Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет24/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Сөйлесең сөз шығады лебізбенен
Телегей тең болмайды теңізбенен.
Қыста Арқа, жазда Сырдың бойын жайлап,
Өтіпті керей жігіт Сегіз деген.
Қыс айы қандай суық ақпан деген?
Қаңтарда түлкі аулайды қақпанменен.
Сол Сегіз Мәжнүндей ғашық бопты,
Бір қызды Ләйлі көріп Мақпал деген.
Сегіздің Мақпалменен жылы барыс,
Арасы ауылының тым-ақ алыс.
Омбыдан іздеп келіп Сегіз сері,
Мақпалмен Сыр бойында болған таныс. 
Сегіз ер тым сымбатты кескіні әсем,
Ер екен боларлықтай елге көсем.
Исатай – Махамбетке жолдас болып,
Одан да аман-есен келген екен.
Қызылжар – Ер Сегіздің туған жері,
Қасында құрдасы бар Нияз сері.
Бәйгесін ат жарыс пен палуан күрес
Әрқашан алып жүрді Сегіз сері
46
.
Енді осы «жырды» Балқы Базар нұсқасымен салыстырып көрейік:
Басталар қысқы аяз ақпанменен.
Сонарда түлкі аулайды қақпанменен.
Сол Сегіз Мәжнүндей бопты ғашық,
Бір қызды Ләйлі көріп Мақпал деген.
Уәде сынайды ерді лебізбенен,
Біз сөзді, екі қайта дегізбеген.
Сап болып, сағасыз су сарқылады,
Телегей тең болмайды теңізбенен. 
Айырып ерді – егізден, жарды – ашықтан,
Жалғаншы ит кімдерге «боқ» жегізбеген.
Мал баққан шаруаның күні құрсын
Жер ауып, мал-жай үшін шөп іздеген.
Арқаға жылқы жайып отар кеткен
Мақпалдың ғашық жары Сегіз деген
47

46
Бұл да сонда – 262-б.
47
Бұл да сонда – 214–215-б.


100
101
Көріп отырғанымыздай, жырдың Базар жырау нұсқасын Қаратай 
Биғожиннің өзіне қарай «ауған түйе секілді бейімдегенін» байқаймыз. 
Мәселен, Қ.Биғожин нұсқасындағы: «Қыста Арқа, жазда Сырдың бойын 
жайлап» деген бір жол өлеңнің өзінен өтіріктің мүңкіген иісін сеземіз. 
Өйткені ХІХ ғасырда Қызылжар өңірін жайлаған керей, уақ рулары 
ешқашан да «жазда Сырдың бойын жайлаған» емес. Бұл көш жолы Қазақ 
хандығы құлаған соң, орыстың отаршылдық саясатының ықпалымен 
мүлде тоқтатылғаны белгілі. Сол сияқты «Омбыдан іздеп келіп Сегіз 
сері, Мақпалмен Сыр бойында болды таныс» деген жолдар да жалған.
Өйткені фольклорлық деректердің барлығында Сегіз серінің атамекені 
Қазалының Қызылқұмы мен Байтақтың даласы делінеді. Зертеуші 
Серікбай Қосанұлы орыс тыңшыларының дерегіне сүйене отырып, Сегіз 
сері Сырым Датұлы (1712–1805) заманында өмір сүрген деген пікірді алға 
тартады. Ал, жазушы З.Шүкіров болса, Сегіз серінің Жанғожа батырдың 
(1777–1860) досы болғандығын жазып қалдырыпты
48
. 
«Исатай – Махамбетке жолдас болып» деген жолдар да қисынсызды-
ғымен көзге ұрады. «Исатай – Махамбет» көтерілісі басталғанда небәрі 
18-дегі Сегіз сері 45-ке келген жолбарыс иелі (ел аузынан жеткен
аңыздар Исатайдың киесі жолбарыс болған дейді) Исатайға (1791–
1836), сол жылдары отыздан мол асқан Махамбетке (1802–1846) қазіргі 
«сегізтанушылар» «дәлелдеп» жүргендей әскери өнердің қыр-сырын 
қайтіп үйретеді, қалайша ақыл-кеңес айтады. Ол аздай, «айтқан тілін
алмай қойған соң, Исатай мен Махамбетке өкпелеген Сегіз сері соғыспай 
кетіп қалды» деп Сегізді қолма-қол «кінәмшіл» қыла қоятындарын 
қайтерсің?
Жанқисса-Биғожин нұсқасын ары қарай оқиық:
Қызылжар Ер Сегіздің туған жері,
Қасында құрдасы бар Нияз сері.
Бәйгесін ат жарыс пен палуан күрес,
Әрқашан алып жүрді Сегіз сері.
Соңынан жігіт-желең жүрді еріп,
Өңшең сері ауылға берді көрік.
Мақпалмен достасқан соң Сегіз сері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет