Бауыры сүтті маясы.
Өлшеулі күнің жеткен соң,
Бұйрық дәмің біткен соң,
Төстіктей
қазған бір жерге
Қырыңнан кіріп сыйғаның.
Құбылып тұрған қызыл гүл
Қураса кетер мәнері.
257
Он екі құрық, қырық шалғы,
Қияда сұңқар таранды.
Атты кердең өсірген
Арқаның тарал шөбі екен.
Жігітті кердең өсірген
Ат пен малдың демі екен. т.б.
Бірақ мұндай сөз тіркестері Шортанбай өлеңдерінде аз.
Көпшілігіне ақын өзінің айтайын деген ой-пікірлерін жай об-
раз, көпшілікке түсінікті сөз тіркестерімен береді. Бірақ ақын
көркем сөз, жаңа образдарды көп қолдануды машық етпе-
се де, жұртшылыққа мәлім сөз образдарынан өзінің ай-
тайын деген ойларын, суреттемек, сынамақ нәрселерін, өмір
құбылыстарын дәл айтып беруге керекті сөздерді табуға,
құрастыруға шебер.
Мысалы:
Қолында
тұрып
ұрлығы,
Мойнында
тұрып
зорлығы,
Ойында
тұрып
жалғаны, –
деген үзіндіні алсақ, поэтикалық тіл тұрғысынан тартымдылық
туғызарлық үш рет қайталанатын
тұр
деген сөзден басқа
образдылық қызмет атқарып тұрған еш сөз жоқ. Бірақ сол
жай сөздердің өздері өлеңнің контексінде көркемдік роль
атқарады. Өйткені өлең молдалар туралы. Мұндай мінез, іс-
әрекеттер оларға тән. Демек, ол жолдардың көркемдігі сөз
қайталауында емес, шындығында.
Екінші бір жерінде:
Қожа, молда көбейіп,
Отырар төрде
шөмейіп
, –
дейді. Бұл үзіндідегі көсемше етіс арқылы жасалған эпи-
тет, шарта жүгініп, төрде отырған молдалардың кескін,
келбеттерін ғана көзге елестетіп қоймайды, олар ту-
ралы оқырмандарын да жексұрын-ақ екен дегендей
сезімде қалдырады. Олар болса,
шөмейіп
деген эпитет,
қарапайымдығына қарамастан, дұрыс қолданылған және тап
осы үзіндіде ол суреттеу құралы міндетін толық атқарып тұр.
Сонымен қатар
шөмейіп
деген сөздің астарлы мағынасында
мысқыл, кекесін жатқандығы да аңғарылады.
258
Дәл осы сықылды сөз тіркестері, мысқылдай сөйлеу сауда-
герлерді суреттеген өлеңінде де жиі кездеседі:
Шолақ иттей діңкілдеп,
Бір-біріне жетем деп,
Алас ұрып өліп тұр.
Шортанбай жырларында поэтикалық тілдердің басқа
түрлері де сол өзінің қарапайым қалпында кездеседі және
сол тұрғысында өз міндеттерін атқарады да. Әрине, ол
Шортанбайдың басқалардан ерекшелігі емес. Мысалы:
Шөп сұйылды жердегі,
Құс таусылды көлдегі...
Биттей нәрсе қалсайшы
Бұрынғы заңнан ырымға, –
деген жолдардағы әсірелеу, литоталар фольклормен байла-
нысты жатқандығы өзінен-өзі айқын.
Ескі феодалдық салт-сананың өз кезінде құлдилай
бастағандығын көрсету үшін де әсірелеу, литоталық сөз
тіркестерін әдейі қолданған. Өз пікіріне оқырмандарын
сендіру үшін асыра суреттейді. Шортанбай өмір сүрген кезде
феодалдық құрылыс қанша әлсіреді, қанша іргесі сөгілді де-
сек те, оның қалдықтары ой-санадан мүлде арылуы былай
тұрсын, әлі күшті болатын. Жыраудың өзі де – сол ескі салт-
сананың құрбандықтарының бірі.
Кезіндегі көп ақындармен салыстырғанда, Шортанбай
нақыл сөздерге шебер. Бұл жағынан оның көп өлеңдері жы-
рау сөздерінің үлгілерінде болып келеді. Халықтың оны Шор-
танбай жырау деп атаулары да кездейсоқ емес. Мысалы:
Ауылдың малы бұралқы,
Ақылы жоқ жаманға.
Жан екен деп тыңдамас,
Насихат айтсаң наданға.
Қас болар пасық-сұмырай
Жақсылық қылған адамға.
Ол пендеде мейір жоқ,
Қайыр болмас сараңда.
Абыройы жоқ жігіттен
Айуан артық жапанда...
259
Жақсыменен жанассаң,
Келеді ісің оңыңа.
Жаманменен жанассаң,
Пәле ертесің соңына,
Дұшпаның қарар оңына.
Жаманға түссе жұмысың,
Жағаңнан алар сорыңа.
Әркім тайып жығылар
Өзінің қазған орына.
Бұл сөздер түгелдей афоризм – нақыл сөздер тобына жа-
тады. Өйткені әрқайсысында үлкен мағына, өмір шындығы
жатыр. Бұл -ақынның өмір құбылыстарын бақылауынан
алынған, өмір туралы пікір – қорытындылары. Сонымен
қатар адамның мінез-құлқын жөндеуде неден қашу, неге
ұмтылуға бағыт сілтеген мәні зор, жүйелі пікірі бар.
Шортанбайдың тілін сөз еткенде, айтылуға тиісті және
бір мәселе – оның шығармаларындағы шетел сөздері. Біз
жоғарыда Шортанбай шығармаларының, әсіресе бір әлсіз
жағы дін, дінді көбірек жырлау дедік. Ол жағдай оның
шығармаларының тіліне де үлкен әсер етті. Дулат не басқа
ақындармен салыстырғанда, түрік, парсы, әсіресе араб
сөздері Шортанбайда жиі кездеседі. Мысалы:
ғайбат, бейіш,
зекет, мүһмин, муфты, тәкбір, харам, гурзі, бәйт, суннет, па-
рыз, гибрат, хатым, ғасима, сұбұхан алла, пайғамбар; кісі ат-
тары: Адам, Мұхаммат, Мустафа, Сүлеймен, Ибраһим
1
т.б
.
Біз Шортанбайдың негізгі шығармаларына шолулар жа-
сап, талдау арқылы творчествосының қайшылықтарын
ашуға, қолдан келгенше әділ бағалауға тырыстық.
Айтқандарымызды түйіндей келгенде шығатын қорытынды:
бір жағынан, Шортанбай өз кезіндегі көптеген өмір
шындықтарының бетін ашты: кедейлердің ауыр тұрмысын
көре білу, оған жаны ашу, бай, болыс, саудагер, ел билеуші
әкімдердің жалпы еңбекші халықты қанап отырғандығын
көрсету т.б. Екінші жағынан, оның ескішіл хандық,
1
Ескерту
: «XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының
шығармалары» атты кітапта бұл сөздерге түсінік бергендіктен, тағы
да түсінік беруді, үзінділердің беттерін көрсетуді артық санадық.
260
феодалдық құрылысты аңсауы, өз кезіндегі жаңалықтардың
(оқу, өнер, егін кәсібі, отырықшылану т.б.) ешқайсысын
көрмеуі, көргендерін жоққа шығаруы, дінге үгіттеуі, бұл
өмірден безіп, ол дүниені іздеуді уағыздауы, түптеп келгенде,
кертартпалық көзқарастан шыға алмағандығын, ескі феодал-
дар табының жыршысы дәрежесінен көтеріле алмағандығын
дәлелдейді.
Оның творчествосының қайшылығы да осылар тәрізді
кейінгілер үшін керекті, керексіз пікірлердің түйісуінде.
Шортанбайдың кейбір шындықтарды көруі, олардың сыр-
ларын ашуы кездейсоқ емес. Қанша дегенмен, Шортанбай –
ақын адам, өзінше суретші. Сондықтан өмір шындығы, айна-
ласында болып жатқан әр алуан оқиғалар оны көруге мәжбүр
етті. Ал оларды қалай тану, олардан қандай қорытындылар
шығару оның таптық көзқарасымен байланысты. Ол феодал-
дық идеядағы ақын болғандықтан, айналасындағы өмір
құбылыстарын көрсе де, олардан дұрыс қорытындылар
шығара алмай, қайшылыққа ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |