Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет29/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Бөгенбай, Жәнібектей жезделері,
Сайлатты Кіші жүзге ғаскербасы.
Әйтпесе Әбілхайыр дейтін төре,
Көрмеген бұрын болып қолға басшы.
Алшынның жасағына бас болды деп,
Емес бұл жас төрені күндегенім.
Мұндайда қол басқару оңай емес,
Үйренсін сардарлардан білмегенін.
Көпке ұнамсыз болған соң,
Айтпасқа тағы болмайды.
Әбілхайыр сұлтанға,
Алшынның көңілі толмайды.
Әбілхайыр мен Жолбарысқа,
Бөгенбай, Жәнібек жезде еді.
Балдыздарын көтеріп,
Аттарына сөз келді.
Қолбасы болуы қиын-ау,
Тәжірибесі аз жігіттің,
Белгілі зайға болары,
Ондайға артқан үміттің. 
Бір кездегі шәкіртім,
Ақшаның ұлы Бөгенбай.
Әбілхайырды сардар сайларда,
Біздерге хабар салмады-ай.
Күндегенім емес-ау,
Хан әулеті – төрені
Батыр жоқтай сайлатты
Әбілхайыр деген немені.
Жолбарысты хан қойды,
Жағдайдың ауыр кезінде.
Сондай жігіт болса да,
Ұлы жүз жұрты өзінде.
Төрелерге жол берді,
Хангелді мен Төле де.
Бәрі де жолсыз іс қылды,
Ақылдаспай көнеге.
Даңқы шыққан екі Арғын,
Қос төренің жездесі.
Сардар етті балдызын,
Алшынның жоқтай өзгесі
57
.
Немесе:
Жыл сайын егіп егінді,
Нандық астық мол алған.
Арпа сұлы көп шығып,
Аттардың жемі молайған
58
.
57
Социал Жұмабаев. Қожаберген жырау (шығармалар жинағы). – Петропавл. – 88–89-б.
58
Бұл да сонда – 29-б.


114
115
Енді Қожаберген жыраудың «Қан майданда жырлаған «Елім-айына» 
келейік. «Қожабергентанушылардың» сөзіне сенсек, Қожаберген жырау 
«Елім-айды» «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» басталған 1723 
жылы шығарыпты-мыс. Сол жылы 1663 жылы туған Қожаберген жырау 
66 жаста екен. Бір қызығы, «жырларын» Қаратай Биғожин ойлап тапқан 
Қожаберген жырау (1663–1763) мен Салғара Жанкісіұлы деген «компози-
тор» (1759–1859) – екеуі де артық-кемі жоқ тура 100 жыл жасап қайтыс
болады. Сонда осыншама ұзақ жасаған «дауылпаз баба жырау» мен 
«даңқты композитор» есімдерінің не ауыз әдебиеті фольклорда, не
ғылыми зерттеулерде аталмайтыны – таңқаларлық жағдай. 
Қазақта «Нар баласы бақырмас» деген сөз бар. Біздің елде Шоң би 
(1828–1902) деген адам өткен. Оның әділдігіне, қайрымдылығына, 
турашылдығына сүйсінген, разы болған жұрт: «Телғозының Шоңы – 
жақсылардың соңы» деп әспеттеп, ардақ тұтқан. Сол Шоң бірде алқалы 
жиында көппен бірге мәслихат құрып отырса керек. Бұл ХІХ ғасырдың 
соңы – ел өміріне мол өзгеріс кіріп жатқан уақыт, сонымен бірге ел
ішінде ән өнерінің де салтанат құрған шағы дегендей. Шоң отырған
жиын да әнсіз, күйсіз болмапты. Ән шалқып, күй тартылса керек. 
Осы жиынның ішінде Шоң баласы Ахметжан (1870–1932) да бар екен 
дейді. Бұрын әкесінен именіп домбыра ұстамайды екен, сол жолы әнші, 
күйшілердің өнеріне елігіп, шыдамай кеткен болуы керек – Ахметжан 
домбырамен әнге басыпты. Жұртпен бірге Шоң би де үнсіз тыңдапты.
Ән аяқталған мезетте елдің бәрі Шоңның аузын бағыпты. Шоң сонда:
«Нар баласы бақырмас болар» деп Ахметжанды тыйып тастапты. Осы 
оқиғадан кейін Ахметжан мырза қолына домбыра ұстамай кеткен деседі. 
Бұл әңгімелердің барлығы түптеп келгенде, нарлардың (төрелердің, 
абыздардың, батырлардың, билердің) жұрт алдында бақырмайтынын 
(ән айтып, жыр жырлап) меңзеп тұр емес пе? Сол заманның өлшемімен 
алсақ, Қожаберген жырау да – «нар». «Қожабергентанушы» ғалымдардың 
дәлелдеуінше: «Біріккен қазақ, қарақалпақ, ноғай қолының бас сардары 
һәм саясаткер дипломат, ордабасы, «Жеті жарғыны» ақ былғарыға жазған 
кемеңгер би, Әз Тәукенің кеңесшісі, шежіреші, домбырашы, шаңқобыз-
шы, өрімші, композитор, жырау», тағы басқа толып жатқан өнердің иесі 
Қожаберген нар болмағанда кім нар болмақ? Соған қарамастан, біздің 
«қожабергентанушы ғалымдарымыз» Қожа-екеңе сол кездің құндылық 
өлшемдерін, кісілік нормаларын «аяққа таптатқызғаны» аздай, дауыл-
паз жырауға (!) «қобыз бен домбыра алып, топта сарнатқызып» (Абай) 
ән айтқызады! Осылайша көшпелілік иерархияның белінен оп-оңай баса 
салатын біздің «қожабергентанушылар» Қожа-екеңе ерекше жеңілдіктер 
жасап қойған. Оның көрінісі: Қожа-екең шалқытып ән айтады, балқытып 
күй тартады, шаңқылдатып шаңқобыз шалады, ақ былғарыға заң жаза-
ды, көптеген дастандар, «Елім-айдай» әнді шығарады. Яғни, кешегі ел 
қорғаған Дәулен батырдың тұқымы, Толыбайдай сыншының ұрпағы сол 
кездегі ұғыммен «нар баласы» істемейтін сұмдықты істеп «бақырады». 
Осындай абсурдті авантюраны жалдамалы ғалымдарымыз «ғылыми
зерттеу» еңбектерінің нәтижесінің қорытындысы қылып алдыңа тартаты-
нын қайтерсің. Не деген үстірттік! Не деген жеңіл «ғылыми ойлылық»!
Не деген парасатсыз пайымдау!
Осындайда, онда неге «нар балалары» кейін өнерпаз атанды, сері 
болып, әншілік, күйшілік жолға түсті деген сауал тууы заңды. Бұған 
қысқаша жауап бере кетейік. Қазақ хандығы біржола құлап, ел тізгіні
Ресей отаршылдарының қолына көшкеннен кейін сан ғасырлар бойы 
сақталып келген, сахара жұртының өмір сүру дағдысына айналған 
көптеген құндылықтар өзгеріске ұшырады. Жыраулар тарих сахнасынан 
кетті. Қара қылды қақ жарған ұлы билер институты жойылып, ел бас- 
қару жүйесі күйреді. Кешегі ел қорғаны батырлардың орнын екі ауыл- 
дың арасын шаң, екі рудың арасын даң қылған барымташылар басты.
Бұрын тас түйін, жып-жинақы жауынгер халық, енді сауыққой, айт 
пен тойшыл, мейрамшыл жұртқа айналды. Ұлттың сан ғасырлар бойы 
жаугершілікке жұмсалып келген күш-қуаты, ұзақ жылдарға созылған 
бейбіт заманда, бейнелеп айтқанда, «өзін қоярға жер таппады»; шарқ
ұрып сыртқа шығар саңылау іздеді. Сөйтіп, сыртқа лықсыған бұла қуат 
халық жүрегін саф алтындай төлтума өнер формасында жарып шықты. 
Баяғы «нар балалары» енді ел кезіп, сауық-сайран салған сал-серілерге 
айналды. Бірақ соның өзінде олар өздерінің кешегі «нар баласы» екенін 
ұмытпай, өнерде де сол «нарлықтың» қолтаңбасын қалдырды. Алысқа 
бармай-ақ, оған ұлы композитор, күйші Дәулеткерей Шығайұлын
мысалға алсақ та жетіп жатыр. Ол халқымыздың күй өнеріне атақты
«төре тартыс» дәстүрін енгізді. Яғни Дәулеткерей домбыраны саба-
лай безектетіп, «қараша қағуды» бойына ар көрді. Сондықтан дала 
аристократиясының өнерпаз өкілі күйшілік дәстүрге домбыраны баппен, 
биязы қағатын «төре тартыс» үлгісін орнықтырды. Сөйтіп, «елу жылда
ел жаңа, жүз жылда қазан» дегендей отаршылдық қамытын киіп, өмір
салты күрделі өзгерістерге ұшыраған қазақ жұрты жаңа дәуір көшіне
ілікті. Бұл уақытта тарих дөңгелегі ХІХ ғасырдың белінен асып бара 
жатқан.
Бұл еңбегімізде «қожабергентанушылар» мен «сегізсерітанушылар-
дың» шылғи өтірігін бастан-аяқ әшкерелеуді әсте мақсат етпейтінімізді 


116
117
жоғарыда айттық. Өйтер болсақ, Қожаберген жырау мен Сегіз сері
өтірігінің «қалыңдығы» сонша, бұларды толық әшкерелеу үшін бас-
басына жеке-жеке еңбек арнауға тура келетіндей. Әйтсе де, кейінгі 
адал зерттеушілерге жол ашу үшін қалың өтіріктердің кей тұстарының
көбесін сөге кетпекшіміз. Сондай семіз өтіріктің сүбелісі – Қожабергеннің 
Толыбай сыншының баласы екендігі. Жай Толыбай сыншы болса, бір
сәрі, «қожабергентанушылар» Қожа-екеңді ұялмай қызармай сонау 
«Көрұғлы» дастанының кейіпкері Толыбай сыншыдан бір-ақ туғызады. 
«Көрұғлы» дастанының исі түркі халықтарының ортақ мұрасы екені,
аталмыш жырдың дүниеге келгеніне шамамен мың жылдың жүзі өтке- 
ніне тарихшы һәм филолог ғалымдар қосылып осы күнге дейін 
«қожабергентанушыларды» иландыра алмай әлек. «Қожабергентанушы-
лар» болса, ескі қазақ аңызындағы айдаладағы қурап қалған тұл-
пардың қу басын құшақтап: «Сенің тұлпардың қу басы екеніңді кім 
білсін, менің Толыбай сыншының баласы екенімді кім білсін» деп жы-
лап отыратын бала – осы Қожаберген жыраудың ағасы Қарабас еді», –
дейді шімірікпей. Бұл Толыбайдың қанжығалы Толыбай екені, Толыбай-
дан – Піспекбай, Ішпекбай, Раушанбек туатыны, Піспекбайдан тұқым 
қалмағаны, Раушанбек тұқымдарының түркімендерге сіңіп кеткені,
қазіргі қазақ, өзбек, ноғай ішіндегі қанжығалылардың Ішпекбайдан
тарайтыны ғылыми деректер мен халқымыздың қария сөздерінде тұнып 
тұрса да, «қожабергентанушы ғалымдарымыз» міз бағар емес. Қайта
ерегісе түскендей, Толыбайсыншыұлы Қожаберген деп жалаулататы- 
нын қайтерсің. О заманда бұ заман сыншыұлы, атбегіұлы, өрімшіұлы, 
зергерұлы, ұстаұлы дегенді кім көрген, атаның, әкенің атының 
соңына адамның өнері мен кәсібін қосақтағанды көргенде жағамызды 
ұстағанымызды жасырмаймыз. Не деген парықсыздық десеңізші! 
Сонымен, Қожаберген жыраудың шығармалары кейінгіге жеткен бе, 
осыған келейік. Бұған даңқты жазушы, көшпелілер һәм көне ұлыстар 
тарихының асқан білгірі, қазақ жыраулар поэзиясын өзі айтқандай:
«сыпыра сілкіп, түбінен сүзу тәсілімен» зерттеп, «Қобыз сарыны» де-
ген ғажайып монография жазған Мұхтар Мағауин ағамыздың бір ауыз 
уәлі сөзі – өткен ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдарында қолдан
құрап-сұрап, жамап-жасқап ойдан шығарылған Қожаберген «жырлары-
ның» жалғандығын әшкерелеуге жетіп жатыр деп ойлаймыз. Зерделі 
зерттеуші, турашыл тарихшы Мұхаң былай дейді: «Сонымен, Қазақ Ор-
дасы кезеңінде жасаған неше жүз, әлденеше мың төкпе ақын, толғамалы 
жыраудың ең соңғы жұрнағы – ұзақ заман, аумалы ғасырлар іріктеген он 
екі асқар тұлғаның бас-аяғын байыптадым. Он екі. Он төрт, он бес болуы 
мүмкін еді. Береке – көпте. Бірақ көбейте алмадым. Сенімім емес, дерек, 
тиянағым жетіспеді. Керей Қожаберген деген жырау болған. Алтынса-
рин Хрестоматиясында аты аталады, бір үзік толғауы жүр. Бірақ белгілі 
Бұқарды қайталайды. Мүмкін, ортақ сарын. Мүмкін, әуелде Қожабер-
генге тиесілі тіркестер. Алайда Бұқарға біржола кіріккен. Қожаберген
атына қатысты басқа бір нұсқалар кейінгі кездің жамауының астында 
қалған. Аршып алу мүмкін емес. Сөйтіп, Қожабергенмен қоштастым»
59
.
Сонда өзі айтқандай: «неше жүз, әлденеше мың төкпе ақын, толғамалы 
жыраудың ең соңғы жұрнағына» дейін «сыпыра сілкіп, түбінен сүзу 
тәсілімен», біздіңше айтқанда, асқан ыждаһаттылықпен зерттеген май-
талман жазушы, кәсіби ғалым Мұхтар Мағауин таба алмаған Қожа- 
берген жырауды рулық санадан арыға көтеріле алмаған, шала сауат, 
ұраншыл «қожабергентанушылар» қайтіп таппақ?! Мұхтар Мағауин
ағамыз Қожаберген жыраудың болғандығын, бірақ, шығармаларының 
кейінгіге жетпей қалғандығын – өзінің байыппен жасаған зерттеулері- 
нің қорытындысына сүйеніп айтып отыр емес пе? Алайда бұған құлақ
асар, ғылыми деректерге негізделген дуалы пікірге тоқтар «қожабер-
гентанушылар» көрінбейді. Қайта олар, тіпті, одан әрі «тереңдеп»,
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бауыржан
Момышұлы сияқты алыптардың аузына жалған сөз салып, халқымыз-
дың ардақты перзенттерінің аруағын қорлауда. Мәселен, «қожаберген-
танушыларға» сенер болсақ, Мәшһүр Жүсіп атамыз Қожаберген жы- 
рауға арнап «Даналар» деген жыр жазыпты-мыс: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет