Бағдарламасы edt 1203 Ежелгі дүние тарихы 5В020300 Тарих мамандығы бойынша


Италиядағы ерте құлиеленушілік қоғамдар мен мемлекеттер (б.з.д. VШ–VI ғғ.)



бет10/17
Дата19.04.2023
өлшемі81,15 Kb.
#84567
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
annotation89479

Италиядағы ерте құлиеленушілік қоғамдар мен мемлекеттер (б.з.д. VШ–VI ғғ.)
Жерорта теңізі әлемі және Италия б.з.д. VШ ғ. қарай. Б.з.д. VШ ғ. Этрурия. Этрускілердің әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысы. Этрускілер және Рим. Этрускілер мәдениеті. Этрускі қалаларының саяси маңызының құлдырауы және оларды Римнің жаулап алуы. Этрускілердің Италия мен Римнің дамуына ықпалы. Италияның оңтүстігі мен Сицилиядағы грек полистері. Рим – Италияда мемлекеттің қалыптасу орталықтарының бірі. Рулық қатынастардың ыдырауы. Ерте Римдегі патрицийлер мен плебейлер, клиенттер мен патрондар. Мемлекеттік биліктің қалыптасуы. Римдегі патшалық билік. Б.з.д. VI ғ. Рим мен этрускілер. Сервий Тулли реформалары. Патшалық биліктің құлауы және Рим республикасының орнауы.


Б.з.д. V ғ. аяғы–ІІІ ғ. бірінші жартысындағы Рим және Италия
Ерте республика дәуіріндегі рим азаматтық қауымы. Плебейлердің патрицийлермен күресі. Күрестің себептері мен негізгі кезеңдері. Рим қоғамы «ХІІ кесте заңдары» бойынша. Жеке меншіктің, өсімқорлықтың, құлиеленушіліктің дамуы. Патрицийлер мен плебейлер күресінің шиеленісуі. Оның аяқталуы. Рим қоғамының әлеуметтік құрылысының өзгеруі. Ерте республиканың мемлекеттік құрылысы. Комициялар. Әдеттегі және төтенше жағдайдағы магистратуралар. Сенат. Рим әскері және оның ұйымдасуы.
Римнің ішкі және сыртқы тарихының өзара байланысы. Римнің айналасына Орталық Италияның италиктік тайпаларының топтасуы. Кельт (галл) шапқыншылықтары. Римнің және рим басқыншылығының күшеюі. Римнің самнит федерациясымен соғыстары және оны талқандауы. Римнің Оңтүстік Италиядағы грек қалаларымен қарым-қатынастары. Пиррмен соғыс. Римнің Италияны жаулап алуының аяқталуы. Б.з.д. ІV-ІІІ ғғ. Римнің саяси құрылымы. Римнің Италияны жаулап алуының аяқталуы.
Римнің Италияны ұйымдастыруы. Б.з.д. ІІІ ғ. Рим-Италия одағының негізгі ерекшеліктері. Рим отарлары, олардың құрылымы. Муниципийлер, дауыс беру құқығы жоқ қауымдар, одақтастар. Олардың Риммен қарым-қатынасының сипаты. Ager publicus және оның пайдаланылуы. Рим мен Италияда құлиеленушілік қатынастар мен жеке меншіктің дамуы және бұл үдерістегі рим жаулаушылықтарының рөлі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет