Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет23/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65
Көп беріп көргенді елден қыз алам деп,
Бел байлап, бұл талапқа қадам басқан.
Қазақ пен қарақалпақ аралары,
Емес ед ол кездері қыз алысқан.
Есітіп қыз Мақпалдың сырт хабарын,
Құмартып батыр соған кеулі қашқан.
Қазақтан Мақпалды алып Жабы батыр,
Сол бопты «қыз алысқан» әуел бастан.
Қыз Мақпал ашығы еді сал Сегіздің,
Бір-бірін қалап кеулі сүйген жастан.
Сал Сегіз – Төртқара, Әлім тайпасынан,
Қыз Мақпал – Шөмекей дейді, руы – Аспан.
Бапаңнан естіп едім ертегісін,
Мәжілісте – бір жиында басты қосқан.


96
97
Бұл сөзді жырға айналдыр, Базеке, – деп,
Әр жерде болды өтініш жар-жолдастан.
Сондықтан «Мақпал-Сегіз» хикаясын
Әлеумет тыңдасын деп еттім дастан
44

Осылай басталған дастанның ұзақтығы 930 жол. Сәбит Мұқанов 
мазмұндап жазған нұсқада Мақпал мен Сегіз қосылып мұратына жетсе, 
Базар жырау дастаны Мақпалдың қайғылы өлімімен аяқталады. Осы-
лайша, жазушы Сәбит ағамыз бен атақты жырау Балқы Базар атамыздың 
соңында қалдырған баға жетпес мұраларының арқасында Сегіз сері ту-
ралы дабыраға там-тұмдап ақиқаттың сәулесі себезгіленіп, шындық 
елесі көрініс берген еді. Бақсақ, бұл әлі әңгіменің басы ғана, қызықтың 
көкесі мұрағаттарда сақтаулы тұрған қолжазбаларда жатыр екен. Атал-
мыш жырдың табаны күректей он нұсқасы бар болып шықты. Мәселен,
жырдың 1903 жылы жарық көрген алғашқы нұсқасы Қазан қаласында, 
қалған тоғыз нұсқасы еліміздің мұрағаттарында сақталып келіпті. Атап 
айтсақ, Алматының Орталық Ғылыми кітапханасына Базар жырау 
нұсқасы 1939 жылы, Ишанғали нұсқасы 1940 жылы тапсырылыпты. Ал 
қалған жеті нұсқа Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына әр 
жылдары өткізіліп отырыпты. Ретімен айтсақ, Мұрат нұсқасы 1950 жылы, 
Меңліаяқ нұсқасы 1952 жылы, М.Тілеужанов нұсқасы 1954 жылы түссе, 
жырдың ең шағын түрі – Сағынғали нұсқасы 1962 жылы қабылданып 
алыныпты. 1974 жылы аталмыш жырдың жоғарыда үзіндісі келтірілген 
Ғабдол Қабанбаев – Сәбит Мұқанов нұсқасы жазушының «Халық
мұрасы» кітабында жарық көреді. Дәл осы жылы жырдың Кенбай
нұсқасы мен Жанқиса-Биғожин нұсқасы Әдебиет және Өнер институ-
тының сөресінен орын алған екен. Аталған жырлардың барлығының сюжеті 
егіз қозыдай ұқсас, тек дәстүрлі жырлау үлгісінен алшақ, өзгеше, түсініксіз 
жырланумен ерекшелінген Жанқисса-Биғожин нұсқасы кейін филология 
ғылымдарының кандидаты Серікбай Қосан бастаған әдебиетші ғалым- 
дар анықтағандай плагиат болып шықты. Өйткені, Жанқиса-Биғожин 
нұсқасы халықтық жыр-дастандардың алтын өзегін құрайтын эпостық 
мотивтердің жоққа тәндігімен өзгешеленеді. Мәселен, жыр-дастандар-
дың сюжетін құруға атсалысатын: ғашықтық, батырлық, құдалық, ай-
тыс, жетімдік көру, күйеуді алдау, түс көру, қыз орнына қыз беру, аттың 
опасыз-дығы, махаббат жолында құрбан болу сияқты басты мотивтердің
Жанқисса-Биғожин нұсқасында мейлінше жұтаңдығы көзге ұрады. Атап 
44
Серікбай Қосан. Балқы Базар жырау. Монография. Алматы, 2012. – 213–214-б.
айтсақ, плагиаттық нұсқада жыр сюжетін құраушы негізгі мотивтердің 
үшеуі ғана (ғашықтық, серілік, жаугершілік) бой көрсетеді. Дастанның 
басқа нұсқаларының барлығына тән болып келетін ортақ мотивтердің 
қалғандары мүлде дерлік ұшыраспайды. Жанқисса-Биғожин нұсқасы- 
ның плагиаттығын анықтап, ұрлықы екендігін дәлелдеген әдебиетші 
ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Қосан: «Сегіз 
сері жөнінде алып қашпа аңыздардың көптігі оның тарихи болмысын дәл 
анықтауға мүмкіндік бермейтіндей. Біздіңше серінің Кіші жүз елдерінің 
бірінен шығуын тарихи және фольклорлық деректер қуаттайды. Мыса-
лы, Сағынғали нұсқасында оның Таз руынан, Қазан вариантында Сегіздің 
Жағалбайлы екендігі жөнінде айтылған. Мұны Сәрсенбай нұсқасы
жөнінде пікір айтқан С.Мұқанов та жазған. Тағы бір ескеретін нәрсе,
Базар жырау Сегіз серінің шыққан тегі жайындаҮш жүздің басы
қосылған алқалы топтың алдында айтты. Яғни, «Мақпал-Сегіз» 
дастанының бас кейіпкері ХІХ ғасырда есімі бүкіл қазақ жеріне
«мәшһүр» қызылжарлық Сегіз сері Баһрамұлы болса, онда жырау
белгілі би-болыстардың алдында тарихи адамның атын бұрмалауы
мүмкін емес. Қазақ шежіресі мен сөз қадірін терең түсініп, меңгерген
жұрт жақсылары мұндай жөнсіздікке жол бермес еді»
45
.
Анықтай айтқанда, ғалым осынау еңбегінде осы күнгі «сегізтану- 
шылар» қызылжарлық Сегіз сері Баһрамұлы деп «танып» жүрген өнер-
паздың шын мәнінде қазірге Ақтөбе, Қызылорда облыстарының өңірінде 
ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында өмір сүргендігін тари-
хи және фольклорлық деректерге сүйене отырып дәлелдейді. Яғни, та-
рихта бір ғана Сегіз сері бар. Ол – жоғарыда атап өткен жырларға арқау
болған Сыр бойын, Қазалы тұсындағы Қызылқұмды қыстап, Ақтөбе 
өңіріндегі Байтақты жайлаған – Сегіз сері! Ал, қызылжарлық Сегіз 
сері фольклор жинаушы Қаратай Биғожиннің «ерінбей еңбектенгенінің 
арқасында» 1974 жылы «дүниеге келген» болып шықты. Өйткені, осы 
жылға дейін Сегіз сері Баһрамұлы туралы деректер бірде-бір фольклор-
лық жырлар мен тарихи құжаттарда ұшыраспайды. Ал, Қаратай Биғожин 
«іздеп-тауып» жариялаған деректердің ешқандай тарихи һәм ғылыми 
құндылығы жоқ, ойдан шығарылған қып-қызыл өтірік екендігі бүгінгі 
күндері бірінен соң бірі тоқтаусыз дәлелдену үстінде. Соның бірі, Сегіз 
серінің 1835 жылы Омбының кадет корпусын бітіргені жайындағы
әфсана. Анықтап көрсек, Омбы кадет корпусы тек 1845 жылы ғана
ашылып, алғашқы курсанттарын қабылдапты. Бұған дейін оның орнында 
45
Серікбай Қосан. Балқы Базар жырауМонография. – Алматы, 2012. – 153-б.


98
99
қазақ даласы мен Орта Азияны отарлаушы қаныпезер жендеттер дайын-
дайтын казачество мектебі ғана болыпты. Ол кезде мұндай мектептердің 
маңайына қыр қазағы түгілі, исі азиялық атаулының жолаттырылмағаны 
белгілі. Нақты тарихи құжаттар солай дейді. Демек, «қызылжарлық
Сегіз сері заманында» Омбыда ешқандай кадет корпусы болмаған. Ал, 
1845 жылы ашылған әскери оқу орнына қазақ сақарасынан тек пат- 
шалық империяға адал қызмет еткен төре тұқымдары (Шоқан) кейінірек 
аға сұлтандардың балалары ғана (Халиолла Құнанбайұлы Өскенбаев
т.б.) қабылданатын болған. Ал, қара халық өкілдері бертінге дейін кадет 
корпустарына мүлде алынбаған. 
Қ.Биғожиннің жинаған деректері ақылға сыймайтын қисынсыз мәлі-
меттерге «тұнып» тұр. Өкініштісі, өткен ғасырдың жетпісінші жылда-
ры бұл деректер Қаратай Биғожиннің «табандылығының» арқасында
«ғылыми айналымға» баса-көктеп кіріп кетті. Тіпті, фольклор жинау-
шының құрған тұзағына даңқты жазушы Ғабит Мүсірепов пен атақты 
ғалым Әлкей Марғұлан да оңбай түсіп қалады. Куәгерлердің айтуына 
қарағанда, қазақ әдебиеті мен ғылымының қос алыбы: Ғабең мен Әлекең 
Қ.Биғожиннің арандатуларына иланып қалғанына қатты өкінген деседі. 
Сол сияқты марқұм Жәнібек Кәрменов ағамызды да бұл іске шатылды-
рып, аталған «композиторлардың мұрасын» зерттеушінің ән жинағына 
кіргізуге «зор еңбек сіңірген» тағы да осы Қ.Биғожин болып шықты. 
Бұл жайында «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Телқоңыр» бағдарлама-
сында Жарылғапбердінің «Гауһартас» әнінің шығу тарихын талдау
үстінде әншінің жұбайы Тоты жеңгеміздің аузынан естідік. 
Қаратай Биғожинің Сегіз сері Баһрамұлы жайындағы ойдан туғызған 
жасанды аңызы – осы күнге дейін көптеген көркем шығармалар мен 
ғылыми мақалардың жазылуына, сондай-ақ БАҚ-тың ешқашан бітпейтін 
қаншама дау-дамайларына арқау болды десеңізші. Осы былықтың бәрі 
Қ.Биғожиннің халық жыры «Мақпал – Сегіз сері» хикаясын бұрмалаған 
күнінен басталып тұр емес пе. Плагиат нұсқаның өтіріктігі «жыр» бас-
талған бетте шаң береді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет