары керісінше болып отыратын жайттарды Шортан-
байда аз кездестірмейміз. Әйтсе де сол 60-70 жылдардағы
қазақ өмірінің сырлары мен қырларын білгіміз келсе, Шор-
танбай шығармалары бізге бай мәлімет бере алады. Көптеген
әдеби зерттеушілердің Шортанбай творчествосына қайырыла
соғуларының негізгі бір себебі осында.
Біз кітаптың кіріспесінде ХІХ ғасыр әдебиетінде айқын-
далған екі түрлі бағыт болды: бірі – демократтық-прогрессивті
бағыт та, екіншісі – кертартпа, ескішілдікті қолдаушы регрес-
сивтік бағыт дедік. Соның белді өкілдерінің біреуі Шортанбай
екендігін аңғарттық.
Қай ұлттың мәдениетін алсақ та, тап болған қоғамда,
буржуазиялық және социалистік-демократтық мәдениеттің
элементі болатындығы белгілі десек, оның әдебиет тари-
хын зерттегенде тек бір жағын, бір бағытын ғана алып зерт-
239
теу маркстік көзқарасқа қайшы келген болар еді. Өйткені
мәселеге бір жақты олай қараушылық, түптеп келгенде,
әдебиеттегі мансұқ болған «бірыңғай ағымды» қолдауға апа-
рып соғар еді және бұл тарихи шындыққа да дәл келмейді.
Өйткені бір ұлттан шығып, бір дәуірде өмір сүрген ақын-
жазушылар әр топқа бөлініп, әр топ айналасындағы өмір
құбылыстарын әр басқа көзқарас тұрғысынан жырлайты-
ны – барлық елдердің әдебиетіне тән құбылыс. Олай бол-
са, қазақ әдебиеті тарихы да жеке-дара әдебиет емес,
жержүзілік әдебиеттің жалпы даму заңдарына бағынады.
Өткен дәуірлердегі әдебиетіміз тарихына осы тұрғыдан кел-
сек қана оның даму жолдарын дұрыс түсіне аламыз. Бір кез,
бір дәуірде өмір сүрген ақын, жазушылардың шығармаларын
салыстыра зерттеу, олардың әртүрлі болуларының себептерін
ашу – таптық қоғамда әдебиеттің әрдайым таптық
болатындығын тұжырымды фактілер арқылы таныту де-
ген сөз. Міне, Дулат, Шортанбайларды әдебиет тарихына
енгізіп, олардың шығармаларын сын тұрғысынан талдаудың
және бір керекті жағы сол: әдебиеттің таптық сипаттарын
басқа бағыттағы ақын, жазушылармен салыстыра отырып
айқындау.
Шортанбай Қанайұлы 1818 жылы Оңтүстік Қазақстанның
Түркістан ауданы Қаратау деген жерде туған. Бірақ оның көп
жүрген жері, сөздерінің де халық арасына мол таралып, ел ау-
зында көбірек сақталған жері – Арқа. Тууын Оңтүстікте туса
да, ержеткесін әлдене себептермен Сарыарқаға келіп, Арғын,
Найман, Қуандық, Сүйіндік елдерін аралап, өлең-жырлар ай-
тып, өмірінің ең соңғы кездеріне шейін сол жерде болып, Се-
мейден қайтып келе жатып, ауырып, Семейден, Қуандық
еліне қараған жақта, түстік жерде тұратын Жанқұтты деген
досының үйіне келіп, 1881 жылы қайтыс болады.
Шортанбай өзінің бір өлеңінде:
Жалғанның ебін тауып ем
Қаратауда жүргенде,
Сарыарқаның наны үшін,
Шалқып жатқан малы үшін
Арқаға таман ауып ем, –
дейді. Жалғыз осы сөзі емес, басқа мәліметтер де мұны рас-
240
тайды. Шортанбайдың айтысқан ақындары, қарым-қаты-
наста болған дос-жарандары, өлеңдерінде кездесетін кісі ат-
тары – бәрі де Арқаның, Семей айналасының белгілі тарихи
адамдары.
Шортанбайдың ата-тегінің кім екені туралы да күдікті жай-
лар жоқ емес. Айтысқан адамдары көбіне оған Қожасың
деп, осы сөзді ілік қып, бетіне шіркеу ете сөйлейді. Мыса-
лы, «Орынбай мен Шортанбай айтысының» бір жерінде оған
Орынбай:
Дуана қожа атасы барған Меке,
Мейрамға иман болған жалғыз-жеке.
Жолың болсын дегенің жақсы лебіз,
Құдай берсе, мол болсын, иә, Қожеке? –
деп те сөйлейді.
Шортанбайдың тегі қожа болуы мүмкін. Бірақ ол жасынан-
ақ қожалық емес, ақындық жолын қуып, өлеңді кәсіп еткен.
Шығармаларындағы діни көзқарас, әлем тану жақтарына
қарағанда, дін мектебінде оқып, мұсылманша хат таныған,
көзі ашық, оқымысты адамға ұқсайды. Бірақ өз кезінің
дәстүрі бойынша, өлеңді ауызша, табанда суырып салып
айтушылыққа дағдыланғандықтан, жазып шығаруды әдет
етпесе керек. Хат білгендіктен, импровизаторлық әдіспен
шығарған өлеңдерін есіне түсіріп, кейін жазуы да, оның
1880 жылдар баспа жүзін көрген өлеңдері сол өзі жазған
өлеңдерінің бір нұсқасы болуы да мүмкін. Бірақ ол жөнінде
әзірше үзілді-кесілді пікір айта қою қиын. Ақын өмірі әлі де
іздей түсуді керек етеді.
Шортанбай – өз кезіндегі әлеумет өмірімен байланысты
көптеген мәселелерді жыр еткен ақындардың бірі. Ел ара-
сында болсын, көршілес татар елінің сол кездегі кітаптар
шығару кәсібімен шұғылданушылары болсын, Шортан-
бай сөздеріне көңіл бөліп, қазақтың ішінен шыққан өлең-
жырлар жинаушылар арқылы жаздырып алып, оның бір алу-
ан сөздерін Қазандағы татар баспасы 1880 жылы «Шор-
танбай», Шортанбайдың «Бала зары» атпен бастырған. Сол
жылдардың бер жағында Шортанбай сөздері бірнеше рет
жеке кітап болып та, хрестоматия, жинақтарға еніп те ба-
сылып келді. Соңғы жылдарда Қазақ ССР Ғылым акаде-
241
миясы баспасы шығарған «XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ
ақындарының шығармалары» (1962 ж.) және «Үш ғасыр
жырлайды» (1965 ж.) атты жинақтарға еніп отыр.
Шортанбайдың негізгі шығармалары: «Тар заман», «Бала
зары», «Өлердегі айтқан сөзі», айтыстары: «Орынбай мен
Шортанбай», «Шортанбай мен Шөже», «Асан мен Шортан-
бай» т.б.
Шортанбай шығармаларын сөз еткенде әрбір оқырман-
дардың, зерттеушілердің есінде болатын бір нәрсе, оның
өлең, жырларының қос қыртыс қайшылықтары, яғни
шығармаларында көрсетілетін өмір шындықтары мен одан
шығаратын қорытындыларының қабыспай жатушылығы.
Кейде әлеуметтік үлкен мәселелерді көтерсе де, байыбы-
на бара алмай, келешекті болжауға шамасы келмейтіндігі.
Әрине, ол үшін Шортанбайды даттауға болмайды. Бұл жай-
ларды айтудағы мақсат – оны кінәлау емес, шындықтың бетін
ашу, барды барынша, жоқты жоғынша көрсету, өзіне лайықты
әділ бағасын беру.
Шортанбай кезіндегі әлеуметтік ірі мәселелер жер, пат-
ша өкіметінің отарлау саясаттары болатын. 1868 жылғы
«Жаңа низам» бойынша қазақ даласын округтерге бөліп,
аға сұлтандықтар арқылы билеу тәртібін жойып, оның орны-
на уездер, болыстар, старшындар арқылы билеу тәртібін ор-
нату бірнеше ғасырлар бойы қазақ елін патшалық Россияға
түгелдей қаратып алудың ең жоғарғы нысанасы еді. 1868
жылғы ереже бойынша жер түгелдей қазына меншігіне ай-
налды. Ел билеу уездің, сол арқылы патшалық аппараттың
қолына көшті дедік.
Қазақтың Әбілқайыр тәрізді хандары билеу тізгінін
патша өкіметіне беруге бұдан жүз жылдан астам бұрын
өз еріктерімен келісімдерін беріп, бағынуды мойында-
са да, мына жер мәселесі, жерді қазыналыққа айналды-
ру заңы көпшілік наразылығын туғызды. Әр жерде-ақ «Жаңа
низамға» қарсы толқулар басталды.
1869 жылғы Батыс Қазақстан, Торғай, Гурьев облыс-
тарында болған «Ел ауа» деп аталатын көтеріліс сол
толқулардың нақтылы бір көрінісі болатын. «Ел ауа»
кезінде патша өкіметінің елге шығарған адамдарына шабу-
ыл жасаушылықтар да болды, жерлерін тастап, басқа жер-
242
ден қоныс іздеу, басқа бір хандықтан бастарына пана тауып
алу, олар жер, қоныс берсе, сол хандыққа бағыну, патшалық
Россиядан кету шараларын көздеді. Хиуа хандығымен
қатынастар жасап, соған бағыну мәселесін көтерді. Хиуа
хандығы оларды орысқа айдап салу саясатын іске асыруды
ойлады.
Патшалық Россияның қарамағында болудың екі жағы
бар еді. Біріншісі – патша тарапынан жүргізілген сая-
сат: қазақтың жерін қазыналық ету, әбден отарлау, өзінің
қорқау чиновниктері арқылы халықты қанау, қазақтың
өз ішіндегі бай-феодалдардан қойылған старшын, бо-
лыстарды қолшоқпар ете отырып, қара халыққа рухани
қысымшылықтар көрсету т.б.
Сонымен қатар қазақтың патшалық Россияға бағынуының
пайдалы жағы да болды: алдымен 1861 жылғы орыстың
шаруаларын басыбайлылықтан босату манифестісінен
кейін қазақ жерлеріне көшіп келіп, орналасқан орыс шару-
алары мен қазақ шаруаларының қоян-қолтық араласула-
ры, достасулары, олардан егін салу өнерлерін үйренушілік,
отырықшылықтың пайдалы екендігін аңғару, орыс мектеп-
терінде қазақ балаларының оқуы, ол оқушылардан Шо-
қан, Ыбырай тәрізді үлкен ағартушылардың шығып, сол
кездердегі ішкі Россияда болып жатқан революциялық
қозғалыстардың жаршысы ретінде революцияшыл-демо-
краттардың идеяларын қазақ даласына тарату, қазақ халқын
мәдениетке шақыру, тағы басқа осылар тәрізді істер еді.
Халық келешегі үшін бұл жайлардың прогрессивті мәні зор
болды.
Сол кездің тұрғысынан алсақ та, әйтеуір бір елге бағыну
керек болғанда, Хиуа хандығының қарамағында болғаннан
гөрі, мәдениетті орыс елі патшалығының қол астында болу
қазақ елінің келешегі үшін анағұрлым пайдалы еді. Қай кез-
де болсын, бір елдің ілгерілеуі басқалардың қапталында бо-
луы үшін емес, ол елдің экономикалық дамуларымен қатар,
мәдениетін де дамыту үшін керек. Бұл жағдайлар, әсіресе оқу,
мәдени жағы артта қалған қазақ халқы үшін айрықша қажет
болатын. Ол кездегі мәдениеті төменгі сатыда тұрған Хиуа
хандығын былай қойғанда, жалпы Орта Азия хандықтарының
мәдениет жағынан бізге берерлік еш нәрсесі жоқ бола-
243
тын. Өрмекшінің өрмегіндей Орта Азияны торлап алған ис-
лам дініне бас шұлғу, ғылым, мәдениет деп араб, парсы-
ны ежіктеу, кімді болсын көгертерлік мәдениет емес-ті.
Сондықтан ол кездегі бізбен іргелес елдердің ең мәдениеттісі
Россияға қарау, ұлы орыс халқымен экономикалық және
мәдени байланыстарда болу халқымыздың келешегі үшін
әрі дұрыс, әрі пайдалы, әрі прогрессивті жол болатын-ды.
Еліміздің кейінгі даму тарихы мұны растап отырғандығы
айрықша дәлелді қажет етпесе керек.
Бұл жайттарды «Ел ауа» басқарушылары да, басқа
толқушылары да, солардың жыршысы болған Шортанбай
да түсіне алмады. Патшалық Россиямен қазақтың қарым-
қатынастарының кейбір жақтарын; жердің қазыналыққа ай-
налуын, патша чиновниктерінің зорлық-зомбылықтарын,
қара халыққа көрсеткен рухани қысымшылық жақтарын ғана
көрді. Ал прогрессивтік жақтарының ешқайсысын көрмеді.
Ол жақтарын тапжылдырмай танығандар – қазақтың
ағартушы-демократтары Шоқан, Алтынсарин, Абайлар.
Алтынсарин, Абайлар патша өкіметі саясатының әр түрлі
зымияндықтарын Шортанбайлардан кем сынаған жоқ.
Бірақ олар сынай отырып, орыс мәдениетін алуды, біздің
келешегіміз ұлы орыс халқымен нық байланысты екендігін
жұртына насихаттаумен болды.
Шоқандай, Алтынсариндай мәдениеттілік, Абайдай
даналықтан Шортанбай – шалғай жатқан адам. Шортан-
байды олармен қатарластырудың өзі орынды да болмас еді.
Бұл мәселеде де ол өзінің өресінің шағындығын көрсетті,
ескішілдікті аңсаушы, кертартпалық көзқарастың шеңберінен
шыға алмады.
Шортанбайдың әрі кеңірек, әрі тереңірек жыр еткен тақы-
рыбы, көтерген мәселелері – сол өз кезінде қазақ даласына
қанат жая бастаған сауда капитализм элементтері және халық-
ты қанау мәселелері. Бұл тақырыптармен байланысты ақын көп
шындықтардың бетін ашты, кейінгілер елерлік, зерттерлік,
олардың негіздерінде сол мәселелер жайлы белгілі бір
қорытындыға келерлік шығармалар қалдырды.
Шортанбай сөз еткен сауда мәселесінің қазақ дала-
сында өзінше даму тарихы бар. Ескі феодалдық қоғам
құрылысымен салыстырғанда, капитализмнің анағұрлым
244
прогресшіл екендігі белгілі. Қазақ елі капитализмді түгелдей
басынан өткізген жоқ. Біздің социалистік Қазақстан –
капитализмді жанап өтіп, социализмге көшкен елдердің бірі.
Солай бола тұрса да, қазақ даласында қала салыну, базардың
шығуымен байланысты, капитализм элементтерінің қырға
құлашын кең жайып, тарай бастағанын да мойындамауға
болмайды. Капитализмнің қазақ даласында жайыла бастаған
элементтерінің де, бұрынғымен салыстырғанда, өзінше пай-
далы жақтары көп еді. Осы кездегі салтқа кіре бастаған
жаңалықтардың көбі сол жағдайлармен байланысты.
Ескішіл көзқарасты берік ұстаған Шортанбай олардың
бәрін де құбыжық етіп көрсетуге тырысты. Әрине, ол ескі
феодалдық таптың жыршысы болғандықтан, одан басқаша
көзқарасты күту қиын. Демек, Шортанбай капитализм
элементтеріне феодалдық тұрғыдан қарады. Оны сынағанда
осы тұрғыдан сынады. Ескі феодалдық құрылыстағы қанауды
бүркеп отырды. Әйтсе де Шортанбай қазақ даласын-
да өріс ала бастаған капитализм салдарынан туған жалпы
еңбекші халықты қанау, еңбекші бұқараның қолындағысын
саудагерлердің өз қалтасына түсіруі және саудагерлердің өз
араларындағы бәсеке тартыстары жайын сынап жазғанда,
шындықты жазуға ылажсыз мәжбүр болды.
Қай кезде болсын сауда мәселесі ақшамен байланыс-
ты. Капитализм кезінде басқаларды қанау үшін ақшаның
айрықша орны бар, Шортанбай осы кезде қазақ даласына
ақшаның кең жайыла бастауын суреттей келіп, былай дейді:
Асылық азған заманда
Алуан-алуан жан шықты,
Арам, араз хан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ
Ақша деген мал шықты.
Ақынның ақша жөніндегі пікірі, негізінен алғанда, дұрыс
та, орынды да. Сонымен қатар, ақын тек фактіні тізіп қана
қойған жоқ:
Қайыр кетіп байлардан
Бұзауға ақша беріп тұр,
245
Пәлен теңге торпақ боп
Тиынға тиын болып тұр,
Залым туған сұмырайлар
Осылай жұртты еміп тұр, –
деп сипаттайды.
Сауда-саттықтың күшейіп, қазақ даласына ақшаның жай-
ылуы құзғын байлардың еңбекші халықты қанауы үшін ақша
олардың көмекші құралы болды. «Қызыл қозы», «қызыл
бұзау» саудамен баюшыларға төте жол еді. Өйткені ақшасы
барлар кедейлерге күздігүні бір қозының қақын қарызға
беріп, жаз шыққан соң олардан екі не үш қозы етіп алатын.
Бұл көріне талау еді. Тіпті ақша емес, баспа-бас алғанда, бұл
әдістің сауда жолымен қанаудың бір түрі екені айқын. Биылғы
бір қозылы қойдың ішіндегі келесі жылғы екі не үш қозыға
береді. Қой күземге дейін әлгі қозылардың өлім-жітімі қарыз
алушының мойнында. Қой күзем не қозы күземнен кейін
несие беруші «қызыл қозыны» жинауға шығады. Бұл кезде
ол «қызыл қозы» емес, не қызыл марқа, не бағылан болып
өсіп-өнеді. Сөйтіп, былтырғы бір тоқтысын 8 айдан кейін, 2-3
рет көбейтіп алып, айдап қайтады. Бұл кезде орта ісектің бәсі
мен семіз марқаның бәсі бір, кейде марқа семіз болса, ар-
тып та кетеді. Қалған бір қозы саудагердің пайдасына қалады.
Шортанбайдың:
Залым туған сұмырайлар
Осылай жұртты еміп тұр, –
дейтіні де сондықтан. Бұл шындық еді. Алайда бұл шындықты
ол жалпы байларға, олардың қанауына қарсы болғандықтан
емес, жаңа байларға – капитализм элементтеріне – қарсы
болғандықтан айтып отыр. Бұрынғы бай-феодалдардың
қанау әдістері туралы Шортанбай үндемей өте береді. Бұл
жағдайға біз айрықша көңіл бөлуіміз керек.
Сонымен қатар Шортанбай қазақ даласына кіре бастаған
капитализм элементін және саудагерлердің елді қалай
қанайтынын ғана көріп қоймайды, оның басқа жағын да көре
білді дедік.
Базар, сауда бар жерде баю үшін бәсеке таласы болады.
Сауда болған жерде бәсеке болуы – табиғи заң. Бұл қазақ да-
ласында да болды. Саудагерлердің өзара бәсекесі Шортанбай
246
шығармасында айқын түрде суреттелді. «Бала зарының» бір
жерінде:
Шолақ иттей діңкілдеп,
Бір-біріне жетем деп.
Алас ұрып өліп тұр, –
десе, екінші бір жерінде:
Біреулердің дәулеті
Тасқан судай ағып тұр.
Сайлауға салып ынтасын
Байлар қалта қағып тұр.
Сыр бойында шаяндай
Бірін-бірі шағып тұр, –
деп суреттейді. Бұл үзінділерде сауда кәсібін қолдану-
шылардың өзара тартысы, баюдың аумалы-төкпелілігі,
ақшаның сауда жолындағы орны, бәсекесі – бәрі де
тайға таңба басқандай анық суреттеледі. Ол кездегі сау-
да мәселесінің қазақ даласында қай дәрежеде болғандығын
білуіміз үшін Шортанбайдың бұл шығармаларының мазмұны
күшті.
Шортанбай шығармаларында жырланған мәселенің бірі –
езілуші кедейлердің ауыр тұрмысы. Капитализм элементтерін
сынағанда, ақын өз өлеңдерінде кімді-кім езіп, кімді-кім
қанап отырғанын да анық көрсетіп:
Байды құдай атқаны,
Жабағы жүнін сатқаны,
Кедей қайтіп күн көрер.
Жаз жатақта жатқаны.
Жаздай арық қазғаны,
Күздей пішен шапқаны,
Ішіп-жемдік болмайды
Оны-мұны тапқаны, –
дейді. Ақын бұл өлеңінде байлардың тек қанауының ғана
бетін ашып қоймайды және қанаудың жаңа әдісінен де
мәлімет береді.
Шортанбайдың кезі қанаудың бұрынғы әдісі өзгере бас-
таған кез болатын. Бұған дейін феодалдар еңбекшілерді
247
рушылдық жолымен қанап келді. Бір атаның баласымыз,
«біреуден күш, біреуден сүт» дегендей, бірігіп күн көрелік,
бәріміз бір атамыз, «малды сен бақ, дауды мен даулайын»
деп, бір атаның баласының кедейлері феодалдардың ма-
лын бағып, жұмысын істеп келді. Ол үшін мөлшерлі еңбекақы
алған жоқ. Малдың сүтін ішті, жүнін пайдаланды. Сөйтіп, ке-
дейлер «бірігіп күн көрудің» ұраны астында қаналды. Ал
Шортанбай мұны қанау деп түсінбейді, тіпті мұны «қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған» заман деп түсінеді. Әрине, бұл
Шортанбай кезінде де жойылып кеткен жоқ, қанаудағы бұл
әдістің қалдығының қазақ арасына Октябрь революциясы-
на дейін созылып келгендігі байқалады. Бірақ бұл қанаудың
негізгі әдісі емес еді. Шортанбай тұсында қанаудың негізгі
әдісі: байлар кедей-батырақтарды жалдап алатын болды. Он
екі айға белгілі мөлшерде «еңбекақы» төледі.
Капитализм элементі қырға қанат жая бастаған кездегі
қанаушылықты ақынның көрсете білгендігін айта тұрсақ та,
нақ осы мәселенің өзінде де оның көзқарасында қайшылық
жоқ емес. Шортанбай жаңа байлар, саудамен баюшылар
елді, кедейлерді «еміп тұр» десе де, бұрынғы кездердегі, осы
жаңа байлар шықпай тұрғанда, феодалдардың кедейлерді
қалай қанауы жайлы еш нәрсе айтпайды, оны әдейі бүркеп
кетеді.
Әрине, ол кездейсоқ емес, ақынның феодал табының
көзқарасының шеңберінде қалып қойғандығына, онан аса
алмағандығына байланысты. Ақын көзі көріп отырған өмір
шындығын жасыра алмай, болып жатқан өмір құбылысын
шығармаларында көрсетсе де, оларды феодал табының
тұрғысынан қарап сынады да, сол шеңберде ғана көре білді.
Сондықтан да ол қазақтың феодалдық өміріндегі қанауды
көре алмады. Сөйтіп, Шортанбай бұл мәселе жөнінде де
қайшылықсыз, шын мәнінде кедей тұрмысын жырлау сатысы-
на көтерілген жоқ.
Еңбекшілерді байлардан басқа қанаушылар патша өкіметі,
оның әкімдері еді. Кедейлерге түскен өкіметтің ауыр салығы
оларды титығына жеткізіп, өте ауыр халге ұшыратты. Ақын
мұны да шебер түрде көрсете білді.
Аш, жалаңаш бейнеттен
Жүдеп, арып-талады.
248
Бір ешкісі бар болса,
Шығын деп тілмаш алады.
Төбесін ұлық ояды.
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды, –
дейді. Біз бұл үзіндіден кедейлерді үш жақтап езушілікті
көреміз. Бірінші – патша өкіметінің шығыны, екінші – кедей-
ге салық салушы қазақтың өз ішіндегі әкім-билері, үшінші –
кедейдің шығынын тарта алмай жатқандығын пайдаланып,
жалғыз сиырды арзан бағаға қағаздап, несиеге ақша беруші
– саудагерлер.
«Тар заман» поэмасының бір жерінде:
Мынау заман, қай заман:
Азусызға тар заман,
Азулыға бар заман, –
десе, «Не болар» деген өлеңінде:
Мынау жалған дүниеде
Малы көп кісі би болар,
Көпке тентек, аз қисық,
Қамшыменен и болар, –
деп, бір жағынан, әкімнің кімнен болатындығын айтса, екін-
ші жағынан, олардың кедейлерге рухани қысымшылық
жасағандығын көрсетеді.
«Опасыз жалған» деген өлеңінде теңсіздік мәселесін
жоғарыдан ашығырақ жырлайды:
Есебін тапқан сабазға
Төрден орын тимейді,
Болса патша малы азға,
Мойнын бұрып сөз қатпас,
Ұқсап көңілі аразға, –
дейді. Бұл мысалдар Шортанбайдың өз кезіндегі өмір
шындығын, демек өз кезіндегі теңсіздікті көре білгендігін
дәлелдейді. Ақынның біз үшін бір керекті жағы үстем, езуші
таптан шыққан билердің үстемдігін, еңбекшілерге жасап
отырған олардың жауыздығын ашық суреттей алғандығы
деуге болады.
249
«Тар заманның» бір жерінде:
Байлар зорлық қылады,
Мал көзіне көрінбей,
Билер жейді параны,
Сақтап қойған сүріндей.
Ойлағаны жамандық,
Жарадан аққан іріңдей.
Заман түрі бұзылды,
Текеметтің түріндей, –
дейді.
Бірақ бұл мәселе жөнінде де ақын қайшылықсыз емес.
Ол замандағы бай, старшын, болыс, би, т.б. – бәрі де солай
екені рас еді; оны объективтік түрде дұрыс көрсеткенмен,
оған шейінгі феодалдық, хандық өмір жайында ақынның
сыншылдығы да, шыншылдығы да тайыздай бастайды. Олар-
ды сынау былай тұрсын, мадақтайды. Жаңаға ескіні қарсы
қояды да, ел басындағы ауыр хал деп санаған нәрселерінің
қайсысынан болсын шығудың жолын келешектен емес, өткен
ескі күндерден іздейді.
Сондықтан да Шортанбай:
Ақсақалдан әл кетті:
Алмайды оның кеңесін.
Старшын қойған болыпты
Қайда пысықсыған немесін...
Шұнақ бидің тұсында
Жауға қалқан ер кетіп
Би қалмады шүйделі.
Ақылыңды алып тұр
Саумалы бар биелі,
Көш-қоныңды билейді.
Қоңы семіз түйелі, –
деп, күні өтіп бара жатқан феодалдық-рушылдық құрылысты
көксейді. Бұрынғы ақсақалдар биліктен қол үзіп, атқа мінген
пысықтар шықты деп жаңа дәуірдің өкілдерін мейлінше
мысқылдап кекетеді. Жалғыз ғана билеу мәселесі емес,
рушылдықтың да ыдырай бастағанын аңғарады:
250
Жамандық мұнша ұласты,
Жарысқа кірген жақсылар,
Жақыным деп тартынбай,
Жаумен бірге қанасты, -
десе, екінші бір жерінде:
Жасы кіші інісі
Сыйламайды ағасын.
Алысып жыртар жағасын...
Қой деп айтсаң тіл алмас,
Ақсақалдан ұялмас,
Шабысар тура қалаға,
Құныққан соң жалаға
Жақыным деп тартынбай,
Мініп шабар шанаға,
Алып келер аулына
Өзінің туған бауырына
Келген соң кімді аяйды.
Жығып салар дүреге
Қызыққан соң параға.
Бұл екі үзіндінің алдыңғысында әркім өз руының жоқшысы
болудың азайғандығын көрсек, соңғысында бұрынғы феодал-
дық дәуірдегі үстем болған туысқандықтың іри бастағанын,
«мал ашуы, жан ашуы» мал үшін, өз қара басы, өз меншігі
үшін бауырымен жауласқандықты көреміз. Сонымен қатар сол
кездегі әкімдер, тілмаш тағы басқалардың бұл араздықтың
отын үрлеп тұтатып отырғандығы да анық суреттеледі.
Бірақ Шортанбайдың көрген ел ішіндегі өзгешеліктері тек
бұлар ғана емес, бұлардан басқа тұрмыс, салт-сана, әдет-
ғұрып т.б. жақтардағы өзгеше ерекшеліктерді де ол көре
білді. Олардың бәрін де жаңа заманның жемісі деп ескішіл
ақын жаратпай, шенеді:
Заман кетті қырынға,
Бұрынғы, шіркін, заманның
Исі де келмес мұрынға.
Биттей нәрсе қалсайшы
Бұрынғы заңнан ырымға, –
деп, бір жағынан, өткен күнді аңсаса, екінші жағынан, әр-
251
түрлі өзгерістерді тым әсірелей суреттеп, бұрынғыдан еш
нәрсе қалған жоқ дегенді айтты. Бұлардың бәрі де оның
шығармаларындағы ескішілдік сарын еді.
Шортанбай – өз заманын тек сырттан бақылаушы ғана
болған жоқ, оны өзінше жөндемекші, түзетпекші болып
талпынған адамның бірі. Айналаны шолып, әркімге көз тікті.
Өз кезіндегі ел басқарушылары болсын, дін қожасы молда-
лар болсын – бәрін де безбенге салып салмақтап көрді. Бірақ
бұлардың бәрі де бұзылған, өз қара бастарынан басқа еш
нәрсені ойламайтын оңбағандар екеніне көзі жетті. Олардың
әрқайсысына жеке тоқтап, іс-әрекеттерін суреттеп, өзі бір
түңілсе, көпшілікті тағы түңілдіре:
Кереметті қожалар
Диуана болды ақтаған.
Япырау, елге болыс, би
Дұрыс басшы болар ма
Ұрлық етін қақтаған,
Арақты ас қып сақтаған,
Адалды, сірә, бақпаған, –
деп, болыс пен билерді сықақ қылды.
Шортанбай кезінде елде атқа мінген тек болыс пен би ғана
емес, ол кезде билік тізгінінің бір ұшы молдаларда болатын.
Молдалар дін жұмысын атқарып, жалпы көпшіліктің көзін
бояп, халықтың ілгері басуына бөгет жасады; сөйтіп, молда
мен хазіреттер халықты теспей сорған қанаушылардың бірі
болды. Шортанбай мұны да көрмей кете алған жоқ:
Бұл асылық азған заманда
Қожа, молда көбейіп,
Отырар төрде шөмейіп,
Сәлдесін үлкен орасып,
Жауған қардай борасып,
Жамандығы ішінде
Жан-жағына қарасып,
Үлкен молда десін деп
Мәселеге таласып,
Ұрлық қылсаң, неттің деп,
Су түбіне кеттің деп...
Шайтан келсе аздың деп.
252
Өңкей арам, залымдар
Зәремізді алады,
Арам берсең, жымиып
Қалтасына салады, – дейді.
Бұл келтірген үзіндіде молдалардың, дін басшысы тақуа-
лардың дінді құрал етіп, елді теспей сорып отырғандығы,
екіжүзділігі, қорқаулығы, халықты жеудегі айла-амалдары
толық суреттелген. Сөйтіп, молдалардың көмбесіндегі
жан түршіккендей шындықтың да бетін ашты. Олардан еш
жақсылық күтуге болмайды деген қорытынды шығарды. Бо-
лыс, би, қожа, молдалардың – бәрі де азғын; елдің халі ауыр,
ендеше сол жағдайдан қалай шығудың өзінше жолын да
қарастырады. Бірақ елді мына сықылды би, болыс басқарып
отырғанда, түзеуге еш мүмкіншіліктің жоқтығына көзі жетіп,
түйткілге ұшырап, ақында торығу пайда болады.
Ал енді осы тұйықтан шығудың жолы қайсы деген сұраққа
ақынның беретін жауабы – ескілік.
Ескі дәуір мен жаңа дәуірді салыстырғанда, жаңа дәуірдің
алдыңғыдан анағұрлым прогрестік жақтарын ақын мүлде
көрмейді де, қоғамның ескі феодалдық дәуір құрылысын
ұсынады. Сол ескі көзқарастың шеңберінде қалып қоюшылық,
болашағы үмітсіздікке айналған таптың өкілі, идеологі
болушылық оны дінге, діншілдікке әкеліп тіреді. Өз дәуірінен
ештеңе таба алмай, оны түзетуге еш мүмкіншілік таппай,
болашағына сене алмаған ақын, ақырында, дінге беріледі.
Кертартпа ислам дінін өзінің ескішіл феодалдық көзқарасын
іске асыруда күшті құралдың бірі етпек болды. Бұл – Шор-
танбай ғана емес, сол кездегі осы бағытта болған діншіл
ақындардың бәріне де тән әдіс. Ол дүниеде еш қызық жоқ,
барлық әрекет, мал, байлық осы дүниеде жұмсалуы керек де-
ген пікірді ұсынады.
Шортанбай «Бала зарында»:
Өліге де мал керек,
Тіріге де мал керек,
Өлмей тұрып тіріңде,
Мініп, киіп, ішіп-же,
Соңыңнан малың ермейді,
Айдап барып еш пенде
253
Азап үшін бермейді.
Әй, әлеумет, қарындас,
Құлшылық қылсаң не етеді
Ажал қуып жетеді, –
десе, «Опасыз жалған» деген өлеңінде:
Тақуа болған адамдар
Бұл жалғанды не етеді.
Баяны жоқ шіркінді,
Бір күн тастап кетеді...
Ұмытпасаң тобаңды,
Түскенің түзу соқпаққа.
Түзу жолдан қисайсаң,
Жолығарсың тоқпаққа.
Жерге біткен тау пияз
Жегенмен тамақ болар ма.
Тоймайтын нәпсі көңілге
Дария құйсаң толар ма...
Бай бол, мейлің, не керек
Патша бол, тағың не керек.
Жалғыз-ақ ойла дүниені,
Өлген соң жалғыз қалғаның, –
дейді. Бұл үзінділерде ақын, бір жағынан, мал жинау дүние
үшін керек десе, екінші жағынан, бұзылған тақуа адамдарды
құлшылық қылуға шақырады. Бұл жалғанда еш қызық қалған
жоқ, оны ертең тастап кетесің, тобаңнан жаңылма, тобаңнан
жаңылсаң, о дүниеге барғаңда жаныңды қинайды, мал жи-
нап нәпсі қуалаушылық пендешілік ісі деген қорытындыға
келеді. Дүние қуу, дәрежеге жету, байлық, патшалық болса да,
ақырында, жалғыз қаласың, соны ойла, дін жолына түс деді.
Өз табының келешегінің үмітсіздігінен, сонымен байла-
нысты діншілдікке берілуінен келіп, Шортанбайда әлеумет
өмірінен қашу, түңілу, пессимистік-мистикалық сарыны туды.
Сондықтан да ол:
Жаманнан басың сатып ал,
Тарылған мына заманда
Тыныш үйіңде жатып ал, –
дейді.
254
Міне, осылар сияқты дінге шақыру, өмір үшін күрестен
қашу – оның шығармаларының ең осал жағы. Күрестен бұл
сықылды қашу, діншілдікке уағыздау, мистикаға берілу тәрізді
пессимистік бағыттағы ақындар қазақтың ХІХ ғасырдағы
әдебиетінде аз болған жоқ десек, осы бағыттың бастысы
Шортанбай болды.
Шортанбайды кейде жырау, кейде ақын деп те атай-
ды. Жырау мен ақынның бірлігі және айырмасы жайлы біз
пікірімізді Бұхар жыраумен байланысты кеңірек айтқанбыз.
Бұхар, Дулаттар, шын мәнінде, жыраулар. Ақындармен
олардың түйісетін жері – сөздерін ырғаққа, ұйқасқа
құрушылықтары. Ал тақырып, мазмұн жақтарынан жырау
сөздері өзгешелеу келеді, жыраулар әлеуметтік мәні зор, ірі
мәселелерді сөз етеді де, әр алуан өмір құбылыстары жай-
лы өз көзқарастарын афористік түрде қорытады. Жырау емес,
жай ақындардай махаббат мәселесі, айтыс, салт-тұрмыспен
байланысты өлеңдер шығаруды жыраулар өздеріне қол
көрмейді.
Шортанбайға біз осы тұрғыдан келсек, ол жас кезінде
тұрмыс-салтпен байланысты жай өлеңдер де шығарған,
айтысқа да түскен, ән салып, ойын-тойлардың сәні де болған.
Сөйтіп, қартая келе әлеуметтік ірі тақырыптарды толғайтын
жырау атағына ие болғанға ұқсайды. Сондықтан ол – әрі
ақын, әрі жырау.
Шортанбайдың «Тар заман», «Бала зары» замана жайын,
адамның мінез-құлықтарын, дін жайын сөз ететін, оларға өз
көзқарасын аңғартарлық лирикалық толғаулар түріне жата-
ды. Бұл мәселеде оның басқа жыраулардан айырым жағы –
діни көзқарасының басымдығы.
Шортанбайдың тым қысқа өмірбаянына қарағанда, ол –
жасынан діншілдікті емес, өлеңді күйттеген кісі. Бірақ дін, «о,
дүние, бұ, дүние» Шортанбайда көбірек сөз болады. Олай
болу себебі реакцияшыл поэзияның оңтүстік ақындарына
тигізген зиянды діншіл әсерлерімен байланысты еді.
Екінші, ХІХ ғасырдағы Қазан, Уфа қалаларында татар бур-
жуазиясын байыту мақсатымен құрылған баспа орындарында
көбірек басылған діни қиссалардың қазақ даласына кең жай-
ылулары да Шортанбайға ықпал тигізуі мүмкін.
Үшінші, Шортанбай – феодалдық көзқарасты аңсаушы
255
ақын. Бұл кездер ол аңсаған ескіліктің іргесі сөгіліп, қазақ да-
ласына әртүрлі жаңалықтар қанат жайып, олар өздерінің
келешегінің мығымдығын таныта бастаған кезі еді десек, бұл
жағдайлар феодал табының жыршысы Шортанбайды шошы-
тады, келешегі күңгірттікке айналады.
Шортанбайдың дарыны онша үлкен адам емес, құба төбел
ғана ақын. Оны ел аузында сақтатып, тарихқа іліктіріп келе
жатқан – оның өз кезіндегі актуалды мәселелерді көтеруі,
аз да болса, сол кездің өмір шындығын көрсете алғандығы.
Өзіне дейінгі қазақ өлең құрылысына енгізген Шортанбайдың
жаңалығы жоқ. Ол қазақ өлеңінде бұрынғы бар түрлерді ғана
пайдаланумен қанағаттанған ақын. 11 буынды және 7 буын-
ды екі-ақ түр.
Таза 7 буынды өлең:
4 3
Ит жүгіртіп, // құс салған,
4 3
Жігіттің бір // өнері
4 3
Өтіп кеткен // жас өмір,
4 3
Өкінсең жоқ // келері.
7-8 буынды аралас келетін жыр ағымы:
5 3
Мәселе кітап // шығардым,
5 3
Өзімнен қалсын // балаға
5 3
Кетпесе сөзім // далаға
4 3
Жоғалтпаса // өзімді,
4 3
Жоқ қылмаса // сөзімді
4 3
Мен риза // аллаға.
256
11 буынды өлең:
Айтасың // мақтан қылып // батыр, ханды,
Ар көресің // құр келіп // бақырғанды.
Білетін // ел бітімін // би емессің,
Құсбек сені // не қылсын // шақырғанды.
Бұл шумақтың бунақтары бірыңғай емес. Бірақ әр
жолдарының буын саны 11-ден аспайды. Шумақ бас бунағы
әртүрлі болып келетін он бір буынды өлең түріне жатады. Ал
Шортанбай өлеңдерінің ұйқасын алсақ, негізінде, екі-ақ түрі
барлығын көреміз. Бірі қара өлең ұйқасы (а-а-в-а), екіншісі –
жыр ағымы саналатын толғау, желдірмелерде көп кездесетін
ерікті ұйқас. Кейде кезекті ұйқас та кездеседі. Бірақ ол бірен-
саран ғана.
Тіл жағынан да Шортанбайды қазақ поэзиясына пәлендей
үлес қосты, байытты дей алмаймыз. Мысалы, өзінің заман-
дасы дерлік, аз-ақ алдында өткен Дулатпен салыстырсақ,
оған тең келмейді. Дулат қазақтың бай тілін толық меңгерген,
халықтың сарқылмас, мол қазынасынан ең асылда-
рын таңдап ала білген және оларды өз өлеңдеріне ше-
бер қолданған ақын дедік. Әсіресе, Дулаттың бір ерекшелігі
– өзіне дейінгі әдеби нұсқаларда кездеспейтін, әрі ешкім
қолданбаған, әрі көркем, әрі үздік образдарды поэзия тіліне
енгізуі. Солар арқылы Дулат халқымыздың тіл байлығының
молдығын танытты. Соны іздеп, тере білсе, талай тама-
ша образ, көркем сөздер табуға болатындығын көрсетіп, өз
өлеңдерінде ондай сөздердің үлгілерін қалдырды. Ал Шор-
танбайда өзіне дейінгі ақындарда қолданылмаған, не аз
қолданылған сөз образдары өте сирек кездеседі.
Мысалы:
Нар түйенің жақсысы -
Достарыңызбен бөлісу: |