Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет20/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
 
Мінеки, аспанды өрлеп бұлтты жарып,
Жеткендей күшті дауыс күнге барып.
Таң ата шырылдаған бозторғайша,
Түрлентіп күн шашырай әнге салып.
Біресе тамылжиды жазғы таңдай,
Бейне бір бұлақ суы мейірің қанғай.
Біресе қиялыңды қытықтаған,
Кешкі бір көз ұялтып жаққан шамдай.
Тау кезіп бұлттан өтер күнмен ойнап,
Әдемі ән салады құлақта ойнап.
Біресе елестейді жасыл жайлау,
Құлпырып жатқан жота гүл-гүл жайнап.
Көтерсе шыңда қыран байланғандай,
Қайырса шақыруға айналғандай.
Жүректі шымшып алып үзіп жейді,
Дегені, беу, шіркін-ау, Қанатталды-ай!
Алғашқыда «Қанатталдыдай» асқақ әнді шабытты ақындық қуатпен 
шарықтата, шалқыта жырлаған шайырдың толық аты-жөні белгісіз себеп-
термен бізге жетпей қалғандай көрінді. Бұл жөнінде Хабиба әжемізден 
сұрағанда ғасыр жасап отырған қарияның мардымды ештеңе айтпауы –
күдігімімізді одан сайын күшейте түсті. Ән табиғатын осыншалықты
терең түсінген таңғажайып ақынның із-түзсіз кетуі – шынында да, көңілге 
сезік ұялатты. Сөйтіп, өлең иесін іздеуге кірістік. Алдымен, өлеңнің тек-
стологиясына назар аударылды. Әрине, жырдың өн бойын – қазақ әнінің 
37
Қанабек Байсейітов. Құштар көңіл. – Алматы, 2004. – 129-б.


88
89
табиғатын жанымен ұққан ақынның жүрекжарды толғанысы кернеп тұр. 
«Жүректі шымшып алып үзіп жейді, дегені, беу, шіркін-ау, Қанатталды-
ай» деген бейнелі сөзді – дулы-нулы ортада ғұмыр кешіп, аруақты, атой-
лы әндердің қадір-қасиетін жан-тәнімен сезініп өскен адам ғана айта алса 
керек. Өзі де өнерден құр алақан болмаған, әннің асылы мен жасығын 
парықтай білген, талдап, жіліктей алған, өнерлі орта көріп ысылған 
көшелі жан болғаны даусыз деген тоқтамға келіп, мәлімет қорымызды 
ақтара бастағанымыз сол-ақ еді – бірден жасырулы жатқан жамбы-
дай жарқ етіп Насыр Ноғаев деген ақын ағамыздың алдымыздан шыға
келгені. Табылған мәліметтерге сүйене кетсек, тұрлаусыз тағдыр иесі На-
сыр ақын жөнінде көп әңгіме айтуға болғандай. Алайда, кітап Жүсіпбек 
әнші турасында болғандықтан, Насыр ақын жөнінде қысқаша ақпарат
берумен ғана шектелмекпіз. 
Сөйтсек, Насыр Ноғаев Кереку өңірінің тумасы болып шықты. 
Отызыншы жылдардың бас кезіне дейін ол Мәскеудің ГИТИС-інің 
режиссерлік бөлімінде оқыпты. 1931 жылдың көктемінде «Еңбекші
қазақ» радиогазетінің ашылуына байланысты, аталмыш радионың 
алғашқы хабаршы-дикторы болып бір жылға жуық істепті. Радио-га-
зет жабылған соң да журналистік қызметтен қол үзбеген ол соғысқа 
дейін бірнеше газет редакцияларында тілші болып істегенге ұқсайды. 
Айтпақшы, 1937 жылдың лаңында оның туған ағасы, сатирик-жазушы 
Қадыр Тайшықов «Халық жауы» ретінде атылып кетеді. Ал, әкесі Баспақ 
болса, түрмедегі азапты тергеуге шыдай алмай абақтыда өледі. 1941 жылы 
соғыс басталғанда Насыр Ноғаев алғашқылардың бірі болып майданға 
алынады. Керекулік журналист Сайлау Байбосынның пікірінше, әкесі мен 
ағасының түбіне жеткен кеңес үкіметіне кектенген Насыр Ноғаев соғыс 
біткен соң елге қайтпай, Германияда қалып қойған көрінеді. Ақынның 
одан кейінгі тағдыры белгісіз. Бізге жеткені – Жаяу Мұса жайында жазған 
мақаласы және Жүсіпбектің әншілік құдіретін поэзия тілімен шебер кес-
телеп, келісті жеткізген жалғыз өлеңі ғана. Зер салып іздей түссе, На-
сыр ақынның басқа да шығармалары табылып қалар деген ойдамыз. 
Ал, енді, Ж.Елебековтің жеке мұрағатындағы өлең неге тек Насыр аты-
мен ғана сақталған, фамилиясы не себепті жазылмаған деген сауалдың
жауабы өз-өзінен түсінікті деп ойлаймын. Өйткені ол кезде «советтік
отанын» фашистік Германияға сатқан «халық жауының» өлеңін үйінде 
сақтап отыру – кімге де болса қатерлі еді. Сол себепті Жүсіпбек ақынның 
Ноғаев деген фамилиясын өлеңді қайыра көшірген кезде мақсатты түрде 
қалдырып кеткен болса керек. Өлеңнің түпнұсқасы сақталмаған. 
Ал, енді «Қанатталды» Жүсіпбекке қалай жетті, әнші бұл әнді кімнен 
үйренді, расында да, аталған әннің шығарушысы кім еді деген сауал- 
дарға келейік.
Жүсіпбектің аталмыш әнді қанатын талдырмай биікке қалықтатып, 
шыңға шығарғандығы, шын мәніндегі «Қанатталды» қылғаны еш дау
тудырмайтын ақиқат. Десек те, әу баста бұл әнді кім шығарып еді,
Жүсіпбек оны қашан, кімнен үйренген деген сауалдардың әлі күнге дейін 
өнбейтін, бітпейтін нәтижесіз даулар тудырып келе жатқанын жасыр- 
маймыз.
Сонымен, көптеген деректерді саралай келе, аталмыш әнді Алматыға 
алғаш алып келген халқымыздың аяулы әнші қызы Рабиға Есімжанова 
болғандығына көзіміз жеткендей. Бұл жайт, әсіресе, Хабиба Елебекованың 
естелігінде анық жазылған: «Қанатталды» әнін Жүсіпбек Алматыға
келген соң Рабиға Есімжановадан үйренген, бірақ оған өзінше көп түзеу 
енгізді. Ән бірден «Тау қалғып тамылжыған шілде күні» деп басталса
оның жан баурар әдемілігі болмас еді. Сондықтан Жүсіпбек алдымен 
құйқылжыта шырқап алушы еді»
38

Әннің о баста өзгеріске түсіп, өңделгенін А.Жұбанов та аңғарады. 
Музыкатанушының: «Қанатталды» алдында әннің контекстінде бар ма, 
жоқ, кейін орындаушылар қосты ма, жоғарғы нотаны айғайлап алу бар 
екен. Содан кейін ғана әннің өзі басталады екен», – деуі осының айғағы. 
Хабиба әжеміз Жүсекеңнің «Қанатталдыға» қосқан бұдан басқа да 
өзгерістерін тәптіштей айтып кетеді: «Ән сөзінің алғашқы үш шумағы- 
нан кейінгі төртінші шумағының аралығындағы жүз бұралып естілер-
естілмес домбыраның сүйемелі мен төменгі шынашақтың перне үстінде 
үздіксіз уілдеген үнмен қосылып бұлаң қағып, тиіп-қашып тұруы, тың-
даушы адамның бойындағы қыл пернесін басқандай әсер беретін. Бұл 
әдемілік өзгерісті де Жүсіпбек қосқан. «Қанатталды» әні бұрынғы орын-
дауында қысқа, доғал қайырыла салатын. Әннің сөзі біткенде, әуені
бітіп қалушы еді»
39

Өзі ән салмаса да, оны жанындай сүйетін адамдар болады. Және 
олардың ішінде кей жағдайда әннің ішкі құбылыстарын тамыршыдай тап 
басып, орындаушыдан да тереңірек зерделейтін даңғылдары кездеседі. 
Жүсекең де мұндай «музыка жөніндегі кеңесшіден» құр алақан емес еді. 
Ол – өзінің аға досы, «жүрегі әнші жан» – Қалибек Қуанышбаев болатын. 
«Қанатталдының» кемел ән деңгейіне көтеріліп қанат қағуына – Қалеки-
дің де үлесі бар екенін Хабиба әжеміздің естелігі арқылы куә боламыз: 
38
Хабиба Елебекова. Ән – аманат. – Алматы: Өнер, 1989. – 126-б.
39
Бұл да сонда.


90
91
«Әнді үйренген соң жаңа қосқан нақышты әуенді Қалекиге тыңдат- 
ты. Жүсіпбек әрбір жаңа әнді көпшілікке айтпастан бұрын алдымен 
Қалекеңе тыңдататын әдеті болатын.
– «Қанатталды» әніне қосқан жаңалықтарың көңілге қонымды, бірақ
ән бітпей тұрған сияқты, шіркін, әннің тұжырымды ноқаты қойылса
қандай жақсы болар еді! – деген еді. Жүсіпбек те әннің аяғының 
жетілмей тұрғанын сезуші еді. Көп ойланып жүріп әннің аяғын да 
тапқан. Ән алдындағы кіріспе әуен, биік күшті үнмен көтеріліп, бірін-
бірі толықтырылған үстеме ноталармен қайталанып, «Қанатталды» деп 
аяқталатын болды. Жүсіпбек «Қанатталды» әнінің сөзін өзгертіп, сөзі
мен әнін бір қалыпқа құйғандай етіп шығарды»
40

«Қанатталдының» Жүсіпбекке байланысты тарихын осылай түйіндеу-
ге болар еді. Бірақ, әңгімеміздің басында «Қанатталды» әнінің нақты 
қай композитордыкі екендігіне байламды пікірімізді айтамыз деген едік. 
Сондықтан ендігі әңгіме «Қанатталды» әнінің шын мәніндегі авторы
жайында болмақшы. 
Әлқисса, Жүсіпбек «Қанатталдыны» Рабиға Есімжановадан үйренді 
дедік. Рабиғаның өзі бұл әнді немере ағасы Қосымжан Бабақовтан 
үйренген көрінеді. Қосымжан болса, өзінің ұстазы Сәтмағанбеттен алып 
қалыпты. Сәтмағанбет болса, «Қанатталдыны» шығарған композитор- 
дың нақ өзі. Ал, осы, Сәтмағанбет кім? Енді соған келейік. 
Сәтмағанбет турасындағы толымды деректерді қазақ музыка тарихы-
ның адастырмас Темірқазығы – Ахмет Жұбановтың еңбектерінен
табамыз. Сірә, бұл, Сәтмағанбет әнші жайында қағазға түскен тұңғыш 
деректердің бірі болса керек. Ахаң былай дейді: «Арқаның белгілі әнші- 
сінің бірі – Сәтмағанбет. Ол Ақмоладан алпыс шақырым жердегі Аққұм 
деген жерде 1880 жылы туған. Руы – Сүйіндік. Әкесі Ахмет кедей адам 
болады. Оның үстіне ерте өледі. Сондықтан Сәтмағанбет әкесінің 
інісі Түсіптің қолында болады. Темеш руынан шыққан Сыпан болыс 
Сәтмағанбетті біраз қасына ертіп жүреді. Сәтмағанбеттің аты да ерте 
шығады. Сәтмағанбеттің дауысы күшті болған, жоғарғы тенор болса ке-
рек. Қара торы, бетінде аздаған секпілі бар, ұзын бойлы кісі болыпты. 
Ескіше молдадан хат таныған. Өзі аса ақылды болады. Ыбырай дегеннің 
Рабиға атты қызына арнап «Қарға» деген ән шығарады. Қоянды, Атбасар, 
Қараөткел жәрмеңкелерінде ән салады. Сәтмағанбет Ғазез, Қапаш, Жаяу 
Мұса әншілерді көрген. 1914 жылдары бірнеше айтыста болады»
41

40
Бұл да сонда.
41
Ахмет Жұбанов. Замана бұлбұлдары. – Алматы, 2001. – 397-б.
А.Жұбановтың Сәтмағанбет жайындағы жазғандары ән тарихына бай-
ланысты біраз сырдың шетін шығарғандай. Соның бірі – Сәтмағанбет 
Ақмоладан 60 шақырым шамасындағы Аққұм деген жерде туған деген 
дерек. Өз кезегінде бұл дерек бізді «Аққұм» әнінің шығарушысы – осы 
Сәтмағанбет Ахметов емес пе екен деген ойларға жетелейді. Бұл күндері 
шығу тарихы дауға айналған «Аққұм» әні турасында бізге жеткен бір ізді 
дерек жоқ. Тек, әнші Қали Байжановтың 13 жасымда Жарылғапбердіден 
«Аққұм» әнін үйрендім дегені болмаса. Сонда бұл 1890 жыл болып
шығады. (Қали Байжанов 1877 жылы туған). Бұл жылы Сәтмағанбет
небәрі он жаста. Сондықтан әнді Сәтмағанбет шығарды деуге еш негіз 
жоқтай. Бірақ, Ақмоланың Аққұмымен Жарылғапберді дүниеге келген
Баянауыл арасында бір байланыс бардай. Жә, бұл арнайы бөлек зерттеуді 
қажет етеді. Сондықтан әңгімеміздің негізгі сорабына ойысайық. 
Айтпақшы, Ахмет ағамыздың: «Ыбырай дегеннің Рабиға атты қызына 
арнап «Қарға» деген ән шығарды», – дегеніне қарағанда, «Қарғам-ау, сен 
қалайсың мен дегенде» деп басталатын «Қарғам-ау» әнінің де шығару-
шысы осы Сәтмағанбет емес пе екен деген сауал көлденеңдейді. Бұл да 
бір арнайы үңіліп зерттеуді талап ететін дерек. Сонымен, А.Жұбановтың 
«Сәтмағанбеттің дауысы аса күшті болған, жоғарғы тенор болса керек» 
деп келтірген дерегінің өзі «Қанатталдыны» Сәтмағанбет әнші есімімен 
байланыстыруды тілеп тұрғандай. Расында да жоғарғы тенор дауыстың 
әні – «Қанатталдыны» Ж.Елебековтей биік тенорлар шырқағанда ғана өңі 
кіретіні даусыз ақиқат.
Бұл жайында 1979 жылы жазылған «Ақиық әнші» атты мақаласында 
жазушы Сапарғали Бегалин де айтады: «Қазақстан даласында Жүсіпбек 
өрлемеген жол, жағаламаған өзен, көбелемеген көл аз болар. Ол тек кон-
церт беріп, әнін естіртіп, елді қуантып қана қойған жоқ. Ел аузындағы ән 
қазынасын жинаушы да, өлген әнді тірілтіп, өшкен дыбысты жаңартушы 
да дер едім. Оған Жүсіпбектің бірнеше әнді өңдеп, өз репертуары-
на түрлендіріп алғаны айғақ. Жүсіпбек әкеліп Алматы жұртшылығына 
шырқағанға дейін «Қанатталды» әнін көпшілік біле бермейтін. Ел ішінен 
естіп өз көкейіне қонған кербез де келісті, өршіл де ойлы әнді Жүсіпбек 
аса құбылтып әкетті. Бұл әннің о басындағы авторы Сәтмағанбет есімді 
сері жігіт екен дейді білетіндер. Бірақ ән иесінен ажырап, ел аузында 
ескерусіз жұрнағы жұлмаланып жүрген кезде Жүсіпбек кездесіп түр- 
лентті, арналған аспанына қайта көтерді. Күйтабаққа жазылды. «Қанат-
талды» қанат қақпаған үй кемде-кем». Осылайша, халқымыздың ән 
мұрасының білгірлерінің бірі, жазушы Сапарғали Бегалин де әннің авто-
ры Сәтмағанбет екенін білетіндерден естігені бойынша қуаттайды. Жал-


92
93
пы, Сәтмағанбет әнші туралы, оның әні «Қанатталды» жайлы деректердің 
молдығынан көз сүрініп, аяқ шалынысады. Сондай деректердің сүбе-
лісін көкшетаулық жазушы Естай Мырзахметовтің жазбаларынан кез-
дестіреміз: «Әңгіме әннің қисынсыздан қырындап әкеп басқаға телінуі, 
өзгертіліп, бұзылып айтылуы тарапында желі тартқан соң және де бір-екі 
әннің жан ашытатын халін сөз етпей кету мүмкін емес сияқты… Алды-
мен әйгілі «Қанатталдыны» ауызға алайық. Осынау тамаша әннің халық
әндері қатарына қосылып жүргені мені қайран етеді! Ол елі еркелетіп 
Сәтжан атаған Сәтмағанбет әншінің әні ғой. Сәтмағанбет Ақмола 
қаласының іргесіндегі Оразақ ауылында (қазіргі Целиноград ауданын- 
дағы «Красный флаг» совхозының орталық қонысы) Сүйіндіктің бір 
тармағы Төртуылдан тарайды. «Қанатталды» оның даусыз әні екеніне 
басқадай куә дерек іздемей-ақ, әннің өзіне жүгінейікші. Біз білгенде ол:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет